Құранның түсу себебi:
Құранның аяттары немесе сүрелерi хазiрет Пайғамбарға сұрақ сұралғанда немесе сол дәуiрдегi қандай бiр оқиғаға байланысты, Алла Тағаладан жiберiлуi «түсу себебi» деп аталады. Бiрақ әрбiр аяттың және сүренiң келу себебi болмаса да, көбiнiң түсуiне себепшi болған бiр оқиға болған. Түсу себебiнiң бiлiнуi, аяттармен сүрелердiң мағынасын түсiнуге пайдалы болған. Бұл тақырып бойынша, мысал ретiнде, Пайғамбарымыздан сұраған сұраққа былай деген: Хазiрет Пайғамбар топтасып, отырған бiрнеше еврейдiң жанынан өтiп бара жатқанда: «Рух деген не?» деп сұрайды. Бұл сұраққа жауап ретiнде төмендегi аят түседi.
«(Мұхаммед ғ.с) Олар сенен рух (жан) туралы сұрайды. Оларға: «Раббымның әмiрiнен, сендерге өте аз мәлiмет берiлдi» деп айт». (Исра сүресi, 85-аят). Қандай бiр оқиғаға байланысты түсу себебiне мысал берейiк:
Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинеге һижра еткен кезiнде Мәдине саудагерлерiнiң таразыда қулық жасағандарын көредi. Осыған байланысты «Мұтаффифин» сүресiндегi: «Адамдар, өздерiне бiр нәрсе өлшеп алған кезiнде кемiтпей тура алып; бiрақ, өлшеп берген кезiнде кемiткендерге нендей өкiнiш!». (Мұтаффифин сүресi, 1-3-аят) деп басталған аяттар жалғасы түскен.
Достарыңызбен бөлісу: |