Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку



бет9/17
Дата05.11.2016
өлшемі4,37 Mb.
#728
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Ғарыштық деңгей

іштей Дәрісті меңгеру сырттай


іштей Қабылдау сырттай

(студент+оқытушы)

Құрал амал-жол

іштей Бұрынғы білік пен сырттай

ғылым

іштей Бақылау сырттай



іштей Кәсіптік мамандыққа сырттай

ыңғайланған

іштей Басқару сырттай

іштей Айтып беру мен ойдың сырттай

қорытындысы

Тұжырым жасау

Ойшыл даналарымыздың тұжырымына, «Демеуші білімге», жаңа әдіснаманы, былайша айтқанда, «Инновациялық білімді» қостық. Екеуінің әдемі үндестігінен эзотерикалық деңгей туады, яғни көпшілік аңғара бермейтін құбылыстар мен процестер, заңдылықтар мен принциптер айқындалатын жағдай жасалады.

А. Құнанбаевтың 38-қара сөзінде эзотерикалық деңгейдің құрылым-жүйесін төмендегіше айқындап береді:

Үлесіне тон тигендер = жәуанмәрттер,

Үлесіне жан мен тән тигендер = магрифаттар,

Үлесіне тән + жан + сезім тигендер = әулиелер,

Үлесіне жан + тән + сезім + мағына тигендер = пайғамбарлар.

Абай Құнанбаев жақсы сезім (хауас) тән саулығы, талап дегендерден махаббат өмірдегі барлық заттарға махаббат туады деген.

Эзотериканың жауы – пендешілікке жол беру

(Пендешілік тұрған жерде ғылым жоқ)
Пендешілік

Шыдамсыздық




Құдіретті мойындамаушылық




Пайдакүнемділік




Көреалмаушылық




Сенбеушілік




Кекшілдік



Өзімшілдік




Өркөкіректік




Еңбегі сіңбеген жерден өнім алу



Тапқан табыстан көп шығын шығару



ДИДАКТИКАНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗІНДЕГІ ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Пендешілікке үйір адамның ойлау қабілеті - алыс болашақтың болжамын жасауға кедергі.

Бала кезімізде елдің діни - ғылыми пайымды ұстанған ақсақал аталарымыз бір зиялы адам жайлы әңгіме айтқан сәтте: «Ол - жеті қабат аспан әлемінің білімі мен жеті қабат жер астының оқуын меңгерген» дегенін талай естіп өскен едік. Оның мәнін сұрайтын бала кезімізде қажеттілік пен ой-өріс болмады. Неге бұл тұжырымға ерекше тоқталып отырмыз? Себебі, Алан Леоның эзотерикалық астрология жайлы еңбегінде осы екі кеңістік адамның ойлау пайымының деңгейін шамалауына тигізер пайдасының мол екенін ұғып, қасиетті бабаларымыздың соншалықты парасатты, зиялы біліктері мен ғылыми пайымдарының алдында бас иеміз. Міне, осы арада Қожа Ахмет Иассауидің сегіз сипаттағы дамыған зиялы адамның әрекеті еріксіз еске оралады. Олар - Тәубашылық, Ғибаташылық, Махаббат, Сабырлық, Шүкіршілік, Ризашылық, Заһидшілік (анықтық), Алланың алдындағы Ғаріптік. Өзіңді Жаратушы Ие, Құдай, Аллаға Уәжіп, парыздарды орындаудың алғы шарты - білім, ғылым жию. Сонда ғана адамның өмір сүруінде бір мән-мағына болып, Алланы сүю, Адамзатты сүю, Әділдікті сүю (Абай Құнанбайұлының «Имани гүл» де осы) деңгейінен көрінері сөзсіз. Міне, Алан Леоның ғылыми-зерттеу еңбегіндегі шығыстық, түркілік филрософияның эзотерикалық теориясы біздің қазақ жұртының кішкентай аулында болған. Неміс жұртының өкілі Герольд Бельгердің аядай ауылдан эзотерикалық деңгейге көтерілуіне аталған ел ақсақалдарының жағымды ьқпалының болғаны даусыз. Өйткені, бұл ұстанымда ұлттық сипаттан ғаламдық сипаты басым. Осыдан шығар корытындымыз - философияшыл ұстанымдағы ақын-жырауларымыз, бәйіт жанрын өмірге әкелген ғұлама бабаларымыз ақын-жыраулық деңгейде қалмаған, олар - эзотерикалық деңгейдегі ғаламдық біртуар Тұлғалар. Олардың еңбектері - тек қазақ халқы үшін емес, бүкіл жер планетасының ұлттары мен халықтарына Рух дарытар Рухани нәр. Бұл тұжырымды дәлелдеу үшін Алан Леоның ғылыми пайымдауына үңіліп көрелік. Назар аударыңыз, автор эзотерикалық астрологияның таңбаларына ден қойып, мән бергенін қалайды. Бұл - автордың өзіне Құдіретген тиер сауабы, Күннің Нұры.

Алдымен аспан таңбасының тірегі астрологияның эзотерикалық ауданының бір бөлшегі - адамның маңызын айқындайтын ғылымы. Адамзат ешкімге, ештеңеге тәуелсіздігінің барлығын дәлелдеуге ынталануы нәтижесінде негізгі қағидалар жасап алады. Аталған қағидалар - тек сол ортаға ғана тән. Осы қағидалар мен заңдылықтардың негізі әуел бастан аспан денесінің, қабатының ықпалынан туғандығын мойындауға ынталануы.

Әр адамның жұлдызшасындағы таңбаларға адамдар ерекше назар аударып, оны өз бойында ұстауға ықыластануы, себебі әрбір ішкі астрологиялық символдар ішкі қалыпты дұрыс сақтауына кепілдік береді.



Егер шеңберді алсақ, бұзылмас бірліктің белгісін танытады. Құдірет тарапынан қарастырсақ, ол абсолюттік белгіні білдіреді, атап айтсақ, заттық-руханилық сапаның бірігіп кетуінің салдарынан не зұлымдық, не ізгілік нышанына айналады. Сонда адамзат планетасында Зұлымдық пен Ізгілік тайталаса, жағаласа қабаттасып өмір сүреді. Дәл осы сәтте аталған монографияда берілген данышпан бабаларымыздың еңбектерінің маңыздылығы Зұлымдық пен Ізгілікті сапаның мәнін анықтап беру және адам баласына Құт, Бақ әкелетін Ізгілікті ұстанымға өзіңді бағдарлап отыру тегеурінінің қажеттілігін дарытуы. Бұдан да біздер Алан Леоның бүгінгі айтып огырған эзотерикалық кеңістігін бабаларымыздың V ғ. айтып кеткеніне көзіміз жетеді. Алан Лео да оны жасырып отырған жоқ. Өзінің ашып отырған ғылыми жаңалығының негізін, генезисін жасап берген ғұндар екеніне дәйекті пайымдар жасап берген. Шеңбер белгісі - шексіздік. Ол миға сыйымсыз «Адамның басы - Алланың добы» деген фразеологиялық тіркес те осы оймен орайлас. Символиканың Құдіретке керегі жоқ. Өйткені, жаратушы Ие шексіз. Ал символика адамның өз өмірін Бақ пен Құтқа тегеуріндеп қоюы үшін өзінің Тұғырының басым болуы үшін қажет. Надан адамдарға символдардың қажеті жоқ. Себебі оның қажеттілігіне деңгейі жетпейді. Осы еңбекті оқып отырған адам өткен тарихымызға үңіліп қараса, символика үкіметтің қай кеңістігі мен саясатында да өмір сүргеніне көзі жеткенін ескереміз. Символ - қазақ елінде дамыған атрибут. Әр адамның жұлдызына сай, әр рудың өзіне сай, әр тайпаның, әр өңірдің өзіне сай таңба-символдары болғаны өткен өмірден белгілі. Бұл тегін емес. Міне, Алан Леоның зерттеуіндегі түйін осы. Қорытындысы - Күннің Нұры әлемнің үстінен Бірлікке үндеуші. Барлық планеталарға Құдай болған Күннің сәулесінсіз тіршілік жоқ. Олай болса, шеңбер -тіршіліктің тынысы. Егер тіршілік төрт қабаттан тұрады десек, біріншісі - эфирлі (жер), екіншісі - ғарыштық, үшіншісі - ментальді, ең биігі - Күннің Нұры. Әлемнің төрт бұрышы, төрт құбылысы (Жүсіп Баласағұн ілімінен таныс) шеңберге бағынады. Ол - Күн. Бұл шеңберді екіге бөлсек, бір жағында зат, бұл - экзотерика, бір жағында- рух, бұл - эзотерика. Сол сезімнің бір жағы зұлымдық, баю, заттық нәрселерге құштарлық-құмарлықтың өсуі - нәпсіні тізгінсіз жіберумен бара-бар. Бар адамның ақыл-ойымен межелесек, онда бұл жағы - мен өзіммін, екінші жағы мен емес, жоғарыда бір Құдірет мәні басқарады дейтін түжырымға келу. Әрине, екінші мәреге жету, кемелдену - күрделі құбылыс. Екінші қабат пен кеңістікке ынталанған субъекті үшін заттық нәрселер түк еместігі, оның құндылық жоқ болғанымен, екіншіге жеткен адамның оған зәру болмайтыны парадокс, таң қаларлық жәйт. Адам ғаламдық шыңға жетті, ол үшін заттық құндылық ләззат болмаса да, оған ол кенеліп жүреді. Міне, ойы шалымды емес, хайуандық, сәбилік, ессіздік, жарым ес басқыштарынан аса алмаған адам заттық байлыққа да жарымай өтері дәлелденген. Дана бабаларымыз бен ғаламдық даналар бұл пайым-тұжырымдарды өз еңбектерінде айқындап берген. Бұған монографияда тоқталып өткенбіз. Ойымызды Алан Леоның тұжырымымен жалғастырамыз.

Адам сипатында аталған шеңберді қарастырып көрсек, бір жағы-денесі, екінші бөлігі жаны, сөйтіп атрибут екеуін жалғастырып тұрады. Планетаның адамға қатысты ықпалы тұрғысында бағамдасақ, бірі - Күні (Күн), бірі - Түні (Ай). Олай болса, күн мен түннен қалай қашып құтыла алмасақ, адамның басына түсер қуаныш сәулесі мен қайғы дағынан, қаралы сәттерінен құтылу да мүмкін еместігін ұғуы. Ақиқатты, мұндай диалектикалық заңдылықтарды түсінген адам қуаныш пен қайғыға болаттай берік, екеуін тең ұстап шыдам-төзім көрсетеді. Қайғыға төзу ғана емес, қуанышты ұстап тұру үшін шыдам, өзінің эмоциясын басу үшін парасат керектігін түсінуі.

Бұл - Күннің Нұрынан адамның қуанышының болуы, Түннің Қаратүнегінен адамның қайғы-қасіретінің болуы. Сөйтіп, геометриялық, тригонометриялық әр түрлі сызықтардың бәрі дерлік шеңбердін сынықтары, ол сынықтар қосылып, біріккенде ғана шеңбер шықпақ. Шеңбер шығуы үшін тағы да айтарымыз тәнге жан үй болып, рухты дамыту көзделеді. Бұған да біздер монографияда толық тоқталғанбыз.

Мәселен, мұсылман қашатын крест, адамның омыртқасы мен иығы, басы, бірақ оның жан-жанындағы өрісі шеңберге апарады. Сол себепті Рухтың зерттеуші - ғұлама пайғамбарлары осы мәнде қарастырған. Олай болса, христиан өткен шақтың діни ұғымы мен тұжырымы да, жартылай шеңбер мен шеңбер атрибутын үйінен бастап, басқа іс-қимылға батыл енгізген мұсылман дінінің прогрессивті ғылыми тұжырым екеніне кім дау айтады. Біз мұсылман болғандықтан, ерекше культ жасап тұрғанымыз жоқ. Бірақ, атрибут бірінші емес, ғаламды билеуші Құдіретті Алла дейміз бе, Вселенная дейміз бе, Бог дейміз бе (бұл әр халықтың танымындағы ұғымдық атаулары), міне, сол шексіздік - бірінші. Бұны үнемі еске сақтап жүрген абзал. Сонда ғана жолыңыз даусыз болады. Біздің қазақ әдебиетіндегі С. Торайғыров шығармашылығындағы «Кім жазықты?», «Адасқандар», «Айтыс» т.б. атаулар осы тұжырым -философиядан туған. Бұл - эзотерикалық пайым. Егер жер планетасы өзінің өсінен айналса, адам да өзінің Жүрек Нұрынан, қозғалыс-қуатынан «айналып» тіршілік қамын оңтайлы жүргізеді дегенге саяды.

Эзотерикалық астрология дейді Алан Лео - адам маңыздылығын айқындайтын символдық рөлмен шектеліп қоймай, оның философиялық құпиясы табиғаттың ықпалына бағынысты екенін мойындауы. Сонда ғана адам өзінің өмір сүруіндегі табиғат заңдылықтарының жүйесімен оның бір бөлшегі өзі және мұның бәрі дерлік біртұтас әлем деген пайымға келуі. Жоғары мектеп деген теория - жоғары оқу орны ғана емес, әр адамның шығар жоғары мектебінің кеңістігі бар екенін ұғуы. Олай болса: «Дәл осы пайымға апара алмайтын, кейбір шектеулі ұғымда қалып қойған, экзотерикадан аспайтын жоғары оқу орнының пайдасы қандай?» - деген заңды сұрақ туары сөзсіз. Әр оқытушы-профессор өзінің Алла алдындағы эзотерикалық жауаптылығын ойлауы осындай философиядан туады. Кейбір ғалымдар ғылымның өте төменгі қабат пен кеңістікке арналатыны, төменде қалған экзотерикалық пенделер мен пақырларды аяғандықтан емес, олардың өздерінің мүмкіндіктері сол. Эзотерика - қол жетпес Күннің Нұры, оған жету үшін көптеген нәпсінің «құлқынын аш қалдырып», «белін сындыруы» көзделеді. Сол себепті көп еңбектің бір түйіні ретінде дана Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мына бір асыл өсиетін еске салып кетелік:

Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ,

Міне қалса, желгізбей, жортқызбай бақ.

Өз-өзіңді бағуға көп ол керек,

Көз соңынан көңілді ерткізбей бақ...

Денесі өлгенімен, рухының бақилық болу сипатына бұдан артық бағаны келтіру қиын. Эзотерикалық деңгейдің шыңына жеткен Мәшһүр-Жүсіп данышпанның өсиетнамасы мәңгілікке кеткеніне ешкім күмәнданбайтын шығар. Алан Лео мен Мәшһүр-Жүсіптің үндестігін байқаймыз.

Күннің Нұры - адам рухының символынан артық туған құбылыс. Күннің әлемі - Күн Нұрының жүрегі. Планеталар - ғаламдық планеталар. Мұны білмегендер - надандық кеңістікте қалатындар. Ғаламдық деңгейді қамтамасыз етер бұлақтың көзі – планеталар, адамның рухы мен жанының бастауы. Бұл - үлкен Рухтың иерархиясы. Әрбір табиғаттың аймағы - кішкентай рухтардың көзі. Мәселен, Сатурн - минералдардың көзі, Юпитер мен Ай өсімдіктердің көзі, Марс - адамдар мен хайуанаттардың көзі. Ал барлығының Патшасы - бірліктік сапаның иесі, рухымыздың иссі Құдірет, барлық кіші ақыл-ойдың Гиганты Титаны - Құдірет. Алланың, Құдіреттің заңы тек сыртқы және ішкі құпия қозғаушы күш, ол көзге көрінбейтін дерексіз ұғым, сипат. Бірақ, адамның одан Мейір, Нұр алуына мүмкіндігі бар. Ол - физика мен химия, астрология ілімдерінің зиялы заңдылықтарын қасиетті Тіл құралы арқылы меңгерілуі деген сөз.

Қорыта айтсақ, барлық жиған біліміміз біреу үшін емес, біреуге демонстрация жасау үшін емес, жеңіл бедел жию үшін емес, әр адамның Тұғырының берік болып, Бағы мен Құтының Алланың Нұрынан құрылуы үшін екенін мойындау.

Міне, бұл тұжырым да әрбір білім саласы мен ғылым жүйесін макротұтастықта, философияның негізінде, экзотерикалық теория саласында қабылдауға ынталандырады.
Эфирлі қабаттан ментальды қабатқа жетудің амалы
Әрбір маңызды деген әлемнің екі қыры бар: рухани және заттық, ақиқаты және жалғаны, біздің өмір сүріп отырған әлеміміз екі жақты, екі қырлы сипаттан тұрады. Күн және түн құбылысының өзінен қарама-қайшылықты аңғарып, екі қырлы әлемнің кеңістігін түйсінеміз. Күн жерден өзінің Нұры мен Мейірін аямайды. Бір сөзбен айтқанда, табиғаттағы бар көрініс пен процестер, құбылыс пен заңдылықтар адам өміріне де жат емес. Құдіретті макроәлем десек, оның бір бөлшегі адам – микроәлем. Адам өзін бәрінен үлкенмін деп сезінгенде, көзіне көрінбейтін ядро, атом т.б. физикалық, астрономиялық аспектілер микрокосмос деңгейінде қабылданады. Сол себепті танымдық қабаттар әр адамның ішкі мүмкіндіктеріне бағынысты.

Ағылшын жұртының атақты астрологы Алан Лео эзотерикалық астрология деген ғылыми тұжырымында аспан әлемі мен жердің ара қатысының адам санасына ықпалының мәні айқындалып берілген.

Бұл еңбектің жоғары мектепте, оқу орнында оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесіне қатысы қандай? - деген заңды сауалдың туары сөзсіз. Жалпы жоғары мектеп ұғымы тек жоғары оқу орны емес. Себебі әр адамның өзінің ішкі біліми-ғылыми мүмкіндігін жоғары мектеп дәрежесіне жеткізу процесі бар екендігіне ден қоюдың қажеттілігі туып отыр. Әрине, барша адамзат мұндай дәрежеге, кемел пайымға, өзін дамытуға бағдар жасады деу қиын. Міне, ең қайшылықты да күрделі, өзекті мәселе осындай мәреге жетпеуден пайда болды. Барлық еңбегімізде адам деңгейліктеріне ой жүгіртіп, ғаламдық, этностық данагөй данышпан философтардың ой-түйіндеріне тоқталып өткендегі қорытынды тұжырым не? - десек, ол деңгейліктерді схемалық сипатқа шақтамау дегенді айтар едік. Адамның деңгейі жеті қабат аспанның табиғи күйіне тәуелді. Олай болса, барлық шығыстық, түркілік ғылыми тұжырымдарда ең жоғары деңгей - Күннің Нұрына бөлену деген өлшеммен межеленсе, ең төменгі деңгей хайуандық, ессіздік, жарым ес өлшемімен келеді. Мұндай тұжырымдарды Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шал Құлекеұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, т.б. зиялы данышпандардың еңбектерінен байқаймыз. Осындай пайымға аталған бабаларымыздың келуінің сыры - сонау ғұн заманынан бері екендігіне зерттеуден көзіміз жеткен секілді. Оған жауапты Алан Лео түбегейлі зерделілікпен береді. Нақтылап айтсақ, мынандай құнды тұжырымдарды аламыз:

- астрологтардың пайымдауынша, адам өзінің деңгейін, мүмкіндігін екі қырлы сипатта көрсетеді, олар - экзотерикалық, эзотерикалық;

- эзотерикалық астрология тек аспан зерттеушілеріне ғана керек емес, әрбір дамушы субъектіге қажетті сипат;

- эзотерикалық сипат адамның дерексіз кейпі, ол - өте нәзік қабаттан тұратын философиялық және ішкі құндылығының көзі;

- экзотерикалық астрология - тек өзінің тәжірибесіне сүйенетін сипат, бұл таза сыртқы сурет, көрініс, нышан;

- дамушылықтың шарықтау шегіне жетемін деушілер үшін бұл екі сипат қатарымен құнды;

- эзотерикалық теорияның өзі - астрологияны барлық планеталардың құбылыс бірлігі ретінде қабылдаудың деңгейі;

- экзотерикалық астрология аталған бірліктерді жеке-жеке бөліп қараушылық деңгейінде;

- бұл философиялық тұжырымның жалпы орталығы, шығу көзі - Күн планетасы, барлық тіршіліктің қуат алар бастау көзі – Күннің Сәулесі, Нұры;

- Күннен қолдау алған тіршілік жеті планета арқылы төмен түседі, жеті планета арқылы жоғары көтеріледі;

- осы кейіпте адам процесінен өтуі керек;

- жеті қабат аспан әлемнің планетасы адамның биофизиологиялық даму өрісіне тікелей ықпал жасайды, тіректік қызмет атқарады;

- адамдардың жұлдызшасы от, ауа, су, жер немесе эфир секілді табиғаттың құбылыстарына жіктеледі, бұл тегін емес;

- адамның ойлау қабілеті табиғаттағы эзотерикалық астрологияны тануға жетпей келеді (А. Құнанбайұлы, 38-сөз).

Қорытындылай айтсақ, экзотерикалық деңгей эфирлі деңгей, бұлар - пенделер. Абай тілімен айтсақ, жаны тәніне бағынып, тәні жанына үй болғандар. Алан Лео тұжырымында да дәл осы ұғым бар.

Ал эзотерикалық деңгей пенделерден өте жоғары. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Үш рет сөз» өлеңіндегі көрмейтінді көретін, көретінді көрмейтін, еститінді естімейтін, естімейтінді еститін, миына тоқитын ойды тоқымайтын, тоқымайтын ойды тоқиды деген пенделеріне қарама-қайшы сипат екендігін аңғарған дұрыс. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің данышпандық ойы - эзотерикалық астрологияны түсінуі, дамытуы, көптеген ішкі құндылықтың өз бойында құпия болып кетуі.

Экзотерикалық деңгей - жұрттан көргенімен, өзінің келген жерімен, тәжірибесімен шектелу. Біздің бүгінгі тілімізбен айтсақ, репродуктивті (қайталаным), баяндау, әңгімелеу, сұрақ жауап сияқты татымсыз іс-әрекеттен аспаушылық. Бұндай адамдарда өзіндік ұстаным, парық, тұжырым, көзқарас, дүниетаным болмайды. Құлдық психология - приоритет. Ал эзотерикалық деңгейлерде біртұтастық пайым қалыптасып қоймайды, ол үнемі жаңа философиялық тұжырымдармен бұзылып, түбірімен өзгеріп, бұрынғы түйген тұжырымынан бас тартып, жаңаша ойлауға, дерексіз құбылыстарды қабылдауға, күрделі ой-түйіндерді қорытуға, біліми - ғылыми дүниетанымын шексіз дамытуға ынталы субъекті.

Абай тілімен айтсақ, жаны тәніне үй болып, оған сезім мен мағына қосылып, пайғамбарлық дәрежеге ұмтылады. Алан Леоның тұжырымы өзіміздің даналардың құнды ой-тұжырымдарының біліми - ғылыми сипатын анықтай түсуге көмектеседі. Мұны түсінбесек, дидактиканың мәні жоқ.

Жоғары мектепте оқытудың біртұтас жүйесін құрудың негізгі маңызы әр маманның өз саласының теориясынан сыртқы және ішкі құрылған сұлбасын жасай білу шеберлігінен тұрады. Маңыздылықты айқындау қызметі әр тараудың ішкі-сыртқы мақсаты мен міндеттерін сұрыптаудан екені ескеріледі. Мақсаттың өзін қайшылықты сипатта алып, оның шешілуін күні бұрын күтілетін нәтиже сапасында беру көзделеді.

Оқытушы-профессорлар білімнің дидактикалық мақсатын шешу процесінде барлық ауқымды алаңдарды жинақтап алу мәнісін ерекше қарастырады (танымына, қарым-қатынасына, коммуникативіне, даму деңгейіне, толғаныс-тұжырымына, пайым-бағамына, ішкі-сыртқы қабілеттілігіне). Мұның өзі барлық студенттердің толық білім мен ғылым меңгеруіне қолайлы жағдай туғызу әрекетінен туындайды. Мақсаттылық қызметі макромақсаттың ең кемі екі, не одан көп болып, онын кіші жүйелеріне, микромақсатқа бөлінетін жүйесін ұдайы есте сақтау әрекетін ұйымдастырады.

Нақты, нысаналы тұрғыда мақсатты бөліп алу - соңғы нәтижеге жетудің ең ұтымды амалы.

Технологиялық жүйені жүзеге асыру процесінде модульді, проблемалы, программалы оқытылымның тәжірибеде қолданудың сан-салалы амал-тәсілдеріне, өдіснамасына тұжырым жасалады. Оның пәтижеге бағыттайтын заңдылықтары мен принциптері жіктеледі. Міне, осы танымдық қызметтің ең биік деңгейге жетуі үшін ойлау әрекетінің қандай тәртібі бар деген сұрақ туады. Ойлау әрекетінің рет тәртібі төмендегідей алгоритммен беріледі:

- процестің нысаналы ақиқатты тұстары анықталады; оған сәйкес келерлік (моделіне, пішініне, үлгісіне) зерттелетін іс-әрекеттің жүйесі сараланады;

- ғылыми меже ауқымы ескеріледі (заңдары: жалпы, жеке пәнге катысты, ережелер, нұсқаулар т.б.), мұның жүйесінен зерделенуге тиісті қызмет, студенттің орындауға тиісті әрекет шығады. Теорияны білмеген адамның оқу және ғылыми еңбегінің дұрыс құрылуы мүмкін емес (жұмыстың біртұтас жүйесі);

- өтілетін материалдың әрбір жүйе сүлбесінің негізгі белгілері мен қасиеттері іріктеледі (сөйтіп, студенттің біліми - ғылыми дүниетанымы орнығады);

- жалпы үлкен жүйенің кіші жүйелері сараланады;

- нақты және гуманитарлық, жаратылыстану ұстанымдағы пәндердің кіші жүйелерінің көрсеткіштері меңгерілуге тиісті нәтижені құрайды;

- әдістер сұрыпталып, әдіснамалық пайым дамытылады; әдістердің шоғырын нәтижеге бағыттай алу шеберлігі шыңдалады;

- модульді оқыту жүйесін білім мен ғылым межесін, көлемін, ауқымын + қасиетін, көрсеткішін, әдіснамасын құрайды;

- модульді оқытуды меңгерген оқытушы-профессор проблемалап, программалап оқытуды жүзеге асыратын дәрежеге ұмтылады;

- модульдеп, программалап, проблемалап оқыту жүйесі барлық меңгеретін материалдың тереңдігін қамтиды (әдебиеттің, қазақ тілінің. т.б. пәндердің теориялық моделін мәтіннен күні бұрын талдап, тесті сапасына жүйелеу);

- әрбір модульдегі жүйелерге құрылымдық маңыз беріледі, олардың өзара байланысы ашылады, ең бөліп қарайтын қасиеті жинақталады, заңдары бернеленеді, жүйенің белгі-нышандары көрсеткіш сапасына айналады, жүйені меңгерудің алгоритмі сұрыпталады.

Бұл педагогикалық технологиядан әрбір орындалым қызметінің маңызы айқындалып, білім мен ғылым игерудің ұдайы үзіліссіз дамып отырудың біртұтас дидактикалық жүйесі құрылып, проблемалы дәрістің орнын ауыстырады. Нәтижесінде, модульді оқыту өрісінде проблемалы, программалы іс-әрекет, танымдық қызметгің пайым-бағам деңгейі дамытылады.

Модульді оқыту мен білім және ғылым мазмұнының құралы ретінде, мақсат пен білім және ғылым мазмұнын үйлестіруші амалы сапасында жүргізіледі.

Проблемалы оқыту технологиясы:

- оқыту дидактикалық біртұтас жүйесінің «единицасын» құрайтын сапа - өзекті мәселені бөліп алу. Барлық оқу процесі құрылымынан тұрады;

- проблемалап оқыту ұдайы қайталанып келетін ырғақты, динамикалы құрылымнан жасалады: проблемалы жағдай, сәт, құбылыс сапасын дәйектлікпен пішіндеу, модельдеу, шығармашылық деңгейдегі ыңғайлас студенттерді бірге топтастырып отырғызу, жалқылықтан жалпы тұжырым қорытындыны жазып және ауызша айтып беру, жаңа проблемалы мәселені табу.

Проблемалы құрылымның атқаратын белгісін мынандай қорытындыларға жіктеуге болады:

- әр студенттің ішкі ойлау (интериоризация) құбылысындағы қайшылықтың өзектілік мәні, оны жалпы проблемаға қабыстыру, әр студенттің мамандықты меңгеруге тиісті ішкі ұстаным-мақсатын анықтау (жеке тұлға);

- әр студенттің зерделеу ізденісіндегі зерттеу қызметінің сыртқы ортаға белгілі болып отыруын қадағалау (қызметінің танымдық деңгей сапасында дамуының жүйелілігі).

Шығармашылыққа ыңғайы бар студенттердің проблеманы шешудегі ұтысы, жеке және топтық жұмыс барысындағы ортақ мүддесінің тұжырымын саралау.

Жаңа проблеманы іздеудің нышандық белгісі, жаңа танымдық қызметінің мақсаты және білім мен ғылым ауқымының меже, көлемінің өзгерісін байқау, қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

Проблемалы құбылыстың жаңа басқышына көтерілудің екі типі бар:

Біріншісі - студенттердің әдеби және ғылыми әдебиеттерден, т.б. ғылымның негіздерін сұрыптап алуы және оны өзінің дипломдық, бақылау, емтихан, сынақ, коллоквиум, семинар-тәжірибешілік, зертхана жұмыстарында ұтымды пайдалануы. Мұндай іс-әрекет студенттердің жаңа проблеманы дұрыс табуына жағдай туғызады. Тіректік ұғым «Демеуші» және «Инновациялы» білім мен ғылым жүйесіне бірден жіктеледі, студент ненің бұрынғы, ненің бүгінгі білім мен ғылым екеніне бірден ден қояды. Сөйтіп, өзінің іс-әрекеттегі танымдық деңгейдегі қателіктерді тауып, оның себеп-салдарын саралап, шешілу амалын, технологиясын іздестіріп, тұжырымдап, қайшылықты анықтап, жаңа проблеманы бағамдап, оның шешілу тәртібін алдын-ала әзірлейді;

Екіншісі - студенттердің өз тәжірибелеріне сүйенуі және ғылыми әдебиеттер мен әдеби оқу құралдарында т.б. берілген ғылыми негіздерден мақсатты шешуге материал іздеуі. Бұлар өздерін ғылыми ұстанымға бағыттағанымен, толық ғылыми тұжырым орнықпайды.

Студенттер өздерінің тәжірибесін бірінші орынға қояды. Қорыта келгенде, әрбір танымдық деңгейдің ғылыми теориялық сапасы тек сол зерттеуге тиіс нысананың ішіндегі білім мен ғылым сапасынан туындайтынын ескерген жөн. Оқытудың дидактикалық біртұтас жүйесінің теориясы осы іс-әрекетке тікелей үндестікте келеді. Айтарымыз, негізгі мамандықтың ішкі ғылыми құрылымының теориялық заңы мен принциптерін толық меңгермей, оқытушы-профессордың сапалы, нәтижелі қызметі болмайтыны зерттелім барысында белгілі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет