Хайыз кµрген, босанған әйелдерге және жас жұбайларға
ақыл – кеңес
Әйелдерге байланысты өсиеттер
- жалпы ағза тазалығына көңiл бөлiңiз;
- жыныстық мүшенiң таза болуына мән берiңiз;
- тазалыққа сабын, ұлпадай жұмсақ жуынғыш қолданыңыз;
- ғұсыл алған кезде өте ыстық немесе өте суық сумен емес, жылы сумен жуыныңыз;
- жыныстық мүшеге жиналған қанды тазалайтын арнаулы бұйымдар алыңыз;
- таза әтiр сеуiп жүрiңiз;
- адамды шаршататындай, жүйкеге әсер ететiндей әрекеттерден аулақ болыңыз;
- ауыр жүк көтермеңiз, биiкке шықпаңыз;
- жас қыздарға осындай жағдайды үйретiңiз;
Үйленген ерлерге өсиет
- жоғарыдағыдай жағдайда болған жұбайыңыздың немесе қызыңыздың әлсiздiгiне мән берiп, жәрдем етiңiз;
- қажеттi заттарды алуға көмектесiңiз;
- дем алуына мүмкiндiк берiңiз;
Жас қыздарға айтылатын өсиет
- әйелдерге байланысты берiлген өсиеттiң бәрiн түсiндiру керек;
- бұларды үйрету үшiн, аналары ақыл-кеңес бере бiлу керек; Ж.Х.)
Және тағы басқа жағдайлардың ғылымы сияқты осы айтылған үш бөлек ғылымхал әр кімнің өз лайына білім үйрену, мұқтаждықпен ғылым білу парыз айындүр. Қиямет күнінде қандай бір жағдай мен ғұзұр [сылтау, орындамай қою] қабыл етілмейді. Бәмән [бірден] осы әлемде [осы өмірде] басыңда ақылың барда, Рухың тәнінде болғанда, хазіреті Ғазрайл келуден әудәл [бұрын] біліп, үйреніп, мүжбиле тіл ейлек мұқтаждүр.
Қиямет күнінде уәде қылынған Жәннәты Ғалияға найл олұнан [нәсіп болғандар] зира дүниеге келмектен [дүниеге келуінің себебі] мақсат бұ, үш бөлек ғылым халды біліп мұқтазасынша құлдық етмекдүр. Алла Тағала бұйырғанындай. «Біз адамдар мен жындарды тек құлшылық етсін деп жараттық».
Және ғалайһис-салату уәс-салам айтқандай: «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін ғылым талап етіңдер (білім алушы болыңдар)». Міне осы айтылған ғылымдардың парыз болғанына осы аят кәрима және осы хадистер иқажет уә бүрһандүр. Қақ Тағала бәрімізге тәуфиқ бұйырып, алдымен ғылымхалімізді үйреніп, екінші ихсан бұйырсын.
Мүмин бұған міндетті.
Біріншісі: Әмәнту билләһи. Мағынасы: «Мен Алла Тағалаға инандым уә иман еттім. Ол жалғыз. Серігі, көмекшісі жоқ» - деп. Яғни Алла Тағаланы сипаттарымен білуіміз керек. Зира [тіпті] заты шарифы ешкімге белгілі емес. [Оның жаратылысын ешкім біле алмайды]. Сипаттары ғана айтылған. Бұ аят шарифтің түсу себебі: Сахабалардан Ибн Масғұд уә Әби бин Нағб уә Мұғаз бин Жәбәл уә Сәлим Мұғли Хүзайфата Ради Аллаһү Тағала ғалайһим әт мағин [Алла Тағала оларға разы болсын].
Исламның шарапатымен шарапатталған уақытта [мұсылман болған күнінде]. Хадис Шарифіне уә салам хазіретлерінен құлақтарымен естіп, дегендей үммет жетпіс болып, қақ Сүхбана уә Тағала жанында барлығы кешірілген және ең абзал болғандарын естігеннен кейін бәрі қуанышты болды. Діндердің ең хайырлысында болғанына мақтан тұтып, қуаныштарына қоса дінге дағуат еткендерінде Зумар деген иаһуди осы сөзді естіп:
«Ең хайырлы дін біздің дініміз» - деген сөздерін және түздеріндегі қуанышын кетіру үшін оларды Исламнан үркіту мақсатымен айтады. Мұхаммад ғалайһис-салам құзырында біздің дініміз хай әл-ләндүр деп мадақ едер.
Сол кезде мына аят түсті: «Яғни, Мұхаммед ғалайһис-салам жанынан калам сөйлейт [өз ойынан емес] бәріне Жанабы уахи қылынды. Басқа пайғамбарларға болмады. Жабрайл-хазірет Құран азимус-шан мен сөйлер: «Бұ кәләмында дақи [осы сөзінде] Расул Әкрам ғалайһис-салам Құранмен сөйлегеніне кепілдік ретінде растады. Иаһуди өтірік [жала] үшін екеніне үлгі ет» - [деп] шарифімен түсірді.
Мағынасы: «Әй үмметі Мұхаммед! Сізлердүр, сіздерсіңіздер күллі үмметтерден хайырлы болдыңыздар. Хазірті Адам ғалайһис-саламнан бүгінге дейінгі болған үмметтерден хайырлы және абзалсыздар.
«Әмір-мағруф наһи ғани әл-мүнкар» етіп бір-біріңізге насихат етіп, Алла жолында жақсылық қылдыңыздар.
(Түсінік: «жақсылыққа әмір ету жамандықтан тыйу» Ж.Х)
Ал, күпірден [адасқан], шірктен алыс болыңыздар. Имам Салафияның бірінде бұлар болмады. Тіпті Алла Тағала Зүлжалалға иман етіп [едіңіз] анлар Алла Зүлжалалға ширк едерлер.
(Ал, сіз) хайырлы болдыңыз. Алла Сүхбана уә Тағала Үмметі Мұхаммедке қылған ихсаны және әнғамы имам Салафияның біріне де бұйырмады. Мүминге өз тағдырын түсініп, иманмен жүру лазымдүр.
Ихсанның абзалынан бір бөлігін зікір етейік.
Егер жүректер түсіне білсе. Жасалған барлық жаратылысқа Мұхаммед ғалайһис-саламды Расул етіп жіберді. Әрбір қауымға бірер Пайғамбар ирсал етті [жіберді]. Ал, Мұхаммед ғалайһис-саламды адамзатпен жындарға расул етті. Содан кітаптардың ең қайырлысы Құран ғазимуш-шанды үмметіне кітап қылып жіберді. Үмметтерін барлық басқа үмметерден қайырлы қылды. Кейбір үмметтерде 50-уақыт намаз болған еді. Оны 5-уақыт намазға 50-уақыт намаздың сауабын берді.
Айлардың абзалы болған Рамазан шарифтің оразасын парыз қылды. Тәиәмүм соғу бұрын жоқ еді. Бұл Үмметі Мұхаммедке нәсіп етті.
Және үтір-уәжіп намазын, айт намаздарын (құрбан айт, рамазан айт) жаназа намазын. Сапарда болғандардың намазын қысқартып оқуға, сонымен бірге азан, қаматты, жамағатпен намаз қылуды, бір сапқа тұруды, күсуф [намазын], истисқа [намазын], тилауат сәждесін, екі рет сәжде жасауды үмметі Мұхаммедке ихсан [сыйлады] етті.
Имам салафияның [үмметі] мешіттен басқа жерлерде намаз оқуға тиым салынған еді [тек мешітте ғана намаз өтеу керек еді]. Ал, үмметі Мұхаммед қай жерде болса да, [дәретхана, монша, қандай бір жуынатын орыннан, қоқыстан алыс жерлерде] намаз оқи беруге рұқсат берілді. Дұрыс болуы оларда зекет беру малдың төрттен бірі еді. Бұл үмметі Мұхаммедке нисаб пен парыз болды. Оларда ғанимет мал харам екен бұ үмметке халал қылды.
[Оларда] бір хасана (жақсы, сауап) бір-ақ сауаб еді, бұ үмметке бір жақсы іске он сауап бұйырды. Киім-кешекке нәжес жұғып қалса, ол киімдерін бүтіндей жуу парыз екен. Бұл үмметке тек қан сол нәжес жерін ғана жуу парыз қылынды. Оларда нәжасәт аз болса да жуу парыз екен. Бұл үмметке дирхамнан артық болса ғана парыз етті.
Оларда «Нидамет-тәуба» болмады. Бізде тәуба орнына қайм нәсіп етті және жаманшылықты жақсылыққа ауыстырды. Орындалмаған күнә істер ойына келсе болды, күнә болып жазылатын еді. Үмметі Мұхаммедке жасалмаған күнәні Кирамин, Кәтибинге жазуға әмір етілмеді. Бұнымен бірге үмметі Мұхаммедке жұма күні, арафа күні, иәумә, фатыр, қадыр түні, барат кеші, айт күндері бұ айтылғандардың бәрі ихсан етіліп берілуі Расул Әкрәм Салаллаһу ғалайһи уә салламнің құрметідүр. Басқа пайғамбарларға болмады.
Ахиретте болатын ихсанлар [Мұсылман құлдарына беретін Алланың жақсылықтары], уәл-хисаб [Алланың алдында адам баласының есеп беруі] барлық үмметтерден алдын қылып, Алла Тағаланың жәннатына кіруге нәсіп етті. Тіпті бәрімізді солармен бірге қыла көрсін. Ал, енді бұл үмметі Мұхаммедті лайық етсін.
Қадерімізні [тағдырымызды], мәртебемізді, Мұхаммед ғалайһис-саламның шариғатына қосып, Имам Салафиадан ажыратып, Мұхаммедтің жолында нық тұруға бұйырсын. Тіпті, Әлемнің Раббысы Құран Ғазимында келтіреді. « أمّ الذين قال ربّنا اللّه ثمّ إستأ ل – әммә әл-ләзинә қалу Раббәнә Аллаһү сүммә истәалу» - бұйырды. Яғни сол қолларге ғаһд уә мисақда Раббымыз Алла Зүлжалалдүр.
Деділер – бұдан кейін Ғалам-ы фәни [пәни өмір, осы дүние] келіп, заһир уә батында [ашықта және қараңғыда] қайталанып көрінуіне кезікті және дайын болды. [Бұл жерде жалпы адамзат тарихын айтып отыр].
« متنازل عليه الملئكة – нүтәнзилу ғалаиһим әл-Мәләикәтиһи» - Олардың өзіне Рахмет періштелері түседі. « لا تخاف ولا تحزن – лә тахафу уә лә тақзану» - Қорықпаңдар және тарылып, қиналмаңдар.
«و لا بشّر بالجنّة كنتم تعاد – уә бәшширу бил-жәннәти әлләти күнтүм туғадун» - Сізге уәде етілген жәннатпен қуанышқа бөленіңіз» - деген сөздермен сүйіншілейді.
Енді әр кісіге лазымдүр – дінде истихамет билә [тура жолды тауып] адасқаннан аулақ болу. Ең негізгісі «Ғылымхалды – Ислам шариғатын» білу – бұл өзіне парыз болған үкім.
не қандай бір жолмен мүмин уә мүстақим болады;
не қандай бір жолмен [бағытпен] діннен шығып мүшрік болады;
не қандай бір жолмен «Әһл-и сүннет уәл-жамағат» зүмрәсінен болады;
не қандай бір жолмен пасық, бидғат тобынан болады;
(Түсінік: Әһл-и Сүннет уәл-жамағат – Хазіреті пайғамбар Мұхаммед ғалайһис-саламның отбасы, сахабалары, халифалары және барлық үмметі. Яғни пайғамбардың ізімен жүргендер. Ж.Х. ).
Әрбір ақылы бар [жынды, ауру емес] және балиғат жасына толған [ер балалар 13 – 15 жас, қыз балалар 9 -12 жас] адамдарға осыларды білу және дұрыс иғтиқадпен жүру. Тіпті, амал етудің ең дұрысын таңдап, сол жолмен амал ету. Себебі, амалдың қабыл болуы иманмен болады. Ал, ғамалдар шариғаттың түсінігімен орнығып, кітаппен толығып тұрса да мақбул болмайды, иман дұрыс болмаса. Мұнда иман ең негізгі асылы, ғамал фарздүр. Имансыз ғамал да қабыл болмайды. Енді әр кісіге лазымдүр - әууәлан [алдымен] иманды, исламды біліп, [оны] балаларына, отбасындағы адамдарға, қызметшілеріне үйрету. Дін ғұламаларының айтқандарын білмесе, кімде кім иман және һидаиат не екенін білмесе, кәпірлік адасқандық не екенін білмесе.
Таухид кәләмі тілінде [аузында] ашық болып, анық нық білу және сену, еліктеу [ойсыз, ақылсыз, басқаларға қарау] арқылы емес қақиқи сену керек. Онда күфірдің [адасу] тілінде болады. Жай ғана мұсылман атанады. Діннен шығады. Күфірге кеткенін білмей қалады. Алла тағалаға толық иман еткен болмайды. Қылған құлшылығының бірі де қабыл болмайды. Әдет боп кеткен «لا إله إلا اللّه – лә иләһә илла Алла» - деп айтса да. Тек, құры қайталау ғана емес, қақиқи сену [көзбен көргендей кәміл иманға жету] қажет. Ниет [еткенде] кәпір күфірден табри шартдүр [егер кәпір болса: «адасқандықтан (күпірліктен) шықтым» - деп айту шарт]. Сол сияқты күпірді тәрк етіп, Исламды қабыл еттім деп Әмір әфендінің масаннуфатында мафсүлдүр.
2.6 Иман Әжмәли
Иманның қысқасы бүдүр. ماأمر اللّه به قبلته وما نهن عنه أتّهيات عنه - мә әмарни Аллаһү биһи қаблатәһү. Уә мә нәһәни ғанһү әнтәһиәт ғанһү».
Яғни, «әр нәрсені маған бұйырды Алла Тағала. Мен ол нәрсені қабыл қылдым. Уә әр нәрседен тыйды мені Алла Тағала. Мен ол нәрседен тыйылдым».
Иман тафсилының баяны түбінде келір. Иншә Алла Тағала [Егер Алла Тағала қаласа ғана болады].
Иман мағынасы
Иман лұғатта [сөздік мағынасы]: иланмақ (сену, Құдайға сену).
Шариғатта: Құдай Тәбарак уә Тағала тарапынан пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салла Аллаһү ғалайһи уә сәлламді нүрсиа [сен, иман ет] деп, баршасына қақ, дүрүст деп, көңілмен сеніп, тіл мен қайталап қабыл қылдым демекдүр.
Әммә бағд. Иман уә Ислам деу қалб иле [жүрекпен] нақ сеніп, тіл мен иқрардүр [қайталау]. Дін милләт [ұлт] уә шариғат. Дін милләт деу Пайғамбарымыз тарапы[нан] бәріне сенуге бұйырған нәрселер. Шариғат пайғамбарымыз тарапы бәри Тағала хазіретінен амалдарды бұйырып әмір еткен үкімдері.
Иманның ғаксі [қарсысы, антонимі] –
Күфірдүр
Күфір лұғатта [сөздік мағынасы]: Қарсылық көрсету, қарсы шығу [деген ұғымда].
Шариғатта: кімде кім Хазіреті Расулдың Алла Тағала тарапынан әкелген нәрселеріне сенбесе. Иә Рисалатіне [Пайғамбарлығына] шек қылса.
Иә сол шәйлерні [үкімдерді, әмірлер, бұйрықтарды] білмесе күфір [кәпір] болады.
Әлғиаз биллә мұсылман болған адамға әууал парыз Алла Тағаланы білмек. Бұдан кейін Алла Тағаладан келгенді [Құран Кәрімді, шариғатты] біліп, қабыл қылмақ.
Адам не нәрселермен [қай жағынан]
Мүмин уә Мұсылман болады?
Алла Тағаланы «бір» - деп [білу]. Һәм оның әміріне бой ұсынып, қойған нәрселерін орындап, тыйған нәрселерінен тыйылумен мүмин уә мүслим болады.
Иман пендеде үш түрлі болады
Әууәл иман – تحقيق - таққиқи [Аллаға қақиқи сену].
Екінші иман – إستدلال – истидләли.
Үшінші иман – تقليد – тақлиди [еліктеу, ел не істеді деп, соған қарап істей салу].
Иман таққиқи дегеніміз – ғайдде кәміл имандүр. Яғни, Құдай Тәбарак уә Тағала жанынан пайғамбарымыз әкелген нәрселерге қадер-қалбімен берілген болу. Бүтін дүние халқы ол нәрселер дұрыс, түгел деп [десе], қарсы келселер сол уақытта зәрре қадері, қалбі шек, иә ғинайа ауыспас. Һәмән әууәлгі иғтиқадында қалады. Ләкин [мүмкін] бұ иман ғайдта ғалым уә тақуаларда [Алладан қорқатын, таза көңілді, адал мұсылман] ғана болады.
Екінші иман – Истидлалидүр. Бұл иман сол [сондай] адамдарға болады. Қайу [қайбір, қайсібір] адамдар Құдай Тәбарак уә Тағала барлығын, һәм бірлігін, һәм жер көктің, һәм сонда болған мақлұқлар [жаратылыс, бүкіл ғалам] барлығымен қайл болған [тілтабыса білген] адамдарда болады. Мәселен бұ ғаламды жоқтан бар қылушы болуға тиіс. Һәм ол жоқтан бар қылған зат бұ мақлұқларға басшы болуға тиіс. Һәм жоқтан бар қылушы бір болып, әр сағатта жамиғ [уақытында жинайтын құдіретті] мақлұқаттан үстін [билеуші, үстінен бақылаушы] болуы тиіс деп Құдай Тәбарак уә Тағаланы дәлелмен танымақ истидлали болады.
Үшінші иман – тақлидидүр. Бұ иман ғайдта зайф [әлсіз] имандүр.
Ата-бабаға еріп: «Мен мұсылман» - деп айту. Ешбір дәлелге түсінік жоқ. Мәселен сен қандай мұсылмансың? Дегенде: «Атам бабам мұсылман соңа гөре [сол себепті] мұсылманмын» - деу. Бұ иман бек [өте] әлсіз имандүр. Бұ иманға [осындай иманмен] сеніп «мен мұсылман» - деп жүру өте қате. Һәм өлген уақытында [өлерінде] шайтан уәсуәсасынан зор қауіп бардүр. Һәм бұ иманмен «мен мұсылман» - деген кісі кінәлідүр. Мүмкін шарған мақбулдүр. Яғни, шариғат «кәпір» - деп айтпайды.
Иман пендеде екі русқа [түрлі] болады
Бірі – иман әжмәлидүр. Бұны жоғарыда зікір қылдық [айттық]. Тағы бірі – иман тафсилидүр. Иман тәфсили – инанмақдүр Алла Тағалаға уә аның періштелеріне және кітаптарына, һәм Пайғамбарларына уә һәм ақырет күніне уә һәм Алла Тағала тақдыр қылмаса [қаламаса] яғни, баршасында Алла Тағаланың тағдырынан екендігіне уә һәм өлгеннен соң қайта тірілуге инанмақдүр.
Инандым Алла Тағалаға деудің мағынасы – Инандым [сендім] Алла Тағаланың барлығына, һәм бірлігіне, әл-уәһиәтда [уахи беруінде], уә хилқатда [жаратуында], уа мағбудиатда [Раббылық – Тәрбиелеу Құдіретінде], уа һәм барша әлемді жоқтан бар қылуына, уа һәм барша әлемді бір анда [әп-сәтте], яғни бір сәтте жоқ қылуға қадардүр [құдіреті жетіп тұр] демек.
Құдай Тағаланың барлығына дәлелің бар ма?
Бар екеу, бірі нақл, бірі ғақл. Нақл болған дәлелім:
قل هو الله احد الله صمد لم يلد ولم يولد و لم يكن له كفوا احد
«Қул һу Аллаһу аһад. Аллаһус самад. Ләм йәлид уә ләм юуләд уә ләм йәкул ләһу куфуән әхад» (Ол Алла біреу-ақ. Алла мұңсыз. Ол тумады да туылмады. Әрі оған ешкім тең емес).
Ғақл болған дәлелім: «لوكان فيهما الهه الا لله » هБір Аллаһтан басқа Аллаһ жоқ. Егер екі Аллаһ болса дәлел жер мен көк бұзылар еді, бір қалыпты болмас еді.
2.7 Он сипат
Алла Тағаланы неше сипатпен танисың?
Он сипатпен танимын, бұл он сипатныњ сегізі субути, екеуі сәлби. Субути сипаттар Алла Тағаланыњ затында жоқ сипаттар. Бірінші ол Алла Тағаланыњ затында жоқ нәрселерініњ жоқтығын иғтиқатымызде мухкәм тұтып сонансоњ бар болған сипаттарныњ барлығына дәлелдер бар.
Исбат қыламыз Алла Тағала ғайб және кемшіліктерден пәк.
(Түсінік: ғайб- араб сµзі. Кµзге кµрінбейтін деген мағынада).
Ол кәпірлердіњ ұлы бар, қызы бар деген сµздерінен пәк таза, бұлардыњ бірде-бірі Алла Тағалада жоқ мұны салби дейміз.
Құдай Тәбәрәк уә Тағаланың Субути сифатлары
Құдай Тәбәрәк уә Тағаланың Субути сифатлары сегіздүр. Әууал – Хаиат. Екінші – ғылым, үшінші – құдірет [қадар], төртінші – самиғ, бесінші – ираде, алтыншы – басар, жетінші – кәлам, сегізінші – тәкуйн.
الحياة хаиат – Құдай Тәбәрәк уә Тағаланың тірі болуы [адамзатқа, бүкіл әлемге өмір беру құдіреті].
العلم ғылым – Құдай Тәбәрәк уә Тағаланың білуші болуы.
القدرة құдірет – Алла Тағаланың әр іске күші жетуші болуы.
السّمع самиғ – Алла Тағаланың естуші болуы. Ләкин естуі біздікі сияқты құлақ пен емес, біз біле алмайтын Құдірет.
الإرادة ирада – Алла Тағаланың тілеуі, қалауы болуы.
الكلام кәлам – Алла Тағала сөзідүр. Ләкин [бірақ] сөйлеуі біздікі сияқты тіл арқылы емес, біз оны біле алмаймыз.
التكوين тәкуйн – Құдай Тәбарак уә Тағаланың жоқтан бар қылушы болуы.
Алла Тағаланың Зати сипаттары алтыдүр
Әууал – ужуд, екінші – қидам, үшінші – бақи, төртінші – уахданиат, бесінші – мұхалафати – лилхауадис, алтыншы – қиам бинафси.
وجود ужуд – Алла Тағаланың бар болуы.
قدم қидам – барлығының әууалі жоқ болуы [бар болуының бастамасы жоқ. Ол әуелден бар].
الباقى бақи – барлығының ақыры жоқ.
وحدانية уахданият – Оның затында, сыфатында [сипаты], һәм фиғлында шарикі уа назары жоқ.
مخلّفات للحوادث мұхалафати лил-хауадис – Алла Тағала мақлуқатларының еш бірісіне ұқсамауы, һәм мақлұқатлар Оған ұқсамайды.
قيام بنفس қиям би-нафси – ешбір істе ешбір мақлуққа [жаратылған жаратылыстарына] мұқтаж болмауы.
Құдай Тағаланың Салбиа сипаттары
Ғибадатқа лайық уә мүстақақ [оған ғана тән] зат жоқдүр [бір Алладан басқа]. Мәгер бір Алладүр. Шәрикі [серігі, оған ұқсайтындай біреу] уә назары жоқдүр.
Күиеуден, азаюдан, жоқлаудан, туудан, тудырудан, қатыннан, ұлдан мүнәззаһдүр. Бұндай нәрселер болмайды, һәм болуы мүмкін де емес. Алты жиһәттен [бағыт, жақ] мүнәззаһдүр. Барлығының әууалі уә ақыры жоқ. Дәуірлігі өзінендүр, басқадан емес.
Заты Шәрифі бір хал үстінде сәбитдүр [нық сенімде]. Аурудан, қайғырудан, қорқудан, өзгеруден берідүр. Жумла кемшіліктен [кем-кетіктің барлық түрінен], сипаттардан мүнәззаһдүр.
Барлық әлемді жоқтан бар еткен бір Алладүр. Одан басқа жоқтан бар еткен жоқ. Жумла ғаламды [барлық әлемді] бір сәтте, яғни бір минутта жоқ қылса қадәрдүр [күші, Құдіреті жетіп тұр].
Еш нәрседен талап етпес. Нәрсе оған [бұл жөнінен] жауапты емес. Барлық кәпір мұсылман болса, иә барлық мұсылман кәпір болса Алла Тағалаға зарар да пайда да болмас.
Періштелерге иман келтіру, яғни инану
Алла Тағаланың періштелеріне инандым, аш [ас] имезлер (жемейді), ашхмазлар, қатынлары һәм ерлері жоқдүр. Кінә қылмазлар. Дәйім [мәңгі] әу-әуқат [қашанда] Құданың әміріне қаймлардүр [дайын болады]. Түрлі суретке кірулері мүмкін. Олардың әр алдында мұқарраблары бардүр.
Яғни, Пайғамбарлары Қақ Тағала әрқайсысын бір қызметке қоймышдүр. Барлық періштелерден абзаллары: Жәбрайл, Азрайл, Микайл, Исрафил ғалайһим әс-саламлардүр.
Ләкин Адам жинсінден [жынысынан] пайғамбарлар періште жинсіндегі пайғамбарлардай абзалдүр.
Алла Тағаланың кітаптарына иман келтіру [ету]
Инандым Алла Тәбарак уә Тағаланың кітаптарына. Жумласі [жиыны] 104 кітапдүр. Барлығы нақдүр. Төртеуі зор [үлкен] кітаплардүр. Жүзі [100] бетдүр. Таурат Муса ғалайһис-саламға түскен. Інжіл Иса ғалайһис-саламға түскен. Забур Дәуід ғалайһис-саламға түскен. Құран Ғазим біздің пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салаллаһү ғалайһис-саламға түскен. Бұл кітаптардың барлығы Алла Тағаладан Жабрайл ғалайһис-салам түсірген [әкелген]. Бірақ Құран бәрінен кейін [келген]. Ақырзаман пайғамбары Мұхаммед Мұстафа салаллаһү ғалайһи уә салламға түскен. Құкімі [үкімі, әмірі] қияметке дейін бақидүр [жетеді, жалғасады].
Пайғамбарларға иман келтіру
Алла Тағаланың пайғамбарларына инандым. Әууелі Адам ғалайһис-салам, ақыры Мұхаммед ғалайһис-саламдүр. Бұ екеуінің арасында қанша пайғамбарлар бар болса, барлығына иман еттім [сендім] демек. Бірақ Құран Ғазимде исм-і шарифлері [шарапатты есімдері] аталған 28 пайғамбар бардүр. Бұларды есімдерімен білу уәжібдүр.
(Түсінік: Уәжіб – араб сөзі. Шариғат үкімі бойынша парыздан кейін 2-ші орында тұрған міндет. Уәжібді орындау шарт. Орындамаған адам күнәқар болып діннен шығады. Ж.Х.)
Адам [ғалаиһис-салам],
Идрис [ғалаиһис-салам],
Нух [ғалаиһис-салам],
һүд [ғалаиһис-салам],
Салих [ғалаиһис-салам],
Ибраһим [ғалаиһис-салам],
Исқақ [ғалаиһис-салам],
Исмағил [ғалаиһис-салам],
Яқуб [ғалаиһис-салам],
Иунус [ғалаиһис-салам],
Муса [ғалаиһис-салам],
һарун [ғалаиһис-салам],
Шуғайб [ғалаиһис-салам],
Лут [ғалаиһис-салам],
Яқия [ғалаиһис-салам],
Закаря [ғалаиһис-салам],
Дауд [ғалаиһис-салам],
Сүлеймен [ғалаиһис-салам],
Иса [ғалаиһис-салам],
Зүлкафил [ғалаиһис-салам],
Аюуб [ғалаиһис-салам],
Иунус [ғалаиһис-салам],
әл-Иас [ғалаиһис-салам],
әл-Иасға [ғалаиһис-салам],
Мұхаммед салаллаһу ғалайһим уәс-саламдүр.
Әмма [бірақ] Ғұзайыр, Лұқман, Зүлқарнайн бұл үшеуінде ихтилаф [пікірталас, әртүрлі көзқарас] бардүр. Бағзылары [кейбір ғалымдар] «Наби» - дейді, кейбіреулері Уәли дейді. Қақиқатында Құдай біледі, Аллаһү ағлам.
Хайыр уа Шәр [жақсылақ пен жамандық] Алла Тағала тағдырынан екеніне иман келтіру
Ізгілік және жауыздық, пайда және зарар тағдырдан. Яғни, баршасы Алла Тәбарак уа Тағаланың тілеуімен болатынына сендім.
Алғаш тірілуге һәм қабір азабы қақдүр. Өліп қабірге барғанда мүнкәр уә нәкир есімді екі періште келіп сауал қыларлар [сұрақ сұрайды]. Алла Тағаладан, Пайғамбар[дан], діннен. Мүминлер жауап береді: «Алла бірдүр. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салаллаһү ғалайһи уә сәлламдүр. Дініміз Исламдүр» – деп.
Әмма кәпірлер, һәм кейбір мүмин пасықлар [күнәқар мұсылмандар] жауап бере алмайды. Оларды азапқа салып азаптайды.
Ақырет күніне иман келтіру
Бұ дүние қараб болып [ақырзаман], қиямет қайым болуына сендім. Өлгеннен соң тірілуге сендім. Мүминлерге ұжмақ, мазһабсізлерге [дінсізлерге] тамұқ екеніне сендім.
Жұмақ, Тамұқ қақдүр. Қадир маужудлардүр [өте жақын, әрқашан бола қалуға дайын тұр]. Сират, мизан, сауал, хисаб, нағм, ғақайб, ғитаб, ғазаб бәрі болуы тағдырда бар, һәм келешекте болады.
2.8 Ағузу биллаһи минаш-шайтан ражим
Иманың барма?
Бар.
Иман деп нені айтады?
Иман деп Құдайының барлығын расқа тұтуды, көңілде расқа тұтқандығын тілмен иқрар қылуды айтады. Иман деген сөздің мағынасы тасдиқ. Тасдиқ мағнасы расқа тұтпақ.
الايمان اقراربالسان و تحديقا بالقلب بماجابه من عندالله محمد رسول الله صلى عليه وسلم
Құдайдың барлығын тілмен иқрар қылып көңілмен расқа тұту иман сол. Кәне иманды айтшы: «لا اله الا الله » «Лә иләһә иллә аллаһ»
Құлшылық қылмаққа лайықты тәңір жоқ бір Аллаһтан басқа.
Шаһада : «اشهد ان لا اله الا الله واشهد ان محمدا عبده و رسوله »
«Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лаллаһ, уа әшһәду әннә Мухаммәдән ғәбду-һу Расулуһу»
Шаһада беремін шексіз құлшылық қылмаққа лайықты Аллаһ жоқ бір Алладан басқа. Шаһада беремін Мұхаммед Мұстафа саллаллаһу ғалейһи сәләм. Ол Алланың құлы, елшісі. Християндар Иса ғалейһи сәләмді Алла Тағаланың ұлы деген. Солардай болмастықтан сақтанып құлы деп шаһадаберіп жатырмын.
Иманда неше парыз бар?
Иманда алты парыз бар. Кәне парыздарды айтшы: «Әмәнту билләһи уа мәләикәтиһи уә кутубиһи уә расулиһи уәл иәумил әхири уәл қадри хайрихи уә шарриһи мин Аллаһи Тағала уә бәғси бәғдәл мәут »امنت بالله وملائكة و كتبه ورسوله و اليوم الاخير والقد رخيره و شره من الله تعلى والبعث بعد الموت
Иман келтірдім нандым мен ол Аллаһ періштелеріне, ол періштелер ішпейді, жемейді, еркек ұрғашы болмайды. Иман келтірдім нандым мен ол Аллаһ Тағаланың кітаптарына. Көктен түскен сахиф жүз төрт, ішіндегі танымалы төртеу: Таурат, Инжил, Забур, Құран.
Таурат Мұса ғалейһи сәләмға.
Инжил Иса ғалейһи сәләмға.
Забур Дауд ғалейһи сәләмға.
Құран кәләм Аллаһ біздің пайғамбарымызға Мұхаммед Мұстафа салаллаһу ғалейһи сәләмға.
Иман келтірдім нандым мен ол Алла Тағаланың пайғамбарларына. Біріншісі Адам, соңғысы Мұхаммед Мұстафа саллалаһу ғалейһи уәс-сәләм. Иман келтірдім нандым мен ол қиямет күнінің болуына. Иман келтірдім нандым мен ол Алла Тағаланың тағдырына жақсылық және жамандық бәрі Құдайдан екеніне. Иман келтірдім нандым мен өлгеннен соң тірілуге. Алла Тағала бар оған еш нәрсе ұқсамас ол өзі ешнәрсеге ұқсамас. Алла Тағалада жисмде емес ғард де емес жуһр де емес.
Дене болған нәрсені жисм дейді.
Өң түсі болған нәрсені ғард дейді.
Бөлек-бөлек болуға мүмкін болған нәрсені жуһр дейді.
Алла Тәбарак уә Тағала бұлардың бірі емес, сурет емес. Бір нәрсе ұзын болып ұшы болады, бір нәрсе терең болып түбі болады. Аллаһ тағала ондай емес ішпейді жемейді өзінен бала тумайды, өзі ешкімнен тумады. Мәкәнға мұқтаж емес басы жоқ аяғы жоқ мына заманда басталды мына заманда таусылады деген сөз жоқ. Оңнан солдан, арттан алдан, үстінен астынан пәк таза. Алла Тағала бір нәрсе уәжіб емес, нұқсан сипаттан таза.
Достарыңызбен бөлісу: |