Таралу жолдары. Негізгі жолы ауа түйіршіктері.
Адамдардағы ауру : 1. Назофарингит
2. Менингококкцемия
3. Эпидемиялық менингит
Патогенез. Менингококктар мұрын, жұтқыншақ кілегей қабатына еніп, тасымалдаушы немесе жедел назофарингит тудырады. Егер лимфа және қан тамырларына түсіп бүкіл денеге таралатын болса, эндотоксиннің әсерінен бүкіл паренхиматозды мүшелерді өзгеріске ұшыратады. Менингококцемия пайда болады. Менингококктар ми қабаттарына енгенде іріңді қабыну менингит тудырады. Менингококкты менингитте жұлын сұйықтығы лайлы, мөлдір емес, жұлын функциясында сұйықтық жоғары қысыммен ағады. Менингиттің белгісі бас ауру, құсу, т.б.
Менингитпен көбінесе балалар ауырады. Ересек адамдарда тасымалдаушы немесе назофарингит болады.
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет белсенді.
Алдын-алу шаралары. Тасымалдаушыларды уақытында анықтау, назофарингитпен ауырғандарды оқшаулау. Ауруларды емханада емдеу.
Арнайы алдын- алу шаралары. А және С топтарының химиялық жолмен алынған вакциналар, иммунноглобулиндер.
Емі: Антибиотиктер- пенициллин, левомицетин, ампициллин.
Микробиологиялық зерттеулер.
Зерттеу мақсаты: Менингококкты табу және оның серологиялық тобын анықтау.
Зерттеу материалдары:
1. Жұлын сұйықтығы
2. Мұрын – жұтқыншақ кілегейі
3. Қан
Материалды алу әдістері.
1. Жұлын сұйықтығы – жұлын каналынан асептиканы сақтап, стерильді инемен 2-5 мл сұйықтық алады, оны тез лабораторияға жеткізу керек.
2. Мұрын- жұтқыншақ кілегейі – стерильді мақта тампонымен жұтқыншақтан алады.
3. Қан- тамырдан 5-10 мл қанды алып 0,1 % глюкозасы бар сорпа флаконына құяды.
Негізгі зерттеу әдістері .
1. Микроскопиялық
2. Микробиологиялық
3. Серологиялық .
Туберкулез қоздырғыштары.
Mycobacteriaceae туыстығына жіңішке, тармақталған саңырауқұлақ тәрізді таяқшалар жатады. Қоректік ортада жай өсуі де саңырауқұлақтарға жақындатады. Микобактериялар қышқыл – сілті және спиртке төзімді, себебі қабықшасында майлыбалауыз зат бар. Микобактериялар тұқымына патогенді және патогенді емес өкілдер жатады. Адам үшін патогенді туберкулез және лепра қоздырғыштары.
Туберкулез жануарлар, құстар, кеміргіштер арасында кеңінен тараған.
Туберкулез таяқшасының бірнеше түрі бар:
1. Адамдікі - Mycobacterium tuberculosis
2. Сиырдікі - Mycobacterium bovis
3. Құстікі - Mycobacterium avium
4. Тышқандікі - Mycobacterium murium
5. Атиптік микобактериялар
Атиптік микобактериялар 4 топқа бөлінеді: І, ІІ, ІІІ, ІV.
Микобактериялар өзара қоректік ортаға, өсім жылдамдығына, пигмент құруына, каталазалық және пероксидазалық белсеңділігіне байланысты. Адамдарда І және ІІІ топ микобактериялары ауру қоздырады.
Морфология. Туберкулез қоздырғыштарын 1882 жылы Р.Кох ашқан. Ол жіңішке таяқшалар, мөлшері 1,5 – 4 * 0,3 – 0,5 мкм. Қозғалмайды, спорасы және капсуласы жоқ. Грам оң. Циль – Нильсон бойынша қызыл түске боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |