Қауіпсіздік ережелері:
Спорттық киім өзіне шақ болу керек.
Спорттық аяқ киімнің табаны резина болу керек.
Секіретін жерде бөгде заттардың болмауын қадағалау.
Секіретін оқушының алдында көлденең тұрмау керек.
Дененің айналма қозғалыстарының тәнтанулық сипаттамасы:
Біз жоғарыда айтқандай дененің үдемелі қозғалысынан басқа айналма қозғалыстары да болады. Мұндай қозғалыстар кезінде бүкіл дене өзінің жекелеген нүктелері мен кейбір біліктердің маңында шеңбер сызып шығады. Айналмалы қозғалыстар көбінесе гимнастикада, конькиді мәнерлеп тебуде , суға секіруде және тағы да басқа спорт түрлерінде кездеседі.
Әр дененің өзінің екпіні болатыны белгілі. Сол себептен оны тыныштық жағдайынан шығару үшін немесе оның қозғалу бағытын өзгерту үшін денеге белгілі бір күш жұмсау қажет. Үдемелі қозғалыстар кезінде мұндай қарсылық дененің салмағына тура сәйкес, ал айналма қозғалыстар кезінде дененің екпін сәтіне тура сәйкес. Айналма қозғалыстар кезінде айналып тұрған дененің екпіні байқалады. Екпін сәтінің айналудың бұрыштық жылдамдығына көбейтіндісі тұрақты шама болып табылады. Оны айналу санының тұрақтылық заңы дейді. Дененің екпін сәтін өзгерту арқылы айналудың бұрыштық жылдамдығын өзгертуге болады. Адам денесінің екпін сәті дененің пішініне қарай өзгеріп отырады.
Қандай болса да айналу сипатындағы жаттығуларды орындаған кезде бүкіл дененің немесе оның бір бөлігінің екпін сәтін өзгертуге тырысады, Мысалы, пируэтті орындаған кезде аяқ-қолды дененің ұзына бойлық білігіне жақындату арқылы бүкіл денені екпін сәтін шамамен 7-есе, сальтоны орындағанда 3-есе азайтуға болады. Егер екпін сәті 3-есе азаятын болса, онда бұрыштық жылдамдық 3-есе артады, және керісінше болады (дене айналуды тездетеді немесе оны баяулатады). Дененің айналма қозғалысына мысал ретінде, бір орында тұрып артқа қарай сальто жасауды келтіруге болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры.\под.ред. Я.М. Коца. М.,ФиС,1986
Физиология мышечной деятельности: Учебник для институтов физической культуры.\под.ред. Я.М. Коца.-М., ФиС, 1982
Психология физического воспитания. Е.П. Ильин.-М., Просвещения,1980
Психофизиология физического воспитания. Е.П. Ильин.-М, Просвещение, 1980
Достарыңызбен бөлісу: |