Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


ҚАЗАҚСТАН КӨЛЕМІНДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛІМІ



бет6/17
Дата05.11.2016
өлшемі4,37 Mb.
#728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ҚАЗАҚСТАН КӨЛЕМІНДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛІМІ

Педагогикалық технологияны жүзеге асырудың басты шарты -студенттердің кәсіптік қажеттіліктерінің мәнін танымдық деңгейліктерін, санатын дамыту іс-әрекетінде жүзеге асыру. Жалпы кәсіптік бейімділікке дамытудың барысы жайлы қазақстандық ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып өткеніміз жөн.

Дидактика - оқытудың пәні, нысанасы (оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар, т.б.). Ол оқыту - оқытушыға қатысты әрекет. Екеуінің байланысының нәтижесінде, оку процесі алға жылжып, өнімді еңбекке қол жеткізеді. «Дидактика» деген ұғым біздің ұстанымымызда «үлгілі» деген мәнде қолданылып отыр. Бұл екі мәндегі ұғым «таным» деген ұғымсыз өнімді іске бағдарламайды. Кәсіби деңгейліктерін бір жүйеге ыңғайластырып, соңғы нәтижеге жеткізерлік амалдарды болжаудың қажеттілігін туғызады. Міне, осы мәселені жан-жақты зерттеген Алма Есімбекқызы Әбілқасымова танымдық деңгейліктерді дамытудың әдіснамасын өздігінен орындалатын жұмыстың ең тиімді тұстарын іріктеп алу процесі екендігіне тоқталып өтеді.

• Мұнымен бірге оның өзі оқыту материалдарын ұтымды сұрыптау мен оқу үрдісінің міндеттерін дұрыс талдай білу дәрежесідегі танымдық қызметті дамытудың мүмкіндігіне тоқталады;

• Екіншіден, танымдық қызметті дамытарлық амал-әдістерді даралап-саралап қолданудың мәнін айқындайды;

• Қабылдауға тиісті жекелеген тараулардың барлық жүйесін жинақтап, негізгі маңыздылығын анықтаудың әдіснамасын жіктейді;

• Танымдық қызметтің бағдарламалық негізін құрастырудың заңдылығын дәлелдейді;

• Біліктің әдіснамалық жүйесінің әдістемелік элементтерін оқыту процесінде қолданудың үлгісін қүрастырады;

• Аталған компоненттердің нәтижеге жетуі үшін әр студенттің өз білімін тексеру принциптерін жүйелейді.

Ресейлік ғалымдардың зерттелімдеріне ден койып, танымдық қызмет жайлы тұжырым-түйіндерді екі бағытқа топтастырады.

Көптеген авторлар белсенділікті кызмет, іс-әрекет сапасында қарастырса, ал кейбір ғалымдар оны тұлғаның сипаты ретінде зерттегенін атап өтеді. Сөйтіп, Т.И. Шамованың зерттеу еңбектерінде бұл екі ұғымды бір-бірінен бөліп алып қарастыруға болмайды, ол дидактикалық бірлік дегеніне сілтеме жасайды. Сонымен бірге, В.А. Крутецкийдің барлық ойлау процесі өздігінен жұмыс емес, ал барлық өздігінен жұмыс ойлау процесі емес деген орынды пайымы алынады.

Дидактиканың оқытылу процесі екі түрлі нысанада жіктеледі:

белсенділік;

өздік жұмысты орындау.

• Қажетсіну танымы - жаңа ақпарат пен мәліметтерге қажетсіну.

• Ұдайы ақпарат пен білім жиюға бағыттау, оған өзіңді үйрету -қажетсіну танымының белгісі.

• Қажетсіну танымы - белгілі жағдайға бейімделу міндетіне бағынбайтын әрекет.

• Оқытушы мен студенттің өзара қауымдастық ұжымының ең жағымды эмоциясы мен сүйіспеншілігіне сүйенетін категория. Құрмет Қабдықайров оқытудың жаңа мазмұнының түрі мен оны айқындаудың жолдарын көрсетеді.

Оқытылу процесінің деңгейін арттыруда дидактиканың біртұтас жүйесінің қажеттілігін ерекше атап өтеді. Математика пәнінен дәріс пен семинар-тәжірибешілік, зертхана жұмыстарын өткізу барысында біліктілік пен тәрбиелілік міндеттерді жүзеге асырумен шектеліп қоймай, студенттердің бойындағы бар қасиеттер мен қабілеттіліктерді ашу, оны тәжірибеде орынды қолдана алу мүмкіндігіне қол жеткізу, тек есептерді шығару мәресінде қалмай, комплексті де күрделі, ғылыми-өндірістік, әлеуметтік-психологиялық біліктілік пен дағдыны ширатудың амалдары айқындалып берілген.

Жоғары оқу орнының жаңа тұжырымдамасына парадигмалық бағам жасап, біліктілік модельдің тұлғалық-бағдарламалық сипатынан бастау алуының принциптерін жіктейді.

Талғат Сабыров қазақ тілінде оқыту мен дамытудың психологиялық жақтары мен заңдылықтарын зерттеуге үлкен үлес қосқан психологтарды атап өтеді. Бірақ, қазақ тілінде бұл тақырыпқа бағытталған арнайы ғылыми еңбектердің жоқ екендігіне тоқталады. «Оқыту процесінің негізгі ерекшеліктері - таным процесі» - дей отырып, оқушының білгеннен ілгері жүру қозғалысына мән береді.

Нәтижелі оқуға әсер ететін сыртқы және ішкі күштерге, себеп-салдарға жіктеме мен дәйектемелер береді. Оның басты, негізгі күші түрлі қайшылықтар екендігі айқындалады. Қайшылықтардан педагогикалық міндеттердің туындайтыны анықталады: «Білім мен білім дағдылары мен репродуктивті ойлаудың арасындағы қайшылық» - деп тұжырымдайды.

Досымхан Рахимбек болашақ математика мұғалімін окушылардың логика-методикалық білімдерін жетілдіруді жұмыста дайындауды дидактикалық, әдістемелік зерттеулерге талдау жасап, өз пайымын айқындайды. Соның ішінде, логикалық және методикалық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеруге, окушылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызын сұрыптай алу іскерлігін дамытудың заңдылықтары сараланады. Логикалы пайымды дамытар деген эмпирикалық, дедуктивті және арнайы жаттығулар секілді әдістердің орынды қолданылымы ғана дамытады деген түйінге келеді. Ақыл-ой, іс-әрекетінің екі түрлі жіктемесін ұсынады:

арнаулы (спецификалық) логикалық ақыл-ой;

жалпы логикалық ақыл-ойдың біліктілік негізі.

В.А. Крутецкий іліміндегі оқушылардың ойлау қабілетін дамыту екі категориямен байланысты болатынына тоқталып, оның мәнділік сипатын ашып береді:

жинақталған білімдер қоры;

білім алуға қажетті ойлау операциясын меңгеру.

Хорлан Рахимбек зерттеу еңбегінде химиядан жоғары оқу орнында білік пен ғылым негіздерін әдіснамалық сипатта меңгерудің мақсатын айқындап беруге ерекше тоқталады. Мұнымен бірге зерттелім айналымдарының түрлері мен әдістерін ұсынады:

Проблема Генезис (проблеманын зерртелім тарихы мен шығу түбірін айқындау, туу себептерін ашу, әлеуметтік сипатын жүйелеу, танымдық деңгейліктерін жіктеу) белгілі бір міндет пен мүддені шешуде қабылдаушы субъектінің қызығушылық қызметін ынталандыру міндет-мүдде-мақсатты дұрыс құрастыру шешімін іздеу + зерттеу - пікірталасты айқындау қорытынды + тұжырым жасау.

Мұндай күрделі іс-әрекетті нәтижеге бағдарлауда жоғары оқу орнында химия ғылымы әдістер мен теорияның жиынын кездейсоқ қарастырмайтынына дәйектеме жасап, тараулардың өзара байланыстылық иерархиясының біртұтас жүйесінің заңдылықтары мен принциптерін әдіснама негізінде жіктейді. Сөйтіп, өзара ықпалдастық, өзара жаңа құрылғыны туғызушы әдістер мен ғылыми теориялық бағыттағы өндіріске араласқан шынайы білікті адамның танымдық қызметнің моделін бейнелейді.

Оқытудың ізгілікті нысанасының оқу бағдарламаларын түбірімен қайта құрастыру әрекетіне ықпалын баса алады. Сөйтіп, «оқулық», «оқу пәні» деген ұғымдарға жаңа дүниетаным, парадигма жасаудың кажеттілігін дәделдейді. Еңбекке араласқан адамның ғылыми теориялық белгілі жетекшілік рөлде болу сипатының басымдық мәніне айрықша тоқталады.

Нәтиже мен қоғамда болып жатқан химияға қатысты жағымды, жағымсыз іс-қимылдарға сараптама жасай аларлық шеберлікті студент бойына дарытудың диалектикалық зандылықтары мен принциптерінің экологиялық маңызды мәселеге бағынатынына талдау жасалады. Бұл еңбектің ең ұтымды тұсы - XXI ғасырдың болашақ мамандарының моделін студенттерге мақсаттылықпен меңгерту; ізгілендіру мен эволюциялық қадам жасау танымына химияны ұтымды пайдалану;

Қазақстан Республикасы мен халықаралық білік пен ғылым кеңістігінде жоғары оқу орнындағы меңгерілетін білімдердің бір-біріне ұтымды ықпалдастығын дамыту; соңғы нәтижелі жаңалықтардың ұстанымын, технологиясын оқытудың мазмұнына сіңдіру, енгізу.

Әспет Қағазбаева зерттелімнің теориялық негізін проблемалы оқытудың әдістері мен теориясына қатысты деп есептейді. Бұл ұстанымда автор ресейлік ғалымдардың еңбектерін жүйелеп, әрқайсысының бағытын анықтап береді:

- проблемалы оқытудың теориясы мен әдісін зерттегендер (А.М. Матюшкин, М.И. Махмутов, Ю.М. Колягин, т.б.);

- проблемалы оқытудың жоғары оқу орнындағы теориялық негізін зерттегендер (С.И. Архангельский, А.А. Вербицкий, В.П. Беспалько);

- проблемалы оқытудың теориясын және әдістерін ойын мен модельдеу әрекетінде меңгеруді зерттегендер (Л.С. Выготский, С.Г. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, Б.Г. Ананьев, А.А. Вербицкий, Ф.И. Петерсон, Е.В. Семенова, Н.К. Ахметов және басқалар);

- проблемалы оқытудың теориялық міндетін зерттегендер (С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Г. Балл, Ю.М. Колягин, М.М. Фридман);

- проблемалы оқытудың дидактикалық бірліктерін ірілендіру процесіндегі әдісін зерттегендер (П.М. Эрдиниев, Б.П. Эрдниев).

Ал бүгінгі жоғары оқу орнындағы оқытудың педагогикалық білік пен ғылым меңгертудің біртұтас жүйесінің әдіснамалық негізін зерттеп бергендер (В.П. Беспалько, Л. Клемберг, 3. Ким, В.В. Краевский, Н.В. Кузьмина, Т.С. Садықов, Ю.Г. Татур).

Әспет Қағазбаеваның зерттеу еңбегіндегі басты (біздің еңбегімізге қатысты) ұстаным мыналар:

• Тұлға - субъект - объект (қоғамдық қатынас нәтижесі);

• Тұлға - субъектінің қызметі (А.Н. Леонтьев);

• Тұлға - ішкі жағдайлардың жиыны, өзара ықпалдастық әрекетте бұзылып, қайта құрылып отыратын сипат (С.Л. Рубинштейн):

Жаңғырту - қайталаным деңгейі (1);

Ыңғайлану - бейімделу деңгейі (2);

Модельдеу - пішіндеу деңгейі (3);

а) локальді - модельдеу деңгейі (За);

ә) біртұтастық - модельдеу, іс-әрекет жүйесінің деңгейі (Зә);

б) жүйелі-модельдеу қызметі, іс-әрекеті, қарым-қатынасты деңгейі (3б);

• Қарлығаш Қадашева оқу құрылымының рөлін айқындауға, бағдарламалар мен әдістемелік нұсқаулардың қолданым аясында ғылыми тұжырым құрастырады. И.Ф. Харламовтың зерттеуі бойынша бірнеше дидактикалық заңдылықтарды іріктейді:

- оқытудың гылыми бағыттылығы;

- оқыту процесінде проблема қоя білу; оқытудағы көрнекілік:

- үйренушілердің белсенділігі мен саналығы;

- оқыту материалын ыңғайлау;

- оқытудағы жүйелілік жене сабақтастық;

- оқытудың циклдық өтілімі;

- оқытудағы білім беру, дамыту және тәрбиелілік жұмыстардың бөлігі.

Қорыта айтсақ, аталған докторлық диссертациялардың зерттелім сарынынан дидактиканың біртұтас жүйесін оқыту қызметіне танымдық қажетсіну мәнде қолдану мүмкіндігі толық айқындалған. Еңбектердің басымы нақты пәндер мен жаратылыстану аспектісіне арналған. Ал гуманитарлық пәндерден зерттелімнің жетімсіз екенін байқап отырмыз. Мемлекеттік стандартта берілген «Демеуші білім» (философияның классикалық ілімге негізделуі) мен «Инновациялық білім» жіктемесіне сүйенсек, Қазақстан Республикасы көлеміндегі зерттеуші-ғалымдардың ғаламдық ғылымға қосқан үлес салмағы салиқалы иерархияда екенін аңғарамыз.



ДИДАКТИКАНЫҢ БІРТҰТАС ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕГЕН РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫ
Жоғары оқу орнында оқыту дидактикалық біртұтас жүйесін жеке бір ұлттың деңгейінде зерттеп, одан белгілі бір нәтиже күту орынсыз.

Жалпы интегралдау заңдылығын жүзеге асырудың бір амалы -іргелес және қашық елдердегі ілгерішіл мұраттар мен инновациялы ғылым жетістіктерін шұғыл меңгеру.

Мұндай мүмкіндіктер кешегі кеңістікте де жүзеге асқаны белгілі. Барлық бүгінгі жетістіктің негізі кешегі Чехтың педагогы Я.А. Коменскийден бері келе жатқан «Демеуші білім» жүйесінің негізін қалайды. Әлі де болсын дидактиканың бастау алған құрылғысы бүгінгі күнге дейін нәтиже беруге нысана екені назарда болып келеді.

Бүгінгі таңда көбінесе сыни көзбен қараудың негізгі нысанасына айналған тоталитарлық жүйеде зарттелген педагогика ғылымының ілгерішіл-озық жақтары демеуші және инновация деңгейіне жауап беріп келгеніне және болашақта оның көмегінің болатынына күмән жоқ. Топтамамен алсақ, кеңестік дәуірдегі оқыту дидактикалық біртұтас жүйесінің басты компоненттері жеке-дара сұрыпталып берілді:

- әдіснама мен зерттелімнің әдістерінің проблемасы;

- студентгердің ойлау қабілетін арттырудың проблемасы;

- басты буындар мен маңызды нүктелерді оқыту нысанасынан жинақтап алу проблемасы;

- бүгінгі кеңістікке сай адамды тәрбиелеудің проблемасы;

- жоғары оқу орнында жаңа мүдде-мүраты мен әдістерінін проблемасы;

- педагогика тарихындағы теориялық-әдіснамалық мәселенің зерттелу проблемасы;

педагогиканың ең маңызды мәселелерін боліп алудын проблемасы;

- студенттердің оқу қызметін арттырудың диалектикалық негіздерін құрудың проблемасы;

- кеңес мектептеріне кәсіптік даярлыққа әзірлеуде ұстаздың Тұлғалық болмысын қатынастырудың проблемасы;

- Жүйелі қүрылғы мен теорияның жүйелілік заңдылығын ескерудің проблемасы;

- Психологиялық және педагогикалық тұрғыда әдістерді қолданудың сандық көрсеткішін сапаға аударудың проблемасы. Міне, бұл - сонау кеңестік дәуірдегі (жуыр арада болған өткен шақ) зерттелген мәселелер.

Аталған жіктемемен берілген проблеманың негізгі қарастырғаны - оқытылатын материал.

Егер саяси ағымға қатысы бар тұстарын алып тастап, назарға алмасақ, жоғарыдағы проблемалардың шешімін + П.Р. Атутов, М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовской редакциясымен жарық көрген ғылыми еңбектен таба аламыз. Бұл еңбекте алдымен педагогика ілімін дамытудың бағыты айқындалады:

- зерттелім деңгейінің теориялық құнын арттыру ғылыми біліктің біртұтас жүйесін көздейтін педагогика;

- дидактика нысанасы пәнін интегралдап, саралайтын, басқа ғылымдардың өзара байланысын жүзеге асыратын педагогика;

- зерттелімнің әдіснамалық сапасының өсімі мен өнімін іс-әрекетке әкелетін педагогика;

- терминдер мен ұғымдарды байытатын, нақтылайтын, жүйелейтін педагогика.

Бұл бағыттарды жүзеге асыру процесінде мынандай мәселелерді ескеруді ұсынады:

- ізгілікті және нәтижелі ғылым жетістіктерін меңгеруді;

- теориялық тұғырнамаға негізделген ұстанымды игеруді;

- әр субъектінің өз ісіне зерттелім жасай білу шеберлігін дамытуды;

- білімді жинақтау және талдауды;

- заттық және рухани мәндегі мәселелерді ажырата алуды;

- пәнішілік байланысты басқа ғылымдардағы жетістіктермен қоса білуді, ассимиляция заңдылығын меңгеруді;

- «табиғат - қоғам - адам» қарым-қатынасын пән ішіндегі заңдылықтарға негіздей алу шеберлігін ұштауды;

- интегралдап оқытудың жүйесін интенсив жүйесіне негіздеуді;

- теорияның жалпы және жалқы сипатын жіктей білуді;

- әрбір тарауда берілген мемлекеттік стандарттағы тезаурустың мәнін - баламасын түсініп, тәжірибеде қолдануды;

- жеке тұлғаның түсінігін танымдық қызметтің белсенділігі мен шығармашылық т.б. сипатына жіктеуді:

1) иллюстрацияны көрсету арқылы (жаңғырту);

2) дерексіз ұғымдарды қабылдау арқылы;

3) таным және танымдық қызметті өздігінен жұмыс жүргізу нәтижесінде дамыту арқылы.

Бұл ойды одан әрі дамытып бағамдасақ, таным жайлы көптеген зерттелімнің құрылымы мен мазмұнына тоқталып өткеніміз жөн. Танымдық қызметті бірде оқу процесіне қатысты десек, бірде Тұлғаның сипаты деген деңгейде қабылдадық. Осы пайымдардың қаншалықты маңызды ұстанымда екенін дәлелдеу үшін таным жайлы зерттелімдердің тұжырымдарын жинақтап, ой қорыту қажеттілігінің туғанын аңғарамыз.
Эвристикалы әдіс - танымдық қызметтің нәтижеге бағдарлауының кепілі
Эвристика бүгінгі технология процесінде алғашқы басқыштық рөл атқарып келді. Көбінесе, мемлекеттік деңгейден кейін іле-шала екінші деңгейдің атауы эвристика деп аталады.

Эвристика (грек сөзі - ізденім, амалын табу) - ғылыми, әдеби, әлеуметтік, т.б. мәтіндермен жұмыс жүргізудің әдісі. Оқыту дидактикалық біртұтас жүйесін жүзеге асырудың бастау көзі осы әдісте екенін ескерген абзал. Эвристикалы әдіс - міндетті, мүддені екшеудің қысқа жолы. Танымдылық, дәйектілік ережені сол қалпында меңгеруге қол жеткізеді.

Әсіресе, адасу әрекетінен (лабиринтті), семанитикалы - құрылым мен нысаналар арасындағы қатысымды семантикалы танымда ауысуына мүмкіндік туғызады. Эвристика бір жағынан физиологиямен, екінші жағынан психологиямен, үшінші жағынан лингвистикалы филологиямен ақпараттық жүйемен тығыз байланысты.

Эвристикалы әдістің негізгі құрылымы төмендегйдей:

- ес;

- түсініп талдау;



- белгілі тұжырымды өзінің іс-әрекетіне аудару;

- қолданым;

- талдау;

- жинақтау;

- бағалау;

- толғанысқа түсу.

Нәтижеге бағдар жасайтын үш фазасы бар:

- қызығушылықты ояту;

- мағынаны ажырату;

- толғанысқа түсу, соңғы нәтижені сараптамадан өткізу.



Эвристикалы әдісті пайдалану барысында студентке даяр тұжырымды меңгертумен шектелмеу жағын қарастырған дұрыс. Әр студент эвристикалы әдіс арқылы эвристикалы тұжырым жасап, екінші деңгейдің қатарына қосылады. Эвристикалы әдісті қолдану процесінде белгілі бір дидактикалық нысанадағы автор көздеген мүдде-мұратты аудырмай табуға жағдай жасалады. Сол себепті I, II, III курс студенттерімен семинар-тәжірибешілік сабақтарды ұйымдастыру барысында оқытушы алдын-ала эвристикалы әдіспен талдап, кіші компоненттер жүйесін эвристикалы сұрақтарға сұрыптап, біртұтас ірі мәселенің басын жиып беретін кіші жүйелердің өзара бірлігін құрастыруға Sit қолайлы жағдай туады. Студенттің әрекеті мен деңгейінің өнімі межеленіп отырады. Мұндай өлшемділік әр дидактикалық нысананың ішінен туады. Сол себепті зерттеу әдісінің ең алғашқы кадамы болып есептелетін эвристика әдісін кез-келген материалдарға, оқу нысанына пайдалана беру деген ойдан аулақпыз. Бұл әдіс жаңғырту әдісінен гөрі әлдеқайда күрделі, бірақ шығармашылық мен ізденімпаздық әрекеттерге қарағанда солғындау, әлсіз. Зерттеу әдісінің екінші буыны проблемалы сұрақ қоя білу, немесе проблемалы әдіс эвристика әдісін меңгермегендерге түсініксіз болып келеді. Сондыктан барлық ізденісті - зерттеу әрекетіне қатысы бар әдістердің шоғырын алсаң, ең алғашқысы - эвристика.
Өлшемдік пен тапсырманың межесі

«Ә» - әдіс, «Д» деңгейлік

1. Таңдап алған әдістердің пішімсіздігі.

2. Жағдайлардың нәтижеге бағдарланбауы.

3. Уақытты ұтымды пайдаланбау.

Аталған үш көкейкесті қайшылық - аналитикалық тәсілге тірек, міне, осы қайшылықтарды шешу үшін эвристикалы әдіс танымдық қызмет атқарады.


Эвристикалы әдістің негізгі заңдылықтары:

1. Мақсат пен міндеттерін автор көздеген жағдайға құру, айқындау. Мақсатқа қатысты міндеттер шешіледі.

2. Оқытудың мазмұны. Бұл алынатын нысанның негізгі буындары мен оқиға иірімдері және кейіпкерлер, қаһармандар арасындағы қатысым құбылыстарына бағынады.

3. Әлеуметтік сипат, психологиялық адамгершілік қасиеті, шығарманың көркемдік қуаты. Студенттердің ұғымына үндесетіндей дәрежеге келеді.

4. Ұғымның деңгейін қалыптасгыру (құбылмалы, ырғақпен, яғни, әр студентке ыңғайлы тапсырма әзірлеу).

5. Жеке тұлғаның ерекшелігін ескеру.

6. Оқудың жағдайы.

7. Оқу құралдары.

8. Оқу мерзімі, уақыты.

9. Оқудың ықтимал нәтижесі.

Қорыта айтсақ, эвристикалы әдіс - белсенділік пен ізденімпаздық қабілеттілікті дамытудын қозғаушы күші.



Оқытудың дидактикалық біртұтас жүйесінің технологиялық картасы (эвристика әдісімен)


Дәрістің міндетін

сұрыптау:

- нені қарастырады?

- Қалай пайда

болды?

- Қалай



қолданылады?

• Оқытудың стиліне

ықпалы

• оқытудың анализі



• оқытудың жаңалық

ретінде қабылдануы

• оқытушы-

басқарушы

• өзара талдау
• қарым-қатынас

рөлі
• оқытудың мәні

• қауымдық іс-

әрекеті


• анализ жіктемесі

• графиктік анализ

• лингво-филогендік

• тұлғалық қабілет

• оқыту стилі



о м с

қ ү т

ы м у

т к д

у і е

н н

п д т

р і т

о г і

ц і ң

е

с б

і і

н л

і і

ң к

т

і

б л

і і

л к

і

м е

и р

е

к

ғ ш

ы е

л л

ы і

м г

и і

• тіл

• таным, әлеумет

• таным – пән

арқылы

• сезім – оқуға

қатысты


психоторлы икем,

қабілетіне қарай

оқыту

• даму және оқыту



араласу, оқытуды

күшейту


• қабілетті бағалау

• оқу пәнін заңға

негіздеу

• машықтық пен қабілетті ширету

• проблеманың

шешілімі


• оқытуды бағалау-

рейтинг


мониторинг

• тіл және оқыту

• ұжымның топқа

ықпалы


• жетістік, кемшілік

Студентті оқыту



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет