3. Халықаралық сауда мәні, ерекшеліктері мен формалары. Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады.
Халықаралық сауда - әртүрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.
Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы- дүниежүзілік нарықты көрсетеді.
Ұлттық нарық – бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера.
Сыртқы сауда дегеніміз- белгілі бір елдің басқа елдермен сауда жасауы.
Сонда барлық елдердің сыртқы сауда операциясын жүзеге асыратын сфера- халықаралық нарық деп аталады.
Сыртқы сауда операцияларының төрт түрі бар:
экспорттық;
импорттық;
реэкспорттық;
реимпорттық.
Халықаралық сауда- бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығы.
Халықаралық сауданың формалары төмендегідей жіктеледі:
аукциондар мен аукциондық сауда;