БЕС НАМАЗ қ. «Намаз».
БЕСІН УАҚЫТЫ ظهر – қ. «Намаз».
«БІЛӘЛ» بلال- қара нәсілділердің арасында ең алғаш Ислам дінін қабылдап, мұсылман болған адам. Біләл Мұхаммед с.а.с. заманында Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммедке пайғамбарлық келген кезде көп қиындық болады. «Мұхаммед өз ойынан шығарып жүрген дін» деп, қараңғылық дәуіріндегі көп құдайшыл адамдар жала жауып, ата-бабамыздың дінін жоққа шығардың деп қарсы шығады. Аллаһтың хақ сөздеріне көп адам сене қоймайды. Пайғамбарымызға сенген жан жары Қадиша, қызы Фатима және жора жолдастары еді. Бай қолында құлдықта жүрген Біләл да Аллаһқа сенеді. Бұл қылығы ұнамағандықтан Біләлді бай дүре соғып, ауыр қара таспен бастырып, қатты қорлық көрсетеді. Сол кезде Пайғамбарымыздың достырының бірі Әбу Бәкір Білєлді байдан сатып алады. Содан бастап хазіретті Мұхаммед пайғамбардың жанында жүріп, діни тәрбие алады, соғысқа бірге аттанып жүреді. Мұсылмандардың алғаш мешіті бой көтергенде Аллаһтың құдіретімен алғаш азан айтып, адамдарды намаз оқуға шақырады. Әлі күнге дейін осы бес уақытта күніне бес мәрте азан шақыру қалыптасты.
Діндар, ақын Мәшһүр – Жүсіп Көпеев те алғашқы азаншы, алғаш мұсылмандадың бірі, Пайғамбардың достары, көзі көріп, діни тәрбие алған хазіретті Біләл жайында бірнеше жерде жазған. Мысалы:
Қадамды тақсыр Біләл басқан екен,
Басқадан шарапаты асқан екен.
Ізінің мунтаһаға дыбысы барып,
Жын-шайтан тықырынан қашқан екен.
Өзгеден ол Біләлді сүйіп алған,
Бұл сөзім кітапта бар, емес жалған.
-Сіздерді бағыштадым Біләлға!-деп,
Хорларға пайғамбарым айта салған.
Хорлар сонда не дейді бұл құрлыққа:
-Атар таң, шығар күн жоқ біз мұндыққа!
Қазанның күйесіндей Біләліңіз,
Қой, тақсыр, онан басқа үмбет жоқпа!
Пайғамбар тоқталмайды қыз сөзінен:
-Әркімнің жаман болса, кінә өзінен!
Сыртынан билеп оны айта салдым,
Сұрайын мен Біләлдің дәл өзінен.
- десе,
Адам жоқ бұл жаһанда Біләлға тең,
Құданың рахыметі мол, құдыреті кең.
Таласып хор қыздары Махшар күні,
Қылады сол қарасан бетіне мең.
- деп жазады. Ақынның бұдан да басқа көптеген Біләл жайында өлеңдері баршылық.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. – 157-159.
Достарыңызбен бөлісу: |