Менингококты инфекция



Дата06.02.2022
өлшемі175,05 Kb.
#81904
Байланысты:
Менингококты инф. Медеуова

Менингококты инфекция

Орындаған: Медеуова А.С.

Тексерген: Куламанова Ж.Т.

Менингококты инфекция дегеніміз не?

Менингококты инфекция – мұрын-жұтқыншақтың кілегей қабатының зақымдалуымен, мидың жұмсақ қабатының қабынуымен және септециямен сипатталатын жедел инфекциялық ауру.

Этиологиясы

  • Ауру қоздырғышы - Neisseria meningitidis деп аталады. Менингококктардың түкшелері болмайды, қозғалмайды, спора түзбейді. Жұлын-ми суында менингококк клетка сыртында да , ішінде де орналасады, өлген соң эндотоксин шығарады.төменгі температураға өте сезімтал. 55 С қызуда 5 минуттан соң өледі. Менингококк пенициллинге, левомицетинге, тетрациклинге сезімтал.

Эпидемологиясы

  • Инфекция көзі-тек қана науқас адамдар мен бактерия тасымалдаушылар. Аурудың таралуы – ауа арқылы. Аурудың таралуына қолайлы жағдай- қыс кезінде, тұмау, салқын тию мектептегі гигиеналық шаралардың сақталмауы, салқын тию, жұмыс орнының салқын болуы
  • Қыс мезгілінде бас көтереді, қараша желтоқсан ауруларында 60-70% адам ауырады.Әр 10-15 жыл сайын науқас саны жоғарлап тұрады (осы кезде иммунитет азаяды, қоздырғыштың жаңа түрі пайда болады)

Патогенезі

Менингококктық инфекцияның 5 даму сатысы бар:

  • Менингококтық организмге енуі
  • А) ауа-тамшы арқылы

    Б) тұрмыстық қарым-қатынас арқылы

    2. Назофарингит сатысы

    3. Лимфо-гематогенді таралу – менингококцемия

    4. Метастаздық ошақтардың пайда болуы (менингит, менингоэнцефалит, миокардит, эндокардит, пневмония)

    5. Қалдыратын зардаптары

Клинкалық жіктелуі


Жергілікті түрі
    • Менингокк тасымалдаушы
    • Жедел назофарингит

Жайылма түрі
    • менингококцемия
    • Менингит
    • Менингоэнцефалит
    • Аралас (менингит + менингококцемия)

Сирек кездесетін түрі
    • аралас
    • Артрит
    • Пневмония

Клиникасы

  • Менингококк тасымалдаушысының шағымы, клиникалық белгілері болмайды
  • Жедел назофарингит түрі. Жасырың кезеңі 1-10 күнге созылады. Науқас басының ауыратынына, әлсіздікке, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі, тағамның қышуына шағымданады. Дене қызуы 38С көтеріліп, 1-3 күнге созылады.Қандағы өзгерістер: лейкоциттер аздап көбейген, ЭТЖ жоғарылаған.
  • Менингококцемия – өте ауыр түрде және жедел басталады.Науқас ауырған сағатына дейін есін сақтап қалады. Дене қызу 39-41 С градусқа көтеріліп, тоңумен бірге жүреді. Айқын улану белгілері анықталады. Диагностикалық белгілерінің бірі теріге бөртпелерінің шығуы. Жиі аяқ-қол, жамбасқа шығады.Дененің әр жерінде өлі еттену анықталады. Қандағы өзгерістер: жоғары нейтрофильді лейкоцитоз, таяқша ядролы клеткалардың көбеюі.
  • Менингит. Ауру жедел, кенеттен қызу көтерілумен, тоңып қалтыраумен басталады. Нақуастың жалпы жағдайы өте ауыр болады, басы ауырып, басы айналып,құсу пайда болады. Желке бұлшық етінің қатаюы
  • Менингоэнцефалит. Энцефалит симптомдары басым болады- психиканың бұзылуы, парез, салдану

Емі

  • Менингококты инфекцияның емі станционарда жүргізіледі. Негізгі мақсат – қоздырғышты жою. Көбінесе ішетін антибиотиктер: левомицетин, тетрациклин, эритромицин, ампиокс. Терапияның ұзақтығы- 3-5 күн. Сонымен қатар, сульфаниламидтер тағайындалады. Менингококты инфекцияда ампициллин жақсы көмектеседі. Оны тәулігіне 200-300 мг/кг, бұлшық етке әр 4 сағат сайын тағайындалады.Левомицетин менингококцемия түрінде әсері жоғары.
  • Эритроптық еммен қатар патогенетикалық ем жүргізіледі. Ол токсикозбен күресуге бағытталған, Рингер сұйықтығы, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, макромолекулярлы ерітінділер, плазма, альбумин вена ішіне жіберіледі.Бас миының гиперградациясының алдын-алу үшін зәр айдайтын дәрілер, маннитол беріледі. Инфузиялық ерітінділермен қатар витаминдер С,В тобы, Р, кокарбоксилаза,АТФ тағайындалады.
  • Тез жазылу жағдайларының бірі жоғары калориялы тамақтандыру.

Алдын-алу шаралары

  • Науқастар мен тасымалдаушыларды оқшаулау мен санациялау
  • Инфекция ошағында 1% хлорамин ерітіндісімен дезинфекция жүргізіледі, ыдыстары қайнатылады, ультракүлгінмен сәулеленеді.
  • Эпидемия болған жағдайда маңызды алдын-алу шарасы менингококтық вакцина А және С-мен вакцинациялану.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет