Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы


Жасау. – Қызымның қарықан басы, мінген аты, артқан түйесі, тігілген отау, қылған жасау



бет16/88
Дата06.02.2022
өлшемі3,93 Mb.
#34029
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88
Жасау. – Қызымның қарықан басы, мінген аты, артқан түйесі, тігілген отау, қылған жасаубәрі сатусыз тегін (М-Ж. 9 т. – Б. 297). В. Радлов: jасау өңдеу, соғысқа дайындық, әскери тәртіп деген мағынасын көрсетеді [205, б.216]. Жасау `істеу, жинау` сияқты мағына берген сияқты. Жасау – жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылған қызға міндетті түрде берілетін мал-мүлкі. Жасау – сөзінің түп-төркініне тоқтала кетсек, көрнекті этнограф Г. Бонч-Осмоловский оны арабтың джис («приданный» мағынасындағы) және ау («үй») сөздерінің бірігуінен жасалған деп түсіндіреді (109-116). Көне түркі тіліндегі «үй», «отау», «киіз үй» мағынасын білдіретін еv, eb, ef, üj, üv тұлғаларының бірі (ДТС, 189). «жаңа, су жаңа» мағынасындағы jаs (ДТС, 245) сөзі мен бірігуінен туындаса керек. Яғни жаңа үйленген жастар үшін арнайы жасалған «жас үй», «жаңа отау» [216, б.64]. Біздің ойымызша, жас (көк) ау (үй), көк шөпті > от деген жасау > отау сөзімен түбірлес сияқты. С. Мұқанов: ««От» дегені – шөп». Малдың шөп жеуін қазақ «оттау» - дейді (С. М. 1974. – Б. 82). Будагов: тур. жаба, жие – даръ, подарокъ, даромъ, за ниято, подаритъ, даромъ отдать; кир жаушы, каз. жаушы сватъ; кир. جيرتس (ز - ы) жыртысы – свадебный подарокъ отъ жениха тестю (и другимъ родственникамъ невсты, состоящій изъ халатовъ бархата и другихъ метерій) арабша графикадан аударған, транскрипциясын жасаған – А.Қ. (Будагов, 481, 430, 448). Ы. Алтынсарин ілумен бірге және басқа да заттар – әртүрлі жібек, шұға, шыт сияқты (әйелдерге үлестіру үшін) жіберіледі; бұл кәделер «жыртыс» – деп аталады десе [217, б.176-177], Е. Жанпейісов этнографиялық жыртыс және қарғы бау атаулары өзара мәндес сияқты дейді [215, б.118].
Түйін. Расында қыз ұзату, өлік жөнелту сияқты салт-дәстүрлерде өзара ұқсас атаулар кездесіп жатқанымен жол-жоралғысы мүлдем басқа екендігін байқаймыз. Сеп > жасау > жыртыс > ілу > қарғы бау өз ара мағыналас-мәндес сөздер сияқты. Жасау мен қалың мал алдыңғы айтылғандармен мәні мен мағынасы бір ұқсас ұғымдар. Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды. Жалпы қызға берілетін қалыңның түрлері.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет