Минерализация үрдісіне сонымен қатар остеобласттардың минорлы коллеген емес кальций байланыстырушы белоктар қатысады. Оларға остеокальцин және матрикстік карбоксиглутамил құраушы белоктар жатады. Бұл белоктардың құрамында кальций иондарын байланыстырушы ди–гамма – карбоксиглутамин қышқылының қалдықтары бар, ол К витаминінің қатысумен глутамин қышқылынан түзіледі. Иондаған карбоксил топтарына кальций иондары байланысып,гидроксилапатиттің түзілуі басталады.Остеокальцин тек тіс пен сүйекте ғана кездеседі., оның қандағы мөлшерінің көбеюі остеогенездің жылдамдығы көрсетеді.