МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті



бет1/15
Дата11.01.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7178
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Х. Жанарыс . Қ.Қ. Талқанбаева



МӘШҺҮР ЖҮСІП ҚОЛЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ

ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ

Оқу әдістемелік құралы

Павлодар

УДК 297(075.8)

ББК 86.38я73

Ж 26


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:

С. Негімов – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

А. Қ. Тұрышев – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының директоры.
Ж26 Жанарыс Х. Талқанбаева Қ.Қ.

Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті: оқу әдістемелік құралы.

Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы. – Павлодар, 2006.–

210б
ISBN

Бұл еңбекте Мәшһүр Жүсіптіњ µз қолымен жазған ењбегініњ ғылыми сипаты мен түсініктемелері баяндалады. Онда кµбінесе дін исламды қарапайым қазақ µмірімен суреттеп түсіндіреді. Мысалы: Аллаға иман, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға сену дегенді түсіндіреді. Ислам дінінің артықшылығы мен ерекшелігі, оның қалыптасуы мен дамуы, қоғамдағы орны. Құранның келуінің маңызы. Ислам дінінің қағида-шарттары, мұсылмандық міндеттер, тәрбиелік маңызы бар әдеп ережелерін түсіндіріп, оның адамзатқа қажеттілігі мен пайдалары баяндалады. УДК 297(075.8)

ISBN ББК 86.38я73


© Жанарыс Х., Талқанбаева Қ.Қ., 2006

© С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006


Алғы сөз
Құрметті оқырман! Зиялы қауым! Сіздердің қолдарыңызға әулие бабамыз, оқымысты ғалым Мәшһүр – Жүсіп Көпеевтің «Мәшһүр – Жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті» - атты еңбегі тиіп отыр. Бұл – еңбекті араб харпінен аударып, түсініктерін жазып, баспаға дайындаған Мәшһүртану ғылыми – практикалық орталығының кіші ғылыми қызметкерлері Жанарыс Қызыр мен Талқанбаева Қарлығаш Қажымәлікқызы. Мәшһүр – Жүсіптің, жиен інісі Жолмұрат Жүсіптің, Иманғали Мәнен, Омар Иманбеков, Алдабергенов Төлепберген, Жұқаш Кәрібаев т.б. «әулеттік мұрағаттан» алып, қолжазбаларды орталыққа тасқа басып алуға беріп отырған немересі ф.ғ.д., профессор., «Қазақ филология» кафедрасының меңгерушісі, академик Жүсіп Қуандық Пазылұлына мыңда бір рахметімізді айтқымыз келеді.

Жалпы Мәшһүр – Жүсіп шығармалар жинағы дайын күйінде баспадан басылып шығып жатқан жоқ. Ол тек қана айтуға оңай. Біткен іске сыншы көп. Піскен астың күйігі жаман. Сол шығып жатқан ақын кітаптарының ыстығымен суығына біте араласып жүрген біздер жақсы түсінеміз. Әр кітап дүниеге келгенде балаша қуанамыз.

Қолжазбалардың сипаты, сапасы туралы ф.ғ.д., профессор Нартай Жүсіп өзінің еңбегінде жазған болатын. Біз сондықтан бұл – мәселеге тоқталмаймыз. Кім көрінгеннің қолына қолжазбаларды ұстата бермейтін Қуандық Пазылұлының шәкірті болғандықтан ба еркін кіріп, мұрағатынан барып, талай рет алып келгеніміз есімізге осындайда түседі екен. Қолжазбаны тасқа басатын қыздар қыстырып алып шетін жыртқаны, арабша жазылған беттерінің орыны ауысып кеткені қанша әуре – сарсаңға салды десеңіз-ші өткен істе белгі жоқ деген осы-да өйткені мұрағаттан алғанда бізге дейін де біреулер өзінің рет санын қойып отырған.

Өзі де тарихтың тезіне түсіп сарғайып кеткен, тозған, үлбіреп тұрған, үп етіп жел соқса жыртылып кеткісі бар, өмірбойы тірнектеп жинаған қимас қолжазба мұраны біздің қолымызға ерінбей жалықпай әр бетін санап беріп, санап алып тапсырғанда Қуандық ағаның хал – жағдайын түсінген жөн. Ол түгілі кітапқұмарлар бір кітабын сұрасаң, бергісі келмейтін қанға сіңген әдеттері бар. Оның қасында тірнектеп жинаған қолжазбаны, атадан қалған асыл мұраны, жалғыз данасын тарих үшін, ұрпақтар үшін ғана деп көңілге демеу жасап, беріп жіберу үлкен жүректілікті, асқан сенімді қажет етеді.

Орталықтың құрылғанына бар жоғы екі жыл болды. Содан бері қыруар жұмыс істелді. Ал жасалмаған іс-шара қаншама. Осы істің басы қасында жүрген орталықты ұйымдастырған э.ғ.д., профессор, академик., ректор Ерлан Арын Мұхтарұылына ризамыз. Ол кісі болмаса, орталық ашу ешкімнің ойына келмеген де еді. Шыны керек орталыққа қаржылай көмек көрсетіп отырған да сол үлкен жүректі адам. Шығарылған қаржы желге кеткен жоқ. Мың-миллионымен өлшемі жоқ қайтып оралып жатыр. Рухани байлыққа баға бар ма?

Әрине, 2004 жылы құрылған орталық бұрынғы орталық емес. Мәшһүртанушылардың қатары күнсайын өсуде. Студенттер, бакалаврлар, магистрлар диплом жұмыстарын жазып жатса, облыстық мектеп оқушылары Ғылым жоба жазуға ынталы болып жатыр. 2006 жылы 7 мектеп оқушысы Мәшһүр – Жүсіп шығармаларынан Ғылыми Жоба қорғады. Орталық жетекшісі Жүсіпова Лаураның жетекшілігімен жазылған Ғылыми жоба республикалық жүлделі орынға ие болды. Оншақты мәшһүртанушы: ізденушілер, аспиранттар тақырыптарын бекітіп, диссертация жазуға белдерін бекем буды. Жан – жақты зерттеу жұмысы қажеттілік тудырды. Ол заңды құбылыс. Орталықтың бөлмесін 20 шақты адам еркін сиятындай кеңейту мәселесі туды, бұрынғы ескі компьютерлерді ауыстыру керек болды. Өйткені, бүгінгі отралықтың жай-күйі заман талабын көтермейтіні байқалды. Мұның бәрін тәппіштеп айтып жатқанымыз о баста осынша ма ауқымды жұмыстар алдымызда күтіп тұрады деп ойламаған едік. Істей білген, ойлай білген адамға жұмыс табылады. Заман ағымына байланысты сол мәселерді шешетін күн туды. Айталық, Мәшһүр – Жүсіптің ел ішіндегі әндерін, күйлерін жинап нотаға түсіру, шығармалары бойынша (мысал өлеңдері) иллюстрациялық суреттер салу, ақын өлеңдерін ағылшын, неміс т.б шет тілдерінде шығару, студенттердің, аспиранттардың ғылыми зерттеу жұмыстарына бағыт, кеңес беру т.б.

Мен өзімнің Мәшһүр – Жүсіп бабамыз туралы бір – екі ауыз сөзімді қоғамдық ойдың аспанынан құйырықты жұлдыздай жарқ еткен, қуатты дарын иесі Смағұл Садуақосовтың Омбы қаласында 1919 жылы шығып «Туродовая Сибирь» жұрналында басылған «Қазақ әдебиеті» мақаласынан бастағым келіп тұр.

Онда былай делінген: «Ж. Көпеев ең алғаш ақындарын өзін, өз руын ғана мақтайтын белгілі әдет дағдысынан бас тартып, халықтың қайғы – мұңын айтып, қасіретін жырлайтын өлеңдер жазды. Оның өлеңдері тұңғыш рет жазба түрде жарық көріп, қазақ әдебиетінің тарихында халықшылдық пен атайтын жаңа бір ағымның арнасын ашып берді».

Шыны керек ақын бабамыздың атын ел ішінен естіп, бірді - екілі өлеңдерін, әңгімелерін білгенімізбен, жете таный бастағанымыз Қазақстан Республикасының егемендігін алуымен тығыз байланысты десем қателеспеспін деп ойлаймын. Осы орайда, құланның қасынуына, мылтықтың басылуы дегендей Президент Н. Назарбаевтың арқасында қолдауға ие болып, дүниеге келген «Мәдени мұра» бағдарламасын ерекше атап өтуге болады. Бұл – бағдарлама еліміздің рухани мәдениетінің гүлденуіне, баюуына зор ықпалын тигізді.

Сөйтіп, ғасырлар аңсаған С. Садуақасов жол салған «Мәшһүртану» белестері күн сайын жаңа қырынан танылуда. Ақын-философ, тарихшы, этнограф бабамызды «Мәдени мұра» аясында зерттеуге қолымыз жетті. Қазірдің өзінде ақынның 28 томдық шығармалар жинағының 9 томы қолдарыңызға тиіп отырғаны, бабамызды ұлықтап кесене тұрғызып жатқанымыздың барлығы да Елбасының алысты болжап білетіндігінің, көрегендігінің жарқын көрінісі болып табылады.

Мәшһүр – Жүсіптің қолжазбаларын жинау, зерттеу ісі жүйелі бағыт алып дер кезінде құрылған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұжымы, Мәшһүртану ғылыми – практикалық орталығының ғылыми қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылып жатқаны бізді қуантады. Ғалымдар даярлап шығарған 15 шақты монография, оқу құралдары, әдістемелік құралдар мәшһүртанудағы нақты нәтижелі оң істер деп бағаланады. Облыс мектептерінде атап айтқанда Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде ақын шығармашылығына арналған қазақ – орыс тілдерінде өткен поэзия кеші үлгі боларлық. Мұндай өміршең игі шаралар жалғасын табады деген үміттемін. Облыстық білім депертаменті мектеп аралық 1 - ші «Мәшһүр – Жүсіп оқуларын» өткізудің жобасын қолға алғаны, бұдан әрі «Республикалық Абай оқулары» сияқты дәрежеге көтеріледі деген сенімдемін.

2008 жылы Мәшһүр – Жүсіп бабамыздың туғанына 150 жыл толады. Алдымызда бұдан да күрделі, бұдан да жауапты келелі жұмыстар күтіп тұрғанын әсте естен шығармаған жөн болар еді. Мәшһүр – Жүсіп Көпеевтің шығармашылық лабораториясын халықаралық деңгейде шығарып, шет елдерге де таныстыру кезек күттірмейтін міндеттердің бірі. Ақын шығармалары таңдамалы лирикаларының орыс тіліне аударылып басылып шығуы, осы – тағылымның бастауы іспетті. Алдағы уақытта ағылшын, неміс тілдерінде ақын шығармалары жарық көреді деген ойымыз бар. Мәшһүр –Жүсіп шығармаларын орыс тілінде зерттеу, жариялау жұмыстары жалғасын табуда.

Мәшһүр – Жүсіп Көпеев шығармалары орыс тілінде де жарық көргені баршамызға мәлім. Мысалы. «Дала уалаяты» газетінде, Омбы қалсында (1888-1902) жылдары шығып тұрған «Особое прибавление к Акмолинским областным ведмостям» дала газетінде 1890 жылғы 7 санында Мәшһүр-Жүспітің «Местные известия» мақаласы қазақ – орыс тілдерінде басылған. Мақаланы оқып отырып еріксіз қайран қаласыз. Ақын, Баянауыл аймағында сағат жөндейтін шеберхана, ағаш шеберханасын, фотография студиясын, етікші шеберханасын ашып, ауыл шаруашылығына қажетті кәсіппен шұғылдануға шақырады. Ара өсірумен шұғылданатын А.Ф.Сорокинді үлгі қылады. Мәшһүр – Жүсіп Көпеев: «Практически усвоенные ремесла, например, чеботарное (сапожное) столярное, только обеспечивают жизнь, а соединение практических навыков с теоретическими сведениями дает неравнено больший шанс к жизни. Знание ремесл, хазяйства, особенности научным путем ли вообще образование необходимо нашему народу» - деген. Бұл – мақалаға талай жыл өтседе өзінің құндылығын жойған жоқ. Бүгінгі Егеменді еліміздің жүргізіп отырған саясатымен сәйкес келеді.

Академик М.Қаратаев: «Бірінші бағыттағы халықтық ақын – жазушылар Пушкинді Абай дағдысымен ұнатып, шамасынша оқып, қазақ тіліне аударып келді. Кейінгі кезде белгісіз ақындар аударып ел арасында тараған «Евгений Онегиннің» үзінділері табылды. Мәшһүр Жүсіптің қолжазбаларының ішінде белгісіз ақын аударған Пушкиннің кейбір өлеңдері шықты» - дейді «Туған әдебиет ойлары» деген еңбегінде. Осы пікірдің жаны барлығына Біз ешбір шүбә келтірмейміз. Ақын қолжазбаларынан А.С.Пушкин, В.Г.Белинский, Михайл Баскин, А.В. Затаевич, И.А.Крылов т.б. туралы айтқандары, сілтемелері, дәйек сөздері ұшырасуы кездейсоқтық болмаса керек.

Мәшһүр – Жүсіптің соңғы 9 томындағы «Денсаулық – ғылымның бір тарауы», «Ауадағы микроп», «Топырақтағы микроптан сақтау», «Ана тілі туралы», «Газет журналдарға сын», «Ғылым және дін» т.б. сан алуан тақырыптарға арналған еңбектері жоғарыдағы сөзіміздің нақты дәлелі бола алады.

Мәшһүр – Жүсіп Конфуциден, Сократтан, Платоннан, Абайдың афоризмінен, Шығыстыњ жеті ақынынан тәлім алады. Дарвиннің ілімін сынап, Жалинус пікірінің дұрыстығына ден қояды. Қожа Ахмет Яссауийдің айтқан ілімін құп алып, қазақ дініне лайықталып сіңген, қабылданған үлгісін насихаттайды. Мәшһүр Жүсіп мысалдары мен И. Крылов мысалдарынан өзара үндестік табылып жатуы екі елдің бір-бірімен мәдени достығының әріден келе жатқандығының дәлелі екендігін айтпаса да болады.

Мәшһүр – Жүсіп шығармаларында шығыс тақырыбы ерекше орын алады. Жалпы шығыс ұғымы орыс (еуропа) оқымыстыларын ежелден қызықтырып келе жатқаны ешкімге де құпия емес. Ақын шығармаларының орыс (еуропа) әдебиетімен үндестігі осының жарқын айғағы екендігі әмбеге аян.

Айталық, Вильгельм Блейк, Джордж Гордан Байрон, Гете, Пушкин, Лермонтов, Бунин жерлесіміз ақын Павел Васильев шығармаларының мәні мен мазмұны тіпті, айтар ойы қолданылған детальдарының өзі әдебиетке қашықтық бөгет бола алмайтындығын дәлелдеді.

Құрметті ағайын! Мәшһүр – Жүсіп Көпеев 73 жасында дүниеден өткені белгілі. Бабамыз туралы аңыз да, ақиқат та жеткілікті. Оның бәрін бүгін айтып тауысу мүмкін де емес. «Өлі жібімей, тірі байымайды» дейді қазақ даналығы. Біз өзіміз шешетін мәселелерді кейінгі ұрпаққа қалтырмай-ақ қолдан келгенін жасап жатырмыз. Әлі де алдымызда мақсаттар көп. Соның бірі – Мәшһүр – Жүсіптің ата – бабасының басына құлпы тастар орнату. Үрім – бұтағы туған, өскен орындарға ескерткіш тақта орнату. Павлодар қаласының бір көшесіне келешекте ақын есімін беру. Болашақта туристік маршурут аймағына айналдыру сияқты ұшан – теңіз жұмыстар күтіп тұр. Осының бәрі кезең – кезеңімен жүзеге асатын маңызды іс-шаралар қатарында саналады.

Алла разы болсын! Өліге иман, тіріге береке берсін! Мәшһүр – Жүсіп бабамыздың аруағы қолдап жүргей! Әумин!

Әлеуметтік ғылымдар академиясыны академигі Тұрышев Айтмұхамет Қасымбайұлы

Кіріспе
Бұл еңбекте Мәшһүр Жүсіптіњ µз қолымен жазған ењбектері мен түсініктемелері баяндалады. Онда кµбінесе дін Исламды қарапайым қазақ µмірімен суреттеп түсіндіреді. Мысалы: Аллаға иман, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға сену дегенді түсіндіреді. Ислам дінінің артықшылығы мен ерекшелігі, оның қалыптасуы мен дамуы, қоғамдағы орны. Құранның келуінің маңызы. Ислам дінінің қағида-шарттары, мұсылмандық міндеттер, тәрбиелік маңызы бар әдеп ережелерін түсіндіріп, оның адамзатқа қажеттілігі мен пайдалары баяндалады. Сонымен қатар адамзатты ойландыратын діни түйін сөздерді көп айтқан. Мысалы:

Ғибрат ал атқан таңмен батқан күннен,

Шықпассың адам болсаң айтқан жөннен.

Басыңа қайғы келсе қапа болма,

Тарылып, назаланып шықпа діннен.

Мәшһү Жүсіп өз еңбектерінің көбін араб әліббиімен қазақ тілінде жазған. Солардың ішінде араб, парсы, шағатай, осман (Осман империясы кезіндегі кіші Азия түріктерінің) тілінде көп еңбек жазып, асыл мұра қалдырған. Қазақ тілінде жазған қолжазбаларының ішінде арабша термин сөздер көп кездеседі. Мұның себебі Мәшһүр Жүсіп ислам қағидаларын толық білген әулие адам. Ілімнің шыққан тегі дін екенін және іліммен дінді бөлмеу керек екенін көп айтады. Мәселен:

Әр түрлі қылып, пікір ойла сана,

Ғылым, білім іздесең болдың дана.


Білімді өліп көрде мың жыл жатса,

Шықпайды сонда-дағы кісі санасынан.


Нәпсінің кім құтылар хайласынан,

Залалы асып кетер пайдасынан.

Білімді зерек адам болам десең,

Қара өзіңді басқаның айнасынан.


Ойлаған халықтың қамын білімді сол,

Қамы үшін ел-жұртының отқа кірген.


Жолында ғылым-ілім өтсін өмір,

Алданбай бос жұмыспен қысы-жазы.


Мәшһүр Жүсіп еңбектерінде дін Исламның ақиқаттығы, құндылығы, қадір-қасиеті, адамзат өміріндегі пайдалары уағыздалған. Ол кісіні ақын жазушы, тарихшы деп шектеуге болмайды. Ол ұлы дін ғалымы болған. «Құран тәжуиті», «Құран тафсирлері», «Иман қағидалары», «Калам ілімі», «Сира ән-Набауиа», «Шариғат үкімдері», «Хадис шарифтер», «Үлкен ғұламалардың Мәснауилері, Мәктубаттары», «Шығыс шаирлар», «Нәбилер тарихы», «Діндер тарихы», «Сахабалар, әулиелер тарихы» тәрізді т.б. ілім саласын жақсы білген.

Еңбегінің күллісі – біздің дініміз, тіліміз, тарихымыз, әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз. Қазіргідей аласапырын заманда қалай өмір сүру керек екені айтылады. Сол себептен көпшілік қауымды Мәшһүр Жүсіп еңбектерін оқып танысуға шақырамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет