Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы



бет42/88
Дата06.02.2022
өлшемі3,93 Mb.
#34029
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88
Түйін. Жад пен дуа бірге айтылған сияқты. Келе-келе дуа өз алдына дербес бөлініп шыққан. Дуашы мен жаурыншы, құмалақшы, балгер, жұлдызшы ұғымы жағынан, жасаған іс-әрекеті жағынан бір-біріне жуық келеді. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев дуа лексикасын әлемнен тыс бір күш әсер еткен деген мағынада қолданған.
Жаурыншы. Бақсыдай бал ашып, түлкідей түс көріп, жаурын жағып, құмалақ салып айтып отырғаным жоқ (М-Ж. 12); Жаурындары не дер екен, тыңдайын деп көкаланың артына келіп тұра қалдым депті (М-Ж. 147). Jаурын плечевая лопадка, крыльца у плечъ, плечо – онъ гадалъ по плечевой лопадк (Радлов, 1905: 17). Ш. Уәлиханов жаурыншы балгерлер – қойдың жаурынымен, құмалағымен бал ашады. Жаурынмен бал ашу және қырық бір құмалақпен бал ашу қазақтар арасында ең кең тараған балгерліктің түрі. Бал ашудың бірінші түрі-жаурынмен бал ашқанда: жаурынды отқа қыздыра бастағандағы, жаурынға түскен белгі – сызықшаға негізделеді. Бақсылардың арасындағы мықтылары, күйдірілген жаурынмен бал ашатындары болып есептеледі. Бал ашуға пайдаланылатын жаурынның еті түгелімен мүжіледі, бірақ тіс жаурынның сүйегіне тимеуі керек, жаурынды отқа тастағанда, ошақтың жанында темір жатуға тиіс. Құмалақшы қойдың қырық бір құмалағымен бал ашады. Кезінде құмалақпен бал ашу Даниял пайғамбардан мұра боп қалған деседі [240, б.159]. Кумалакъ – шарикъ овечьяго помета: бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді – А.Қ. одинъ шарикъ портитъ всю посуду съ жиромъ, одна дурная овца соблазнить (поведетъ) тысячу (послов. = одна паршивая овац все стадо портитъ, қарын – баранья кишка, въ которой держать жиръ) [210, б.92]. А. Кайдар: Оның құйысқаны көтеріліп тұр – обычно употребляется гадальщиками при гадании на *құмалақ – когда катыжки (или бобы) располагаются в определенной последовательности, что предсказывает человеку дальнюю дорогу, путешествие дейді [233, б.227]. Құмалақ тарту – адам өмірін болжау үшін қолданылатын наным-сенімдік мәні бар балгерлік әрекеттің бір түрі (Қ. Ғабитқанұлы, 1995: 20).
Түйін. Жаурыншы > балгер. > бақсы > шаман бір-бірімен тығыз байланысты болуы мүмкін. Жаурыншы, жұлдызшы мен құмалақшының атқаратын қызметтері де бір сияқты. Мәшһүр-Жүсіп дуашы, жаурыншы, құмалақшы, балгерді магиялық күш иесі бар, сырттан келген жандар есебінде қолданған. Бұлар фетешизмнің құт әкеледі деген белгісімен қаруланған. Фетешизмнің құтты таяғы бұл-абыздың аса таяғы.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет