12. Психокоррекция нені қарастырады, артығын сыз Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп табу.
Психокоррецияның мақсаты – баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктесе жүргізілетін белсенді әрекет түрі.
Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді:
1. әлеуметтік даму жағын ықшамдау.
2. балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту.
3. жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру.
Психокоррекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуының қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субъектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады.
Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.