Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



бет1/8
Дата05.11.2016
өлшемі2,32 Mb.
#402
  1   2   3   4   5   6   7   8


КАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Тарих және құқық институты

МҰРАТБАЙ ТАСБОЛАТОВ.

Р У М Қ Ұ Қ Ы FЫ

( студенттерге арналған оқу құралы)



Павлодар 2005ж.

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университетінің

cтуденттеріне арнадым.

Praesriptio ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН

Алдымен сізді заңгерлік мамандығы жолына шығуымен құттықтаймын. Өзіңіздің таңдап алған өмір жолыңыз дұрыс болғанына тілектеспін.

Егеменді Қазақстан Конститутция бойынша біздің отанымыз құқықтық мемлекет делініп бекітілген.

Құқықтық мемлекет болуына бәріміз өте көп жұмыс істеуіміз керек. Алдымен еліміздің жастары құқықты жақсы білсе, оны дұрыс пайдаланса, білімін бүкіл халыққа түсіндіріп таратса, жас мемлекеттің қиын жағдайлары тез тарайды деп ойлаймын. Осы кәсіп сіздердің – жас заңгерлердің қолында. Әсіресе, құқық туған қазақ тілінде оқыған мамандарда. Казақ тілі әділетті, мемлекет қызметте өзінің заңды орнын табатын уақыты өте жақын, тіпті келді деп айтуға болады. Сондықтан Қазақстанның құқықтық мемлекетінің кілті сіздің қолыңызда.

Қазіргі қазақ тіліндегі құқықтану білімі жаңадан шыққан оқулықтарға өте мұқтаж болып отыр. Астанада және Алматыда шыққан заңгерлік оқулықтардың саны және сапасы бізді аса қанағаттандырмайды. Ал Рум құқығының оқулықтарының көбі орыс тілінде шыққан. Рум құқығы заңгерлік ғылым және білімдерің негізі екендігін алдымызда көрсетеміз, қазір бұл пән құқықтану (юриспруденция) мамандығында бүкіл әлемдегі университеттерде бірінші курстарда және бірінші семестрде оқытылады. Сонымен осы оқу құралы сіздерге бірінші көмекшілердің арасында болады деп сенім білдіремін.

Бұл шығарма басқа тілдерде шыққан рум құқығының оқулықтардың аудармасы емес. Бірінші осы пән бойынша кітаптарды салыстырып жас студенттерге түсінікті тілмен жазуға әрекет істедім. Өйткені басқа қалаларда шыққан рум құқығының оқулықтарының көбі өте қиын және күрделі тілмен жазылған. Сол оқулықтардың авторларының көбі өзінің шығармаларын жас шәкірттерге емес, жоғары білімді оқырмандарға, тәжірибелі заңгерлерге арнаған деп ойлаймын. Әрине, олар сол шығармалары жаңа-жаңа қазақ мектептерді бітірген студентгер пайдаланады деп ойлаған жоқ. Бірақта осы құралды оқығаннан кейін міндетті түрде басқа университеттерде, әсіресе Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте, Новосібірде шыққан оқулықтарды оқуыңыз керек. Оқулықтардың тізімі бұл шығарманың соңына кіргізілді. Осы оқу құралы оқулықтың дәрежесіне жетпесе де, рум құқығын негіздерін береді. Мемлекеттік оқулық стандарт бойынша жарияланған тақырыптар ішінде толық кіргізілген, рум құқығының негізгі ұғымдары түсіндірілген. Латын тілінде айтылатын терминдерге қазақ синонимдар қосылған және анықталған, кейбір сөздер және сөйлемшелер латын тілінде жазылды (қиналмаңыздар).

Латын тілі қиын емес; ағылшын, неміс, француз, басқа Европа тілдердің біреуін жақсы білсеңіз, латын тілі сізге өте жеңіл болады. Латын сөздері қалай жазылса, солай оқылады, бұрын қазақ тілі де латын әріптерімен пайдаланған. Заңгерлік терминдер прокурор, юрист, юстиция, адвокат, республика, Сенат, тағы басқалары сіздерге аудармасыз да түсінікті. Бұлар бәрі латын тілінен, рум құқығынан шыққан.

Бұл шығарма әдейі үш айдармен жазылған.

Praescriptio (кіріспе), Rogatio (мазмұны), және Sapctio (шешім), өйткені ежелгі Рум заңдары осы үш бөлімнен шығатын. (мазмұны), Rogatio бойынша 12 тақырып берілді. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда Рум қаласындағы орталық алаңда 12 тақта тұрған. Сол тақталарда Рум мемлекетінің заңдары жазылған. Бірақ осы оқу құралының 12 тарауларында осы 12 тақтадағы жазылған заңдар емес ең негізгі тақырыптар көрсетілген. Осы шығарма сіздердің заңгерлік оқуыңызға пайдалы болып шықсын.

Жолыңыз ақ болсын!


Justitia-regnorum fundamentum - Әділет - мемлекеттің негізі

(Латын мақалы)

1-Тарау. Рум құқығының ұғымы мен пәні.


1.1. Рум құқығының ұғымы мен маңызы.

1.2. Рум құқығының жүйесі.

1.3. Рум құқығының ерекше белгілері.

1.4. Рум мемлекеті және құқық тарихы туралы қысқаша шолу.


1.1. Рум құқығының ұғымы мен маңызы.

Алдымен бірнеше ұғымдарын түсіндірейік. Бұл оқулық пән орыс тілінде «Римское частное право» деп оқылады. Ал совет одағының кезінде ең толық екі томдық орысша-қазақша сөздікте «римское право» деген пәнін – Рим мемлекеті заңдарының жинағы» әлде Рим правосы деп аударылған. Осы аудармасы бүгін аса дұрыс деп атауға болмайды. Сол кезде «право» деген сөз правосы деп аударылған.Сондықтан совет кезенде бізде құқықта болған жоқ деп айтуғада болады. Біз қазір оны «құқық» әлде «хұқық» дейміз. Орысша Рим деген қаласы мен мемлекеті өз тілінде латынша Рома делінген. Шығыс тарихында оны Рум және румдық атаған, сондықтан Рум құқығы дегеніміз дұрыстау болса керек.

Біздің ата бабаларымыз осы Рум мемлекетімен талай қатынасқаны тарихтан белгілі, кей бір арғын-қыпшақтар Румда тұрған да. Ол ХІ, ХІІ ғасырларда болған мәселе. Ал баяғы Рум империясының қалдығы қазір де Румыния әлде Romania деп аталады. Енді «құқық» сөздің мағынасын салыстырайық. Бүкіл шет Шығыс әлемі оны юстиция, юриспруденция, юдиция деп атап шығарады. Ол Румдық немесе латын термин болып шықты. Біз Батыс жақтан шықсақ араб тілінен «ал-хақ», әлде «ал-хұқ» сөзбен пайдаланамыз. «Шарт» деген сөз тағы арабтардан шықты. Көне қазақтарда (түрік елінде) хұқыққа жақын «жаса», «яса», «жар», «жарғы» деген терминге тоқталды.

Сонда Рум құқығы өз (латын) тілінде «jus Romanorum» болып шығады. Jus - құқықтың мағынасында, Romanorum - румдық деген сөз.

Енді ғылыми анықтамасын берейік. Рум құқықтың көп оқулықтары бар. Көбі осы маңызына тоқтайды: «Рум құқығы деген-антик Рум құқығы, құл иелену мемлекеттің заңдарының жинағы, оның тақырыбы ең негізгі мүлік қатынастардың ішінде табылады».

Юриспруденцияның оқулық жоспары бойынша Рум құқығы ең негізгі, ең маңызды пән деп есептеледі. Ол жай сөз емес, өйткені оған бірнеше себеп бар:



Бірінші: Қазіргі заманда Европа, Америка, Азияның ең нығайған мемлекеттерде құқықтың жүйелері рум құқығының тамырын табады. Юрист терминологиясы румдық құқықтан, латын тілінен шығады. Юстиция, прокурор, адвокат, нотариус және тағы бір неше терминдер латын тілінен шығып, енді халықаралық заңгерлік тіл болып шыққан.

Екінші: Қазіргі Қазақстанның құқық ғылымы қалай айтсақ та бұрынғы Советтік құқықтың ғылымынан шықты. Ал ол Патшалық Ресейдің заңгерлігі мекткптен басталды. Патшалық Ресейде Европалық юриспруденциясы румдық құқықтан негізделген.

Үшінші: Егеменді Қазақстан нарықтық экономикасының жолына шықса, біріншіден нарықтық қатынастарды жүргүзуге үйрену керек. Ал ондай жүргізу құқықсыз болмайды. Нарықтық мүлік қатынастар бүгін ғана шыққан емес. Бүкіл әлемдегі тарихынды әртүрлі құқықтық системалар әртүрлі экономикалық қатынастарды жүргізді. ХVІІІ-ХІХ ғасырда ңарықтық (капиталистік деп айтайық) қатынастар Европада туғанда ең білімді ғалымдар оған құқықтық негізін іздеген. Сонда Ф.Энгельс айтқанынша ешқандай іздестіру керек емес, оған дайын негізі тарихта бар. Оның аты рум құқығы деп айтқан. Өйткені, тек қана румдық құқықта ең әртүрлі, ең дәл мүлік қатынастарды тартатын шарттары болған. Одан әрі Еуропада, одан кейін Америкада, оңтүстік-шығыс Азияда рум құқығы тек қана нығайту және қазіргі заманға салыстыру мен бүкіл әлемдік юриспруденция болып шыққан.

Мәселен, Советтік құқықтың системасында сервитут, кондоминиум, тағы басқа заңи ұғымдар болған жоқ. Ал ол терминдер Егеменді Қазақстанның құқықтық системасына, заңдарға қазір ғана кіріп отыр. Өйткені бұл ұғымдар, терминдер тек қана нарықтық қатынастарға келеді. Ал бізге оған жаңадан ұғымдарды іздеуге ешбір керегі жоқ. Олар бәрі де румдық құқықта бар. Оның ең бірінші, ең негізгі ұғымы жеке меншік деген ұғымы. Жеке меншіктің қатынастар тек Рум мемлекетте болған жоқ, ол әртүрлі ежелгі мемлекеттерде (Қытай, Үндістан, көне Қазақстаңда да) экономикалық заңдар бойынша шыққан. Бірақ румдық құқықта оның ұғымдары және оның дұрыс жүргізілуі олардан өте дәл және түсінікті болып шыққан.



1.2. Рум құқығыңың жүйесі.

Мемлекеттік бірізділік бойынша юриспруденция жөнінде рум құқығы рум жеке құқығы деп аталды. Оған бір себеп бар. Көне Румда құқық екі тарауға бөлінген. Оның бірі - жеке құқық, екіншісі - көпшілік немесе қоғамдық құқық болған. Латынша jus privatum және jus publicum аталған.

Қазіргі құқықта бірнеше үрім-бұтақтары немесе тараулары бар. Мәселен, қылмыстық құқығы, азаматтық құқығы, тағы басқалар. Оның бәрі құқықтың тараулары деп аталады. Ал рум құқығы тек қана екі тарауға бөлінген. Екеуінде де меншікті ерекшілігі бар. Жеке меншік құқығы жеке кісілердің мүдделерінің (қызығушылықтардың) қорғауын атқарған, ал көпшілік құқығы негізінде мемлекеттік мүдделерді қорғауға. Көне Румнің белгілі заңгері Ульпиан осылай деп жазған: « publicum jus quod ad statum rei romanas spectat, privatum quod ad singulorum utilitatem» - қоғамдық құқығы Рум мемлекетінің жағдайына қарайды, ал жеке құқығы жеке адамдардың жағдайын сақтайды.

Осы екі тараулар қазіргі құқық жүесінде бір жиырмашақтай бұтақтан құрылған. Мәселен, жеке құқыққа азаматтық құқығы неке – отбасы құқығы, тұрғын үй құқығы, жер құқығы т.б. қатынасады. Ал қоғамдық (публикалық) құқықтан - мемлекеттік, қылмыстық, әкімшілік т.б. құқықтық тараулар шыққан.

Рум жеке құқығы жеке қатынастарды реттеп өзі ішінде міндетті нормаларды ұстаған. Осы нормалар жеке адамдардың келісуімен өзгеріледі. Көпшілік (публикалық) құқығы мемлекеттік қатынастарды реттеген. Оның нормалары жеке адамдардың келесуімен өзгерілмейді.

Осыдан кейін біз тек қана жеке құқықты зерттейміз. Оның себебі бар. Біріншіден, қоғамдық құқығы – Көне Румнің – мемлекеттік (құл иелену) құқығы, әкімшілік құқығы да бізге жарамайды. Өйткені олардың негізі құл иелену қатынастарды реттеген. Ал жеке құқығы тек қана мүлік, жеке меншіктік қатынастарды реттеген. Ондай реттеу қазіргі заманға өте қолайлы болатынын жоғарыда айттық.

Қазақ заңи тілінде жеке құқық кейде дербес құқық деп аталады, публикалық құқық бұқаралық әлде қоғамдық құқығы атауларынан шығады. Бұлар бәрі синонимдер. Бірақта, публикалық құқықты жария немесе жалпы құқық деп аударуға болмайды, оған заңи маңызды себебі бар.

Әрбір оқу пәннің немесе ғылымның әлде құқық тарауының біртұтас жүйесі болады. Жүйе деген үйлесімді құрылған тұтастықты білдіретін ғылыми ұғым. Рум құқығында да жеке біртұтас жүйе бар. Ол үш бөлімге тарайды. Оларды да үш жүйе деп атаймыз.

Біріншісі - цивилдық (азаматтық) құқығы, екіншісі – преторлық құқығы, үшіншісі – халықтар құқығы. Тарих бойынша алдымен jus civilie шықты. Қысқасы, оны әдет-ғұрып құқығымен салыстыруға болады. Өйткені jus civilie халық әдет ережелерден шыққан. Бірақ jus civilie-нің ережелері бар халыққа пайдаланған жоқ. Оны тек қана азат румдықтар, рум азаматтары пайдаланатын. Шетелдіктер, басқа ру тайпалы азаматтар және әрине құлдар ius civilie-ге қатынаса алған жоқ. Содан соң jus civilie азаматтық құқық деп атауға болмайды. Бірақ «civilie» деген сөзі ғана «цивил» немесе «азаматтық» деуге болады. Ең ескі тарихта сақталған «ХІІ Тақтадағы Заңдар» сол цивилдық құқыққа jus civilie қатынасады (біздің жыл санауымызға дейін V ғасыр ). Сол заманда заңдарды ағаш немесе тас тақтарға жазатын. Тақта латынша tabula делінеді, орысшасы таблица болып шығады.

Претор құқығы jus praetorium цивил құқығынан кейін тарихқа келді. Рум мемлектінде бірнеше түрлі бастықтар, төрелер болатын. Сенатта сайланған төрені магистрат (magistratus) деп атаған. Оларға консул, диктатор, децемвир және басқа түрлі атаулар берілген. Претор – сол магистраттардың бір түрі. Претор консулдың көмекшесі болатын.

Оның қызметі негізінен құқықты реттеуге байланысты. Біздің жыл санауымызға дейін 242 жылдан бастап Румда екі претор сайланатын. Біреу ітек қана Рум азаматтарының арасында заң бойынша таластарды шешетін, ал екіншісі - Рум азаматтары мен басқа шетелдік термин арасында таласуларды шешкен. Сол преторларды бірінші мемлекеттік заңгерлер деп санайды. Өйткені олардан бұрын заңдарды айтқару және түсіндіру тек қана понфиктардың иесінде болатын (Понтифик - діні абыз). Цивилдік құқықты сол понтификер жүргізді. Аз пректорлар цивил құқыққа көп қосымшалар мен өзгерістерді шығарды. Бірақ ескі заңдарға олар тиген жоқ. Бұл румдық құқықтың бір ерекшілігі. Қазіргі заманда жаңадан шығатын заңға шығуы - алдымен ескі заңды жояды. Румдықтар олай істеген жоқ. Преторлар жаңа жарияны шығарса (оны претордың әдихты деген) ескі заңды қалдыратын бірақ орындамайтын. Солай румдықтар ескі заңдардың қадірін халықтың алдында сақтаған.

Претор құқығы сол преторлардың әдиктерден жиналатын.

Халықтардың құқығы (jus gentium)

Бұл ұғым тарих бойынша осылай болып шықты. Рум мемлекеті алдымен тек Рум қаласында құрылған. Сол қалада тұратын азат тұрғындар Рум азаматтары деп саналатын. Одан кейін Румға тағы бірнеше қалалар қосылған. Біздің жыл санауымызға дейін ІІІ ғасырда Рум мемлекетіне бүкіл Италия кірген. Румдықтар басқа елдермен қатынастарда (заң бойынша) цивил құқығын пайдаланбайтын. Әрбір елдерде өздерінің құқықтық жүйелері болатын. Ал құқықтарды салыстыру үшін әдейі арнаулы претор сайланған. Оны перегриндер преторы деп атайтын (peregrinus-шетелдік, шетелдік адам). Көп елдердің, халықтардың құқықтарын жинап, салыстырып, оны пайдаға алдырып перегриндер преторлары халықтардың құқығын құрды. Оған ius gentium атағы берген (gens-ру, тайпа деген сөз)



1.3.Рум құқығының негізгі белгілері.

Бүкіл тарих бойынша заң ғылымында үлкен деңгейге жеткен бірден-бір сала – Рум құқығы. Басқа тарихи құқықтық жүйелерден қарастырсақ, оның бiрнеше көрнекті айырмашылықтары бар. Сол айырмашылықтарды Рум құқығының белгілері деп санаймыз. Олардың біріншісі - шектелмеген жеке меншік құқығының институты. Бұл Рум құқығының ұйытқысы. Ол құл иеленушілердің жерге ие болуына, саудагерлерге тауарларды сату т.б. әрекеттерден көрінеді. Екіншісі – келісім-шарттардың институты. Бұл Румда ерікті азаматтарға үлкен шаруашыпықпен айналысу үшін көптеген түрлі келісім құжаттар пайда болу үшін, келісімдер орындалу үшін көп көмек көрсеткен. Үшіншісі – Рум тұрғындары құқықтық жағдайларда жекешелікті өте биік көтеру. Меншік тек қана бір қолда болу керек мағынасында. Төртінші – құқық нормалардың анықтамалығы өте дәл және түсінікті болуы. Бесінші – құқық жүйесіні прецедентке негіздеу. Прецедент деген – құқық практикасында бұрын болған шешімдерді пайдалану. Алтыншы – құқықтық жүйені талаптарға негіздеп құрастыру. Румдық құқық жүйесі бірнеше түрлі талаптардан құрылған. Жетіншісі – құқықтық компромиссті әрбір жағдайларда іздеу. Компромисс деген – екі әлде көп жақтардың әртүрлі белгілері, ой-пікірлері брдей болмаса да бір қалпына келтіру. Тоғызыншы – Заңдарды аса құрметтеу, осы құрметтеуді халыққа тәрбиелеу. Румда әдет құқығы бойынша, жаңадан заң шықса да, ескі заң жойылмай қалады. Оны орындамаса да құрметтеп, алыс жерге орнататып, керек болса тағы шығаратын.



1.4. Рум мемлекеті және құқығы туралы тарихи шолу.

Рум құқығын Рум тарихсыз түсіндіруге болмайды. Өйткені құқық бір мерзіммен шыққан жоқ, оның шығуы, дамуы және жоюлуға бұрылатын кездер болған. Сондықтан ру мемлекетінің және Рум құқығының тарихын қысқаша болса да жақсы білуіміз қажет.

Әдет бойынша (өйткені көп уақыт өткендіктен анық деректері жоқ). Рум қаласы, сонымен бірге Рум мемлекеті б.з.д. 753-754 жж. Ромул мен Рем, Троядан келген белгілі Эней ердің ұрпақтары екі ағайын құрған. Сонда, Каин мен Авель сияқты, бір біреуін өлтіріп Рум патшасы болып қалған. Осыдан патшалық периоды басталды. Патшаларды Румдықтар Rex (Рекс) деп атаған. Бұл период б.з.д. 510 жылдан 509 жылға дейін соэылған. Ең ақырғы патша Тарквиний Гордый жұртқа өте жарамасыз болған. Сол кезде ежелгі Грек елінде халық патшасыз тұрып, мемлекет жағдайларды өздерінің құрылтайымен шешкен. Румдықтар да осылай тұрайық деп Тарквинийді жойып республиканы құрды. Respublica латын тілінен «бұқаралық істері» (Res-заттар, істер, publika- бұқара, көпшілік) деп аударылады. Сонымен бүкіл мемлекеттік істерді халық өзі басқарып шешкен. Бұл үшін сенат делінген халық кеңесі құрылған. Ал Рекс деген сөз сол кезден жаман ат болып кетті. Рекс деп іттерді да атаған. Мысалы, белгілі Иса пайғамбарды өлтіргенде оның крестіне JNRI әріптерімен белгі жазған. Jisus Nasarei Rex Iudei – «Иудеянің патшасы Назареттегі Иса».

Республика мемлекеті тез нығая бастады. Біздің заманымызға дейін ІІІ ғасырда Рум мемлекеті бүкіл Италияны қол астына алған, одан кейін Карфаген мемлекетімен көп соғысып б.з.д. 146 жылға қарай бүкіл Жерорта теңіздің жағасын басқан. Тарихтың да заңдары болады. Сондай бір заң бойынша әрбір республикада халыққа қарамайтын бүкіл билікті бір қолыма алайын дейтін кісілер табылады. Румда да осындай кісілер болған Сулла, Марий, Помпей тағы басқалар. Олардың ішінде б.з.д. 49-45 ж.ж. Гай Юлий Цезарь деген Принцепс / сенаттың төрағасы Сенатқа қарсы шығып, өзім жалғыз патша боламын деп тырысқан. Бірақ б.з.д. 45 ж. Республикашылар оны өлтірді. Сол кезден бастап әрбір Принцепс сенатты өз қолына алатын болыпты. Бұл заман б.з. д. 27 ж. - б.з. 193 ж. дейін созылған. Оңы Принципат кезеңі /Принцепс сөзінен/ аталған. 193 ж. Юлий Цезарьдаң немересі Октавиан Август өз өзіні император атағымен атап, таққа шыққан. Осыдан Рум тарихында императорлық әлде Доминат кезеңі басталады. /Доминат – Dominio басамын сөзінен шықты/ Империя жай мемлекет емес, бірнеше мемлекеттерді басқан, олардың жерлерін және халықтарын өз билігіне қосқан ел. Б.з. І, ІІ ғасырларда Рум империясы бүкіл Еуропаны басып, Шығыстың Армениядан, Батыстың Испанияға дейін созылған. Осы кезеңде І ғасырда Рум провинциясы (билік астындағы ел) Палестинада Иса пайғамбардың діні пайда болған. Бірнеше жыл румдықтар сол діннің абыздарын қаштыртып, кейде өлтіріп та жатқан. Исаға дейін румдықтар бірнеше құдайларға сенген (Юпитер, Марс, Венера т.б.). Ал б.з. ІІІ ғасырдан бастап румдықтар да бір құдайға сенетін болды. Исаны Иисус деп атап, Алланың баласы ретінде санап Христиан дінін мемлекет діні ғылып жариялаған.

Содан соң айтылған: Румдықтар бүкіл әлемді (бізше тек қана Еуропаны) үш рет қолына алған - бірінші семсермен, екінші Христиан дінімен, ал үшінші - өз құқығымен.

Тарихтың тағы бір заңы бойынша әрбір империя ерте әлде кеш болса да быт-шыт болып құлайды. Құмнан қаланған үй сияқты бірнеше егеменді мемлекеттерге (бұрын бастырылған елдер) бөлінеді. Ол тек Рум ғана емес, Монғол, Ұлы Британия, Ресей т.б. империялардың тағдыры.

Император Октавианнан бастап Цезарь есімі саяси атақ болып шықты. Әрбір император енді өзінің есіміне Цезарь атағын қосатын болды. Бұл атақ әлем тарихында кең тараған. Орыстар Цезарьды кесарь, қысқаша царь деп атаған, немістер – кайзер, ал Шығыс тілдерде қайсар түрінде сақталған.

Рум империясы алдымен екіге бөлінген. Батыс империя Рум астанасымен қалды, Шығыс империясы Кіші Азияда орналысқан, Визант қаласында астанасын құрды. Сондықтан Рум Шығыс империясы тарихта көбінде Византия аталады. Батыс империяны Еуропаның варварлар (сақалды деген сөз) б.з. 426 жылы жойған. Сол империяның ең соңғы императоры жас бала болған Ромул Августул өлтірілген.

Рим тарихы енді тек Шығыста жалғастырылуға айналған. Император Константиннің кезінде Визант қаласы Константинополь атағына ие болды.

Рим империясы екіге бөлінгенде оның діні және тілі де бөлінген. Батыста католиктер латын тілімен, Шығыста православ діні грек тілімен. Рум құқығы да енді Шығыста нығая бастады. Шығыс империясы Батысы құлаған соң тағы бір мың жылдай болатын. Оның тарихы өте қызықты, бірақта, бізге десек, оның ішінде император Юстинианның кезеңі ең маңызды болып шықты. Юстиниан, басқа императорларға қарасақ, өте ақылды, білімді және мәдиниетті кісі болған. Оның жұбайы да Феодора өз күйеуіне көп көмек көрсетті. Жақсы әйел ерді ер қылады, ал жаманы жер кылады деп осыған айтқандай болды. Император Юстиниан өзіннен кейін көп ескерткіштер қалдырды. Оның біреуі – Константинопольдің Әулие Софияның діни ғимараты, ал екіншісі – Corpus Juris Civilis – Юстинианның кодексі, Рум құқығының ең толық және ыңғайлы заңдар жинағы. Осы екі Юстинианның ескірткіштері әлі де тұр.

Юстиниан және оның ұрпақтарынан тағы біздерге өте қызықты кодекс қалған. Ол Кодекс Куманикус – ең бірінші латын-қыпшақ сөздігі.

Арғын-қыпшақтарды румдықтар кумани деп атаған. Византияда арығын-қыпшақтар тұрған екені де тарихта сақталған.

Бірақта, Византия да империя болғаннан соң оның өмірінің жылдары саналған. Көне орыстар, қыпшақтар тағы басқа нығая бастаған елдер Византияға көп шабуыл жасаған. Бара-бара қыпшақтардың туыстары Осман түріктер бұл империяны жойып қалдырды. Осы жағдай б.з. 1453 жылда болыпты. Византия-Шығыс Рум орнана жаңадай Османдар өз империясын құрды, Константинополь енді Ыстанбұл аталатын болды. Осман империясы да өз кезеңінде құлаған.

Рум мемлекетінің тарихы төрт кезеңге (Патшалық, Республикалық, Принципат, Доминат) бөлінсе рум құқығының тарихы да кезеңдерге бөлінеді. Біріншісі – ежелгі кезеңі б.з.д VІІІ-ІІІ ғасырларға созылған. Екіншісі – классикаға дейін кезеңі б.з.д. ІІІ ғасырдан б.з. І ғасырға дейін. Үшіншісі –классикалық кезеңі б.з. І-ІІІ ғасырлар. Төртіншісі – классикадан кейін кезеңі б.з. ІІІ-V ғасырлар. Классика деген сөз – оқуға ең керек, ең жарамды, пайдалы мағынасын білдіреді. Ал VІ ғасырдан бастап, Юстинианнан кейін десек те рум құқығы Румда (Византияда) аса нығайған жоқ.

Алдымызда айтқандай 18-19 ғасырларда Еуропада, ХХ ғасырдың соңында Совет Одағынан босаған мемлекеттерде (Қазақстаңда да) рум құқығы рецепцияға (қайта туған жағдайға) айналған.

Ab Jove principium-Бастасақ,Юпитерден бастайық.

(Латын мақалы)


2 тарау. Рум құқығының шығу көздері (деректері)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет