Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері



бет23/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Байланысты:
Лекции

Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері. Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршағы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабылеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметі барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады.

Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.
Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады.
Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді.
Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

  1. Сапалық, біртектілік.

  2. Сандық бөлінуі.

  3. Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

  4. Сақталуы.

Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие.Алтыннан тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғни

  • металдық

  • номиналдық

  • сандық теорияларна байланысты болады.

Ақшаның металдық теориясы- капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.
«Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.
Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.
Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:

  • Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).

  • Пайдалануға өте ыңғайлы

  • Мүлтіксіз сақталынуы

  • Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет