Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


Жер нарығы және жер рентасы



бет48/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
Байланысты:
Лекции

3. Жер нарығы және жер рентасы. Жер - ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы және аграрлық экономиканы шектуеші фактор болып табылады. Жер қоғамдық өндірістің негізі болғанымен оның салаларында әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады. Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде ерекшеліктері бар:

  • біріншіден, жердің кеңістік жағынан шектеулілігі,

  • екіншіден, жер адам іс-әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі, сондықтан, оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар.

Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

  1. Жер құнарлылығы;

  2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.



Жер нарығы.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет