Дәрістің мақсаты: Экономикалың теорияның пәнін, әдістерін, қызметтерін қарастыру, оның Қазақстанда нарықтық жүйенің қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін көрсету.
Дәріс жоспары: Экономикалық ғылым дамуының негізгі кезеңдері
Экономикалық ғылым дамуының негізгі кезеңдері. Саяси экономия гректің «политейя» қоғамдық құрылыс, «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - заңдар деген 3 сөзінен шыққан. Экономикалық ой-пікір алғашқы рет Азияда, Қытай мемлекетінде дамиды. Экономика ұғымын ғылымға енгізген грек философы Аристотель болған.
Экономика дегеніміз – адам өміріне қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіретін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.
Экономикалық ғылымның дамуын 5 кезеңге бөлуге болады:
Меркантелистік кезең (Антуан де Монкретьен);
Физиократтық кезең (ф. Кенэ, А.Тюрго);
Ағылшын классикалық буржуазиялық саяси экономия кезеңі (А.Смит, Д.Рикардо, У..Петти);
Марктік саяси экономия кезеңі (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин);
Қазіргі экономикалық ой-пікір (К.Менгер, Дж.Кларк, А.Маршалл,Дж. Мейнард Кейнс).
Меркантелизм итальянның «мерканте» - сауда, көпес деген сөздерінен шыққан. Олар экономиканың сауда саласына көп мән беріп, қоғамдық байлықты ақша, бағалы металдарды жинау арқылы жасауға болады деп тұжырымдаған.
Физиократтар қоғамдық байлық - ауыл шаруашылығы деп есептеп, алғашқы реет «Экономиалық кестені» жасап шығарды.
Ағылшын классиктері өндірістің барлық салаларын дамыту арқылы ғана қоғамдық байлықты көбейтуге болатынын дәлелдеді. Олар «Еңбек-құн теориясын» жазып, ең алғаш рет экономикалық категорияларға анықтама берді.
Маркстік саяси экономия мектебінің өкілдері еңбек құн теориясын дамыта келе қосымша құн теориясын жан-жақты талдады. Бұл теория ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде В.И.Лениннің еңбектерінде дамыды. Бұл теория жұмысшы табының мүддесін қорғайтын экономикалық теория.
Қазіргі экономикалық ой-пікір ХХ ғасырдың басынан бастап қазіргі уақыт аралығын көрсетеді. Бұл мектептің өкілдері шектілік теорияларын, шектелген өнімділік пен өндіріс факторларының кему заңдылықтарын тұжырымдайды.