Ментальді арифметика дегенді естіген шығарсыз. Қайдан естідіңіз?



Дата12.09.2020
өлшемі18,93 Kb.
#78140
Байланысты:
Презентация МА


Ментальді арифметика дегенді естіген шығарсыз.

Қайдан естідіңіз?

Ал ендеше мен менталды арифметика жайлы қысқаша айтып өтейін:

менталды арифметика Азия елдерінде, Малайзияда бастау алған. оның ішінде Қытай мен Жапонияның  оқу орындарында яғни мектептерінде міндетті түрде оқытылатын пән ретінде енгізілген. Қазіргі күні м.а көптеген мемлекеттерде қолданылуда. Сонымен қатар Таяу Шығыс, Орталық Азия мен Ресейде менталды арифметиканың көптеген орталықтары ашылған. Менталды арифметикада есеп шығару құралы абакус деп аталады. Мысалы сендер сурет сабағында қандай құрал қолданасыңдар? Ал дене шынықтыру сабағында ше? Сол сияқты менталды арифметикада қолданатын құрал абакус. Бастапқыда балалар абакуспен есеп шығарады, уақыт өте келе дағдыланып, абакусты елестетіп шығаратын болады.

Ғалымдардың пікірінше, ежелгі «абакус» балалардың дамуы үшін аса пайдалы.

Біздің миымыз 2 жартышардан құралады: оң жақ және сол жақ. мидың сол жақ бөлігі логикалық ойлауға, ал оң жақ бөлігі шығармашылық қабілеттерге, Ұшқыр қиялға жауапты. Мысалы, егер оң қолды қимылдатса, сол жартышарлардың қызметі іске қосылады, ал егер екі қолды бірдей іске қосса, бала дамуында елеулі жетістіктерге жеткізуге болады. Біздің әдістің көздегені, негізгі мақсаты да осы. Уақыт өте келе менталды арифметика арқылы баланың ойша жылдам есептеуі, аналитикалық қабілеттердің пайда болуы сияқты алғашқы жетістіктерін байқауға болады. Бұл жағдайда бала электронды калькуляторды емес, «абакусты» пайдаланады. Ол ақыл-ой үдерістерін жаттықтырып, ойша есептеуді жетілдіреді. Ол тез есептей отырып, мидың оң және сол жақ шарларының жұмысын жақсартуды, жалпы адамның есте сақтау, көңіл бөлу қабілетін арттыруды көздейді.



Мидың екі жартышарын дамыту үшін менталды арифметиканы жаңа үйреніп келе жатқан балалар шотпен есептеген кезде екі қолының саусақтарын бірдей пайдаланады. Сөйтіп, арифметикалық амалдарды есептеп үйренеді.  Бұл кезеңнен сәтті өткен бала амалдарды ойда есептеп үйренеді. Ойда әр есеп жүргізген сайын баланың шоттан тәуелсіздігі қалыптасып, біраз уақыттан кейін ол шотты тек ойында елестету арқылы үлкен разрядты сандарды бірнеше секунд ішінде есептейді.

Бала барынша тез әрі сауатты есептеуге дағды­ланады. Тіпті қолыңызда тұрған есептегіш калькулятор да менталды арифметиканы меңгерген баладан қалып қоюы мүмкін. Менталды арифметикада бастапқы деңгейде балалар «абакус» құралын пайдаланып, есеп шығарады. Кейін көз алдарына сол абакусты елестете отырып есептейді. Бастапқы кезеңде балалар абакусты көз алдына елестету кезінде екі қолын да қолданады. Бұл кезде мидың оң жақ және сол жақ жарты шарлары теңдей жұмыс істейді. Яғни, осы уақытта­ оқу да, ойлау да миға тез қонады. Ал, бағдарлама соңында балалар тек алу мен қосуды ғана емес, көбейту мен бөлуді де, тіпті, санның түбірін табуды да еш қиындықсыз есептейтін болады.

Әлемнің түрлі мемлекеттеріндегі балалар осы бірегей әдіс бойынша білімдерін жетілдіруде. Осыған орай менталды арифметика бағытындағы оқытудың танымалдылығы да артуда. Қысқасы,  бұл  бағдарламамен оқыған баланың зейіні артып, есту қабілеті жақсара түседі екен. Баланы  жылдамдыққа, тез ойлануға және тапқырлыққа тәрбиелейтін білімнің артықтығы болмайды. Бастысы, болашағы үшін үлкен жол ашса бол­ғаны.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет