МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет7/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105
Тілеуімбет. Ұлы аталары он алты ұлды Тілеуімбет батырлықпен, билікпен аты шыққан Қалмақтармен он алты баласын тастамай соғысыпты, жауын ойран қылып атағы ел ішіне жайылыпты /Қазақ шежіресі/.
Күліктің ең үлкені Тілеуімбет,
Қайратты, қайсар екен қайтпаған бет.
Бір өзінен он алты ұл туып-өсіп,
Соғысып, көп қалмақпен болыпты мерт.
Он алты ұлдың бәрін де қалмақ алған,
Мен өтірік айтпаймын сөзді жалған.
Бесім, Қойтан екеуі тірі қалып,
Мінекей, біз солардан нәсіл қалған
- дейді екен ақын. Бұл – атаның тарихы біршама айқын. Күліктің бәйбішесінен Тілеуімбет тұңғышы екен. Өсе келе «Он алты ұлды Тілеуімбет» атаныпты. Үй тентек, айран көз, белдеу ұстап, безерлік қылуға жақын тұрыпты. Содан кейін болса керек: «Арғында – Тілеуімбет, Алшында - Жолымбет» - деп аттары шығыпты. Қазаққа қалмақ маза бермей тынымсыз шабуылдап тұрған шақ екен дейді. Өзі жұтап, жұттан қашып, шұбырып келе жатқан қазаққа қалмақ тосыннан тиіпті. Алты баласымен інісі Наурыз әрең дегенде қашып құтылыпты. Жау қоршауында қалған Тілеуімбет батыр он бес баласымен қашпай ұрыс салыпты. Сол мезетте Орманшы: Бапке-Тайлақтың Тайлағы «Бала батыр» - атанған күні екен, қалмақпен соғыса жүріп, қақ жарып, жаралы жатқан он бестің үшеуін құтқарып қалыпты. Күліктің сексен жасында тоқалынан туған үшінші ұлы Сексен, «Сары атты Сексен» атанған қалмақтардан жүкті түйені шөгімен алып қашып құтқарыпты. Ол түйенің шөгіне артқан бесікте және кебежеде екі ер бала бар екен. Бірінің аты – Бесім, екіншісінің аты – Қойтан. Бесімнің бәйбішесінің аты – Бөктік. Қыпшақ Қатықұлақ мергеннің қызы екен. Бөктік бәйбішеден туған үш бала: Жанжігіт, Ақжігіт, Қармыс. Ақжігіттен – Құлмағамбет (Құлмұхаммед), Сермұхаммед, Досмұхаммед, Ізмұхаммед (Ізден абыз) тарайды. Сермұхаммедтен – Шаншар молда, Мыңжасар, Жүзжасар, Көпжасар (Көпей), Мағырып - деп әртүрлі таратады. Тілеуімбеттің он бес ұлының ең үлкені - Аспантай одан тұқым жоқ, онан соңғысы – Амантай екеуі де қалмақпен соғыста алдымен оққа ұшқан. Амантайдан: Қарашек, Айтқожа, Жаңабай. Бір баласының аты – Күнту. Мұнан жақсы Жанайдар би, мұнан - Өтеміс абыз туған. Және Ізден абыз шыққан. Мәшһүр – Жүсіп: «Егер Тайлақ пен Сексен болмағанда, Тілеуімбет тұқым қалмас керек екен. Сол Бесімнен өсіп-өнген нәсілден келіп мен мұны сөйлеп тұрмын. Мұны ұмытпай жүргенім, осындай ата-бабам қалмақта не үшін қырылды? Кейінгі үрім-бұтағына жер-су алып беремін деп қырылды. Жалғыз менің ата-бабам емес, жер-суға таласып көп қазақ қырғын тапты. Бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа болып еді. Біреу біреуге: «соңымнан қалмастай атаңның құны бар ма еді?» - дейді ғой. Сондай-ақ, атамның құны болғаны үшін, жер-судан айрылып, қаңғып қоныссыз жүргеніме ішім күйіп өлсем, ойымнан кетер емес» - дейді (Сарыарқаның кімдікі екендігі?., Қазан, 1907 жыл. –Б. 4.).
Бесім. Бесімнің бәйбішесі Қыпшақ-Қатықұлақ мергеннің қызы, үлкен тәуіп, емші болған, үшкіргені ем болып, құмалақ салғаны екі айтқызбай түседі екен. Бесімнің бәйбішесі қыз күнінде қалмақтың қолына түсіп қалып, екіқабат болып, ер бала туып, оның атын – Орынбай қойған екен дейді. Бесімнің аулы күллі Төртуыл Ұлытау, Кішітауды мекен қылған. Жайлаулары Сорқара мен Сортынды болған. Ұрпақтары Баянаула, Қызылтауға көшпекші болғанда Бесім Ақжігіт пен Жанжігітке биыл мен өлемін, сүйегімді осы Ұлытауға қойыңдар деген екен. Содан көшіп барған жылы, Бесім Қызылтауда Ашамай тасқа қыстаған жылы өліпті, балалары әке өсиетін орындап Ұлытауға қойыпты. Бесім жерленген жер «Бесім дарасы» атаныпты. Бұрынғы заманда Ұлытаудың теріскей жағына қарай ағатұғын сайларды «Бесімнің бес саласы» - дейді екен.
Ақжігіт абыздың ең үлкен қызы – Зарауха. Одан соңғы қыздарының аты: Дәме, Дана. Ақжігіт Зарауханың сегіз жасында Оспанқұл деген молданы ұстап бала оқытыпты. Үйінің сыртына ақ қос тігіп, балаларды жинап, әңгіме-дүкен құрғанды жақсы көреді екен. Қазақта әуелі молда ұстап, бала оқытуды бастаған да сол кісі көрінеді. Ақжігіт намаз оқып отырса, от басында ойнап отырған қыз төрт шиді алып, бірінің аты – Құлмұхаммед, екіншісінің аты – Сермұхаммед, үшіншісінің аты – Досмұхаммед, төртіншісінің аты – Ізмұхаммед деп ат қойыпты. Ақжігіт абыз намаз оқып болып, құдағиын шақырып, көрдің бе, баланың ойнын байқадың ба? –Сен төрт ұл табасың «баланың аузы періштенің аузы» осы төрт атты қоямыз деген екен. Ақжігіт жолаушылап келе жатып, бір жерге ат шалдырып, түс көрген екен. –Мен көп ұзамаймын өлемін. Мені осы түс көрген жерге қойыңдар деген екен. Ақжігіттің әйелі екі қабат екен, ұл бала дүниеге келеді, менің ізімді жоғалтпас атын Ізмұхаммед деп қойыңдар деп аманат қылыпты. Ақжігіт қырық тоғыз жасында қайтыс болды. Көкшетау баурындағы Қыздың қара суы, Шүртек қарағай деген жерге сүйегі қойылыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет