Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының



бет14/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73
Байланысты:
Лекции

Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны. Меншік - күрделі де көпжақты құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.

Меншікті қарастырудың 2 тәсілдемесін ажырату керек:
1-ші, меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастыру. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысынан қатынастар.
2-ші, меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.
Меншіктік қатынастардың келесідей түрлері болады:
А) иемдену қатынастары;
ә) мүлікті шаруашылық пайдалану қатынастары;
б) меншікті экономикалық өткізу қатынастары.
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а) екі жұп категорияларының өзара байланыстары: иемдеу-жатсыну;
ә) жекелену –қоғамдану сияқты категориялардың өзара байланысы;
б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
в) табыстарды үйлестіру тәсілдері;
г) суъектілік-объектілік талдау.
Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдікрермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасқан санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.
Меншік құқықтарын жүзеге асыру үшін меншік құқықтарының айрықшалануы маңызды.
Меншік құқықтарының айрықшалануы - бұл меншіктің объектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау.
Меншік субъектісінің 3 негізгі құқықтары бар:
А) иелік ету ә) пайдалану; б) билік ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет