Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы


Өлік жөнелту салтының терминологиялық жүйесі



бет45/88
Дата06.02.2022
өлшемі3,93 Mb.
#34029
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88
Өлік жөнелту салтының терминологиялық жүйесі

Өлі жібімей, тірі байымайды. Сәби дүниеге келгенде қалай құрметтесе, адам өлгенде де солай құрметтеген. Адамды өлді енді осымен бәрі бітті деп қарамаған. Өлікті о дүиеге жөнелтудің өзінің толып жатқан дәстүрі болған. Зороастризмдік о дүниедегі жанның тірлігі сияқты ілімді мойындаған. Сондықтан өлікті аруақ деп арулап, жуындырып (сүйекке түсу деп аталған), ақ кебін кигізіп жерлеген. Пәктік пен тазалық (аруақ) ару сөзінің шығуына түрткі болған. Өлген адамның басына дұға қылып, ата-баба аруағын ұзақ уақыт жат қылып ұстаған. О дүниелік адамның жаны, рухы мәңгілік деп спиритуализмге бой ұсынған. Оның белгісі күні бүгінге дейін сақталған. Жұмалығын беру, шелпек пісіру, дұға түсіру, құран хатым беру т.б. Жерлеу де барлық пен байлықтың нышанына айналған. «Өлім бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» – деген мақал бекерге айтылмаса керек. Біздің байқағанымыз өлік жөнелтуде көбіне рухани мәдениет қатысып отырады. Ал, мифтік белгілер ара-тұра мінәжат, бата қылғанда тірі қалған бала-шағасына, ұрпақтарына, туған-туыстарына қатысты «бер тәңір, а құдай жарылқай көр, өліге иман бер, тіріге береке бер, алла өзі берді, өзі алды» сияқты қолданылатыны байқалды. Біз Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы өлік жөнелтуге қатысты лексикаларға: ақ сүйек пен қара сүйек, қара тігу, ас, қонақ ас, қара шаңырақ, сеп, жыртыс, тұл одан туындаған > тұлып > талақ; семантикалық мағынасы тұл сияқты мағынасы жалғыздыққа келетін: қара бауыр, қарғы бау, олжа, жесір, жетім, құн лексемаларына да талдау жасаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет