Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


Жұмыссыздық: мәні, себептері мен нысандары



бет60/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
Байланысты:
Лекции

2. Жұмыссыздық: мәні, себептері мен нысандары. Жұмыспен қамтудың негізгі 2 түрі бар:

  1. Толық жұмыспен қамту;

  2. Тиімді жұмыспен қамту.

ҚР-ның “Жұмыспен қамту” заңына сәйкес жұмысшы күшіне:16-58 жас аралығындағы әйел адамдар және 16-63 жас аралығындағы ер адамдар жатады. Адамдарды 2 топқа бөлуге болады: экономикалық белсенді тұрғындар және экономикалық белсенділігі жоқ адамдар. Экономикалық белсенді адамдарды жұмыс күшіне жатқызамыз. Оларға: жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады.
Жұмыспен қамтылғандар қатарына: 1 жеті ішінде өз кәсіпорындарында немесе ақыға жұмыс істеген адамдар, уақытша еңбекке жарамсыздар мен демалыстағылар, жеке кәсіпорындарда 15 сағат жұмыс істеген адамдар жатады.
Жұмыспен қамту саясатын жетілдіру үшін мемлекет еңьек биржаларын қолданады. Еңбек биржасы дегеніміз- жұмыс күші нарығында азаматтарды еңбекпен қамтамасыз ету кезінде арнайы қызметтер көрсететін бөлімше.
Еңбек биржаларының негізгі қызметтері:

  1. жұмыссыздықты тіркеу;

  2. бос жұмыс орындарын тіркеу;

  3. жұмыссыздарға жұмыс тауып беру;

  4. еңбек нарығы конъюктурасын зерттеу және ол туралы ақпараттар беру;

  5. жұмыс алғысы келетіндерге тест жүргізу;

  6. жұмыссыздарды кәсіби қайта дайындау;

  7. жәрдемақы төлеу.

Жұмыссыздық дегеніміз- жұмыс күшінің 1 бөлігінің тауарлар мен қызметтер өндіруге қатыспауын көрсететін әлеуметті-экономикалық көрсеткіш.
Жұмыссыздық- өндірісте жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық нарықтық экономикада жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың бұзылуына байланысты пайда болады.
Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары:

  1. жасырын немесе маусымдық жұмыссыздық;

  2. фрикциондық жұмыссыздық;

  3. құрылымдық немесе технологиялық жұмыссыздық;

  4. циклдық жұмыссыздық;

  5. көлеңкелі немесе ерікті жұмыссыздық.

  • Жасырын жұмыссыздық – өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы немесе ақпараттың болмауына байланысты.

  • Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

  • Құрылымдық жұмыссыздық – өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабумен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

  • Циклдық жұмыссыздық – өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі:

  • Жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;

  • Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

Жұмыссыздықтың зардаптары:

  1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:

  • халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,

  • қазына – қор қысқарады,

  • инвестицияға сұраныс қысқарады,

  • өндіріс құлдырайды.

  1. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

  2. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.
Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.
Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.
Еңбек нарығын мемлекеттің реттеуі:

  • Жаңа жұмыс орнын құру және еңбек биржасы арқылы жұмыссыз адамдарға басқа жаңа мамандықтарды игеруге біліктілікті көтеруге көмектесу.

  • Икемді еңбек нарығын ұйымдастыруға қолдау жасау және барлық әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін ескере отырып толық есепке енгізу.

  • Еңбек катынастарын заңдылық құқылық нормалармен камтамасыз ету.

  • Жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау жасау.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет