МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қолжазбаларының әліббиі



бет2/15
Дата11.01.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қолжазбаларының әліббиі

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өмір сүрген дәуір, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы мен жиырмасыншы ғасырдың алдыңғы қырық – отыз жылы қандай қайшылықты, қалтарысы болса, оның шығармашылық жолы да сондай көп иірімді, күрделі болды. Ол көбінесе дін ілімдері, әдебиет пен мәдениет, тарих пен этнография сияқты білім салаларында артына бай мұра қалдырды. Оны жинап жариялау, зерттеп ғылыми айналымға ендіру, сөйтіп халық игілігіне айналдыру жұмыстары Еліміз егемен болған соң ғана шындап қолға алына бастады. Әсіресе кейінгі жылдарда, Ел басы Н. Ә. Назарбаевтың «Мәдени мұра» арнаулы орта мерзімді бағдарламасының аясында жүзеге асырыла бастады.

Біздіњ ғылыми зерттеу ењбегіміз Елбасыныњ алға қойған мақсатын түбегейлі шеше алмаса да ұлттық салт – дәстүрге байланысты кейбір мұраттарды лингвистика жолымен іс – жүзіне асырып, шешуге болатындығын кµрсетіп берді. Бұл – жұмыста жүйелі түрде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының этномәдени лексикасы түркі тілдерімен және де көне жазба ескерткіштерімен жан - жақты салыстырмалы түрде тұңғыш зерттеліп отыр.

Қазақстан Республикасы Егемендік алған соң ұзақ жылғы тұралап, қордаланып қалған экономикалық, әлеуметтік, рухани жағдайда қалыпқа келтіру күш болды. Соңғы 13 жылда Қазақстан Республикасының экономикасы бір шама көтерілді. Ендігі кезек рухани мәдениетімізді жақсартып, бұрындар елеусіз қалған ақын – жазушыларымызды, зиялыларымыздың өмірін, шығармашылығын зерттеп, жас ұрпаққа жеткізу кезек күттірмейтін мәселеге айналды.

Бұл бағытта тарихшы, филолог, философ, ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірін – шығармашылығын қалың жұртымызға кеңінен насихаттау мақсатында Мәшһүртану ғылыми – практикалық орталығын 05.05.04 жылы ашуға № 1-05/334 бұйрыққа С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Е. Арын қол қойды.

Мәшһүр Жүсіп өз еңбектерінің көбін араб әліббиімен қазақ тілінде жазған. Солардың ішінде араб, парсы, шағатай, осман (Осман империясы кезіндегі кіші Азия түріктерінің) тілінде көп еңбек жазып, асыл мұра қалдырған. Қазақ тілінде жазған қолжазбаларының ішінде арабша термин сөздер көп кездеседі. Мұның себебі Мәшһүр Жүсіп ислам қағидаларын толық білген әулие адам. Мәселен «Құран тәжуиті», «Құран тафсирлері», «Иман қағидалары», «Калам ілімі», «Сиар ән-Набауиа», «Шариғат үкімдері», «Хадис шарифтер», «Үлкен ғұламалардың Мәснауилері, Мәктубаттары», «Шығыс шаирлар», «Нәбилер тарихы», «Діндер тарихы», «Сахабалар, әулиелер тарихы» тәрізді т.б. ілім саласын жақсы білген.

Мәшһүр Жүсіп еңбектерінде дін Исламның ақиқаттығы, құндылығы, қадір-қасиеті, адамзат өміріндегі пайдалары уағыздалған. Ол кісіні ақын жазушы, тарихшы деп шектеуге болмайды. Себебі еңбегінің күллісі – біздің дініміз, тіліміз, тарихымыз, әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз. Қазіргідей аласапырын заманда қалай өмір сүру керек екені айтылады. Сол себептен көпшілік қауымды Мәшһүр Жүсіп еңбектерін оқып танысуға шақырамыз. Осы мақсатта қолжазбаның әліббиін, оқып-үйренетін кілтін ұсынып отырмыз.

Әріптердің реті бойынша жазылу үлгісі (1 кесте)


1-кесте

Крилица бойынша қазақ әліппесі

Араб әрібі

1 түрі

Араб әрібі

2 түрі

Араб әрібі

3 түрі

Араб әрібі

4 түрі

Араб әрібі

5 түрі

1

2

3

4

5َ

6

А а

ا


ا

ا



هه

Әә

هه

آ

ا






Бб

ب

ف










Вв
















Гг

ك

كك










Ғғ

غ

غغ

ع







Дд

د













Ее

ا

ي

اي

هه




Жж

ج













Зз

ز

ض

د







Ии

ي

اِ

إ







Кк

ك

كك










Ққ

ق













Лл

ل













Мм

م













Нн

ن













Ңң

نك

ن










1- кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

Оо

او

و










Өө

او













Пп

ب

ف










Рр

ر













Сс

س

ص

ث







Тт

ت

ط

د







Уу

و

وو

وُ







Ұұ

و












Үү

او













Фф

ف













Хх

خ

ح










Һһ

هه

ء










Чч
















Шш

ش

ج










Ыы

يي

ى

و







Іі

ي



ى

و

اي

Араб әріптері сөз басында бір түрлі, ортасында бір түрлі, соңында бір түрлі жазылады. Сол себептен әріптердің жазылу үлгісін араб әріптерімен салыстырып беріп отырмыз. Алдымен қолжазбаның арабша мәтіні беріледі. Сосын әріптердің реті бойынша сөз ортасында қалай жазылатынын көрсетеміз.

Мәшһүр Жүсіптің Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығыныњ қорында сақталған бірінші папкасының 113-114-ші беттеріндегі Әмір Темірдің алдында Мурсаид Шарифпен Тафтазалидің сөйлеуі:

سونده امير تيمور بولار سوزكا كيلكانده برين برى آياماى آيطيسَدى. آنجينده بري برى قانداى كوروسادى ايكان ديب بايقاو اوجون بير كون تفتازالى جوقته ميرسيد شريفكا آيتوبدى:

تفتازالى سيمز، ضور كيودالى، جووان قاريندى، كوبتى كسى ايكان. تيكين تاماق تابيلغان سونك آياسنبه، ايجيب جيب سيمره بركان غوى. اوزيده تاماق جيكانده اون كيسيننك جىتوغونين براق اوزى جيب قويادى. آناو قارين تولغان ... غوى. سوننك علمه قاي جيرينده تورادِ ديسين. جورط باسنه كوتاركانَ مين آوالانوب كتكان غوى ديبتى اونده ميرسيد شريف آيتوبتى جوق اولاي ايمس خوداىدينك قدراتىن جيبارليكيمين علم بيلمكا تولوق صاويط بولسون ديب آدايى آرناب جاراتقان بر جانه. اكر مونده مونونك بويونه اورناغان علم بيلم باسقه براوكا اورناسه جاريليب اولار ايدى. خداى بيلماى جاراتدى دىميسين؟ بولار بو زامانغه ايكنجى كيلمايتوغون جانلار ديكان ايكان. Сонда Әмір Темір бұлар сөзге келгенде бірін-бірі аямай айтысады. Әншейінде бірін-бірі қандай көріседі (көреді) екен деп, байқау үшін бір күн Тафтазали жоқта Мурсайд Шарифке айтыпты: «Тафтазали семіз, зор кеуделі, жуан қарынды, күптей кісі екен. Тегін тамақ табылған соң аясынба? Ішіп-жеп семіре берген ғой! Өзі де тамақ жегенде он кісінің жейтіғұнын (жейтінін) бірақ өзі жеп қояды. Ана қарын толған ... ғой! Соның ғылымы (ілімі) қай жерінде тұрады дейсің? Жұрт басына көтергенімен ауаланып кеткен ғой!» депті.

Сонда Мурсайд Шариф айтыпты: «Жоқ олай емес. Құдайдың құдіретінің шеберлігімен, ғылым-білімге толық сауыт болсын деп әдейі арнап жаратқан [жаратылған] бір жан. Егер мұнда (онда) мұның бойына орнаған ғылым-білім басқа біреуге орнаса жарылып өлер еді. Құдай білмей жаратты деймісің! Бұлар бұ заманға екінші келмейтіғұн жанлар» деген екен.

Жоғарыдағы мәтіннен әрбір әріпке жеке-жеке мысал алайық:

- «Аа» әрібі 3 түрлі таңбаланған. «آياماى – айамай» деген сөзде «а» әрібі екі түрлі таңбаланған. «برأق – бірақ» деген сөзде «أ һамзалі а» әрібі көрсетілген. Кейде бұл әріптің орнына «_َ фатха – үстіңгі харака, «а, ә» деп дыбысталатын белгі» қойылады. Егер «а» әрібі сөздің соңына келсе, «بويونه – бойына» деген сөздегі сияқты «هه – һә ,һ» әрібі келеді;

- «Әә» әрібі 3 түрлі. «امير Әмір» деген сөзде «тек әлиф ا қана», «آنجينده әншейінде» деген сөзде «мәд әлифә آ » белгіленген. Бұл әріп «هربر әрбір» деген сөзде «هه һ» дыбысымен жазылады. Кейде «а» әрібі сияқты «_َ фатха – үстіңгі харака, «а, ә» деп дыбысталатын белгі» қойылады;

- «Бб» әрібі 2 түрлі. «برين برى – бірін-бірі» деген сөзде «ب – б» әрібі, қолжазбаның 114-ші бетіндегі «جافراق – жапырақ» деген сөзде «ف – ф» әрібі жазылады;

- «Вв» әрібі кездеспейді. Себебі бұл әріп орыс тілінен және т.б. тілдерден келген кірме сөздерге байланысты болғандықтан қазақ тілінде жоқ дыбыс;

- «Гг» әрібі 2 түрлі. « سوزكا – сөзге» деген сөзде «ك кәф» әрібімен жазылған. Екінші түрі де осы «ك кәф» әрібімен жазылады. Бірақ әріптің үсті «كك» сызылады;

- «Ғғ» әрібі 2 түрлі. «غوي – ғой» деген сөзде «غ ғайн» әрібі, «علم – ғылым» деген сөзде «ع аин» әрібі жазылады;

- «Дд» әрібі 1 түрлі. «سونده – сонда» деген сөзде «د дәл» әрібі көрсетілген;

- «Ее» әрібі 4 түрлі. «سوزكا - сөзге» деген сөзде «ا әлиф» әрібімен, «كيلكانده – келгенде» деген сөзде үш рет «е» әрібі кездеседі. Үшеуі үш түрлі жазылады. Бірінші «ي иә, и» әрібі, екінші «ا әлиф» әрібі, үшінші «ه һә, һ» әрібі жазылады. Бұл әріп «ايكان екен» деген сөзде «اي - әлиф және иә» әріптері бірігіп «е» дыбысын білдіреді;

- «Жж» әрібі 1 түрде ғана. «جوق – жоқ» деген сөзде «ج жим» әрібімен жазылады;

- «Зз» әрібі 3 түрлі. «زامانغا – заманға» деген сөзде «ز зәй» әрібі, «ضور – зор» деген сөзде «ض зод» әрібі жазылады. Бұл әріп кейде араб тілінен кірген сөздерде « د – зәл, ظ – зай» әріптерімен жазылады;

- «Ии» әрібі 3 түрлі. «آيطيسَدى – айтысады» деген сөзде «ي – иә» әрібі жазылады. Бұл әріп те араб тілінен кірген сөздерде «إ – һамзалы әлиф» әрібімен, кейде «и» дыбысын білдіретін «ِ кесра» белгісімен көрсетіледі;

- «Кк» әрібі 2 түрлі. «كيتكان – кеткен» деген сөзде «كك – кәф» әрібімен жазылады. Екінші түрі де осы «ك кәф» әрібімен жазылады. Бірақ әріптің үсті «كك» сызылады;

- «Ққ» әрібі 1 түрде ғана. «قاريندى – қарынды» деген сөзде «ق – қаф» әрібімен жазылады;

- «Лл» әрібі 1 түрлі. «علم بيلم – ғылым-білім» деген сөзде «ل – ләм» әрібі жазылады;

- «Мм» әрібі 1 түрлі. «علم بيلم – ғылым-білім» деген сөзде «م – мим» әрібімен жазылады;

- «Нн» әрібі 1 түрлі. « ديكان ايكان – деген екен» деген сөздерде «ن – нун» әрібімен жазылады;

- «Ңң» әрібі 2 түрлі. «خداىدينك – құдайдың» деген сөзде «ң» дыбысын «نك – нун мен кәф» әріптері, «ديسين – дейсің» деген сөзде «ن – нун» әрібі жазылады;

- «Оо» әрібі 2 түрлі. «اورناغان – орнаған» деген сөзде «او - әлиф және уау» әріптері, «غوى – ғой» деген сөзде «و – уау» әрібі жазылады;

- «Өө» әрібі 1 түрлі. «اوزى - өзі» деген сөзде «او - әлиф және уау» әріптері жазылады;

- «Пп» әрібі 2 түрлі. «ديبتى – депті» деген сөзде «ب – б» әрібі жазылады. Бұл әріп кейде араб тілінен кірген сөздерде «ف – фә» әрібімен белгіленеді;

- «Рр» әрібі 1 түрлі. «آرناب – арнап» деген сөзде «ر – ра» әрібімен жазылады;

- «Сс» әрібі 3 түрлі. «سيمز – семіз» деген сөзде «س – син» әрібімен «صاويط - сауыт» деген сөзде «ص – сад» әрібімен жазылады. Бұл әріп кейде араб тілінен кірген сөздерде «ث – сә» әрібімен белгіленеді;

- «Тт» әрібі 3 түрлі. «تاماق – тамақ» деген сөзде «ت – тә» әрібімен, «جورط – жұрт» деген сөзде «ط – та» әрібімен, «جاراتدى – жаратты» деген сөзде екі «т» әрібі қатар келгенде екінші «т» әрібі «د – дәл» дыбысымен жазылады;

- «Уу» әрібі 3 түрлі. «جووان – жуан» деген сөзде екі «وو – у» әрібі бірігіп «у» дыбысын білдіреді. Кейде осы «و – у» әрібінің үстіне үш нүкте қойылады. «آناو – анау» деген сөзде тек «و – уау» әрібі жазылады;

- «Ұұ» әрібі 2 түрлі. «تورادى – тұрады» деген сөзде «و – уау» әрібі «ұ» дыбысын білдіреді. Кейде бұл әріптің орнына «_ُ дамма – үстіңгі харака «ұ, у, ү» деп дыбысталатын белгі» қойылады;

- «Үү» әрібі 1 түрлі. «جوراك – жүрек» деген сөзде «و – уау» әрібі «ү» дыбысын «اوجون – үшін» деген сөзде «او - әлиф және уау» әріптері бірігіп «ү» дыбысын көрсетеді;

- «Фф» әрібі 1 түрлі. «تفتازالى – Тафтазали» деген сөзде «ف – ф» әрібі жазылады. Бұл әріб кейде «п» әрібінің орнына да жазылады;

- «Хх» әрібі 2 түрлі. Бұл әріп көбінесе араб тілінен келген сөздерде кездеседі. Мысалы: «حضرة – хазірет» деген сөзде «ح – ха» әрібі, «خداى – құдай» деген сөзде «خ – қха» әрібі жазылады;

- «Һһ» әрібі 2 түрлі. Бұл әріп араб тілінен кірген сөздерде көп кездеседі. Мысалы: «ابو هوريرى - Әбу Һүрайра» деген сөзде «هه – һә» әрібі жазылады. Бұнымен бірге «هام هار – һәм, һәр (әр)» деген сөздерде осы әріп пайдаланады;

- «Чч» әрібі кездеспейді. Себебі бұл әріп орыс тілінен және т.б. тілдерден келген кірме сөздерге байланысты болғандықтан қазақ тілінде жоқ дыбыс;

- «Шш» әрібі 2 түрлі. «شريف – Шариф» деген сөзде «ش – шин» әрібі, «اوجون – үшін» деген сөзде «ج – жим» әрібінің астына үш нүкте қойылып жазылады;

- «Ыы» әрібі 3 түрлі. «آيطيسَدى – айтысады» деген сөзде «ы» әрібі 2 рет кездеседі. Бірінші «يي – и» әрібімен, екінші «ى – а немесе и» деп дыбысталатын «әлиф мақсура» әрібімен жазылады. «Ы» әрібі кейде «آيتوبدى – айтыпты» деген сөзде «و – уау» әрібімен жазылады;

- «Іі» әрібі 5 түрлі. «برين برى – бірін бірі» деген сөздерде 3 түрі де кездеседі. «برين – бірін» деген сөзде алғашқы «і» әрібінің орнына «а» әрібі сияқты «_َ фатха – үстіңгі харака, «а, ә» деп дыбысталатын белгі» қойылады, екінші «і» әрібінің орнына «ي – иә, и» әрібі жазылады. «برى – бірі» деген сөзде екінші «і» әрібі «ы» әрібі сияқты «ى – а немесе и» деп дыбысталатын «әлиф мақсура» әрібімен жазылады. «تيمور – Темір» деген сөзде «і» әрібінің орнына «و – уау» әрібі жазылады. «ايجيب – ішіп» деген сөзде «اي - әлиф пен иә» әріптері бірігіп «і» әрібін білдіреді.



1.1 Ғылым, Білім

Ғылым, білім немен болады? Әууәл Жаратушы Құдай Тағаланы танумен болады. Бұған дәлил – бұл сөз: «Әууәл әл-ғилму мағрифати әл-Жаббар». Ғылым, білімнің ең алды: «Құдай Тағаланы танымақ».

(Түсінік: Әууәл- араб сөзі. Әуелгі, алғашқы, бірінші деген мағынада Ж.Х.)

Ол Құдайды қайтсе таниды. Бір кім өзін таныса, сонда Құдайды таниды. Не үшін Пайғамбарымыз Мұхаммед әл-Мұстафа салаллаһу ғалайһи уә сәлам айтқан: «Мән ғарафа нәфсәһү Фақад ғарафа раббаһү» .

(Түсінік: бұл хадис Шариф: «Кімде-кім өзін-өзі таныса, Раббысын таниды» Ж.Х.)

- «Бір кім өзін таныса Тәңірісін таниды» - деп Мұнан мағлум болды.

(Түсінік: Мағлум араб сөзі – белгілі, қорытынды – деген мағынада. Ж.Х.)

Бір кім өзін тануға тырысуы керек. Бір Алла[ның] Құдіреті зор, өзі жалғыз. Онан басқа жалғыз болып іске жараған нәрсе жоқ.

Дүниеде Имансыз иахшы [уахшы] болмайды. Харамсыз халал болмайды. Құдай Тағаланың жаратқан нәрсесінде ғақылдан (ақыл) ғазиз уә шариф нәрсе жоқ.

(Түсінік: ғақыл, ғазиз, шариф – араб сөздері. Ғақыл – ақыл, шариф – шарапатты, ғазиз – құдіретті, нәзік деген мағынада. Ж.Х.)

Дәнемеге қосылмай жалғыз өзі неменеге жарады? Жаннан аяулы, онан қадірлі не нәрсе бар? Дәнемеге қосылмай жалғыз өзі тұрғанда ол неменеге жарады? Бұл екеуі қан мен қосылып еді үшеуі бір жерге бас қосқан соң, сонымен мінеки бір адам болып отырмыз. Адамның адам болып тұрғаны осы үшеуінің бір жерге бірігуіменен бұларның[дың] басын біріктіріп қосуға топырақ, су, от, жел төртеуі бір жерге жиылумен дене болды. Топырақ пен желдің арасына су дәнекер болды.

Денеде не нәрсе болсын бірінсіз-бірінің күні жоқ. Оттың жануына жел керек. Желдің күшейуіне су керек. Судың жүрер жолына топырақ керек. Топырақтың желге ұшпасына су керек. Адамның денесінде осы төрт нәрсе түгел. Биттей көздің ішінен бәрі табылады. Көздің ашылып тұрған жайы барлығына дәлил. Жас ағады суы барлығына дәлил. Бір нәрсе тисе жарқ етеді, оты барлығына дәлил. Бір арадан қозғалмақ жоқ болғаны топырағы барлығына дәлил.

Судан құратылып қан болды. Жерден құратылып қақырық болды. Оттан құратылып зәр де болды. Топырақтан құратылып су да болды. Қара қорым дейді қазақша айтқанда. Қанның ордасы – жүрек. Қақырықтың ордасы – өкпе. Зәрденің ордасы – өт. Судың ордасы – бауыр, талақ. Адамның денесінің құрғақшылығы – су. Одан қара қорымнан болады. Су да күшейіп, қалпынан асса, ұйқы кем болып, ояулық көбейіп, судайы болып ауруға айналады. Дененің былжырап дымықпағы зердеден болады. Дененің күйіп-жануы – қаннан болады.

Дененің суық болып, мұздап қалуы қақырық күшейуінен. Білемін десең өз бойыңа жақсы (нақты) қара. Қандай шеберлеп жаратқан! Іші, тысы біріне-бірі қалақ басын қалай қосып біріктірген.

Бір кімнің жаны бір қалыпты, бір түрде болмайды. Сол үшін айтылады: «Арық пенен семіздің басы бір ме? Иақшы менен жаманның жаны бір ме?» - деп. Дене бір қараңғы үй. Жан онда жарық қылып тұрған нұр берудің жаны шырақдан[тан] сықылды. Кей біреудікі жай шам сықылды. Кей біреудікі тас шам сықылды. Кей біреуінікі карасин [керосин] майының жарығы сықылды. Кейбіреудікі онан да жарық машинамен жағылатұғын электрі бар жарық сықылды. Онан да жарығы зор нұрлы жан болады. Исабы жан деген нәрседе ниһаят жоқ. Адамның денесі машина. Будың күшімен жүріп тұрады. Денеде не нәрсенің үлгісі өз денесінен алып білуге мүмкін. Күллі денеге күш беріп тұратұғын жүрек.

Адамның 12 мүшесінде мұнан күш алмай өз бетімен жұмыс қылатұғын дене жоқ. Ауыздан ішілген асты құрсақ өзіне қарай тартып алып, төрт машина: бірі жан-жаққа жібермей сақлап [сақтап], біреуі мидай араластырып, қайнатып, бірі қаймағымен тортасын айырып. Бірі тортасын төрт қарынға шығарып тастап тұрып қалған таза қаймағы есептісін бауыр етіне қарай тартып алып қан түсіне айналдырып, бояу жасап, қаралтымырағын талақ өзіне қарай тартып алып, су деген қара қорым сол болады.

Сарғылтымын өт өзіне қарай тартып, сафра [запран] деген сол болады. Ақшылын өкпе өзіне қарай тартып алып блғым деген сол болады. Көріктің желіндей өкпе желімен ұрып, кеңірдек жолымен сіңбірік, қақырық қылып қайта алып далаға шығарып жатады. Мұның бәрінен іркіліп қалған қан бауыр да сумен аралас болғандықтан тағы дәнемеге жарамайтұғын болған соң ол қан мен араласып жүрген суды бүйрек өзіне қарай тартып алып сідік қылып жасап қуыққа жіберіп жатады. Енді бауырдың өзінде қалған таза қан тамыр-тамырға тарап, тамам ағзаға жайылуға бет бұрып [беріп] әр мүшеге өсім жүргізіп, етке-ет, майға-май қосады.

Тамыр ішінде жүрген қанлардың [қандардың] таза-тазасын сүзіп алып, екі домалақ еркекке бала болатұғын суды жасап. Екі емшек ұрғашыда сүт жасап шығарады. Егер талаққа бір «ғиллет» пайда болып бауырдағы қаннан қара құрымды айырып ала алмаса онымен араласқан қан ағзаларға тараса, безгек, жындылық, саудайлық аурулар сонан болады.

Егер өтке бір ғиллет пайда болып бауырдағы қаннан сафран айырып ала алмаса шөлеуік сықылды әр түрлі сарылық аурулар сонан болады. Бұның әмсәлі беденде олан ағза уә қууатлары [денеде болған ағзаныњ қуаты] бір-бірі өз қызметінде кемлік болса, иә қызметінден [қызметінен] қалса, машина бұзылған сықылды болып денеге ауру сол себептен пайда болады.

Адамның денесінің мисалы: Бүтін әр нәрсесі түгел бір шаһар төрт түрлі кірпіштен жасалған. Ол төртеуі шар ғанасыр – арбаға: От, су, жел, топырақ. Шәһар болуға керек жабдықлар[тар] тоғыз түрлі нәрсе: ет, қан, сүйек, жілік, сіңір, тамыр, тері, май, түк. Үйлердің мәткесі есебінде - сүйеклер[тер]. Шеге есебінде - сіңірлер. 300 арық есебінде 360 тамырлар бәрі бір жүректен тарайды.

12 даруаза [қақпа] есебінде – екі көз, екі құлақ, екі танау, екі емшек, ауыз. Жалаң нәрселер шығарылып тұратұғын төмеңгі екі жол, кіндік. 10 түрлі қазине [қазына] есебінде: бауыр – қан хазинесі, ми – ақыл хазинесі, жүрек – жан хазинесі, талақ – қара құрым хазинесі, өт – зәрденің хазинесі, құрсақ – ас сіңіретұғын машинаның бірінші қазаны, өкпе – жел хазинесі, ішеклер[тер] – қорытатұғын машина хазинесі, сегіз ұста орнында ішке асты адамның ішіне қарай тартып алатұғынның аты – жазба.

Ішке барған тағамды шап беріп ұстай алатұғын машинаның аты – арабша маске тырманшы, үгіп бойға сіңіретұғынның аты араб тілінде һәмза. Мұнан мүшелерге баратұғынын бөліп жіберетұғын машинаның аты араб тілінде дәфға. Әр мүшеге қорек жіберіп тұратұғын машинаның аты араб тілінде – ғадиа. Бала жасайтұғын машинаның аты- мұсаууира. Әр денені өсіретұғын машинаның аты – намиа. Құрсақта қайнаған тағамды әууәл сорпа, онан ет, онан сүйекке айландыратұғын машинаның аты – қууат муаллида.

Ол шаһрак бос күзетшісі есебінде «хауас хамса»خوص خمس дейді. Көз, құлақ, мұрын, қол, ауыз. Бірі көрумен хабар береді. Бірі иіскеп білумен хабар береді. Бірі ұстап білумен хабар береді. Бірі әр нәрсенің дәмін татумен ащы, тұщы, ыстық, суықтан хабар береді. Сол үшін айтады: «Алыспенен жуықты – жортқан біледі, ащыменен тұщыны татқан біледі» - деп.

Екі қол екі қанат есебінде, екі аяқ екі тіреу есебінде. Мұның бәрін үш падша бір жерде отырып бас қосып ақылдасқан сықылды бірі сөзін бір араға қойумен [қоюмен] иақшы ұстап, бұзбай билеп тұрады. Оның екеуі уәзір есебінде, бірі падша есебінде. Мұның біреуі рух деп айтылады. Ғылым, білім қызметі мұның күшімен табылады. Мұның біреуін рух хайуан деп атайды.

Жүректің ортасында (тақты ор) ішкен-жеген қоректің барып тұрған тазасынан күш алады. Барша денені кезіп тамырлардағы қанды, суда жүрген балықтай жүреді. Мұның бәрін – рух шәһуәні дейді. Бауырда болатын әр мүшеге қоректі бұл үлестіреді. Жын сықылды бұза бастайтұғын осы сегіз ұста мұның қызметкері мұның мақсұды [мақсұты] денені бүтіндеп, түзете (..........) тірілумен ақырет жұртының болу-болмастығымен жұмысы жоқ.

- «Нәфсу әм-мара»نفس أمّر - деп айтылатұғын батыр осы. Мұның уысына түсіп кеткен: «нәғузу бил-ләһ»نغوذ با لله айтарға жарамай қалады.

Назым мен бұлай айтылады:

Тақт пай (шай) ақылдық жүрек еді.

Мемлекеті көп дене керек еді,

Аты нәпсі рағиат, халқы ағза еді.

«Кезна шайы маске» бөгелек еді.

Екі көз қарауылша қылған тұрақ,

Елші еді сөз таситын екі құлақ,

Ақ таяғы шабарман екі қолы,

Жансыз [ды] иіскеп білер бұрынырақ.

Дәрігер біледі екен дәмін татып,

Бір ғақыл (ақыл) түзетеді бәрін жатып.

Ұстаса ол қууат (қуат) жазбадүр.

Баста ми тұр бәріне таңдай атып.

(Әл- мисба) термеші отыз тісің.

Ас сіңірер машина (нану кісің),

Ас дәмін ауыз біліп болар дәрігер.

Білуге бәрін айырып жетсе күшің.

Қууат масрура болып, қасап (қағап),

Ол қууат мүнмиа зергерге ұсап (ұқсап).

Сегіз шебер жан білмей іште жатыр,

Тыстағының баршасын түзеп жасап.

Кеңірдек, өңешіңмен қарын, жүрек,

¤кпе, бауыр, талағың – бәрі керек.

Қақырық пен түкірік, запырғашың,

Пайдасын білсең керек бұлның [бұның] дерек.

Бәрінен айтылмаған бір жер қалды,

Бір ісін үйіп-төгіп соған малды.

Күшті өгізің бар болса егін айда,

Пайданың көретұғын сол қақ алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет