Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет68/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
Лекции

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Дәрістің мақсаты: халықаралық сауданың негізгі теорияларына жалпы шолу жасау және мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Дәріс жоспары:

  1. Дүниежүзілік шаруашылық мәні және құрылымы

  2. Халықаралық еңбек бөлінісі

  3. Халықаралық сауда мәні, ерекшеліктері мен формалары

  4. Әлемдік мәселелердің қалыптасуы мен мәні

1. Дүниежүзілік шаруашылық мәні және құрылымы. Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады.


Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты 2 жүйеден - ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы мен халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға техникалық-экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Сондай-ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық сипатын көрсетеді.
Әлемдік экономика- экономикадағы жалпы заңдылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылыстарды да зерттейді.
Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы- оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.
Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы - ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді.
Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып халықаралық экономикалық қатынастар саналады.
ХЭҚ-тың негізгі формаларына жататындар:

  1. халықаралық сауда;

  2. капитал қозғалысы;

  3. жұмысшы күші миграциясы;

  4. халықаралық жұмысшы күші миграциясы;

  5. халықаралық өндірісті кооперациялау;

  6. ғылыми-техникалық айырбас;

  7. валюта-несие айырбасы.

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы және әлемдік экономикалық қатынастар – елдер арасындағы өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың деңгейімен анықталады. Әлем әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйеге бөлінген. Олар халықаралық топтарға бірігеді.
Халықаралық тәжірибеде елдерді топтастырғанда негізгі үш топқа бөлеміз:

  1. нарық экономикасы дамыған елдер;

  2. экономикасы-нарық жүйесіне өту барысындағы елдер;

  3. дамушы елдер.

І топқа нарық экономикасы дамыған 24 мемлекет кіреді.
а) “Үлкен жетілік”;
ә) Еуропалық одаққа кіретін елдер;
б) Еуропалық еркін сауда ассоциациясына кіретін елдер.
ІІ топқа шығыс Еуропаның бұрыңғы социалистік жүйедегі елдері, бұрыңғы ССРО елдері жатады.
ІІІ топқа Азия, Латын Америкасы, Африка елдерінің 141 елі кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет