Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку



бет1/17
Дата05.11.2016
өлшемі4,37 Mb.
#728
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Е.Жұматаева


ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ БІРТҰТАС ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ

монография



Павлодар 2012

Кереку
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы


Е.Жұматаева

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ БІРТҰТАС ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ

монография




Павлодар 2012
ББК 74-58

Ж 78
С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған


Е.Жұматаева

Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесінің теориясы. Монография. Баспаға ұсынған С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесі. Павлодар, 2012 ж., 237 бет.


ISBN 9965-568-54-5
Редакция алқасы: С.Өмірбаев (Бас редакторы), Р.Ж. Қадысова (жауапты редактор), А.Е.Беисова, З.С.Искакова, А.К.Асаинова, М.М.Жаркумбаева, С.Ш.Кабдиева
Пікір жазғандар:

И.Б. Бекбоев - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі.

Қ.П. Жүсіп - филология ғылымдарының докторы, профессор, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафердасының меңгерушісі.

Монографияда жоғары оқу орнында жүргізілетін гуманитарлық бағыттағы ғылым негіздерінің дидактикалық біртұтас құрылым-жүйесінің тарихы мен мен бүгінгісі және постиндустриалды Қазақстан Республикасының алыс болашағының моделі жайлы жаңаша пайым-тұжырым беріледі. Қазақстан, Ресей, Шығыс, Батыс елдеріндегі зерттелімдердің нәтижесін нысанада ұстау сындарлы ой-түйін жасалады.

Әсіресе, политехникалық бағыттағы жоғары мектептің дидактикасын зерттеген ғалымдарға, атап айтсақ, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Е.Әбілқасымованың ғылыми тұжырымдарына толық талдау түйінделеді. Автор біртұтас дидактикалық жүйесінің теориясын оқырман назарына ұсынады.

Баспаға ұсынған С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі.

Ж4309000000

00(05)-01 ББК 74-58

ISBN 9965-568-54-5

© Е.Жұматаева, 2012

© Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ҒПО, 2012


КІРІСПЕ
Қазіргі кезде дамыған, өркениетті елдердің ұстанымы жалпы адамзаттың басына қауіп төндірмеудің амалына ғылым мен білімді тиімді пайдалану екені түсінікті.

XX ғасырдың құндылықтары мен дүниетанымына жаңа философиялық пайыммен (парадигмамен) қарағанда, адамдардың білімі, ғылыми ізденімпаздығы мен ізгі тілегі ғана бірден-бір маңызды ресурстар болып табылатыны белгілі болды. Оларсыз бейбітшілік, гумандық сипат пен адамзаттың құқықтары мен негізгі бас бостандықтары ешқандай озықтық, ілгерішіл қарқында орнықпайтыны айқын бола бастады. Мұндай сүбелі де салиқалы мәні бар қасиеттерді дамытуда ғылым мен білімнің атқарар орны ерекше. Оқытудың дидактикалық жүйесін біртұтастық принципте алу заңдылығын жобалау амалының нәтижелі іске ықпалы зор екені байқалды.

Оқытудың бұл нысанасы ғылымның басқа салаларындай уақыт пен кеңістік, қоғамдық мүдде мен құндылықтардың сапасы ұдайы ауысып отырған сайын жаңарып, кей тұстарда құрылымы түбірімен қайтадан өзгеріске ұшырайтыны кеңестік дәуірдің күйреуімен дәлелденді. Жаңа жүйені құру үшін алдымен өткенге сараптама жасаудың маңызын оқыту заңына негіздеген жағдайда тығырықтан шығудың бір амалы табылмақ.

Сараптама материалының жаңа ғылым мен білімге негіз болуы үшін әдіснамалық жүйе жасау жолдарын меңгеруде мамандық иесі ынталылық танытпақ. Мұнымен бірге жаңа ғылым мен білімнің бұрынғыдан айырмашылығын ажыратып берерлік өлшемдіктерді іріктеп алу мақсатын ұстанбақ. Бұл іс-әрекет жүзеге асқан уақытта оның алыс болашаққа негіз боларлық құрылымы мен тұжырымын сұрыптап алмақ. Ұдайы үзіліссіздік білім мен ғылым меңгертудің заңдылығын алдымен халықтың деңгейіне, одан кейін көршілес ТМД елдерінің ұстанымына, соңында ғаламдық, әлемдік иерархия мәресіне үндестіру мақсаттылықтың басымдық бағыты екені ескерілмек.



Оқытудың концептуалды дидактикалық біртұтас жүйесі жоғары оқу орнындағы барлық ғылым мен білім бағыттарын бір орталыққа шоғырландырып, модернизация талабын шешуге ықпалын тигізеді. Нәтижесінде, программаға, проблемаға, модульге ыңғайлап оқытудың (жаңа технологиямен) рейтинг және мониторинг жүйесін пәндердің ішкі принциптері мен заңдарын ашу мүддесіне сай құрылуына қозғаушы күш болмақ. Өзекті мәселенің көкейкестілігінен жоғары оқу орнында оқытудың дидактикалық біртұтас жүйесін құрудың қажеттілігі туып отыр. Бүгінгі таңда біздің халқымыздың болашағын өркениетті елдердің санатына бағдарлаудың бір тізгіні - жоғары оқу орнында. Үш мыңыншы ғасырдың алыс болашағына жаңашыл субъектіні ізгілік нұрында ғылым негіздерімен дамыту - басты мақсат. Осы мақсатты жүзеге асыруда қоғамымызда кезек күттірмейтін, тез арада шешімін табуға тиісті ғылыми мәселелерде қайшылық туып отыр. Ол - таптаурын болған оқулықтар мен прагматикалық істе студенттер санасына жаттанды ұғым болып қалыптасып қалған жаттанды түсініктерді логикалық пайым құруға бейімдеу. Логикалық тұжырымды студент өздігінен құруының нәтижелілігін қамтамасыз етер жоғары деңгейге ұмтылдырудың дидактикалық нысандарын айқындау болып табылады.

Логикалық тұжырымы болу үшін дидактиканың философиялық негізінің парадигмасы әр пән ғылымының тірегіне айналуы міндетті.

Егер бұндай концептуалды ұстаным нәтижелі болсын десек, дидактиканың өзі жоғары мектепте біртұтас дүниетанымға бағытталуы көзделеді. Бұл тұжырымды жүзеге асырудың бүгінде ғылыми тірегі арнайы зерттеуді қажет етеді және бұл ұстанымның компоненттерін әр түрлі қырынан зерделейтін ғылыми еңбектер керек. Егер генезисіне көз жүгіртсек, мынандай ой-түйіннің жиынына көзіміз жетеді.

Қазіргі уақыт пен кеңістікке аталған қағидалар бірнеше ғылыми еңбектің тіректік нысанасы ретінде қызмет атқарып келеді. Мұнымен бірге ойлау әрекетіне қатысты құнды тұжырымдар ұсынатыны жайлы Б.П Есипов өз еңбегінде айтып өткен:

- дүниетаным сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес;

- ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді;

- түйсік дегеніміз адал жетекші ой және зейін, сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.

- білім тиянақтылығы теорияның негізіне құрылады. Дидактиканың өзектілігін айқындап отыратын «Жақыннан алысқа», «Белгіліден белгісізге», «Нақтылықтан дерексіздікке», «Жеңілден ауырға» секілді қағидаларды жіктеп, олардың бір - бірінен ерекшеленетін белгілерін сипаттап, ережелерін құрады.

Дидактика, соның ішінде, әдіснама негізін психология іліміне бағындыра зерттеген Ян Амос Коменский десек, оның жалғастығын Адольф Дистерверг (1790-1866) еңбектерінен кездестіреміз. Ол 1835 жылы «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық» атты үлкен еңбегінде I тарауды дидактикаға, II тарауды әдістемеге арнайды. Дистерверг өзінше пікірі бар адам тәрбиелеуді ұйғарған. Оқыту үрдісінде ақыл-ой, қабілет сияқты категорияларға ерекше мән берді. Мұны жүзеге асыру үшін дидактика нысанын құрастырды. Міне, осы бағытта ол Коменскийдің дидактика жайлы қағидалары мен заңдылықтарын дамытты.

Дидактика жайлы ашқан жаңалығының басымдығын былайша түйіндейді: «Оқыту баланың ақыл-ойын ғана дамытып қоймайды. Оның еркін, сезімдерін, мінез-құлқын қалыптастырады. Әсіресе, ойлау әрекетін дамытуға әңгіме әдісінің рөлі зор. Оқушылар өзінің ой-әрекетінің дамып отырғанын үнемі сезетін болсын. Оқуда оқушы табанды болуы керек».

Қорытып тұжырымдасақ, Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегі арқылы әлемде дидактиканың бір саласы, діңгегі ретінде дидактиканың құрылымы, нысанасы жайлы түбегейлі, сындарлы ой-түйіндер жасап, ғылыми анықтамалар береді. Осы ойды одан әрі өз еңбегімен дамытқан Адольф Дистервергтің дидактикаға қосқан үлесі тек неміс халқына емес, бүкіл әлемдегі зиялы қауымның игілігіне айналды.

Дидактиканың біртұтас жүйесінің алғашқы қадамы физио-психологиялық процестер десек, оның ішінде ойлау қабілетінің өзара байланысын айқындап, мәнділік сапасын өз еңбектерінде дәлелдеп берген даналарымыз: Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, Қ. Иассауи, Бұхар жырау, Ш. Құлекеұлы, А. Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, III. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов және т.б.

Аталған зиялы қауым өкілдері өз еңбектерін қай жанрға (толғау, бәйіт, жыр, лирика, проза, драма, т.б.) негіздесе де, ішкі сарыны, пернесі дидактиканың ең негізгі басқышы, адамның ойлау жүйесінің заңдылықтарын айқындап беруге бағдарланғанына көзіміз жетеді.

Сол секілді тағдырдың ықпалымен тарихымыз тоғысып келе жатқан Ресей ғалымдарының ішінде бұл мәселені алға дамытушылар: Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.



Ойлау қабілетінің дидактикалық заңдылықтарын жеке қарастырған, дамытпалы оқыту жүйесін зерттеген В.В. Давыдов, Д.В. Эльконин, педагогикалық психология жайлы ілім жасаған ғалымдар О.С. Анисимов, Ф.Н. Гоноболин, В.П. Беспалько, Н.В. Кузьмина.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін құрып, оқытудың проблемалық жүйесін айқындап берген бір топ ғалымдардың еңбегі ерекше, олар: А.М. Матюшкин, М.И. Махмутов, Ю.М. Колягин, соның ішінде, жоғары мектеп нысанасына қатысты жүргізгендер: С.И. Архангельский, А.А. Вербицкий, В.П. Беспалько және т.б.

Оқытудың теориясы мен әдістерін және модульдеудің үлгісін айқындап берген бір топ ғалымдар: С. Рубинштейн, Д. Эльконин, Б. Ананьев, А. Вербицкий, Ф. Петерсон, Е. Семенова және т.б.

Оқытудың міндеттерін белгілегендер: С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Г. Балл, Ю.Ж. Колягин, Л.М. Фридман.



Оқытудың дидактикалық бірліктерін шоғырландыруды ұсынған ғалым - П.М. Эрдниев.

Жоғары мектепте жаңашыл ұстанымдағы әдіснамалық негіздің дидактикалық біртұтас жүйесін қарастырған ғалымдар: В.П. Беспалько, Л. Клемберг, З. Кил, В.В. Краевский, Н.В. Кузьмина, Т.С. Садықов, А.Е. Әбілқасымова және т.б.

Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі:



- арнайы;

- жалпы логикалық білімдер.

В.А. Крутецкий ойлау қабілетін дамытуды екі категорияға жіктейді:



1) жинақталған білімдер қоры;

2) білім алуға қажетті ойлау операциясын меңгеру.

Бұл мәселеге қатысты терең пайым-тұжырымдармен ғаламға танымал бірқатар зерттеушілердің еңбектері ерекше. Мәселен, Л. Хей, Н. Хил, С.Н. Лазарев, Н. Семенова, Алан Лео. Ерекшелігі неде? Ол - адамды субъекті ретінде жан-жақты қарастырып, ойлау мүмкіндігін шарықтау шегіне дейін дамыта алудың (эзотерикалық) мәні ішкі ұстанымдағы құбылыстың ізігілікті Нұрға бағытталуы екендігіне дәйектеме беру.



Қазақстан Республикасында оқытудың алға тартар платформасын жасауда ізгіліксіз ғылымды меңгерудің нәтижесіздігі дәлелденді. Оған көптеген ғалымдар зерделі зерттеулер жүргізді. Жеке-жеке саралап айтсақ, А.Ш. Абдраман жоғары техникалық оқу орнында болашақ инженердің моделін ғаламдық құпияны ашуға, зерделеуге ынталану өзін Басқарып Тұрған Құдірет ісіне бағыну заңдылығының негізінде жүзеге асуы жайлы Құран Кәрімнен үзінді келтіру сапасында ой түйеді.

«Ғылымның ғарышты пайдалануы жер қойнауындағы кейбір құбылыстардың космос арқылы анықталуы осыдан және бұл Құран Кәрімде айтылған Жер - ғарыштың біртұтастығының дәлелі», - дейді зерттеуші.

Автор бұндай түйінге келуіне себепші болған зерттеулерге сілтеме жасайды, олар: П.К. Анохин, Д.Н. Унадзе және т.б. еңбектері.



Бұл Құмашқызы Нүрғалиева тұлғаны құндылыққа бағдарлаудың психологиялық, педагогикалық негіздері жүйесінің тұжырымын құрып берген. Бұл мәселені мемлекеттік тұрғыда зерделеп, стратегиялық шешілімнің міндеттерін былайша жіктейді:

- тұғырнамалы, халқына қызмет етерлік мықты президенттік мемлекет құрылуы;

- жеке адамның бағалы бағдарламасы әрбір істің нәтижелілігіне ыңғайлануы;

- жеке адамды әлеуметтік өмірге араластыру проблемасын шешуі;

- кез-келген мамандықты еркін таңдауға үйренуі;

- іс-әрекеттің түрлерін туғызатын, жүйе жасайтын интеграцияның мәнін дәлелдеуі.

Алма Есімбекқызы Әбілқасымова жоғары оқу орындарында студенттердің дербес, өздік жұмыстары арқылы оқу және оқыту міндеттерін таңдауды ұсынады.

Мұның негізгі өзегі студенттердің танымдық ойлау белсенділігін арттыру процесінде жүзеге асатынына тоқтала отырып, Н.Я. Голант, Б.П. Есипов, М.И. Скаткин еңбектеріне сілтеме жасайды. Студенттердің танымдық ойлау әрекетінің амалдарын дамыта отырудың моделін пішіндейді. Бұл тұжырымды Д.Н. Богоявленскаяның, Е.Н. Кабанова-Меллер, Н.А. Менчинская, В.В. Давыдов, Д.Б. Элькониннің зерттеу еңбектерін зерделеп, өзінің тақырыбына орайлас ой-тұжырымдарды қорыту нәтижесінде түбірімен өзгерісті, жаңа инновациялық пайым түйіндейді.

Оқытудың әдіснамалық біліктілігін дамытудың заңдылығын И.Я. Лернер, Б.И. Коротяев, П.И. Пидкасистый секілді ғалымдардың ілгерішіл тұжырымдарына негіздеп, өзінің ұстаным-тұғырнамасын алыс болашаққа ыңғайлы келерлік студенттердің моделін сомдауға бағыттайды.

Аталған іс-әрекеттердің бәрі тек оқыту қызметінде өзін-өзі бақылауды үздіксіз дамытудың нәтижесі екеніне Л.И. Рувинскийдің еңбегіндегі негіздемелерге сілтеме жасау арқылы дербес жаңа тұжырым-түйін құрайды.

Сол секілді Құрмет Қабдықапаров, Аспет Кеңесбекқызы Қағазбаева, Хорлан Рахимбек, Тілеуғали Әшірбекұлы Қышқашбаев, Досымхан Рахимбек, Талғат Сабыржанұлы Сабыров, Қарлығаш Қадашева және т.б. жалпы оқытудың дидактикалық жүйесін құрып берді. Олар өздерінің ғылыми еңбектерінде пәннің ішкі заңдылықтарына орай дидактиканың біртұтас жүйесі бар екенін айқындайды. Аталған еңбектерде дидактиканың заңдылықтары, құрылғылары, тұжырымдары әр түрлі бағытта (пәні, нысанасы) болғанымен, нысананың сарыны мен мазмұнынан жүйесі шығатынын ескерген жөн. Ол үшін өтілетін нысананы талдау, жинақтау, қарастыратын теориялық негізін сұрыптау, саралау, жалқылау және т.б. ойлау іс-әрекетінің танымдық қызметін жүзеге асыруға ерекше назар аударылған.



Басымы нақты пәндер және жоғары оқу орнынан гөрі мектепке қатысты дидактиканың біртұтас жүйесі зерттеудің негізгі нысанасы болып келеді. Гуманитарлық бағыттың әдеби нысанына қатысты еңбек сирек кездеседі.

ДИДАКТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕCІНДЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бүгінгі таңда ғылыми еңбектердегі дидактиканың біртұтас жүйесіне қатысы бар пайымдар талданып, жаңа тұжырым сараланды. Бұл салада қазақтың білім академиясының жалпы білім институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚЖМҒА-ның академигі Алма Есімбекқызы Әбілқасымованың салиқалы ғылыми жұмысының құндылығына ерекше мән береміз.

«Педагогика», «Дидактика» терминдерінің шығу генезисі - неміс ғалымы В. Раткенің (1571-1635) тұжырым-түйіндерінен («Краткий отчет из дидактики или искусство обучения Ратихия») бастау алып, оның жалғастық жүйесін чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1679) 1657 жылы Амстердамда баспадан жарық көрген «Ұлы дидактикасы».

Модульдер мынандай жіктемеден тұрады:

- дәстүрлі;



- педагогикалы ыңғайға орталықтанған;

- жаңа жүйеге ыңғайланған.

Аталған модульдердің қоғамда алдырған тарихи іздері, шежіресі бар. Мәселен, дәстүрдегі оқыту жүйесін құрған, оның теориялық-инструментальді қырларын тәжірибеге қолданған авторлар - Ян Амос Коменский, И. Пестолоцци, И. Гербарт.

Ал, екінші, педагогикалы ыңғайға орталықтанған модульдің доминат-субъектісі – Д. Дьюи, Т. Кершенштейнер, В. Лай. Бұлар - XX ғасырдағы педагогикалық істің реформалық теориясын жасаған ғалымдар.

Үшінші, жаңа жүйеге ыңғайланған модульдің авторлары - Ц. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов, К. Роджерс, Дж. Брунер, ресейлік 80-жылдардағы жаңашыл педагогтер.

Бұл үш модульдің қайсысы «озық», «ілгерішіл» деген аналитикалы сарындағы заңды сұрақ өз-өзінен туары сөзсіз. Оған жауап былай болып жинақталып беріледі:

- бірінші, дәстүрдегі модульдің негізгі мақсаты дәрісті жүргізудің әдісін тізбелеу, сұрыптау, оқыту үрдісі.



- екінші, педагогикалы ыңғайға орталықтанған модульде студент қызметі басыңқы, былайша айтқанда, студенттің оқу ғылыми (егер ол қабілет бар болса) қызметін ұйымдастыру басты рөльде;

- үшінші, жаңа жүйеге ыңғайланған модульде аталған екі үрдістің басын қосып қарастыру басым.

Нәтижесі - бір нүктеге келіп тоқтамай, толассыз үнемі үзіліссіз даму әрекетіне бейімдеу. Соның ішінде, ұлттық, жалпы әлемдік психология негізіне құрылған когнитивті психология (Дж Брунер), ассоциативті, перцетивті, түйістеу деңгейліктері дамыған субьектіні сомдау көзделеді.

Ал осы аталған қабілет шығармашыл ойлау мүмкіндіктері тек ізгілікті педагогиканың (К. Роджерс) тіректік нысанында өрбуі қамтылады.

Жаңа жүйеге ыңғайланған модульде қандай ой-түйіндердің қабаттары кездеседі? Олар мыналар:

- программалап оқыту, проблемалы амал қарастыру, дамытпалы кеңістіктің жүйесін туғызу, үлгілеу (Ц. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов және т.б.);

- педагогикалық ынтымақтастық топтар (Ш. Амонашвили, Т. Гончарова, Я.С. Турбовской, М.Н. Скаткин және т.б.);



- педагогикалық технологиялар (К. Вазина, А.С. Границкая және т.б.).

Оқыту қызметінің ұғымы мен маңызы.

Оқыту - қарым-қатынас процесі. Мұның нәтижесі - басқару танымының қалыптасуы, ал басқару танымының қалыптасу процесінде негізгі маңызды мәселе - тарихи-қоғамдық тәжірибе жинақтай білу шеберлігі. Тұлғаның даралық сипатын нақтылы ойлау пайымы оқыту дәрежесін жоғары басқышқа бағдарлайды.

Оқыту педагогика ғылымының категориясы. Мұнымен бірге бұл көрсеткішті дидактика үрдісі дейді. Аталған екі көрсеткіш синоним емес. Процесс - оқыту жүйесінің өзгерісі, бірінің басын жинақтай алғанда, ол - біртұтас іс-қимыл, нысана, әрекет. Мұның формуласын кезінде В.П. Беспалько былай бенелеген:

ДП=С + ОА + БАП

Айқындап айтсақ, ДП - дидактикалық процесс; С - студенттердің оқу процесіндегі ұстанымы, жұмысының сарыны ОА- орындалым алгоритмі (студенттің біліктілік танымының әрекеті); БА - басқару алгоритмі (оқыту үрдісін оқытушының басқаруы).

Оқыту процесі әр түрлі деңгейлікте жүзеге асқандықтан, бір айналым жүйесінде тұйықталып отырады. Педагогтық істе дидактиканың жақын арада қоятын мақсатын бір айналым мәресінде айқындап отыруды назарда ұстаған жөн. Оның өзі екі топтың төңірегіндегі мақсатты көздейді:

- біліктілік - ғылым негіздерін барлық студенттердің қабылдауы, белгілі бір білікті меңгеруі, сол бағытта олардың икем, дағдысының дамытылуы, тәні мен жанының ғылымнан нәр алуы, рухының қуат нұрына бөленуі, еңбек майданына араласуға дайын болуы, кәсіптік мамандыққа ширауы;

- ізгілікті тәлім - адамгершілігі жағынан жоғары, жан-жақты дамыған дара тұлғалы, ғылыми дүниетанымы бар, гумандық бағыттағы, шығармашылығы ұшқыр, әлеуметтік орны салиқалы студент. Аталған екі мақсаттың іштей қатыстық өлшемі - алғашқысының екіншіге тәуелді болып келуі, міне, бұл - жоғары мектептегі жүйе.

Ең бастысы - біліктілік, адал, ізгі азамат тәрбиелеу, кірпияз, іскер, өздігінен біліктілігі мен ғылыми дүниетанымын дамыта алатын, адами қасиетін өмірде кәдеге жарататын субъектіні сомдау.

Басқа екі көрсеткішті оқыту нәтижесі, ол - оқу үрдісінің соңғы табыстарын айқындаудың құралдары және оның біртұтас жүйесінің динамикасы.

Оқыту көрсеткіштері жайлы бірталай мәселелер туындайды. Олар мыналар: Ол қандай жүйе? Қандай белгілері бар? Қандай бөліктерден тұрады? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін алдымен оқыту процесінің өзіндік табиғатын түсінген дұрыс.

Оқыту процесін жүйе ретінде мінездеу үшін оның жүйесінің динамикасын қадағалау орынды. Оның құрам бөліктерінің өзгерістерге ұшырау процесін байқау абзал. Мұның бәрі дерлік белгілері арқылы нышан береді. Айтылған жүйе - жай жүйе емес. Ол ерекше жүйе - әрекеттестік, ынтымақтастық жүйесі.

Алма Есімбекқызы жоғары мектепте дидактиканың негізін жан-жақты ашып берген. Оның математика пәнінің сипатында шешілуіне ерекше тоқталған. Бұл зерттеу еңбегімізде аталған тұжырымдарды жинақтап, жаңа қоғам үшін құнды екендігін толық құптай отырып, дидактиканың философиялық негізінің ізгілікті рухқа бағытталуының тұтас жүйесінің заңдылықтары мен қағидаларының теориясына тоқталып өткеніміз жөн.

Оқытудың жүйе құрастырушы процесі оқу материалын меңгертудің мақсаты болып табылады (оқыту), оған студент қызметі (оқу) және нәтиже кірігіп біртұтас дидактиканы бернелейді. Мұның өзгерістілігі мен динамикасын бағдарлайтын механизм - басқарудың амал-тәсілдері.



Бұнда оқытудың оқу материалдары сұрыпталып жинақталады, оқыту әдістері топтастырылады, оның құралдары айқындалады (қатысым құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық-матрицалы құралдар, ғылыми-монографиялар, интернеттік жүйе ақпараты және т.б.), оқыту әрекеттестігінің түрлері ұйымдастырылады (ойындар: симпозиум, іскерлік әрекет, ассоциация және т.б.).

Оқыту құралдарының өзара іліктестігі және басқа процестермен байланысы мағынаны ажыратудың бөліктерінің басын құрастырады. Мұнда толық үндестік, сарындастық жүзеге асады. Бұлардың бәрі тұтас дүниеге айналғанда, нәтижеге жетудің нық одақтық, ынтымақтастық педагогикасының маңызын анықтап береді.



Біртұтас дидактиканың негізгі көзі кіріктірілу қасиеті мен макродидактика мен микродидактиканың жалпы үлкен мақсаты ізгіліктің бағытына бағынады. Ізгіліктің моделін бірінші монографияда бергенбіз. Оқытудың үлгісі (дидактикасы) белгілі ғылым нысанында екені ескеріліп, даналардың еңбектеріне парадигма тұрғысында талдау жасалды.

Дидактика нысананында оқыту процесі әрекеттестік, қызмет құбылысы ретінде қарастырылады:



- әрбір әрекет, оқытушы-студент қызметінің Sit - жағдайларын зерделеп, оқыту мақсатын құрастырады және оны студент қабылдайтын дәрежеде кемелденіп толысып отырады;

- жұмысты жоспарлайды, бағдарламасы үнемі өзгерістермен, жаңалықтармен модернизация мүддесіне сәйкестендіріледі, оқыту мазмұны сұрыпталады, мақсаттың нәтижені көздейтін құралдары іріктеледі, әрбір жаңа фрагмент - көріністер түрлі-түрлі тәсілдерге жіктеліп, әр студенттің перцептивті, апперсепселі қабылдау әлеміне үндеседі. Әр тұлғаның интериоризациясын, ішкі бақылау қабілетін іске қосады:

- оқыту операцияларының орындалым қарқыны мен ұтымдылығын бағамдайды, оқытушы мен студенттің оқыту одағының ынтымақтастығын ұштайды (өздігінен дербес жұмыс, жекеше жұмыс, оқылған жаңа дәрістердегі берілген нұсқанамалардың ауқымын қосымша материалдармен толықтырады);

- қайталаным әрекеттестігінің ізденісті-зерттеу пайымына ұласуы, материалдардың маңыздылығын меңгерудегі жұмыстың байқалымы мен өзгеріс динамикасы арқылы бақылау іске асады;

- оқыту нәтижесіне мониторинг деңгейіндегі бағалау, талдау және жинақтау жүйеленеді;

- аудиториядан тыс жұмыстарды өткізу көзделеді.

Оқытудың белгілері.

Оқыту ұғымындағы әрекет оның белгілерімен тығыз байланысты. Белгілі әрекеттің шеңбері мен орындалым бағытын танытады. Оқытудың маңыздылығының белгілерін сипаттайды. Дидактиканың біртұтас жүйесі оқытудың үш функциясын білдіреді: біліми - ғылыми, дамымалы және ізгілікті тәлім.



Біліми - ғылыми белгісі - субъектінің біліктілік қабілетін ғылыми негізде кемелдендірудің кепілі. Осы бағытта студенттің икем, дағдысы ширатылады. Ішкі бақылауы кемелденіп, өзінің өнімді еңбегін шығармашыл бағамға жеткізетін рухы қуат пен күшке толығып отырады.

Мұндай студенттер шаршап-шалдығудың орнына құлпыра, жандана, рухтана, шабыттана, нұрлана түседі. Педагогикада біліктілік түсінісу деңгейінде ажарланады. Жиған білігі мен ғылымының ең ұтымдысын жадына бернелеп орнықтырады, тұрақтандырады. Ол қажет болса, жұлма жадының нәтижесінде қайыра айтып береді (өсімімен).



Ғылым жетістіктерін дәйектілік дәрежесінде жіктеп, ұғымдарға түсініктемелер беріп, теориялық пайым жасап, заңдылықтар мен қағидаларды фактілерге сүйене дәлелдей алады. Меңгерген ұғым -түсініктері мен тұжырым - пайымдарын реттейтін ішкі бақылауы кемелденген (интериоризация) ғалымдардың қорытынды пайымдарымен өзінің ой-мүддесімен қабысады, біліми - ғылыми ілімді жүйелі де ауқымды тұрғыда жинақтай алады, өзінің іс-қимылын саналы деңгейде жүзеге асырады. Негізгі ғылым салаларынан аталған ынтымақтастық оқыту қажеттіліктерін фундаментальды мағлұмнамалармен қанағаттандырады. Берілген және айқындалған жүйе үнемі тәртіптеліп, реттеліп (алгоритмге түсіп), оқытылатын материалдардың көлемін, шартын, біліктілік пен ғылыми қабілеттілігін, құрайтын іскерлігін алдын ала Sіt - жағдайларға үйлестіріп отыруға ықпалын тигізеді.

Дамытушылық - іс-қимылдың белгісі.

Оқытудың бұл процесі оқытудың даму белестерін айқындауға мүмкіндік жасайды. Дамушылық процесі барлық бағыттар арқылы жүзеге асады: тілін дамытады, сөз өнерін ыңғайына қарай ширатады, ойлау қабілетін деңгейлік сапада макроиерархия дәрежесіне бағыттайды, ішкі суретке салар ой сезімдерін әдейі іске қосу (сенсорлы), мұның өзін аффектілі қалыпта жүзеге асыруды көздейді, студенттердің психологиясын табиғи жағдайында қалдырмай, дәріс процесінде экспериментальды байқау амалдарымен ішкі болмысына оңтайлы, жағымды ықпал етеді. Тұлғаның даралық болмысы үнемі өзгерісті бағытқа ынталы болып келеді. Сезімі мен еркіне қажеттілігін жіктеп, оқыту сарынын ажыратады. Дамытпалы процестің белгісі біліктілік пен ғылыми және дамушылықты ішінара байланысты деңгейде қарастырудағы қайшылықтарды жинақтап, оның шешімін дидактиканың философиялық негізіндегі психологиялық мәселелерінен табады.

«Психологияның ең маңызды заңдылығы оқытудың дамуын жүзеге асыру» - деген Л. С. Выготский. Оқытудың даму процесін жүзеге асыру оқу процесінің мазмұны арқылы жүреді, ол оқыту әрекеті болады. Ал тұлғалық сипат тек психология тұрғысында, мұның бәрі ынтымақтастық одақ қоғамдастығында біртұтас жүйе құрайды.



Кезінде, 60-жылдары, Л.В. Занков жас ұландар үшін оқытудың дамытпалы жүйесін құрған. Оның басты қағидалары: оқытудың мазмұнын сұрыптауы, қабылдауға бағытталған әдіс-тәсілдері, тілі, ойлауы, шығармашылық қабілеті, қосымша материалдарды орындау барысындағы көкейкестілікті табуы, қайшылықты шешуі. Бұл тұжырымға үндестікте келетін Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың, Н.А. Менчинскаяның ілімдері. Аталған зерттеу еңбектердің табыстары дидактика нысанасына ерекше құнды нәтиже әкелді:

- ойлау әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы (П.А. Гальперин);



- проблемалы оқытудың әдістері (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер);

- танымдық ойлау белсенділігін арттырудың тәсілі және т.б.;

- қандай ғылым саласы болса да, оның біліми-ғылыми аспектісінен бөліп алмаушылықтың амалы т.б. Мұнан басқа, тәрбиелілік мәні бар. Тәрбиелік мән сол қарастырылатын нысананың ішінен шығады. Оқыту мен оқу процесінде осы тәлімнің ізгілікті пішінін жинақтап алуға ерекше көңіл бөлінеді. Оның парадигмасы заманның өзгерісіне орай құбылып отырады. Тәрбие мен біліктілік арасында заңды байланыс бар. Мұның өзі оқыту және даму процесі сияқты жұптық сапаның көрсеткішінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет