Тістер дегеніміз - тағамды ұнтақтауға арналған өте қатты құрылым болып табылады. Адамда тістердің рет алмасуы жүреді. Алғашында онда сүт тістері 20 тіс пайда болады, біртіндеп олар тұрақты тістермен алмасады. 32 тұрақты тіс. Тістердің көрініп тұрған бөлігі коронка деп аталады, ол эмальмен қоршалған. Эмальдың астында дентин орналасқан, ол тістің негізгі бөлігін құрайды.