Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку



бет11/17
Дата05.11.2016
өлшемі4,37 Mb.
#728
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Әлеуметтік-саяси деңгей.

Диалектикалық толғаныс, өз өміріне талдау жасау

№ 1 өлең


Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,

Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрек.

Ақсақалдың, әкенің, білімдінің,

Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.

Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.

Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,

Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.
№ 2 өлең.

Қартайдық, қайғы ойладық.

Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп,

Кімді сүіп сайласаң, бек көрем деп.

Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,

Ұлың жүр бұл ісіңді кек көрем деп.

Атаны бала андыды, ағаны іні,

Ит қорлық немене екен сүйткен күні.

Арын сатқан мал үшін ант ұрғанның

Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні,

Қысқа күнде қырық жерге қойма қоып,

Қу тілмен қулық сауған заңы құрысын.


№ 3 өлең.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым.

Жақсы менен жаманды айырмадың ...

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді.

Бас-басыңа би болған өңкей қиқым.

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

Өздерінді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың ...

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ

Сыпырылды байлығың, баққан жылқың ...

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
№ 4 өлең.

Байлар жүр жиған малын қорғалатып.

Барып келсе Ертістің суын татып,

Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып,

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да.

Алдамаған кім қалды тірі жанда? ...

Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда ...

Естілер де ісіне қуанбай жүр ...

Бір күштіні көп тентекті шыға алмай жүр ...

Арақ ішкен, мас болған жұттың бәрі,

Не пайда, не залалды біле алмай жүр.
№ 6 өлең.

Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ,

Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.

Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,

Сәлемдеспей алыстан ыржаң қақпақ.
№ 7 өлең.

Патша құдай, сыйындым.

Қайран сөзім қор болды,

Тобықтының езіне.


№ 8 өлең.

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар.

«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,

Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.


№ 9 өлең. Көкбайға

Сорлы Көкбай жылайды.

Жылайды да жырлайды.

Ол жыламай қайтып тұрады.

Мынау азған заманда

Қалыбында тұрмайды ...

Жылауына зорлайды.
№10 өлең. Көжекбайға

Жамантайдың баласы Көжек деген,

Әркімге өсек тасып безектеген.

Досын келіп досына жамандайды,

Шіркінде ес болсайшы сезед деген.
№11 Өкінішті көп өмір кеткен өтіп.

Ойшылдың мен де санды бірімін деп,

Тура тілді кісіні дейміз орыс...

Сеніскен досым да жоқ, асығым да,

Ақыры өлең қылдым, жасымды да.

Сол достан сая таппай іздейді жан,

Жоқтайды күңіреніп қозғалып қан.

Жау жабылса, бұзылмас жан көрмедім

Артық жолдас таппадым татулықтан.
№12 Сабырсыз, арсыз, еріншек.

Ғылым оқып ой таппай,

Құр үйінде жатады...

Пысық деген ат шықты.

Антұрған - өтірік арыз көп берсе,

Сыбырдан басқа сыры жоқ.

Өтірік, өсек, мақтанға

Ағып тұрса бейне су...

Расы жок

Ырысы жоқ өзінің.


№ 13 Көжекбайға

Мен досыңмын деп жүріп,

Дұшпандығын оздырар.

Жау көп болса басыңда,

Бірі қалмас қасында...

Үйренбейді кісіден

Кіртіңдеп жүріп кекер-ді.

Жауға келер қорқақтау,

Еркін жерде ызақор,

Томырық келер тарқылдап...

Сасық паңдау келеді...

Орыс сияз қалдырса,

Болыс елін қармайды.

Қу старшын, аш билер,

Аз жүрегін жалғайды.

Орыссыз жерде топ болса,

Шақырған кісі бармайды...

Бас қосылса арысқа,

Кім шабады намысқа?
№14 Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол

Қаза көрген жүрегі жаралы ол,

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге әнге салады ол?

Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,

Қыз танысар - қызыққа жұрт ыржаңшыл.

Өлеңсіз салар қызық бола ма гүл?

Бала туса, күзетер шілдехана,

Олар да өлең айтар шулап жаңа.

Туғанда дуние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең...

Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді...

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,

Өлеңі бәрі - жамау, бәрі - құрау?


№15 Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай.

Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,

Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?

Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,

О да қылған кедейге үлкен сыйы.
№16 Күлембайға

Болыс, мал-жан аман ба?

Ел билеген адам жоқ

Ата менен бабаңда.

Ояз келсе, қайтер ең,

Біреу кетсе үшкіріп!

№17 Керенау, кердең, бір керім,

Жақпайды маған сол жерің.

№18 Ішім-өлген, сыртым - cay (1889 ж.)

Көрінгенге деймін - ау.

Бүгінгі - дос, ертең - жау,

Мен не қылдым, апырым-ау?!


№ 19 Кулембайға

Болыс болдым мінеки,

Бар малымды шығындап...

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап.

«Құдай қосса, жұртымның.

Ақтарамын осы жол сүтін деп,...

Оңашада оязға

Мақтамаймын елімді.

Өз еліме айтамын:

«Бергенім жоқ -деп - белімді,

Арызшылар көбейді,

Қайтсін байғұс демейді...

Антұрғанмын өзім де,

Бір мінезбен өтпеймін,

Көрсем-дағы, күтпеймін.

Мықтыға не қып беттеймін?..

Өз қағазы өз көзін,

Жоғалтуға жарайды.
№20 Әсетке

Кісімсіп белгілі білгіш,

Біреуге сондай-ақ күлгіш.
№21 Мәз болады болысың

Арқаға ұлық қаққанға,

Шелтірейтіп орысың,

Шенді-шекпен жапқанға.

Жайы мәлім шошқаның,

Түрткенінен жасқанба,

Бір ғылымнан басқаның

Кеселі көп асқанға.


№22 Білімдіден шыққан сөз...

Көкірегінде болсын көз...

Ұқпай жатып жалығар,

Ұйқылы-ояу бойкүйез...

Оған ақыл - арам без.
№23 Сәулең болса кеудеңде...

Берекелі болса ел –

Жағасы жайлау ол бір көл...

Единица кеткенде,

Не болады өңкей нөл?
№24 Қажымас дос халықта жоқ...

Кімге достық көп еттім,

Түбі болды бір кейіс.

Жақсы өмірің әуре еттің

Жар таба алмай бір тегіс

Сыйласарлық тектінің

Кім танымас нұсқасын?

Күнде өзімшіл ептінің

Несін адам үстасын?
№25 Жастықтың оты, қайдасың?

Құр айғаймен әуре боп,

Өнердің жайын баса ұқпай...
№26 Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да

Қуды ұнатты-ау,

Семейдің бұл қаласы.
№27 Бай сейілді,

Пәле салып,

Аңдығаны өз елі,

Елде сияз,

Ойда ояз

Оңбай-ақ тұр әр түрі.

Кетті бірлік,

Енді кімге беттемек?

Елің - ала

Оты шала,

Тайса аяғың, кім көнбек?

Бейілі шикі,

Ақылы күйкі,

Осы жұрт па тапқаның?


№28 Ем таба алмай

Жас жүрегім

Жанды менің...

Өзің оңда

Жақсы жолға

Ақырын.
№29 Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,

Баска сая, жанға олжа дәнеме жоқ.

Қайран ел осыменен жүр далақтап...


№30 Келдік талай жерге енді,

Тыңдаушымды ұғымсыз

Қылып тәңірім берген-ді.

Ұш, коңілім, көкке, керегі енді

Көңілде қайғы, қалың зар.

Туған жерді қия алмай

Тентекті жеңіп, тия алмай,

Әлі отырмыз ұялмай.

Адам деген даңқым бар,

Адам қылмас халқым бар...


№31 Заман ақыр жастары...

Қойнына тыққан тастары

Саудасы - ар мен иманы.

Күлмеңдеп келер көздері,

Қалжыңбас келер өздері.

Кекектеп, секек етем деп,

Шошқа туар сөздері...
№32 Жастықтың оты жалындап,

Уайым аз, үміт – көп,

Ет ауырмас бейнетке,

Бүгін-ертең жетем деп

Көңілге алған дәулетке.

Қайратқа сеніп

Ақ, көңілді жақсыдан,

Аянбай салыс ортаға.

Ақылы, ары тапшыдан,

Қу сөзін алма қолқаға

Менсінбеуші ем наданды

Жарлы емеспін, зарлымын,

Оны да ойлап толғанып,

Жұртым деуге арлымын,

Өзге жұрттан ұялып,

Барымта мен партия

Бәрі мастык, жұрт құмар.

Сыпыра, елірме, сұрқия,

Көп пияншік нені ұғар?

Татулықты, тыныштықты,

Қоңыр көрер, кем көрер.

Ұрлык пенен қулыкты

Қызық көрер, өңі өнер.
№34 Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?

Мақтау - жел сөз - жанға қас,

Қошеметшіл шығарған.

Бір мақтаса боқтамас,

Ел табылса, құмарлан

Мен мақтанның құлы емес.


№35 Жүрегім, ойбай, соқпа енді!
№36 Қайғы шығар ішімнен,

Ыза шығар білімнен.

Қайғы мен ыза қысқан соң,

Зар шығады тілімнен...

Ақыл бітпес дәулетке,

Дәулет бітпес келбетке,

Болды балаң жөргекте.

Ішімен жау боп, сыртымен

Кім тояр қылған құрметке?

Сыйласа елің ұлықтап...

Дәулеті жоқ

Үйіңе кет, топтан қаш.

Болымсыз қулық тойымсыз,
№37 Оспанға

Жалын жүрек суынбай

Жан біткеннен түңілмей,

Жағалай жайлау дәулетің.

Жасыл шөбі қуармай...

Жан біткенге жалынбай,

Жақсы өліпсің, япырмай!
№38 Оспанға

Жауға мылтық,

Досқа ынтық.
№39 Ысытқан, суытқан (өз ісіне риза емес есебі)

(анализ).

№40 Бойы бұлғаң.

Әз тұтуға,

Сыйласуға

Қалмады жан бір татыр.


№41 Жақсылық ұзақ тұрмайды,

Жамандық әр кез тозбайды.

Бір қайғыны ойласаң,

Жүз қайғыны қозғайды.


№42 Антпен тарқайды. (1894 ж.)

Ор қазып байқайды

Туа жау емеске,

Таласып тарқайды.

Ақшадан төрт-беске

Бірлікті шайқайды.

Араз боп енбеске.
№43 Қарашада өмір тұр.
№44 Жас өспірім замандас қапы қалды.

Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды.


№45 Әсемпаз болма әрнеге.

Қайрат пен ақыл жол табар.

Қашқанға да қуғанға

Әділет шапқат кімде бар.


№46 Ескілік киімі.
№47 Әбдірахман науқастанып жатқанда.
№48 Әбдірахманға

Зар хатым - бұл хатым

Бізді тыныш жүр деме

Азайып қуатым

Денем жүр көрмеге.
№49 Әбдірахманға Кәкітай атынан хат

Жүздеріңді сау көрсем

Екі көзім жұрт

Қосылып бір жүрсем,

Әр нәрсені үйреніп.
№50 Әбдірахманға Кәкітай атынан хат
№51 Қыздарға.
№52 Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын.

Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын

Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ.

Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай.


№53 Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей.

Жолға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,

Малың болса, сыйламай тұра алмас.

Асаған, ұрттағанға ез жұбанар,

Сенімді дәулет емес сен қуанар.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас.

Қардың суы сықылды тез суалар,

Өз үйінен жиреніп, кашып жүрген

Антұрғанға қосылма қапылыста.
№54 Балалық өтті білдің бе?
№55 Лай суға май бітпес қой өткенге

Өзгені ақыл ойға қондырады,

Біле алмай бір тәңіріні болдырады.

Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен

Талпынып тағы да ойлап зар қылады.
№56 Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?!
№57 Әбдірахман өлгенде

Адалдық, ақыл жасынан

Қозғапты, тыныштық бермепті.

Мал түгіл жанға мырза еді,

Бәрінің көңілін тындырып,

Біреуін ала көрмепті.

Әділ, мырза, ер болып...
№58 Әбдірахман өлгенде

Жүрегі - жылы, бойы - құрыш,

Туысы жаннан бөлек-ті...

Ғылымға көңілі зерек-ті...

Сабырлық қылсақ керек-ті.
№59 Әбдірахман өлгенде

Тұла бойың ұят-ар едің,

Үйренуге тоймаған.
№60 Әбдірахман өліміне

Жаңа жылдың басшысы - ол,

Мен ескінің арты едім.

Арман деген ащы сол...

Сүйекке тиді, қарт едім.
№61 Әбдірахманға

Орынсызды айтпаған,

Түзу жолдан қайтпаған.

№62 Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуы.

Қажыны (Құнанбай) алған бұл өлім,

Сабыр қылсақ керек-ті...


№63 Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы Бір сен емес, жылатқан.

Сыңарын алып талайды.

Бәрімізді аясаң,

Тоқтау қылсаң ұнайды.

Бір шешеден туғанда,

Бәрінен кетті тәуірім.


№64 Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып Берген жоқтау.

Кешегі Оспан ағасы,

Кісінің малын жемепті.

Қуаты артық, ойы кең,

Досына дәл - жаз, жауға - аяз,...
№65 ...
№66 Малға достың мұңы жоқ малдан басқа.

Уш-ақ нәрсе - адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
№67 Туғызған ата, ана жоқ.

Байбайшыл тартып баға жоқ.

Қартаң шалда сана жоқ.
№68 Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында.

Сән-салтанат жұбатпас жас жүректі,

Мезгілі өткен, дәуренді қуалаған,

Неғылсын бір қартайған қу сүйекті?..

Кімде-кім үлкен болса екі мүшел,

Мал беріп алғанымен қатын емес.


№69 Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең,

Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең.

Тіпті оңбассың, өзіңе-өзің мәз боп,

Дастарханның байлығын мақтан көрсең.


№70 Сағаттың шықылдағы емес ермек...

Күн жайылып ай болды он екі ай - жыл,

Жыл жайылып, қартайып қалғаны - бұл,

Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,

Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.
№71 Адамның кейбір кездері.

Әділет пен ақылға.

Сынатып көрген - білгені,

Білдірер алыс, жақынға.

Солардың сөйле дегенін,

Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сия, ащы тіл.

Не жазып кетсе, жайы сол,

Жек көрсеңдер өзің біл.
№72 Рахым шалға

Бал болатын бала бар.

Бал болар ма Рахым шал?!

Бүйтіп берген баламды,

Берген құдай өзің ал!
№73 Көк тұман - алдындағы келер заман,

Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы - екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.

Шырақтар, ьнталылардың «менікі» де,

Тән құмарын іздейсің күні-түнде.

Әділеттік, арлылық, махаббат иең –

Үй жолдасың қабірден әрі өткенде..

Адам ғапыл (қапы) дүниені дер менікі,

Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі.
№74 Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,

Сонда ойла, болады не сенікі?

Мазлұмға (зұлымдыққа ұшырау) жаның ашып,

ішің күйсін,

Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.

Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған,

- Мен сүйгеңді сүйді деп иең сүйсін.

Көптің бәрі көп деме, көпте бөлек,

Көп ит жеңіп көк итті күнде жемек,

(әділет) пен Мархамат (ракым) –

көп азығы,

Қайда көрсең, болып бақ саған көмек.

Әркімнің мақсаты өз керегінде,

Біле алмадым пысығын, зерегін де.

Саяз жүрер сайқалдар ғапыл қалар,

Хақиқат та, дін-дағы тереңінде.


№75 Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулык сақтап.

Өзіңе сен, өзінді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме,

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме.

№76 Алла деген сөз жеңіл.

Ақылға сыймас ол алла,

Тағрипқа (түсіну) тілім қысқа аһ (амал жоқ)

Барлығына шүбәсіз,

Ақыл мен хауас (сезім мүшелері) барлығын

Білмейдүр жүрек, сезедүр.

Мүтәкәллимин (сөйлесушілер) мантикин (терең ой)

Бекер босқа езедүр.


№77 Ғабидоллаға

Қайдан білсін өмірдің көбін-азын,

Бәйтеректі күндеуді жетемін деп.
№78 Болды да партия.

Өлшеуге алмандар.


№79 Қуатты оттай бұрқырап.

Қайран тіл, қайран сөз –

Наданға қадірсіз.

Тәуекел мен батыр ой

Өткір тілді найза етіп,

Сайысып-ақ (найзаласу) бақтық-ай,

Неше түрлі айла етіп

Оянбай, қайран жұрт,

Ұялмай қал жым-жырт!
№80 Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма

Шымылдық боп көрсептпес шынның жүзін,


№81 Өлсем, орным қара жер - сыз болмай ма?

Екі күймек бір жанға әділет пе?

Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Жүрегімнің түбіне терең бойла.

Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,

Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.

Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,

Етек басты көп көрдім елден бірақ.

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,

Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.

Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті

Сен есірке, тыныш ұйыкқтат, бақ сөзіме!


№82 Жүректе қайрат болмаса.

Ұйқтаған ойды кім түртпек?!

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек.

Аспаса ақыл қайраттан,

Тереңге бармас, үстірттер...

Атымды адам қойған соң,-

Қайтып надан болайын?

Халқым надан болған соң,

Қайда барып оңайын?!


№83 Ауру жүрек ақырын соғады жай.
№84 Есіңде бар ма жас күнің

Кімді көрсең- бәрі дос.

Махаббат, қызық мал мен бақ...

Құдай - ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жылдар?!

Ақырын, ақырын шегініп,

Алыстап кетті - ау құрғырлар.
№85 Жүрегім менің - қырық жамау.
№86 Адам - бір боқ көтерген боқтың қабы.

Боқтан сасық боласың өлсен тағы.

Мені мен сен тең бе деп мақтанасың,

Білімсіздік белгісі - ол баяғы.

Адамды сүй, алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде онан басқа?!


№87 Күшік асырап ит еттім,

Ол балтырымды қанатты.

Біреуге мылтық үйреттім,

Ол мерген болды, мені атты.


№88 Дүтбайға.

Жылуы жоқ бойының,

Жылмиғаны неткені?

Әлі үміт, әлі серт.

Жын сықылды бұзылып.

Қулық емес, бұл бір дерт,

Тұрлауы жоқ құбылып.
№89 Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен.

Адамзат - бүгін адам, ертең топырақ.


№90 Көлеңке басын ұзартып.
№91 Ұялма дегені көңіл үшін.

Өзің үлкен, қылығың - бала-шаға,

Балаша мәз боп жүрсің тамашаға.

Әкесі ұрысса балаға, ол да - достық,

Баласы ұрысса әкеге жараса ма?!
№92 Жапырағы қуарған ескі үмітпен.

Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің,

Өзіңді өзің күзет кел, шырағым?
№93 Қуанбаңдар жастыққа,

Адалдан тапқан тиынды

Сал да сақта қапшыққа.

Қолдағыңды қорғап бақ,

Сыпайы жүр де, шаруа ойла.

Даңғойланып қаптықпа.

Қорлық жүрмес сақтыққа.
№94 Осы қымыз қазаққа.

Мақтанға бола жиям деп,

Жылқы үшін жұртқа бас ұрма.

Қымыз, семіз дегенің

Бір мақтан ғой, жасырма.

Мақтан қума, керек қу,

Ойсыздарға қосылма.
№95 Буынсыз тілің.

Тым-ақ керек

Ойы мен тілі бөлінбес.
№96 Тоты құс түсті көбелек,

Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны билемек.
№97 Алланың өзі де рас, сөзі де рас.

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті (№1 сүю)

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп (№2 сүю)

Және хақ жолы осы деп әділетті (№3 сүю)

Осы үш сүю болады иманы (кәміл) гүл.

Осыларды бұзатын және іс бар:

Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы.

Бас жоғары жаралған, мойын төмен (алгоритм)

Қарашы, дене біткен ретімен.

Істің басы - ретін танымақтық,

Иман білмес тағатты (құдайға құлшылық)

қабыл демең...


№98 Жалын мен оттан жаралып.
№99 Соңғы жылдарда табылған өлеңдері.

Ойға түстім, толғандым.

Өзіме өзім жақпадым,

Енді қайда сия алдым?

Бойдағы мінді санасам,

Тау тасынан аз емес.

Жүрегімді байқасам,

Инедейін таза емес.

Осыншама ақымақ болғаным

Көрінгенге қызықтым –

Ғаділетті жүректің...
№100 Әділетін бұзыппын.

Ақыл мен білімнен

Әбден үміт үзіппін.

Айна менен амалды

Меруерттей тізіппін:

Мақтанбасқа мақтанып,

Деп жүріппін «пысықпын»
№101 Тәңірбердіге

Байсып, паңсып,

Көрінгенге бәлсіп.

Өзі ғана келгендей,

Дүниеге жанасып.

Өз тамағым тоқ деп,

Жақыны аттан жығылса,

Жаны ашымай шоқ деп.

Қолынан келер түк те жоқ,

Осының маған болды кек.


№102 Ағыбайға
№103 Адам деп есеп қылма Ағыбайды.

Сабын жаққан терідей жылт-жылт етіп.


БІЛІМ, ҒЫЛЫМ (ПАРАСАТ)
№1 «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
№2 Ғылым таппай мақтанба,

Өсек, өтірік, мақтаншақ.

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз...

Ақыл сенбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз

Мұны жазған білген құл,

Ғұламаһи Дауани
№3 Интернатта оқып жүр.

Орыс тілі, жазуы –

Білсем деген таласы.

Прошение (Арыз) жазуға

Тырысар келсе шамасы...

Нан таппаймыз демейді,

Бұлінсе елдің арасы.

Еждиһатсыз, михнатсыз

Табылмас ғылым сарасы...

Ойында жоқ бірінің

Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат

Болсам деген бәрінде ой,

Пайда ойлама, ар ойла...

Бос мақтанға салынып,

Бекер көкірек керуге

Қызмет қылма оязға

Жанбай жатып сөнуге.


№4 Білімдіден шыққан сөз.
№5 Сегіз аяқ

Басында ми жоқ,

Өзінде ой жоқ

Күлкішіл кердең наданның...

Бойда қайрат, ойда көз

Болмаған соң, айтпа сөз...

Ұятсыз, арсыз салтынан

Қалғып кетер артынан.

Атадан бала ойы өзге.

Ынсап, ұят, терең ой

Ойлаған жан жоқ, жауып қой.

Білмеген соқыр

Қайғысыз отыр...

Ғылымды іздеп,

Дұниені көздеп,

Екі жаққа үңілдім.

Айтамын ептеп,

Сөзімді ұғар елім жоқ

Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым - дәл шыным!


№6 Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек.

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек,

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап қайнап бір жүрек қылады елек.

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз.

Рақым сол үшеуінің жөнін бөлмек.


№7 Ата-анаға көз қуаныш.
№8 Тайға міндік.

Шала оқудан

Не жарыдық.
№9 Көзінен басқа ойы жоқ.

Кітапты молда теріс оқыр,

Дағарадай боп сәлдесі.

Мал құмар көңлі - бек соқыр?

Бүркіттен кем бе жем жесі?
№10 Мен боламын демеңдер.

Бір ғылымнан басқаның.

Бәрі де кесел асқанға

Үйткен адам жолығар,

Кешікпей-ақ тосқанға.
№11 Ғалымнан надан артпас ұққанменен,

Тағдыр көрмей коймайды бұққанменен.

О-дағы қалыбынан аса алмайды,

Жауқазын ерте көктен шыққанменен.

Түбінде баянды еңбек егін салған.
№12 Ауру астан, дау қарындастан,

Мүкаммараз атандым бала жастан,

Мүкаммараз дейтұғын шайтан аты,

Қандай молда қойды екен аямастан?



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет