Тақырыптың өзектілігі:
Отбасы,мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары- бұлардың бәрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер» тобын құрайды. В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс ісчтеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін» - дейді. Олай болса, обасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды.
Бүгінгі таңда ХХІ ғ. Табалдырығын еркін атттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдіру басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан- 2030» халыққа жолдауында былай жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн»Ұлттық тәрбие қазіргі елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді:ана тілі, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жролы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, біліді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтанда ұлттық тәрбие ел болашағы.
3
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан - ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанымды, халықтың мұраттары мен арман – тілектеріне сүйеніп отырған.
Жалпы алғанда қазақтың туыстық атаулары 90-ға жуық.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол-ата,әке, бала.
4
Зерттеудің мақсаты: Халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеті:
Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны;
Халық педагогикасының талаптарын ұштастыра қолдану бала тәрбиесінің жақсаруына ықпал етуі.
Зерттеу пәні: Халықтық педагогика
Зерттеу нысаны: отбасы тәрбиесінің халықтық педагогикалық процесс ретінде мәнін ашу.
Зерттеу әдісі: Эмпирикалық әдіс, ғылыми бақылау әдісі.
5
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................3-4
І тарау. Отбасы-халық педагогикасының негізі.
Халық педагогикасында отбасының алатын орны........................ 6-12
Отбасы-педагогикалық қатынас субьектісі.....................................13-17
Отбасы-болашақ азаматтың бастапқы адымы...............................18-21
Қорытынды............................................................................................22-23
Әдебиеттер..............................................................................................24
Достарыңызбен бөлісу: |