Мерзімі: 10. 04 Сынып: 8 «Ә» сынып Пәні



Дата15.09.2017
өлшемі117,28 Kb.
#32218
Мерзімі: 10.04

Сынып: 8 «Ә» сынып

Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырып: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі

Мұғалім: Шыныбаев Д.К.
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы. Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 8-сынып.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Т.Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру

Міндеттері:

  1. Технологиялық картаның регламентін орындау.

  2. Т.Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, әңгімесінің мазмұнымен таныстыру.

  3. Оқушылардың есте сақтау, ойлау, мәтінмен жұмыс істеуде тапқыр бола білу қабілеттерін дамыту.

  4. Шығарманы оқыту арқылы ата-анасына деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын арттыру.


Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету. Оқушылар шығарма мазмұнын түсінеді. Тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері жайлы өз ойларын айта алады.
1 тип

Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: мотивация оқушының субьективтік тәжірибесін өзектендіру қабылдауды ұйымдастыру ұғынуды ұйымдастыру түсінуді біріншілік тексеру біріншілік бектіуді тексеру талдау рефлексия.



«Ауызша сабақ - 1» картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.





Кезең

Оқушылардың әрекеті

Мұғалімнің әрекеті

1

Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация

Көшбасшы оқушы сыныпты белсендіреді.

-Көшбасшы оқушы сыныптастарыңа бүгінгі сабақта шығармашылық табысқа жету үшін және шабыт беру мақсатында өз тілегіңді айт.

Тақтаның оң жағына 63% нормасының саны қйылады. Сабақ кезеңдері жазылады:

1. Өткен тақырып бойынша сұрақтар

2. Тірек сөздерді есте сақтау

3. Қарама-қарсы сұрақтар

4. Сыни сұрақтар

5. Тақырыптық сөздік қор (ТСҚ)


2

Оқушылардың субьектілік тәжірибесін өзектендіру

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді

Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Т.Әбдіков қай жылы дүниеге келді? (1942 ж)

  2. Төлен қай жерде дүниеге келді? (Торғай облысы, Жангелдин ауданы)

  3. Қандай оқу орнын бітірді ? (Қазақ мемлекеттік университеті)

  4. Оқу орнын қай жылы бітірді ? (1965 жылы)

  5. Қандай шығармаларын білесің? («Қонақтар», «Ақиқат», «Әке», «Оралу», «Өліара»)

  6. Алғашқы жинағы қалай аталады ? («Көкжиек»).

  7. «Көкжиек» жинағы қай жылы жарыққа шықты ? (1969 жылы).

  8. «Қазақстан пионері» газетінде қандай қызмет атқарды ? ( әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі).

  9. Қай газеттің бас редакторы болды ? («Қазақ әдебиеті»)

  10. 1994 жылы қандай қызметке тағайындалды ? (ҚР Президентінің көмекшісі)

  11. Президент апаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін қай жылдан бастап атқарды ? (1997 жылдан)

  12. Қандай спорт түрінен спорт шебері болған ? (еркін күрес)

  13. Бойында тағы қандай өнері бар ? (күйші)

  14. Шығармаларының тақырыбын неше топқа бөлуге болады ? (екі топқа )

  15. Адам мінезінің құпия сырлары, қоғамдық мәселелер қамтылған шығармаларын ата. («Оң қол», «Жат перзент», «Бас сүйек»)

  16. Тарихи тақырыпқа жазылған шығармалары ? («Әке», «Оралу» повестері, «Өліара» романы)

  17. Қай шығармасы бойынша көркем фильм түсірілген ? ( «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт»)

  18. Шығармасы бойынша түсірілген фильм қалай аталады ? («Өтелмеген парыз»)

  19. Қандай шығарманы қазақ тіліне аударған ? (грек аңыздар «Эллада ерлері»)

  20. «Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы. (адамгершілік, ата-ана алдындағы перзентік парыз)

  21. Т.Әбдіков қазақ әдебиетіне қандай өзгеріс әкелді? (философиялық проза жанрын алып келді)

  22. «Қонақтар» әңгімесінің басты кейіпкері кім? (Ерғабыл)

  23. Қандай марапаттары бар? (Мемлекеттік сыйлықтың, Еуропалық алтын медальдың иегері)

  24. Халықаралық қандай орденнің иегері? (Ф.Кафка атындағы орден)

3

Қабылдауды ұйымдастыру

Дәптерлеріне бүгінгі күн мен тақырыпты жазады.

Оқушылар бір рет шапалақ ұрады, тақтада тұрған тірек сөздерді оқып, еске сақтайды. Уақыт өткен соң, мұғалім сөзді алып тастап, жазуға бұйрық береді, оқушылар қолдарына қалам алып, есте сақтаған сөздерін жаза бастайды.


Оқушылар қаламдарын қояды, дәптерлерін алмасады. Көршісінің дәптеріндегі сөздерді санайды.


- Дәптерлеріңе бүгінгі күн мен тақырыпты жазаыңдар. Бүгін біз сабақта Т.Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы жайында өтеміз. Төлен Әбдік (04.09.1942 ж., “Еңбек” ауылы, Жангелдин ауданы, Қостанай облысы) — жазушы, драматург, қоғам қайраткері.

Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965). “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Жалын” альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977 — 79 жылы “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы, Қазақстан КП ОК-інде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, онан кейінгі кездері “Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағына 2-хатшысы болды. 1994 ж. ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.[1] Сонан бергі кезеңде “Көкжиек” (1969), “Күзгі жапырақтар” (1971), “Ақиқат” (1974), “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985), “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді. “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрындақойылды. “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.[2] Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған. Сондай-ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.

«Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы – адамгершілік,баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы.Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын,жасанды қарым-қатынасы.

Тақтаға 14 сөз жазылады. Оқып шығыңдар және есте сақтаңдар.

Есте сақтап отырған сәтте қолымызда қалам ұстамаймыз. «Қолдағы қалам - қателік».

Бір рет шапалақтаймыз.

Тірек сөздер: Ерғабыл шал, Қаратүбек, кер құлын, Қарбидайық, Бектемір, Шайтанкөң, желінің басы, Сапабек, Жеңіс, шаңқай түс, геология, гранит.

- Қолдағы қалам - қателік. Дәптерлерімізді ауыстырамыз.

- Кімнің көршісі 14 сөз жазды, қолымызды көтереміз. Матрицаны толтыру (14 сөз +, 14-ден аз болса -).

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.



4.

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар 281-287 беттерді оқиды. (12 минут).

281-287 беттерді оқыңдар. Оқып болған соң, оқығандарыңды тексеру мақсатында сұрақтар қоямын.

5

Түсінудің бірінші тексерілуі

Оқушылар қарама-қарсы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар сабақта екі минусы бар балаларды айтады.



Қарама-қарсы сұрақтар:

  1. Ерғабыл шал қай кезде оянды? (күн шықпай оянды)

  2. Кемпірінен не сұрады? (шақшасын сұрады)

  3. Басым сынып, өлейін деп жатырмын, мазалай бермеші – деп кім айтты? (кемпірі)

  4. Шал не деп қалжыңдады ? (Өлсең, Бағила кемпірді алып келемін)

  5. Шал сыртқа шыққанда не жайында ойлады? (кер құлынды бостау орағанын, оралып қалмады ма және алысқа ұзап кетті ме деп ойлады)

  6. Таяғына сүйеніп келе жатып, шаршаған соң не істеді ? (төмпешікке отырды).

  7. Көз алдына не елестеді ? (өзін өлгенен кейін шығарып жатқаны елестеді).

  8. Орнынан тұра беріп не деп сөйледі ? (Сапабекжандар кеше келмегені несі, тлеграмда кеше еді ғой).

  9. Ақырындап аяңдап қайда келді ? (Қарабидайыққа)

  10. Жылқылар қайда жүр екен ? (Шайтанкөңде)

  11. Жаяу жете алмасын білген соң не істеді ? (биені ноқталап, мініп алды)

  12. Ерғабылдың жасы нешеде екен ? (75)

  13. Бие қайда келіп тоқтады ? (желінің басы)

  14. Кемпірі қарсы алып, құлынды байлап жатып не деді? (шай қояйын ба әлде мызғып аласың ба деді)

  15. Ерекең есік алдында тұрғанда не еске түседі ? (кемпірінің сөзі)

  16. Алпыс жылдай бұрын қыстау маңында не болған ? (тізілген үйлер)

  17. Ерекең шай үстінде не істеуші еді ? (көп сөйлемейтін)

  18. Ерекең шай ішіп болған соң не істеді ? (қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар деп мақалдап көзін жұмды)

  19. Ерғабыл неден оянды? (машинаның гүрілінен)

  20. Машина үйдің жанына тоқтағанда шал не істеді? (орнынан тұра алмай қалды)

  21. Баласы мен келінін көрген соң кімді іздеді? (Жеңсті іздеді)

  22. Жеңіс атасына бірден барды ма? (зорға келді)

  23. Қазақша біледі ме екен? (аздап түсінеді)

  24. Сапабек не жайында әңгімеледі? (геология қазба байлықтар туралы )

Матрицамен жұмыс.

«Құтқару шеңберін» кімге лақтырамыз?

Мұғалім оқушылардың бағаларын көтеру мақсатында 3 сұрақ қояды.
Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.


6

Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру


Оқушылар сыни сұрақтарға жауап береді.

Сыни сұрақтар.

  1. Ерғабыл түске таман оянды (жоқ)

  2. Кемпірімен сөйлеспестен сыртқа шығып кетті (Жоқ)

  3. Шаршаған соң төмпешікке шығып отырды (Иә)

  4. Жылқылары Шайтанкөңнің бойында жүр деп ойлады (жоқ)

  5. Көз алдына болашақ өмірі елестеді (Жоқ )

  6. Қарабидайыққа атпен келді (жоқ)

  7. Биені ноқталап мініп алды (иә)

  8. Жасы жетпіс бесте (иә).

  9. Кемпіріне шөлдедім, шайыңды қой деді (иә)

  10. Шай үстінде көп сөйлейтін (жоқ)

  11. Сапашжандар неге кешікті екен деп Ерғабыл айтты. (иә)

  12. Кемпір самауырынды алып шығып кетті (иә).

  13. Шайдан соң Ерекең бірден ұйықтап кетті (жоқ)

  14. Шаңқай түсте машина гүрілінен оянды (иә)

  15. Бала келіп қалды деп кемпірі үйге жүгіріп кірді (иә)

  16. Ерекең орнынан атып тұрды (Жоқ)

  17. Бірінші немересінің бетінен сүйді (жоқ)

  18. Немересі бірден жүгіріп келді (жоқ)

  19. Немересі қазақшаны аздап түсінеді (иә)

  20. Ерекең далаға шығып, семіз тоқтысын сойды (иә)

  21. Сапабек ата-анасының қал-жағдайын сұрастырды (жоқ)

  22. Геология жайында мәнсіз әңгімелер айтылды (иә)

  23. Шалдарға бұл әңгімені түсіну қиын болды (иә)

  24. Ерекең баласының сөзін қолдап отырды (жоқ)

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.

7.

Талдау

Уақыт 5 минут



Оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін жазады. Дәптерлерін ауыстырып, сөздерді санайды.

Үш рет шапалақтайды.

Тақырыптық сөздік қор. (5 мин).

Сабақта өткен тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін жазыңдар. Эссе түрінде жазуға болады.

Қолдағы қалам - қателік.

Дәптерлеріңді ауыстырыңдар. Сөздерді санаңдар. Шылаулар саналмайды.

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.



8.

Рефлексия




Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасайды. 4-5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес. Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсетеді және алға ұмтылуға ынталандырады


9

Бағалар

Журналға баға қою нормативі:

 4 -5 белгі – 5 ұпай

 3 белгі – 4 ұпай

 2 белгі – 3 ұпай





10.


Үй тапсырмасы




«Қонақтар» әңгімесін мазмұндау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет