МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті



бет5/15
Дата11.01.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2.1 Абдест

(Түсінік: Абдест – парсы тілінде: дәрет, дәрет алу деген ұғымды білдіреді. Ж.Х.)

Намаз. Руза [Ораза]. Қажы. Зекет. Ғұсыл.

(Түсінік: Ғұсыл – араб сөзі. Сөз түбірі: «ғасала-жуыну» Бой дәрет Ж.Х )

Таһаратта неше парыз бар?

Төрт парыз бар

1 Жүзін жуу.

2 Шынтақтарымен бірге екі қолды жуу.

3 Бастың төрттен біріне мәсих тарту.

4 Тобықтарымен қоса екі аяғын жумақ.


Таһарат дұғасы
اللهم انى اعوذ بالله بك من النجس و من الشيطان الرجيم

Босанып түрегелгенде; «Әлһамду лилләһи ләзи жәғәлә әлмәу тәһурән» .

الحمدالله الزى جعل الما طهورا

Аузына су алғанда; «Аллаһумма әгинни галә зикрик уә шукрик уә тиләуәт китәбик».

اللهم اعنى على زكرك و شكرك و تلا و ةكتابك

Мұрынға су алғанда; «Аллаһумә әрзи мин райхәт жәннәт уә әрзиқни мин ниғмәт уә лә турхни бирәйхәт әннәр».



اللهم ارض من ريحة الحنة و ارزقنى من نعمها ولا ترحنىبرايحة النار

Жүзін жуғанда; «Аллаһумма бәиид уәжһи би нурикә иәумә тубиәддә ужууһу әулиә икә уә лә тәсуәд уәжһин би зәнуби иәумә тәсуәддә уәжһу әғдәик».



اللهم بيض و جمى بنورك يوم تبيض وجوه

اوليائك و لا تسود وجهن بزنوبى يوم تسود وجوه اعداك

Оң білегін жуғанда; «Аллаһумма әғтини китәби бииәмини уә хәссәбни хисәбән иәсирән».



اللهم اعطنى كتابى بيمنى وحاسمنى حسابا يسرا

Сол білегін жуғанда; «Аллаһуммә лә туғтини китәби бишимәли уә лә мин уәрә зәһри».



اللهم لا تعطنى كتابى بشمالى ولا من ورا ظهراى

Басқа масих тартқанда; «Аллаһумма ғәшшинти рәхмәтик уә әнзил ғәләииә мин бәрәкәтик».



اللهم عشنتى رحمتك وانزل على من بركاتك

Екі қолын жуғанда; «Аллаһумма ижғәлний минәл-ләзинә иәстәмиғунә әл-қәул фәиәбтәғунә әхсәнуһу мәғә руқбәт аллаһумма әғтәд рәқбәт минән нәр».



اللهم اجعلنى من الزين يستمعون القول فيبتعون احسنه مع الرقبة

اللهم اعتق رقبتى من النار

Оң аяғын жуғанда; «Аллаһумма сәббит қәдәмин ғәлә сиратә иәумә тәзәллу фиһил-әқдәм».



اللهم ثبت قدمن على الصراط يوم تزل فيه الاقدم

Сол аяғын жуғанда; «Аллаһумма ижғал ли сәғиән мәшкурән уә зәнбән мәғфурән».



اللهم اجعل لى سعايا مشكورا وذنبا معفورا وعملا مقبولا و تجارتى لن تبورا

Таһарат соңында таһараттан артылып қалған судан қолына алып бір ұр тап; «Аллаһумма әшфини би шифәик дәуә-ән би дәуәик әғсимни минәл-уәһли уәл-әмрәд уәл-әужәғ тәһәрәт тәмәмнәд аллаһумма ижғәлний минәт-тәууәбиинә уәжғәлний минәл мутәтаһһириин».



اللهم اشفنى بشقائك دوا بدوايك اعصمنى من الوهل والامرض و الاوجاع طهارة تمامنوه اللهم اجعلنى من التوابين و اجعلنى من المتطهرين

Ағузу билләһи минәш-шайтан ражим. Бисмиллаһи рахманир рахим.

Бірінші «Аллаһу акбәр» дегенде «жаллә жәләлләһу».

جلا جلاله اوّل الله اكبر-

«Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лаллаһ» дегенде «куррәт ғәин бәинии бик» дер. اشهد ان لا اله الله-قرّة عين يبنى بيك

«Әшһәду әннә Мухаммәдәр-Расулуллаһ» дегенде «салаллаһу ғалейк иә расул Аллаһ» дер.اشهد ان لا اله الا الله-صلى الله عليك يا رسول الله

«Хаййә алас-саләһ» дегенде «лә һәулә уәлә қууәтә иллә билләһи ғали-ул ғазим» дер. حى على الصلوة لا حول ولا

قوّةالاّ بالله

«Хаййә аләл-фәләх» дегенд «мә шә Аллаһу кәнә уә мә ләм иәшә Аллаһ ләм иәкун» дер. ماشاالله عان ومالم يشاالله لم يكن حى على الفلاح --

«Ассалату хайру минан нәум» дегенде «саууақту уа би хаққи нәтәқтә» дер. صوّقت و بالحقّا نطقت الصلوة خير من النوم-

«Аллаһу акбәр» дегенде «лә иләһә иллә Аллаһ» дер.



الله اكبر لا اله الاّ الله
2.2 Истинжа

Денедегі нәжіс екі жолдың бірінен шығып, бірақ төңірегіне жайылмаса, тас не топырақпен сүртіп тазалау сүннет.

Шыққан жерінің маңайына теңгенің көлемінен артық жайылса, сумен тазалау фарыз.

Жүніптіктен, хайыздан, нифастан қаншалық аз жайылса да жуылу парыз.

(Түсінік: Тазалықтың сөздiк мағынасы: Таза болу, тазалану, пәктiк және тазалық.

Дiни мағынасы: Хабәс: жаман, арам, нәжiс, көзге көрiнетiн, дiни тұрғыдан нәжiс (кiр) болып есептелетiн және хадәстен (нәжiс, арам нәрседен) тазару немесе көзге көрiнетiн, көрiнбейтiн нәжiстерден (арамдықтан) тазалану.

Ислам негiзiнен тазалықты және иманның кәмiлдiгiн негiз еткен дiн. Исламның негiзi тазалықта Пайғамбарымызға ең әуелi ''Оқы'' деген әмiр келген болса, екiншi болып тазалық туралы аят түскен. «Киiмiңдi тазала» (Мүддәссир сүресi, 4-аят). Тазалықты дiни мiндет деп қабылдайтын Исламға, 5 уақыт намаз оқу үшiн, дәрет алу арқылы дененiң ең көп кiрлейтiн мүшелерiн жиi-жиi жуу әмiр етiлген (бұйырылған). Осының нәтижесiнде мү'мин құл Жаратушының құзырында (алдында) таза болып есептеледi. Тiптi, өлген бiреудi жуындырғаннан кейiн Алланың алдына жiберу, исламның тазалыққа қаншалықты мән беретiндiгiнiң дәлелi.

Ислам – материалдық тазалыққа қаншалықты мән берсе, рухани және жан тазалығына да соншалықты мән бередi. Ислам адамның жүрегiн соқыр сенiмдерден, пайдасыз нәрселерден, қызғаншақтық, тәкәппарлық, көз бояушылық, дұшпандық сияқты жаман мiнез-құлықтардан таза болуын қалайды.

Адам тәнiмен, жанымен (жандүниесi) адам болғандықтан; iшi-сырты сезiмдiк ой-пiкiрiмен таза болуы керек. Жақсы жағымды және дұрыс нәрселердi ойлауы, жасауы керек. Жандүниесiн жақсы мiнездермен әшекейлеуi абзал.

Бiр жағынан тазалық денсаулық үшiн де қажеттi. Алайда тазалық дегенде алдымен ойымызға келетiнi:



  1. жан тазалығы;

  1. тән тазалығы;

  1. қоршаған орта тазалығы (экология) болмақ;

Тазалық адамның ең көркем байлығы, әшекейi, сәнi. Иманмен қоректенген рухтың (жанның) нұрға бөленуi.

Нәжiстiң түрлерi:

Нәжiс құлшылыққа кедергi болатын және дiни тұрғыдан арам болып есептелетiндiктен екi түрлi.

Хадәс: Шынайы емес, көзге көрiнбейтiн, құлшылыққа кедергi болатын, дiни тұрғыдан нәжiс болып есептелетiн рухани кiрлеу (нәжiс) хадәс деп аталады. Хадәс екiге бөлiнедi:

а) кiшi хадәс: дәретсiздiк;

ә) үлкен хадәс: жүнiптiк, әйелдiң хайыз және нифас жағдайында болу сияқты;

Нәжiс: ''Нәжiс'': кiр деген сөз. Немесе бұл бiр себепке байланысты пайда болған кiрге де берiлген есiм. Мысалы: кiр киiм сияқты. Кiр мен ластық заттың өзiнде болса ''Нәжес'' дейдi. Нәжiс пен Хадәстi бiрiктiрiп ''Нәжасәт'' атауы берiледi.

Бiр себеппен былғанып, шын нәжiске айналған және көзге дұрыс болғанымен дiни тұрғыда нәжiс болып қабылданған материалдық кiр. Бұл да екiге бөлiнедi:

а) жеңiл нәжiс: Нәжiс, не нәжiс еместiгi күмәндi (әртүрлi көзқарас) болған нәжiстер. Мысалы: халал жануарлардың зәрi сияқты;

ә) ауыр нәжiс: Нәжiс екендiгi туралы дiни үкiм бар және оны нәжiс емес деп дәлелдеу мүмкiн емес болған нәжiс. Мысалы: Қан және жемтiк (өлексе) сияқтылар;

Нәжiстен тазалану екi түрлi болады.

1) Хадәстен тахарат (тазалану).

Хадәстен тазалануда ең маңызды нәрсе су. Кiшi хадәстен дәрет арқылы үлкен хадәстен шомылу (ғұсұл) арқылы тазаланды. Егер су табылмаса және суды қолдануға кедергi болса тәйәмүм соғады. Мiне, осы тазалық түрiн дiнiмiзде ''хадәестен тахарат'' – деп атайды.

2) Нәжiстен тахарет (тазалану):

Денемiзде – киiмiмiз бен намаз оқитын жерiмiздi нәжiстен тазалауды ''нәжiстен тахарат'' деп атайды.

Дiни үкiм бойынша ''хадәс'' және негiзiнде арам деп есептелетiн ''нәжiс'' құлшылықтардың жасалуына кедергi болады. Бұларды дiни шарттарына сай тазалау керек. Көбiнесе тазалыққа су қолданады.

Олай болса қандай сулармен тазалық жасауға болатындығын көрейiк.

Тазалық жағынан су және оның түрлерi.

Су дегенде, тазалық жасауға болатын жаңбыр, бұршақ, қар, теңiз, құдық және бұлақ сулары есiмiзге түседi. Бұлар ''мұтлақ су'' немес қоспасыз тұнық мөлдiр су делiнедi. Бұлар түсi, дәмi және иiсi жағынан еш айырмашылығы болмаған сулар.

Гүл (өсiмдiк ) суы, жемiс-жидек суы, ет суы сияқты әртүрлi қоспа атымен аталатын сулар да бар. Бұларды ''мұқайиәт суы,'' яғни қоспа қосылған, мөлдiр таза емес сулар деп атайды.

Хадәстен тек қана мұтлақ (таза) сулармен тазалануға болады. Нәжiстен тазалану үшiн (денедегi немес киiмдегi кiрдi, лас және арамды жуу), мұтлақ су болмаған жағдайда (таза болатын болса) мұқайиет сумен де тазалануға болады.

Тазалығы жағынан мұтлақ су бес түрлi:

1) Таза, тазалануға жарайтын және қолдануда мәкрүх есептемейтiн сулар:

Негiзгi қасиеттерi жоғалмаған яғни, өңi, дәмi, иiсi бұзылмаған, таза, бұрын қолданылмаған, iшуге де жарайтын сулар.

Бұндай суды iшуге, тамаққа қолдануға, дәрет алуға, ғұсыл құйынуға және әртүрлi жасауға болады;

2) Таза, тазалауға жарайтын, бiрақ, қолдануда мәкрүх есептелетiн сулар:

Мысық сияқты үй хайуандарының iшкенiнен қалған су. Су болмаған жағдайда, бұндай суды қолдануға болады, бiрақ, таза су болса, бұндай суды пайдалану мәкрүх.

3) Таза, бiрақ, тазалануға жарамайтын сулар:

Дәрет және ғұсыл құйынған су. Бұндай су таза болғанымен қайтадан дәрет және ғұсыл алуға жарамайды. Бұл суды, ''мә-и мүстә'мәл'' (қолданылған су) деп атайды. Басқа су болмаған кезде, ондай сумен нәжiстi тазалауға болады. Iшу харам һәм мәкрүх.

4) Арам сулар:

Iшiне нәжiс (жемтiк, кiр-қоқыс) түскенi, түсуi мүмкiн болған және ақпайтын, тоқтау сулар. Бұндай сулармен тазалық жасау харам.

5) Таза, не таза еместiгi күмәндi сулар:

Есек пен қашырдан қалған сулар.

Бұл су таза болса да, дәрет алуға және ғұсыл құйынуға келмейдi. Өйткенi, бұл сулар жайында шариғат үкiмдерiнде әр түрлi пiкiрлер бар болғандықтан, қолдануға болатын не болмайтындығы айқын үкiм жоқ.

Басқа су болса, бұндай сулармен дәрет алып, ғұсыл құйынбаған жөн. Бiрақта, нәжiстi тазалауға болады. Ал, ендi басқа су болмай, амалсыз қалған жағдайда дәрет алынса, үстiне қосымша тәйәмүм соғылғаны жөн.

Нәжiстен тазаланудың жолдары

Таза емес бiр нәрсенi төмендегiдей тазалауға болады.

1) Сумен жуу арқылы тазалау:

Нәжiс, арам, кiр жерлердi таза сумен жууға болады. Хадәс делiнген, үкiмi дiн бойынша нәжiс болған (дәрет ғұсыл болмаған жағдайда), көзге көрiнетiн арам, нәжiс, лас нәрселердi де сумен тазалау керек.

2) Сүрту арқылы тазалау:

Қылыш, пышақ, әйнек, айна сияқты нәрселерге нәжiс сiңбейтiндiктен дымқыл шүберек немесе топырақ сияқты нәрсемен ол нәжiстiң дағы кеткенге дейiн сүртiлгенде ғана тазаланған болып есептеледi.

3) Қыру арқылы тазалау:

Нәжiс сiңбейтiн мәсi, сияқты нәрселерге хайуан нәжiсi жағылып сумен кетпейтiндей болса, қырып тазалауға болады.

4) Құрғату арқылы тазалау:

Еденде нәжiс болса, күн нұрына палас, киiз және киiм сияқты нәрселердi құрғату арқылы тазалауға болмайды.

5) Қасиетiн, түрiн ауыстыру жолымен тазалау:

Нәжiс болған отынның жағылып күл болуы, тыңайтқыштың топыраққа айналуы, арам, лас майдың сабын болуы сияқты өз қасиетiн басқа түрге ауыстыру арқылы тазалау.

6) Илеу жолымен тазалау:

Терiнiң ашудас, емен жаңғағы және нар қабығы сияқты нәрселермен иленуi. Доңыздың терiсiнен басқа терiлер илегесiн тазаланған болады.

7) Құдықты тазалау:

Түскен нәжiстiң дәрежесiне қарай құдықтың суына белгiлi немесе барлығын төгiп тазалауға болады.

8) Отқа салу арқылы тазалау:

Лас балшықтан жасалған бұйымды, бауыздалған малдың басына немесе металлға жағылған қанды отқа салып күйдiру арқылы тазалауға болады.

Тазалықтағы маңызды екi мәселе – истибра мен истинжа

Ислам дiнiнiң маңызды негiздерiнiң бiреуi – тазалыққа өте ерекше мән беру. Бұлардың iшiнен мұсылмандар өмiр бойы абай болуын қажет ететiн мәселе мыналар:

1) Истибра:

Кiшi дәретке отырғаннан кейiн зәр шығару жолында қалдық қалмағанға дейiн тазалануын және құрғауын күту истибра деп аталады. Бұл мәселе әсiресе еркектер үшiн өте маңызды. Хазiрет Пайғамбардың бiр Хадисiнде: ''Зәрден сақтаныңыздар. Өйткенi, қабiр азабының көбi содан болады.'' (Бүлуғул-Мәрамнан, 1-том, 128-бет, 109,88-хадистер).

Истибра – көзден таса, әр адамның өзiне тән әдетi бойынша жүру, жөтелу, қимылдау немесе сол жағына иiлу арқылы зәрдiң әбден тоқтауын қадағалау, тазалау деген сөз.

Еркектер де, әйелдер де кiшi дәретке отырғасын әбден сорғытып барып дәрет алулары керек.
2 Истинжа:

Үлкен дәретке отырғаннан кейiн нәжiстi тазалау.

Мұны орындауға шамасы келмеген кiсiге жолдасы жәрдем етуi тиiс. Егер көмектесетiндей некелесi немесе басқа бiреу болмаса, ол кiсi бұл iске жауапты емес.

Истинжа сумен жасалғанындай таспен де жасалады. Бұл тазалық өте маңызды болғандықтан, намазға кедергi болмайтындай тазалау керек. Бұл екi мәселе жайында мынадай сөз бар:

«Дәрiгерлердiң айтуына қарағанда истибра жасамаудың зияндары өте көп. Дәреттiң ластауынан амоняк және жаман иiстердiң шығуына себеп болуы мүмкiн. Зәр шығару жолы микроб ұясы болмауы үшiн истибраға (дәретке) көңiл бөлген абзал. Истибрадан кейiн мүшені ерекше тазалап жуу өте пайдалы. Сумен жуып тазалану, жыныс мүшелерiнде нәжiстiң қалмауына ең қолайлы. Нәжiстерде (боқ-сiдiк) миллиондаған микроб болатындықтан жақсылап жуып тазалау керек. Бұл микробтар түрлi қабынуларға (инфекция), әйелдерде болатын омырау ауруына және қан улануына себепшi болады.»

Ыңғайына қарай тазалану тәсiлдерiнен қысқаша мағлұмат:

Әжетханаға кiргенде сол аяқпен, шыққанда оң аяқпен шығу керек. Астын тазалағанда сол қолмен тазалау. Әжетханада қыблаға қарсы қарап та, артын берiп те отырмау. Бос сөз сөйлемеу. Дәретке отырғаннан кейiн сумен тазалап жуу, құрғату және әжетханадан шыққанда қолын сабынмен тазалап жуу керек.

Жолдың шетiне, ағаштың астына, судың жағасына, өзен бойына, бассейнге жақын және демалу үшiн салынған көлеңке жерлерге үлкен, кiшi дәрет сындыруға болмайды. Ж.Х.)


2.3 Бой дәрет (ғұсыл) мәселесі

Ғұсылда неше парыз бар? Ғұсылда үш парыз.

1 Ауызға су алмақ (ауызды тісті тамаққа дейін су жүгіртіп тазалау)

2 Мұрынға су алмақ (кеңірсекке дейін су жүгіртіп тазалау)

3 Барша денесін жумақ.
Ғұсылдың сүннеттері тоғыз

1) Бисмилләмен бастау.

2)Ғұсыл құйынуға ниет етіп, екі қолды біллекке дейін жуу.

3)Денесінде бір ластық көрінсе, соны жуу.

4)Ғауратын (әдеп жерлерін) жуу.

5) Ғұсылдан бұрын дәрет алу(егер ғұсылда басып тұрған жерге су жиналатын болғанда, аяқ шомылғаннан кейін жуылады)

6) Денеге үш рет су құйып, әр тарапқа жеткізу.

7) Суды бастан, содан соң оң иыққа, кейін сол иыққа құю.

8) Суды алғаш құйғанда барлық денені ысқылау.

9) Шомылғанда арада құрғайтындай уақыт өткізбей, бір мезгілде аяқтау.

Ғұсылдың парыз болуына неше себеп бар

Төмендегі бес түрлі жағдайда ғұсыл құйыну парыз.

1) Жүніп болғанда (ер мен әйелдің жақындасуы)

2) Мәни шықса (әрқандай жағдайда еркектік жыныстық суы шабытпен атылып шықса)

3) Ихтиләм болу (яғни ұйқыда болғанда жыныстық су шықса)

4) Әйел хайыздан (етеккірден) тазарғанда.

5) Әйел нифастан (босанғаннан кейін келген қаннан тазарғанда)

2.4 Тәйәмүмдi бұзатын жағдайлар

1) Дәрет пен ғұсылды бұзатын жағдайлар тәйәмүмдi де бұзады.

2) Дәрет, ғұсыл алуға бөгет болатындай үзiр бiткен кезде тәйәмүм бұзылады. Яғни дәрет, ғұсыл алуға бөгет болған жара т.б. жазылса, тәйәмүм соғуға болмайды.

3) Су табылған кезде (оны қолдану мүмкіндігі болған жағдайда тәйәм бұзылады).

Тәйәмүм дәреттіңде ғұсылдыңда орнына жүреді. Тәйәмүмге жараған жер намазғада жарайды. Бұл Алланың құлдарына жасаған жеңілдігі болып саналады.

(Түсінік: Тәйәмүмнiң сөздiк мағынасы: Бiр нәрсенi мақсат ету деген сөз.

Дiни мағынасы: Су табылмаған жағдайда таза топырақпен немесе топырақ тәрiздi бiр нәрсемен, рухани тазалану мақстымен жасалынатын рәсiм.

Тәйәмүм қажет болғанда, тәйәмүм соғу парыз.

Пайғамбарымыз кезiнде тәйәмүм соғуға себеп болған жағдай.

Тәйәмүм - һижра жыл санауының бесiншi (Милади 626-627) жылы Уәнул-Мусталық соғысында болған бiр оқиғаға байланысты шыққан. Осы оқиғаны Бұқариден жеткен хадис арқылы түсiндiрсек.

«Пайғамар ғаләиһиссәламның әйелi (мүминдердiң анасы) хазiрет Айшадан риуәят еткен хадисiнде былай делiнген: Пайғамбарымызбен бiрге жолға шыққан едiк. Бәдяға ма, әлде Зәйтул-Жәйшке барғанымызда ма алқам жоғалып кеттi. Расулалла «iздеңдер» деп, күттiрдi. Барлығы бiрге iздеп күттi. Бiрақ, ол жерде су жоқ едi. Адамдар хазiрет Әбу Бәкiрге келiп, Әй, Әбу Бәкiр! Айшаның не iстегенiн көрдiң бе? Расулалланың да, басқаның да жолына бөгет болды. Әбу Бәкiр жаныма келдi. Расулалла басын дiземе қойып ұйықтап жатқан едi. Әбу Бәкiр: Сен Расулалланың да, басқаның да жолына бөгет болдың. Оның үстiне ешкiмнiң жанында су да жоқ» - дедi.

Айша былай дедi: «Әбу Бәкiр маған ренжiп көп нәрселер айтты. Қолымен бүйiрiме түрте бастады. Пайғамбарымыздың басы дiземнiң үстiнде болғандықтан қимылдамадым. Таң атқан кезде Расулалла тұрды. Ешқандай су жоқ. Алла Тағала Тәйәмүм аятын түсiрдi. (''Су таба алмасаңыздар жерге тәйәмүм соғыңыздар.'' (Мәйда сүресi, 6-аят).Барлығы тәйәмүм соқты». (Тәжриди Сарих. 2-том, 222-хадис).

Тәйәмүм қай кезде соғылады?

Төмендегi жағдайларда дәреттiң орнына тәйәмүм соғуға болады:

1) Төрт шақырымға дейiн дәрет пен ғұсыл алатын су табылмаса.

2) Құдық бола тұра су тартатын шелек табылмаса.

3) Төрт шақырымнан жақын жерде су бола тұра, алуы қауiптi болған жағдайда.

4) Жаназа немесе айт намазына үлгере алмай қалатын болса.

5) Жанында болған су, өзiне әлде мiнген атына ғана жететiн болса.

6) Қонақта, әскерде немесе соғыста жағдай жоқ болса.


Тәйәмүм қандай нәрселермен соғылады?

Тәйәмүм төмендегiдей нәрселермен соғылады:

1 Үстiнде нәжiс, лас болмаған таза топырақпен.

2 Бетiнде таза топырақ болған:

а) құм, әк және гипс тәрiздi топыраққа жақын заттармен;

ә) тас, мәрмәр түрiндегi заттар;

б) негiзi топырақтан жасалған қыш тақта, кiрпiш;

в) блшықпен сыланған қабырға;

г) алтын, күмiс, темiр, қола, т.б. металдарға;
Тәйәмүмнiң парыздары

1) Ниет ету.

2) Қолды таза топыраққа сүйкеп немесе топырақ тәрiздi затқа ұрып, алдымен беттi, кейiн оң қол мен сол қолды суға жуған сияқты сипау.

Тәйәмүмнiң сүннеттерi

1) Тәйәмүмдi бисмиллә деп бастау.

2) Екi қолды топыраққа қойып ары-берi сүйкеу.

3) Алға-артқа сүйкеген кезде, саусақтың арасы ашық болу.

4) Саусақтың арасы ашық күйiнде қолды бiр-бiрiне соғып, жабысқан артық топырақты түсiру.

5) Алдымен беттi, одан кейiн екi қолды сипағанда рет-ретiмен жасау.

6) Беттi сипағаннан кейiн, кешiктiрмей қолды сипау.



Тәйәмүмнiң орындалуы


  • жеңдi түру;

  • тәйәмүм жасағанда бөгет болатындай бет, қолдағы сағыз тәрiздi нәрселердi тазалау;

  • тәйәмүм не үшiн соғылатындығына ниет ету;

  • ағузу, бисмиллә айту;

  • екi қолды топыраққа немесе топырақ түрiндегi бiр нәрсеге қойып, iлгерi-кейiн қозғау;

  • ары-берi топыраққа үйкегеннен кейiн саусақтың арасындағы бос топырақты түсiру;

  • беттi жуған тәрiздi екi қолмен сипау;

  • күттiрмей екi қолды қайтадан топыраққа соғу;

  • алдымен сол қолмен оң қолдың сыртынан, одан кейiн оң қолмен сол қолдың сыртынан масих (сүрту) тарту;


Тәйәмүм соғу µте үлкен жеңiлдiк
Ислам дiнi тазалыққа өте көп көңiл бөледi. Сол себептен намаз оқу үшiн, сумен дәрет алуды, қажет болған жағдайда ғұсыл құйынуды парыз еткен. Бiрақ су болмаған жағдайда немесе бөгет болған кезде не iстеу керек?

Су болмаған жағдайда намаз оқу үшiн, тәйәмүм соғуға болады. Егер бой дәрет алу қажет болса, тағы да тәйәмүм соғуға болады. Ауыр науқас болған кезде, қауiптi жағдайда су табылса да тәйәмүм соғуға рұқсат. Мiнеки бұл бiз үшiн үлкен жеңiлдiк. Алла Тағала Құран Кәрiмде бiзге осы жеңiлдiктi көрсеткен. Сондықтан қажет болған кезде осындай жеңiлдiктен пайдалануымыз керек.

Бұл мәселе әскери мiндетте болған азаматтар үшiн өте маңызды. Мысалы: далада, кезекте, дұшпан алдында су қажет болса, тәйәмүм соғуға болады. Кейiн мұндай жағдайдан айыққаннан соң тәйәмүмнiң уақыты бiтедi.

Сондықтан жалқауланып, жеңiлдiк екен деп су бола тұра тәйәмүм соғуға болмайды. Бұл жәйттi абайлау керек.


2.5 Хайыз

(Аынқтамалық түсінік: Хайздың мағынасы: хайздың сөздiк мағынасы ағу.



Дiни мағынасы: Әйелдiң жатырынан науқастың немесе екi-қабат болудың сыртында қан келуi. Хайзды қазақшада етеккiр деп атайды. Етеккiр балиғатқа толған тоғыз жастан бастап, елу бес жасқа дейiн жалғасуы мумкiн. Балиғатқа толып, хайз көре бастаған қызды балиға, хайзы тоқтаған әйелдi Асия деп атайды.

Жүктi болған әйелдiң хайз қаны тоқтайды. Егер тоқтамаса истихаза (науқас, үзiрлi) қаны дейдi.

Хайздың уақыты:

Хайздың ең азы үш күн, ең көбi он күн. Әр бiр әйелдiң өз жағдайына байланысты осы үш күн мен он күн арасында әр түрлi уақытта болуы мүмкiн. Мысалы: 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 немесе 10 күн. Маңыздысы 3 күннен аз немесе 10 күннен көп болмауы. Егер қан үш күннен аз немесе он күннен көп ақса, жатырдың бiр жерiнен тамыры жарылған сияқты бiр жағдай болуы мүмкiн. Бұл үзiр болып есептеледi. Мұндай жағдайда әйел дәрiгерiне қаралуы керек.



Хайзды қалай бiлуге болады?

Хайз қаны әйелдiң жатырынан ағады. Қанның түрi, топырақ түстi, сары, қызыл, қара, бұлыңғыр болуы да мүмкiн. Көбiнесе жағымсыз иiсi болады.

Хайз қанының үнемi ағып тұруы шарт емес. Кейде тоқтап, кейде ағады. Хайз қаны тоқтаған соң ғұсыл құйыну парыз. Ж.Х.)

Нифас
(Аынқтамалық түсінік: Босанғаннан кейiн әйелдiң жатырынан аққан қанды нифас қаны дейдi. Дiни терминде босанған әйелдi ”нуфаса немесе “лахуса деп атайды.

Нифас болу үшiн, бала уақытында тууы керек. Түсiк болған жағдайда, баланың мүшелерi белгiлi болуы шарт. Егер, бiр әйел түсiк тастаса, түсiктiң мүшелерi белгiсiз болса, “нуфаса болып есептелмегенi үшiн ғұсыл құйыну шарт емес.



Нифастың уақыты.

Нифастың уақыты бала туғаннан бастап, қырық күнге дейiн жалғасуы мүмкiн. Қан қашан тоқтаса, сол мезетте ғұсыл құйынып тазалануы керек. Егер бұл уақыт қырық күннен асып кетсе, үзiрлi болуы мүмкiн. Сондықтан, дәргерге қаралғаны жөн.

Нифас қаны қалай бiлiнедi?

Нифас босанғаннан кейiн болады. Хайыз сияқты ол да жатырдан ағады. Түстерi де бiрдей болады. Нифаста да қанның үнемi ағуы шарт емес. Қан қашан тоқтаса, нифастың уақыты бiткен болып есептеледi. Нифастың тоқтағаны ақ су шығуымен белгiлi болады.



Нифас бiткен кезде ғұсыл құйыну парыз

Хайыз келген немесе босанған әйелге харам болған iс – әрекеттер

1) Намаз оқуға болмайды

Намаз оқу үшiн, таза болу керек. Алайда хайыз, нифас уақытында әйел таза деп есептелмейдi. Мұндай жағдайда ешбiр намаз оқуға, тиләуәт және шүкiр сәждесiн жасауға болмайды. Әйелдер мұндай уақытта оқи алмаған намаздарының қазасын өтемейдi. Ол, Алланың берген үлкен жеңiлдiгi.

2) Ораза ұстауға болмайды

Мұндай жағдайдағы әйелдер рамазан оразасы мен қоса ешбiр оразаны ұстауға болмайды. Себебi харам болады. Бiрақ, намаздың қазасын орындамаса да, рамазан оразасының қазасын басқа уақытта өтеуi керек.

3) Қағбаны тауаф етуге болмайды

Қажыға барған кезде мұндай жағдайға тап болған әйелдер Қағбаны тауаф етпей, қажылықтың басқа мiндеттерiн толық орындайды.

Осыған байланысты Хазiрет Айша радиаллаһү анһә риуаят еткен Пайғамбарымыздың бiр хадисiнде: Айша радиаллаһү анһә былай деген: «Қажылықтан басқа ешбiр ниетiмiз жоқ едi. Мәдинеден шықтық. Сәриф деген жерге келгенде хайыз келдi. Мен қажылықты орындай алмайтын болдым деп жылап отырған едiм. Пайғамбар Салаллаһү аләиһи уә сәллам жаныма келдi. Не болды? Кiрледiң ба? – деп сұрады. Иә – дедiм. Ол: бұл, Алла әйелдердiң басына жазған бiр нәрсе. Қажылардың жасаған мiндеттерiн сен де жаса. Тек қана Қағбаны тауаф етпе – деп айтты». (Тәжриди Сарих. 1-том, 202-хадис).

4) Құран оқуға болмайды

Хайз, нифас болған әйелдер Құран Кәрiмдi қолына алып оқуына, оны ұстауына болмайды. Бiрақ, Құранды басқа бiр кiтаптың iшiне салып, орап ұстауға болады. Ал, ендi, аяттарын дұға ниетiмен жатқа оқуына, тәухид кәлимасын, шахадат кәлимасын, ағузу-бисмиллә және салауатты жатқа оқуына болады.

5) Мешiтке кiруге болмайды

Мешiт ''Алланың үйi'' болғандықтан мұқтаж болмайынша кiруге болмайды.

6) Жыныстық қатынас жасауға болмайды

Жыныстық қатынас жасаса, төмендегiдей жағдайларға душар болады.

Хайыз келген әйел, қан ағудың себебiнен ағзасы бiраз әлсiрейдi. Оның үстiне ерiне жақындасса, ағзасы тiптi шаршайды.

Хайыз қанының жаман иiсi болғандықтан күйеуiн жиiркендiруi мүмкiн.

Алла Тағала Құран Кәрiмде осыған орай былай деген: «Әй, Мұхаммед! Сенен, әйелдердiң айлық мерзiмi жайында да сұрайды, сен оларға айт: «Ол – бiр жүк» Айлық етеккiр уақытында әйелдерiңе тазаланғанға дейiн жақындамаңдар. Тазаланғаннан кейiн, сiзге, Алла бұйырған жол бойынша жақындасыңдар. Алла Тағала күдiксiз, үздiксiз тәуба еткендердi, тазаланғандарды сүйедi». (Бақара сүресi, 222-аят).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет