Лауазымы: доцент
Жаратылыстану-математика факультеті, "физика" кафедрасы
Байланыс ақпараты - тел.: 773358, e-mail: meshetova@mail.com
№3 оқу ғимараты, 304 кабинет.
1.2. Пәннің қысқаша мазмұны:
«Кванттық механика» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы. 5В060400- «Физика» мамандығының студенттеріне арналған «Кванттық механика» пәні білім алушыларды дайындау барысында маңызды орын алады және 5В060400-«Физика» мамандығында оқитын студенттер үшін кәсіптік пәндер блогының міндетті блогы болып табылады (КП-МК). «Кванттық механика» пәнінің оқу бағдарламасы (силлабус) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген құжаттардың негізінде әзірленді:
Аталған «Кванттық механика» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы төмендегі құжаттарға сүйене отырып жасалынып, осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру талаптарын тағайындайды:
5В060400 –«Физика» мамандығының мемлекеттік жалпы міндетті стандарты, ҚР МЖМБС 3.08.337 – 2006 Қазақстан білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген.
ҚР «Мемлекеттік жалпы міндетті жоғары білім беру стандарты»;
«5В060400» – «Физика» мамандығының Типтік оқу жоспары;
СТУ 042-СГУ-5-2012«Пәндердің оқу- әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;
ДП 042-1.07-2012 «Пәндердің оқу- әдістемелік кешенініңқұрылымы және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.
Микрообъект қозғалысының ерекшеліктері. Кванттық механикадағы күйлер мен бақылаулар. Шредингер теңдеулері және сақталу заңдары. Бір өлшемді қозғалыс. Центрге симметриялы өрістегі қозғалыс. Көрнекілеу теориясының элементтері. Кванттық механикадағы жуықтау әдістері. Электрон спині. Теңбе-тең бөлшектер жүйелері. Атомдар мен молекулалар. Сәулелену теориясының элементтері.