Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі


Рум азаматтарының құқықтық жағдайы



бет3/8
Дата05.11.2016
өлшемі2,32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

3.2.Рум азаматтарының құқықтық жағдайы.

Алдымызда айтқандай Рум тұрғыны азат болса, Рум мемлекетінің азаматы болса, одан кейін бір үйдің иесі болса бұл тұлға ең толық құқықтарға ие болатын.

Ең толық құқықтардың есебі:


Олардың ең біріншісі jus conubii (неке құқығы). Өйткені некесіз кісі иесі бола алмайды. Бұл құқық туралы ерекше сұрақ бар.

jus conubiiден кейін jus commercii шығады. Өйткені тек қана үйленген, азат азаматтарға коммерцияға (алып сату, айырбастау, қару алу, қарыз беру) рұқсат берілген. Осы екеуі тағы екі жеке (азаматтық) құқықтар қосылған, Екеуі де мұраға қатынасқан. Оның біреуі - testamenti factio passiva делінген - өсиет бойынша мұраға ие болу құқығы. Екіншісі-өсиетті қалдару құқығы, ол testamenti factio passiva делінген. Осы төртеуін (jus conubii, jus commercii, testamenti factio activa және testamenti factio passiva) біз ең негізгі азаматтық құқықтар деп есептейміз (жеке құқыққа қарайтын). Келесі үшіншісі - саяси құқықтар немесе көпшілік, публик құқықтарға жатқызамыз.

Олардың біреуі jus militarii - әскери құқығы. Басқа рум тұрғыңдары (логин, перегрин) осы құқыққа қатынаспайтын. Екіншісі jus suffragii - сайлауға, және сайлануға бағытталған құқық. Әрбір Рум азаматы халық кеңесіне, әлде ең биік кеңесіне сенатқа сайлануға және басқа азаматқа сайлануға мүмкіндік алған, үшіншісі – jus honorum делінген. Ол магистрaт болу, басқа мемлекеттік қызметке сайлануға тигізетін құқығы.

Сонымен рум азаматтарының ең негізгі құқықтары осындай: jus conubii, jus commercii, jus suffragii, jus honorum,jus militarii және testamentio factio activa мен testamento factio passiva. Осы құқықтарымен рум азаматы пайдаланса бұны құқықтық қабілетіне ие болған дейміз. Ал құқықтық қабілетімен тағы құқықты әрекет деген ұғым бар. Заң жолымен іс- әрекет жасауға құқығы бар және әрекетіне, ісіне, қылығына жауапты болатын кісіні әрекетті тұлға дейміз. Осындай жағдай, әрине, тек жасы толған адамға тиеді.

құқықты әрекет - қылық - поступок қамқоршы - опекун

Ежелгі Румда жас шамасы бойынша азаматтар үш жағдайға айырылатын. 7 жасқа дейін балалар ешбір құқықтарға ие болмаған. Бұларды infantes деген. 7 ден 12 дейін балаларда (impruberes) тек қана аса қымбатты емес заттарды сатып алуға құқығы болған. Бірақ сатып беруге құқығы болған жоқ. Ал 12 жастан қыздар, 14 жастан ұлдар үйленуге жарайтын. Осы жастан бастап ең негізгі құқытар жастарға рұқсатталған. Бірақ 25 дейін кейбір келісімдер (аса қымбат заттарға, аса жауапты істері) тек қана қамқоршымен әлде әкесімен бірге бекітілген. Сонымен жас бойынша жағдайлар осындай: 1. 7 жасқа дейін, 2. 7 ден 12 дейін, 3. 12 ден 25 дейін. Бірақ кейде 25 келген азаматтар өзіне қамқоршы алатын немесе әкесі оған қамқоршыны жалдаған. Сонымен негізгінен тлық құқықтық әрекет 25-тен басталған.

Бірақ әйелдер, әйел балалар өмір бойы толық құқықтық әрекетке ие болмаған. Солармен бірге есі ауысқандар және мүгедектер есептелген.

Дендері, естері сау ер азаматтарда ерекін жағдайда өзінің әрекетінен айырылатын болған. Негізінен осындай жағдай қиянашылдықпен арамдықпен байланған. Арамдықты Румда infamia деген. Infamia болдыратын осы ерекше жағдайдар:

1 - аса ауыр қылмыс жасау

2 - жолдастарды жалпы істерде алдау

3 - келісімдерді орындамау

4 - жаман кәсіппен байланысу (жезөкшелік, жеңгетайлық)

5 - әйелдердің арамдығы (мәселен құеуы қайтқаннан бір жыл шыдамай байға тиію)

6 таразы өлшемдерін бұзу, әлде онымен алдау.

Арам, infamia болған адамдарға бірнеше тек қоюлатып, жаза берілетін. Оларға үйленуге (әсіресе азат тұрған азаматшаларға), жолдастар қорына кіруге, сонша айтақ болуға тыйым салынған. Infamiara жақын Turpido деген жағдай болған. Turpis - ұятсыз, масқара мінез мағынада. Кейбір кәсіпкер ұятсыз болып есептелген. Мәселен цирк артистері, клоундар тіпті делінген. Осындай кәсіпкерлермен Рум азаматтары бір іс келісімдерді бекіткен жоқ. Олардан аулақ жүрген. Ал патрицийлер (ақсүйектер) одан әрі кәсіп жұмыста қалай болса да ұят іске санайтын. Жұмысты құл істеу керек делінген.

3 Латиндермен перегриндердің құқықтық жағдайы. Алдымызда айтқандағындай, Рум мемлекеті алдында бір қалада ғaнa болған. Қалалықтар өздерін Квириттер ден атаған. Тарих бойынша кварит деген бір тайнаның атағы. Ал Рум қаланын жақында Лациум деген ел болған (Latium). Сол Лациум тұрғындарды латини (Latini) атанған. Румдықтарға бұлар ең жақын ру-тайпа болатын. Кейде оларды Latini veteres ежелгі латиндер деп атаған. Бірақ, Рум қаласында латиндер румда тұрған азаматтарға тең, бірдей болған жоқ. Әсіресе құқықтық жағдайда. jus conubii (неке құқьнғы), jus commerccii (сатып aлy, сатып беру құқығы) латиндерге берілген. Ал jns militarii (әскери құқығы), jus suffragii (сайлау құқығы),jus honorum (қызмет құқығы) олардың қолына жсткен жоқ. Ежелгі латиндермен жақын екі латин азаматтарының түрлелі болған. Біреуі Latini colonarii - Лацумға жақын елдерінің тұрғындары. Екіншісі Latini Iuniani. Бұл атақ (ру емес) Lex Jnium Norbanum - Юний Норбаннын заңынан шыққан. Сол заң бойынша құлдықтан шыққан адамдарға латин азаматтығы берілген. Кейбір Рум азаматтары өзінің ерігімен азаматтықтан шығатын. (Қалада тұрғысы келмесе, елді жерге ие болғысы келсе). Сол бұрынғы Рум азаматтарына Latini Juniani атақ берілген. Latini Juniani екі құқыққа ие болмаған. Ол өсиетті қалдыру (testamento factio activa) және өсиет бойынша мұрагерлікті алу (testamento factio passiva). Бұларға румдықтар бір мақал шығарған: «Өмірде ерік сүреді, қайтқанда құл сияқты өледі». Қалай болса латиндерден латин тілі қалды. Бұл тіл алдымен күллі Италияға одан кейін Жерорта Теңіздің жағалауына, сонымен бүкіл Еуропаға тараған.

Перегриндер (шетелдіктер) латиндер сияқты құқықтарымен пайдаланған. Бірақ әрбір халық өзінің құқығына ие болған. Рум азаматы құқықтары бұларға тиген жоқ. Содан соң олар сонда ешбір заң қорғаумен пайдаланған жоқ. jus conubii мен jus commercii бұларға тыйым болған.

Бірте-бірте рум мемлекеті өзінің тұрғындарына латиндер мен перегриндерге кейбір құқықтарын бере бастады. Алдымен латиндердің жеке адамдарға мемлекетке аса құрмет жасаса. Одан кейін жеке елдерге, мәселен Грецияға ерік, Ад б. ж. 212 ж император Каракалла күллі латиндер мен перегриндерге Рум азаматтарының толық құқықтарын сыйлаған.

Осы сыйлықтың бір құны болған. Өйткені, латин немесе перегрин Рум азаматтарымен бірдей болса ол әскерлікке және салық төлеуге міндеттерді өз мойына салады екен. Осы заңмен Қаракалла мемлекетінің қазынасын да әскери санаттығын толтырған.


4 сұрақ. Құлдар және либертиндердің құқық жағдайы.

Тарих бойынша Рум империя болып көп елдерді бастырып, соғысқа қатысқан әскерлерді тұтқынға алып, оларды құлдыққа айналдырған. Құл иелену рум мемлекетінің экономикасының негізі болатын. Алдымен құлдар (servi) адамдардың арасында есептелген жоқ. Мал мен бірге зат (res) сияқты саналған. Сондықтан құлдардың ешбір құқықтық жағдайы болмаған (Бұны баяғы Петелийдің заңы бекіткен). Одан әрі заттарды айтқанда аспаптардың арасында үш түрін айырған: Сөзсіз аспатттар, маңырауған аспаптар (мал), сөйлейтін аспаптар (құлдар). Құлды сатуға, айырбастауға, ұруға, өлтіруге де болатын.

Құлдар Рум мемлекетінің экономикалық негізі болатын. Нағыз ақсүйектер (патрицийлер, одан кейін плейбейдер де) ешбір жүмыс істеген жоқ. Күллі кәсіптер құлдардың міндеттерінде болатын. Әр ие құлдар осыған үндемей жүрген жоқ. Тарих бойынша Румда бірнеше құлдардың көтерілістері болған. Бара-бара румдықтар бірте-бірте құлдарға ерік беріп тұрған. Кейбір құқықтар құлдарға да берілетін болды. Алдымен, әрине, бұл коммерцияның құқықтары болатын. Бұған бір себеп болатын. Румдықтар өздері жұмыс істемей, өзінің шаруашылықтарын реттеуге, меңгеруге беретін. Реттеушілер немесе басқарушылар да ең сенімді құлдардан шығатын. Мәселен, Рум азаматы құлға басқару үшін жер немеее мал берсе сол жердегі малды peculiuium деп атаған. Peculium - pec (мал) сөзден шықты. Сонымен peculiuium малдық дейтін, бірақ бұл ұғым малдан жерге де таралған. Құл пекулийі емені ерушісі болса оған, әрине бірнеше сатып алу, сатып беру құқықтары керек еді. Сол үшін ондай құқықтар құлдарға да берілетін. Бірақ сатып aлғaн мүлігі құлдың иесіне тиетін. Осындай сатып алу, сатып беру келісімдерде құл иесіне пайда шығарса ол әрине иесінің мүлігіне қосылатын. Ал құл осындай келісімдермен зиян шығарса, оның жазасы құлдың мойнына ілінетін. Пекулийді Рум азаматы өзінің бағынышты ұлдарға беретін. Бұны басқа сұрақтан көреміз.

Сонымен ең сенімді құлдар пекулий бойынша иесіне көп пайда жасаса, иесі сол құлды өзіне жақындатқан. Бара-бара сондай құлдарды иесі босатуға да болатын. Құлдарды бостандыққа жіберу тек бірнеше заңды тәсілдер бойынша болатын:

1) сот бойынша

2) өсиет бойынша

3) цензге (тізіміге) қосып

4) тағы басқа .

Заңды тәсілдер тағы бір неше заңға сәйкес емес тәсілдер осындай:

1) Иесі құлды бостандыққа шығару туралы өзінің жолдастарына тура айтса

2) Құлғa apналған хатпен жазса

3) Құлды өзінің дастарының біріне отырғызса

4) Тағы басқалар
Бостандыққа шыққан құлды Libertini делінген (Liberti бостандық деген сөзден).

Заң бойынша либерин ерікті азаматтармен бірге есептелген. Бірақ «құл» деген таңбасы өмір бойы либертини мойында тұрған.

Бұрынғы құлдың иесі patronum патрон делінген. Либертин өзінің патронына өмір бойы құрмет келтіруге міндеттелген. Бостандыққа шыққанда либертин ерекше ант беретін. Сол ант бойынша либертин патронға бөтен талап беруге болмайтын. Ешбір жаман сөз, жаман ой patronға тигізбейтін. Ал либеріин patronғa бір арамдық жасаса құқық бойынша сол либертинді құлдыққа айналдыратын мүмкіндік болған.

Әрине, бұрынғы құл еріктерге азаматшаларға үйленуіне рұқсат берілмеген. Тек қана өзіндей либертиндермен некелесуге болатын. Либертин кейбір қызметтерге сайлануға құқыққа пайдаланылған. Сайлайтын да құқық болатын. Бірақ, сенатор, консул тағы бірнеше биік қызмет орындарға либертиндердің қолы жеткен жоқ. Ал әскер болып, соғысқа бару үшін, салықтарды төлеу үшін құқықтары либертиндерге әрине тараған. Либертинден тұған балаларда либертин атауын мұрасына алатын. Бірақ, бірнеше ұрпақ мүшелерден либертиндер ерікпен тұған азаматтарға қосылағын.



5. сұрақ. Колондардан құқықтың жағдайы.

Колондарды бізге жақын ұғымда диқандар деп айтуға болады. Колондар - ерікті азаматтар болып, бірақ та құқықтық жағдайда Рум азаматтарымен сәйкес болмаған. Олардың құқықтық жағдайы жер иелеріне өте байланысты болған. Жерге ие болмай, колондар жерді жалдап алатын. Ал жалдайтын құны тым қымбат болған. Содан соң, колондар өмір бойы қарайдан шыққан жоқ. Рум колондарының жағдайы орыстардың крепостік диқандарға (крепостные крестьяне) сәйкес болған. Астық өсіріп, колондар өнімдеп көбін жер иесіне беретін. Құл болмай колон құл сияқты болатын.

Бірақ jus conubii,jus commercii бұларғa тараған. Әскерге де баратын (jus militarii). Jus suffragii, jus honorum бұларға тыйым болған жоқ, бірақ оларды пайдалануға мүмкіндік болған жоқ. Өйткені колондар жеріне өте байланысты болатын. Мұрагерлік құқықтар (testamento factio activa, tesamento factio passiva) болған, бірақта колондарда eшбір мұраға жарайтын мүлік болған жоқ.

Колондардың заманын колонат деген.

Тарих бойынша колонат феодал экономикасының тамыры, қайнар көзі болып шықты. Сол кезде құл иелену экономикасы жойылуға қарайтын.

Құлдар жұмысты бағынып істеген, содан соң еңбек өнімділігі биік емес болған. Одан кейін құлдарды қалай болса да тамаққа тойдыру, киіндіру керек еді. Ал колондар тамағын, киімін өздері тапқан, жұмысты құлдардан жақсы істеген. Өйткені еңбек пайдасы оларға да көп тиген. Осындай экономикалық жағдай құл иелену экономикасын, онымен бірге құл иелену мемлекеті бірте-бірте жойылған. Құл иелену қоғамдық құрылыстың орнына феодал қоғамдық құрылыс келген.



.
6 сұрақ. Заңды тұлғалар.

Алдымен айтылған Рум азаматтары, латиндер, перегриндер, тағы басқалар жеке тұлғалар болған. Ал бірнеше азаматтар кәсіп бойынша бірге қосылса әлде бір іске берілсе бұны қазіргі заманымызда біз заңды тұлға дейміз. Осындай тұлға басқа заңды тұлғамен коммерциялық, құқықтық қатыныстарға бір аттан шығады. Бірақ Рум заманында заңды тұлға деген құқықтық ұғым болған жоқ. Бірақ бірнеше түрлі заңды тұлғаға сәйкес азаматтардың қоғамы болған. Мәселен ерлердің, етікшілердің, тағы басқа кәсіптік қоғамдары. Одан келіп діни қоғамдар. Осындай қоғамдар мүлікті бірге ұстаған. Мүліктің иесі жеке тұлға емес, қоғам болған. Қоғамдық мүлік заңды тұлғаның негізгі болып шықты. Ежелгі Румда қоғамдық мүлігімен қосылған кәсіптер және діни қоғамдар екі түрлі болатын. Біріншісі - корпорация (corporatio), екіншісі - муниципия (municipio).



Ad Patries - Аталарымыздан шықты (Латын мақалы.)

4 ТАРАУ. Рум құқығыңдағы отбасы және неке туралы ұғым.


4.1. Рум құқығы бойынша отбасының ұғымы.

4.2. Агнаттық және когнаттық туысқандықтар.

4.3. Рум Неке жағдайы.

4.4. Әке билігі.



4.1.Рум құқығы бойынша отбасының ұғымы.

Тарих бойынша мемлекет пен құқықтан бұрын отбасы құрылған, содан соң отбасының мүшелерінің қатынастары алғашқы қауымдық құрылыспен басталады. Отбасының негізі үйдің иесі болатын. Латын тілінде отбасыны Familia деп атаған. Бірақ фамилияның ұғымы отбасының ұғымынан кеңдеу болатын. Өйткені, фамилияға отбасының басқа мүшелері де яғни, құлдар да, малдар да және басқа аспаптар да кірген.

Егер ер балалар үйленіп, сол familia мен бірге тұрса, оның әйелі мен балалары бір әкесінің фамилиясына қарайтын. Содан соң, латын тілінің Familia деген сөзді тиянақты отбасы емес, оны қазақша «үй» деп аударсақ дұрыстау болады. Үйдің иесін румдықтар paterfamilias деген. Paterfamiliasтың ұғымы тек отбасы жағдайынан ғана емес, құқықтық жағдайынан да шығады. Paterfamilias рум азаматтарының ең толық құқықтарына ие болатын. Содан соң оны persona sui iuris деп атаған. Үйдің басқа мүшелері Pater familiasқa бағынышты болатын. Содан соң оларды persona apieni iupis деп атаған, apieni - бөтен деген сөз. Одан әрі ежелгі заманда үйдің іші бәрі де Paterfamiliasтың жеке меншігі, мүлігі болатын. Сол кезде әйелді баланы мал сиықты сатуға, айырбастауға, тіпті өлтіруге де үйдің иесіне заң бойынша рұқсат етілген. Бірақ бірте-бірте тарих бойынша үйдің мүшелерінің құқықтық жағдайы түзеле бастады. Әйелдерді, балаларды бірте-бірте адам қатарына қосатын болды, тек қана құлдарды есептемейтін.

Бірақ олай болса да Paterfamiliasтың әйелі persona in manum mariti (қол астындағы персона деп айтылады). Үйдің иесі өлсе де, үйдегі барлық мүшелері әйелі болса да, үлкен баласы болса да, ол үйленсе де рум азаматтарының толық құқығына ие болмаған. Ал Paterfamilias қайтыс болса, оның орны ер баласына қалатын, үлкен ұлы әкесінің орнына Paterfamilias болатын. Ал өлген кісінің зайыбы жесір ретінде сол баланың қол астында қалатын. Баласы оған қамқоршы болатын, бірақ та сол жесірді күйеуі өлген соң persona sui iuris деп атаған. Рум фамилияның ішінде баланың баласы, яғни немересі, өзінің әкесіне емес, pater familiasқa бағынатын. Ал келіндер де өзінің күйеуіне емес, оның әкесіне бағынышты болады. Рум фамилиясында қазақтың отбасысы сияқты күшік күйеулер де болатын. Олар да pater familiasқa бағынышты болатын. Сонымен, үйдің іші толық persona alieni juris болатын.

4.2.Агнаттық және когнаттық туысқандықтар.

Туысқан адамдардың құқықтық қатынастарын біз туысқандық дейміз. Қазіргі заманда туысқандықтың бір ғана түрі бар деп есептейміз. Ал ежелгі Румда туысқандықтың екі түрі болатын. Оларды агнаттық және когнаттық туысқандықтар деп атайды. Агнаттық туысқандық рум фамилиядағы құқықтық жағдайда шықты, сол жағдай бойынша фамилияның үйінің ішінде тұрған жұрт бәрі де агнат туысқандар деп есептеген. Туған балалары келіндерімен, күшік күйеулерімен бірге одан әрі басқа отбасынан келген осы үйде тұратын кісілер paterfamiliasқа агнаттар болып есептелген, ал осы үйден бір қыз тұрмысқа шықса, ол агнаттық туысқандықтан айырылатын, өйткені сол қыз өз әкесінің билігінен шығып, басқа үйдің иесінің қол астына баратын. Одан әрі кейбір ұлдарды басқа paterfamilias заң бойынша асырап алса, сондай ұлдар, туған әкесіне емес, асырап алған үй иесіне агнат туысы болып шығатын. Мұрагерлік құқық бойынша, қайтыс болған кісінің мүлігі, алдымен агнат туысқандар арасында таратылатын. Содан соң күйеуге шыққан қыздар және басқа біреу асырап алған ұлдар, күшік күйеулер өз әкесінің мұрасына тек қана екінші кезекпен қатынасатын.

Ал когнаттық туысқандық дегеніміз – бұл кәдімгі қан бойынша туысқандық болатын. Ежелгі рум фамилиясы агнат отбасы болатын, бірақ та бірте-бірте Paterfamilias билігінің күші әлсіреп қалып, ал үйдің мүшелерінің құқықтық жағдайының күші артқан.

Содан соң бірте-бірте агнаттық туысқандықтың орнына когнаттық туысқандық келген. Мүлік қатынастары мұрагерлік құқығы агнат туысқандық бойынша емес, алдымен когнаттық қан бойынша, туысқандықпен жүргізілді. Ендігі мәселе үйден шыққан Paterfamiliasтың ұлы асырап алған үйде тұрған ұлынан әкесінің мұрасына алдымен шығатын.


4.3. Неке жағдайы.


Белгілі Рум заңгері Модестин некеге осындай құқықтық анықтама берген еді. Неке – күйеу мен зайыбының одағы, құдайдың және адамдардың құқығы бойынша өмірге берілген бірлігі. Осы анықтамасы орта ғасырларға да, біздің заманымызға да жеткен сонымен қатар кітаптарға, оқулықтарға енгізілген. Бірақ та ежелгі Румда некелік жағдайы ерлермен әйелдерге әрине бірдей болған жоқ.

Ежелгі Румда заң бойынша, неке деген екі түрлі болатын, некенің ең бірінші түрі.



Cum manu некесі болған. Ол қол астында деген ұғым. Бұны бағынышты неке деуге де болады. Cum manu неке жағдайы бойынша әйел еріне тұтасымен бағынышты болатын. Оларда үйдің ішінде де, сыртында да құқықтары болған жоқ. Ежелгі заманда румдықтар әйелдерді мал сияқты сатып алатын. Сондықтан олардың жағдайы түсінікті болатын. Бірте-бірте тарих бойынша әйелдердің құқықтық жағдайы түзеле бастады. Кейбір құқықтарға, әсіресе, jus kommersii бойынша сатып алуға, сатып беруге тұрмыстағы әйелдерге рұқсатталған. Бірақта сатып алатын, сатып беретін мүлігі аса қымбат болса, ондай мүлік келісімдері тек қана күйеуі арқылы бекітілетін. Бай болған рум азаматтары өзінің қыздарын да қымбат санайтын. Оларды әкелері еркелетіп, бірнеше мүліктің бөлігін беретін. Содан соң байлардың арасында қыздарды мал сияқты сатып алуға бірте-бірте ыңғайсыз болатын. Бай патрицилер некелікке сатып алатын тәсіл орнына салтанатты ырымды кіргізген. Сондай ырым румдықтардың әдет-ғұрпына кірген әдет бойынша, енді неке салтанатыны кейіннен шіркеуде оң айғақпен және бірнеше абыздармен өткізілетін, енді қызбен бірге paterfamiliasқа жасау берілетін. Бірақ осы жасау үйдің иесінің мүлігіне қосылатын. Күйеуге шыққан әйел күйеуімен айырылысса осы жасау үйдің иесінің, яғни, paterfamiliasта қалатын. Тұрмыста сол әйел бір нәрсе не зат сатып алса, сатып алған мүлігі үйдің қазынасында қалатын. Бірте-бірте румда да әйелдер өзінің құқығына ие болайық деп, ақырын күйеулердің құқықтарын тарта бастады. Тарта бастаған соң, ең біріншіден, некенің екінші түрін шығарды. Некенің екінші түрі – sine manu некесі бұл қол астындағы емес деген ұғым. Ол бойынша, әйелдердің құқықтары, ер кісінің құқықтарындай болатын. Sine manu некеге шыққан әйелдер өзінің құқықтық жағдайын сақтап persona sui juris болып қалатын. Жасау мен бірге келген мүлігі өзінің қолында қалатын. Бұл мүлігіне ие болып, оны сатуға, ал қалған ақшаға өзіне керек нәрсе сатып алатын құқығы болатын. Күйеуі оған бірдеңе сыйласа, мал болса да, жер болса да, оның сыйлығы зайыбының мүлігіне қосылатын. Әйелдер де осы мүлікті күйеудің меңгеруіне беретін құқығы да болатын. Жоғарыда айтқандай cum manu неке жағдайы бойынша, күйеуі әйеліне сыйлық беруге болған жоқ. Сол әйел күйеуімен ажырасса sine manu құқығы бойынша, өзнің мүлігін өзіне қалдыратын. Sine manu бойынша бұрынғы күйеуі айырылған әйелінің мүлігіне өз еркімен өз мүлігінің бөлігін қосып беретін. Бұл некенің түрінде бір жеке жағдай болатын. Осындай некеде әйел күйеуімен бір жылдан аса тұрса сол әйел тағы да күйеуінің билігіне кіреді. Содан соң заң бойынша осы некені әйел бір жылға дейін тоспай, күйеуінен айырылысып, тағы қосылатын. Бұл жағдай әйелдерге өзнің құқығынан айырылмауы үшін берілген. Некенің екі түрі болса да, ең кең тараған неке жағдайы cum manu болған. Cum manu және sine manu неке түрлері заңды түрлері болатын одан басқа заңсыз құқық бойынша саналмайтын некенің тағы бір түрі Concubinatum болған заңсыз некесі. Concubina деген румдағы некесіз тұратын әйелді қалай айтсақ та, бұл әйелдер зайып деп аталмаған. Заң бойынша рум азаматына бір ғана әйелді жұбайы деп ұстауға болатын. Ал concubuka дегендері қанша болса да ұстауға болатын, тек қана ақшасы жетсе, өйткені оларды да асырауға міндет болатын. Осындай некелеу заңды неке болмаса, ердің және әйелдің ешбір өзара құқықтарда міндеттері де болған жоқ.

4.4. Әке билігі.


Әке билігі. Жоғарыда айтқанымыздай рум фамилиясында тек қана paterfamiliasтың құқықтары ең толық, ең күшті болатын, осы жағдайдан әке билігі деген заңдық ұғым шықты. Румдықтар өздері бұл жағдайды тек қана ерекше румның ұлттық заңдық ұғымы деп есептелінген. Әке билігі ұлдарға ғана емес, әйеліне де, қыздарына да, фамилияның басқа мүшелеріне де тараған. Бірақта ұлдардың құқықтық жағдайы кеңдеу болатын. Ер жеткен ұлдар jus connubie, jus kommercii, jus militarii т.б құқықтарына ие болған. Тек қана jus honorum бойынша бағынышты ұлдардың аса биік қызмет орындарға қолы жеткен жоқ. Әсіресе, сенатор, консул, төр орындарға, бағынышты ұлдар өз балаларына да әке билігін атқара алмайтын, өйткені балалары үйдің иесіне бағынышты болатын. Бағынышты ұлдар мүлікті үстауға да ие болмаған, бірақта ұлдарға ерекше мал, жер бөлімдері пекули ретінде пайдалануға ғана берілген. Оны сатуға, айырбастауға құқығы болған жоқ. Пекулидің тағы бір түрі болған: әскери пекули. Ер жеткен ұлдар бағынышты болса да, әскери құқығына да ие болған. Әскери қызмет орындаған азаматтарына мемлекет атынан кейбір мүлік берілетін. Бергенде тек қана пайдалануға ғана берілетін. Қалай болса да, бағынышты ұлдардың құқықтық жағдайы бос ерікті азаматтардың құқық жағдайымен бірдей болған жоқ. Әкенің билігінен шықпаса, бағынышты ұл commerciiға да, үйленуге де тек қана әкесінің батасымен қатысады. Әке билігінің құрылу жағдайлары:

  1. Paterfamiliasтың заңды әйелінен ұл туса;

  2. Рaterfamiliasтың конкубинадан ұл туса және оны заңға
    келтірсе, Осындай балаларды заңға келтірудің 3 жағдайы
    болатын: a) paterfamilias конкубинаға заң бойынша үйленсе,

ә) paterfamilias императордан сұрап, жеке рескрипт алса,

б) paterfamiliasтың ұлы қалалық кеңеске сайланса, сол бала заңды баласы болып есептелінеді.

3.Paterfamilias басқа біреудің баласын асырап алса.
Әке билігінің жойылу жағдайлары:


  1. Paterfamiliasтың қайтыс болуы.

  2. Бағынышты ұлдың қайтыс болуы.

  3. Paterfamilias әлде бағынышты ұл тұтқынға ұшыраса.

  4. Paterfamilias қылмыс бойынша, өз билігінен сотпен айырылса.

  5. Бағынышты ұл аса биік қызметке сыйланса, сенатор, претор
    т.б.

6. Эманципация бойынша Бұл әке билігінен заң бойынша
шығуы. Императордан рұқсат алса, жеке рескрипт шықса, одан
кейін соттың шешімі шықса. Бағынышты ұл көп жыл әкесінен
бөлек бір үй болып тұрса.
Judex lex fecit inter parties - Сот екі жаққа заң атқарады

(Латын мақалы)

5 Тарау. Құқықтарды қорғау.


5.1.Құқықтарды қорғаудың пайда болуы

5.2.Сот процестерінің пайда болуы.

5.3.Легисакциялық процесс.

5.4.Формульярлық процесс.

5.5.Экстраординарлық процесс.

5.1. Құқықтарды қорғаудың пайда болуы.

Мемлекет пен құқық теориясына Рум құқығы бірнеше маңызды ұғымдарды шығарды. Құқықтық ұғымдар ішінде құқықты жүзеге асыру деген ерекше ұғым бар. Әрине, құқық тек қана адамдардың әртүрлі қатынастарының ішінде тұрады. Сонымен құқықты жүзеге асыру керек. Сондай жүзеге асыруды екі жолмен шығарады. Бір жақтан құқықпен пайдалану, екінші жақтан пайдаланбау.

Пайдаланбау да құқықтың жүзеге асыру ретінде есептеледі.

Керегі болса құқықпен адам пайдаланады. Адам өзінің құқығымен пайдаланбаса да бұл оның құқығы болады. Керек кезінде осы құқықпен басқа адам да пайдаланады.

Құқықпен пайдалану да екі жолмен тарайды: әрекет жолмен және әрекетсіз жолмен. Мәселен, біз мектепте, университетте оқимыз, жұмыс істейміз, демаламыз. Пайдалану ретінде. Оқығымыз келмесе оқымаймыз, жұмыс істегіміз келмесе істемейміз, бәрі бір әрекетсіз сол құқықпен пайдаланамыз. Құқықты әрекетпен пайдалансақ та оның тағы екі жолмен пайдаланамыз. Біреуі - айтқандай оқу оқимыз. Оны жағымды мүдде қанағаттандыру түрде әрекет дейміз. Әрекет пен құқықты пайдаланудың екінші түрі – құқықты қорғау дейміз.

Құқықты қорғау дегенді тағы да екі жақтан қараймыз. Оның тарихи себебі бар.

Румда, басқа елдерде де болмаған кезінде, әлде болса да заң және заңшылық алыс тұрғанда, адам өзінің құқықтарын өзі қорғаған. Бұл құқықты қорғаудың бірінші түрі – заңгерлер оны дербестік қорғау деп атайды.

Мәселен, бір Рум азаматы басқа азаматымен жер бөлігін немесе малын тартып алса, бірінше, әрине өз өзіне қорғау жасаған күшін пайдаланған деген. Сол кезде күш құқығының заманы болған. Алдында айтылғандай рум азаматы сол жағдайда ұрыны өзінің жерінде ұстап өлтірсе де оған ешқандей жаза жоқ. Сол заманда қылмыстың да заң бойынша ұғымы болған жоқ.

«Nulum Crime sine lege - заң болмаса қылмыста жоқ» деген. Заң болмағанада румдықтар құлдар да, әйелдер де, балалар да, өз мүлігіне қосып сатқан да, айырбастаған да, өлтірген де. Бірақ заң болмаған кезінде әдет деген, әділет және әділдік деген ұғымдар болған. Әділеттіліктен әділет ұғымы шыққан. Aeqiutas - әділдіктің аудармасы.

Бірте-бірте румдықтар да әділдікті тұрмысқа кіргізді. Дербестік қорғауы да екі жаққа шықты. Бір жағы заңды дербестік қорғады, екіншісі заңсыз дербестік қорғады, бұны озбырлық дейміз.

Сол кезде қандай дербестік қорғау заңды, қандай озбырлық болады деп сұрап румдықтар бұл сұрақты әділдікпен шешкен aegiutas (әділдік)- Aequum (бірдей, тең) ұғымымен шықты. Сонда күшті тек қана тең күшпен қайтаруға болады деп шешкен. Осыдан әділеттің белгісі өлшеуші болып шықты. Егер сізге біреу таяқпен шықса сіз оның шабуылын тек қана таяқпен құқық бойынша тоқтатасыз. Пышақты шығарсаңыз бұл қорғау заңсыз озбырлық болады. Одан әрі біреу ұрлық жасаса оны өлтіріскен қорғау жасау болмайды. Бірақ та заң болмаса қылмыс та болмайды десек осындай әділдік келтіруге үшін заң шығару керек. Мәселен, 326 б.ж.д. шыққан Lex Poetelia бойынша енді қарызды төлемеген үшін кісіні құлдыққа жығылту, немесе өлтіруі - заңды әрекет емес, қылмыс болып шықты. Ал сол заң шықпаған кезінде осындай әрекет заңды болған.Nulum crime sine lege. Осылай құқықтың қорғауы екінші түрін тапқан. Оның атағы мемлекеттік қорғауы, әлде заң көмегімен қорғауы. Мемлекеттік қорғауды румдықтар jurisdictio (юрисдикция - заң айтуы) деп аталған.

Мемлекет пен құқық теория бойынша оның тарихы бойынша мемлекет құқықпен бірге пайда болған.

«Jurisdictia regnorum fundamentum - әділет мемлекеттің негізі» - Румнан шыққан тағы бір мақал бар.

Енді румдықтар өзінің құқықтарын қорғау үшін мемлекетке басын бұрған.

5.2. Сот процестерінің пайда болуы.

Тарих бойынша алдымен барлық азаматтың істері талап бойынша претор өзі шешкен. Ал осындай талаптар көбейгенде претор өзінің сот міндеттері орындалмайтын болған. Сонда претор осы талаптарды алдымен өзі негізімен қарап, аяғымен шешу үшін басқа азаматтарға тапсыратын болған. Бұл азаматтар арбитр (arbitrum) деген атағын тапты. Сонымен соттық процессі екіге бөлінген. Біріншісі – in ius делінген. Бұл саты (стадиясы) претор алдында өтетін. Претор талапкерді тыңдап, оның айтқан себептеріне ұғым жауапкершіні шақыратын. Оны да тыңдап, айғақтар болса оларды да жинап өз пікірін шығарған. Бірақ, ақырғы шешімді шығарған жоқ. Бұл саты арбитрді тағайындаумен аяқталған. Арбитр болу қай Рум ерікті азаматтардың ішінде мүмкіндігі болатын. Әрине арбитр болған жоқ. Әрбір іске претор жеке арбитрді тағайындаған.

Тағайындалған соң арбитр іске кірісетін. Бұл саты in indicium делінген. Бұл сот процестің барлық қатысушыларды тыңдап алып, барлық айғақты заттарды өлшеп, салыстырып өзінің шешімін шығаратын.Арбитрдің шешімі үзілді-кесілді ақырғы болатын. Бұл шешімге шағы беруге болған жоқ.

Тарих бойынша сот процессі үш түрлі болатын.



5.3. Легисакциялық процесс.

Ең бірінші сот өткізу тәртібі тарих бойынша - легисакциялық процесс деп аталған. Legis actio деген - заңды талап. Легисакциялық ең созылатын, құрмалас және қиын процесстің түрі болатын. Осындай процесс ежелгі құқықты әдеттер бойынша жүргізілген. Процесстің қатысушылары өзінің айтатын пікірлерін алдымен жаттап алуға міндеттенген. Одан әрі айтатын сөйлеу сөздері ежелгі заңдармен салыстыратын болу қажетті. Сот процессте талапкер, жауап беруші айтатын сөздерді өзгеше айтса, әлде бір сөзде ғана қате кетсе оның ісі ұмытылып қалатын (талабы дұрыс болса да). Бұл процесстерге Рум қаласының бүкіл жұрты жиналатын. Сонымен сот процессі театрдің ойынға ұқсастығы болатын.

Легисакциялық процесстер алдымен айтқандай көп уақытқа созылатын, сонымен және қиын құралас бойынша көбейген соттық істер ұзақта шешілмей жатқан. Легисакциялық процессі республика заманында процесстің негізгі түрі болатын.
5.4. Формулярдық процессі.

Приицинат заманында легисакциялық процесстің орнына басқа формулярлық процесс келген. Бұл процесстің түрі легисакциялық процесстен жеңілдей және қарапайымдай болатын. Формулярлық formula деген сөзден шыққан. Formula претор қолынан шыққан іс қағаздың бір түрі.

Формулярлық процесстің тұрғысынан формула (Formula) сөзден шықты.

Формула-құрастыру түрі, бұл мағынада арбитрге претор жазған қызмет қағазының құрастыру түрі. Формулярлық процесс легиасакциялық процесстен өте ыңғайлы, күрделі емес және жеделдеу болған. Претор талабымен келген азаматты және оның жауапкерді шақыратын тыңдаған, содан соң өз пікірін арбитрге арнап осы формулаға жазған.

Формула бірнеше бөлімдерден құрылады: Алдымен Praescriptio (алдыңғы сөз) жазылады. Оның ішінде мысалы «Осы істе бір әлде одан көп талаптар бар, бұрын осы кісі осындай талаптармен жолыққан жоқ» деп претор формуланың негізгі бөлімдері жазылған. Негізгі бөлімдер екеу болған: Intentio (талаптың мазмұны) және Condemnatio (претордың осы іске ойлаған ой пікірі). Претор кондемнацияда шешімді шығарған жоқ, тек қана арбитрге осы істі жақсы қарап, дұрыс шешімді шығар деп жазған. Шешімді арбитр өзі шығарған. Кейде интенциямен кондемнацияға қосымшалар жазылған. Қосымшалар осындай болған. Demonstratio (жарғы түсіндірме), Exceptio (шығару) және Adidudicatio (ерекше қосымша). Демонетрацияда претор қарайтын істі жариялап түсіндірілетін. Ал эксцепция деген жауапкердің талапқа қарсы айтқан сөздері. Бірақ талап түгел мойындамау емес, тек қана кейбір талаптың жеке бөлімдерге қарсы сөздер.

Адьюдикaция – ерекше бөлім. Мысалы, кейбір істерде таласқан затты екіге бөлу керек, әлде затты талапкерге, ал оның құнын жауапкерге арнау керек кезде жазылатын.

Формулярлық процесс алаңда емес, жабық ғимараттарда өтетін. Содан соң сотқа аса көп жұрт қатыспаған. Легисакциялық және формулярлық сот процесстің түрлері Румда республикалық және принцинат кезеңдерде кең тәжірибеленген. Ал доминат (императорлық) кезеңде олардың орнына сот процесінің үшінші түрі - экстраординарлық процесс пайда болған.

5.5. Экстраординарлық процесс.

Ordine - кәдімгі деген сөз, ал extra - шектен шыққан, төтенше. Сондықтан extraordinem - төтенше жағдай процессі. Бұл процесстің түрі алдында көрсетілген екі түрден гөрі өте қысқа мерзіммен және қарапайым түрмен өтетін. Оның ең бірінші ерекшелігі - сот төресіз өтетін. Сайланған арбитр орнына талапты істерді шенеуіктер шешетін. Сот процессі сол шенеуіктің (претор, полиция бастығы, әскери бастығы болса) жұмыс орында өткізілетін.

Процесске талапкермен жауапкерден басқа ешкім де кіргізілмейтін. Кейде оларсыз да, тек құжаттарға қарап шенеуік өз шешімді шығаратын.

Бұл бір жақтан дұрыс, өйткені процесс жеделді түрде өткен, ал екінші жақтан шенеуіктер осы ерекшеліктерімен пайдаланған. Осыдан парақорлыққа, коррупцияға жол берілген. Коррупция – Corruptio - шірік, тот деген сөз. Коррупцияға қарсы ең бірінші заң б.з. І ғасырда Румда қабылданған сон, осы қылмыспен күресу бүкіл әлемде әлі де өтіп жүр.

Осы процесске ұқсасты соттың түрі біздің тарихымызда да болған. Ол ХХ ғасырдың 30-50-жылдары өткізілген тройка совет процессінің түрі. Онда партия комитетінің 1-хатшысы, прокурор және үшінші НКВДнің бастығы сот орына істеп, талай жұртты кінәсіз жазалаған.

Бірақта Румда экстраординарлық процессте бір жақсы жаңалық шықты. Оның аты аппеляция (appellatio) - сот шешімге қарсы өтініш беру.

Енді соттан кейін, талапкер әлде жауапкер сот үстіне жоғары шенеуіктерге, императорға дейін арыз беруге құқықты болатын.



Grata, rata et accepta - Ыңғайлы, қолайлы және заңды. (Латын мақалы)


6 ТАРАУ: ТАЛАП ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.

6.1. Талап ұғымы

6.2. Талаптардың түрлері

6.3. Талап бойынша қорғану және талапқа қарсыласу

6.4. Құқықтар коллизиясы және талаптардың бәсекесі

6.5. Преторлық қорғаудың ерекше тәсілдері.

6.1. Талап ұғымы.

Мемлекеттік құқықты қорғауды Румда алдымен претор орындаған. Қорғау іздерін азамат өзінің арызымен преторға барып оған түсіндірген. Претор істі тыңдап, азаматтың айтқан сөздері дұрыс және заңға сәйкес болса, екінші жақты шақыртып тағы оны да тыңдап өзінің шешімін шығарған. Бұл қысқаша жарияланған азаматтық процесс. Осында көрсеткен қорғау іздеген адамды біз талапкер дейміз. Әрбір азаматтық процесс екі жақты тыңдап көріп, біреуін айттық, бұл талапкер, ал екінші жағын жауапкер деп атаймыз. Оның азаматтық ісі - талап деп аталады. Румдықтар қорғау іздеуді - actio деп атаған. Сонымен талап латын тілінде actio делінген.

Рум құқығы бойынша талап (actio) – преторлық эдиктпен жарияланған соттық процесспен шешілетін құқық қорғау үшін арналған құрал.

Өмір ішінде талай қорғау үшін айналатын құқықтық жағдайлар табылады. Рум заңгерлері осындай жағдайларға бірнеше талаптың түрлерін шығарды.


6.2.Талаптардың түрлері.

Талап түрлері әртүрлі негіздер, тиянақтармен бөлінеді.

Бірінші тиянақ негізі - жауапкердің тұлғасы бойынша. Осымен талаптар заттық талаптарға (actionеs in rem) және тұлға талаптарға (actionеs in persona) бөлінеді.

Заттық талаптарда талапкер претордан әлде соттан тек қана затты қайтаруға сұрайтын, жауапкердің түріне қарамай. Осындай талаптарды виндикациялық талаптар (actions in vindicatio) деп атаған. Тұлға талаптарға жауапкердің тұлғасы алдымен шығады. Талапкер және адамды (тұлғаны) жауапқа тартқан. Сонда зат екінші ретке шығатын. Мәселен, талапкер жауапкерді азамат өзі атқарсын деп претордан қорғау сұрайтын.

Екінші тиянақтың негізі - құқықтың қаталдығынан шығады. Осы тиянақпен талаптар қатал құқықты талаптарға (actiones in fona fidei) бөлінген.

Қатал құқық деген - өте тиянақты, ешбір жаққа жібермейтін құқық дейміз. Ол заңның әрбірімен әріп, нүктеге қатал қарайды. Dura Lex, sed Lex - румдықтардың мақалы. (заң қатал болса да – бұл заң). Заң ішінде бір рұқсатталмаса ол әрекет заңсыз болып табылады.

Адал ниетті құқық алдымен әділеттен шығады. Заң ішінде жеке іс бойынша ерекше әріп табылмаса ондай істі кейбір преторлар, әлде соттар адал ниетімен шешетін. Сондай істерге қарайтын талаптар адал ниетті тарапттар делініп есептелген. Мәселен, мұрагерлік құқық бойынша: бір жетім преторға барып менің ешбір заңды туыстарым жоқ, ал шешім патерфалинастың конкублиясы болған. Патерфамилиас қайтыс болған соң маған ешбір мүлік мұра бойынша берілген жоқ. Осындай іс бойынша қатал құқықпен сол жетімге претор көмек көрсетпейді, ал адал ниетті құқығымен осындай талапты қанағаттандыруға мүмкіндігі болған.

Үшінші негізі – талаптардың мақсаты және көмегімен бөлінетін. Бұл негізбен талаптар үш түрге бөлінеді: реперситутор талаптар (actiones rei persicutorie), айыптық талаптар (Actiones poenales ) және аралас талаптар (Actiones mixtae ).

1. Actiones rei persecutoriae - мүліктік құқықтарды бұрынғы қалпына келтіру талаптары; талапкер айрылған затты қайтаруды талап етеді. Мысалы, меншік иесінің заты талап етуі - геі vindicatio деп аталды.

2. Actiones poenales - айыптық талаптар. Олардың негізгі түрлері: а) жеке айыпты төлеу, б) кейде шығынның орнын толтыру, тек қана затты қайтарумен шектелмейді, шығынның орнын толтыру негізделеді. Мысалы, actio doli - алдап шығын келтірген адамға қарсы талап.

3. Actiones mixtae – аралас талаптар. Осындай талаптарда талапкер жойылған құқықты қайтарумен, жауапкерден айыпты да бірге сұрайтын.

Құқықтар тең және бір-бірімен байланысты болмауы мүмкін. Осындай жағдайда превенция принципі үстем алады: (құқықты бірінші болып атқарған артықшылықты бірінші болып пайдаланды).

Талаптар бәсекесі қандай жағдайда пайда болады? Егерде бір әлде бірнеше адамдар - бір әлде бірнеше адамдға қарсы бірнеше талаптарға ие болса және бұл талаптарға бірдей мақсат қойылса. Бәсекелес талаптардың ішінен біреуі орындалса, басқасы жойылады. Егерде 1 талап толық орындалмаса, 2 талапты қоюға мүмкіндк беріледі (Д. 17. 2.43).

Рум құқығында кумулятивтік бәсеке болды, яғни бір заң бұзушылық бойынша екі талапты өткізуге рұқсат беріліді. Мысалы: XII кестелі заңдар бойынша адам айыпты талап етуге құқылы. Ол ұрлаған затты талап ету әлде оның бағасын қайтару - condictio furtiva, сонымен қатар actio furti nee manifest! айыпты талап ету -заттың екі еселі бағасы көлемінде.

Бәсекенің екінші түрі - элективтік бәсеке деп аталады. Бір материалдық құқық бірнеше талаптармен қорғалғанда элективтік бәсеке қолданылады. Мысалы, тонаушылықтан кейін зәбірленуші заттардың екі бағасын және 4еселі бағасын талап ету құқылы еді. Екінші талап бойынша (егер бірінші талап орындалса) талапкер тек қана 2 есе бағаны алуға құқылы. Егерде сатып алушы /тұтынушы/ сатып алған заттың кемшіліктерін байқаса, келісімді actio redhibitoria арқылы тоқтатуы мүмкін немесе бағаны кеміту арқылы /actio guanti minoris/. Элективтік бәсекеде 2 талап болуы да мүмкін: condictio furtiva (бір адамға қарсы талап) және виндикaция - затты қайтару талабы.

Рум құқығында талаптың түрлері, талаптардың қорғану және қарсыласу, талаптардың бәсекесі қарастырылған. Осы заңдар бойынша Рим мемлекетінде көптеген жылдар бойы дау, талап, жауапкершілік мәселелері шешілген. Рум құқығы - азаматтық құқықтың даму факторы.

Мысалы, actio legis Aquiliae - заттарды бүлдіргені үшін оның құнының емес, соңғы жылдағы жоғары бағасы алынады.

Заттарды қайтаруға бағытталған жеке талаптар condictiones (Гай 4.5) деп аталды. Рум құқығында несие беруші жағынан қарызды талап етуден қарастырылады (debitum). Әлде жауапты адам басқа затты қайтару керек немесе істеу керек (dare, facere, oportere). Преторлық жарлық жүйе ретінде жеке талаптардың формулярын жариялайды. Олар қолданылатын құқық қатынастарының жүйесіне сәйкес баяндалды. Формулярдық процестің талаптары материялдық жағынан арнайы жеке атауларға ие болған (actio verditi, actio pro socio, rei vindicatio). Осы формулярды қолданған преторлар талаптарды жеке қарастыруға тырысқан.

Рум құқығында талаптар жоғарыдағы көрсетілген басқа келесі түрлерге бөлінді:

Actiones civiliae - цивиль талаптары цивиль құқығына негізделген.

Жоқтығы Actiones praetorium - преторлық талаптары преторлық құқығына негізделген. Құқықтың бәрін әлде анықтайтын талап actio in ius concepta деп атайды. Рум заңгерлердің шығармаларда талап мәселелерін осылай көрсететін:

(1) Siparet rem gua de agitur A. A. ess ex iure Quiritium...-(1) Егерде А.А-нікі болып шықса...

(2) Siparet N. N. A. A. sestertium decem mil la oportere...-(2) Егерде N.N. А.А-ға 10 мың сестерций төлейтін болса...

Кейбір талаптар барлық адамзаттарға қойылды, мысалы, көшеге құлайтын заттарды қою әлде іліп қою. Осындай талаптар actiones populares деп аталды.

Үлгі бойынша және практика қолданылатын талаптар тәрізді талаптар құрылса, біріншісі - actio directa деп аталды, ал одан туынды талап - actio utilis деп аталды. Мысалы, Аквилий заңында қарастырылмаған зиян келтіру туралы талап actio legis Aquiliae utilis деп аталған.

Фиктивтық талаптар - actiones ficticiae деп - сотқа арнаулы көрсеткіштерге қосымша жоқ фактілерді қосу әлде жою туралы ұсыныс білдіреді, осы істі басқа белгілі жағдайдың үлгісі бойынша шешу ұсынылады. Кімде-кім басқа біреудің затын өз еркімен алса, 1 жылдың ішінде бұрынғы иесіне қарсы талап қоюға құқығы бар. Талптардың көпшілігін сот өз шешімін ар-ұждан - bona fides негіздеріне сүйене отырып жариялайды. Осындай жағдайда сот құқық талаптарын орындауға тиісті болып, оларды әділеттік жолмен шешуге тырысқан. Бұл талаптар bonae fidei деп аталған. Гай bonae fidei қатарына келесі талаптарды қосады: actio empti, venditi, prosocio, lutelae, rei uxoriae. Кейбір талаптар actiones strict! iuris (қатал құқық) деп аталды. Оларды қарастырғанда заңды әріпті түрде қолдану қажет еді. Егер сот жауапкерден даудың себебін толық талап ете алмаса және жауапкер дауласқан затты қайтармаса, сот өзінің ерекше шешімін қабылдауы мүмкін. Зиянның орнын толтыру көлемін сот өзі жеке қарастыруымен (arbitrium) шешеді. Талаптардың осындай түрі арбитралық деп аталған.

6.3. Талап бойынша қорғану және талапқа қарсыласу Жауапкер қойылған талаптарды мойындайды әлде даулайды. Талапкердің талаптарын мойындаған кезде сот өкімі істің (in jure) 1 кезеңіне шығуы мүмкін. Мойындау институты XII тақтадағы кестелі заңдарда ерекше орын алды, себебі онда жауапкердің мойындаған қарызы сот шешімімен қатар есептелген. 1933 ж. табылған Гайдың үзінділерінде 2 жол көрсетілген: соттың сұрақтары және кондикция бойынша сот процессі жүргізілген

Cоттың сұрақтарына жауапкер тек қана “иә” әлде “жоқ” деп жауап беруге тиісті еді. Егер жауапкер қарызын мойындамаса “мен ешкімге берешек емеспін” (non oportere), cot процессі жалғасты (in judicium). Егер жауапкер “иә” деп жауап берсе, сот шешімін қабылдайды.

Сотта талапкердің жеке талаптарының мойындауымен қатар тағыда талапкердің затқа деген құқығын мойындаудың басқа формасы бар еді, бірақ ол меншік құқығын қайтаруымен байланысты еді. Негізінде ол соттың in iure cessio - яғни сотты толық анықтауға (in jure) жеткізу. Затқа деген құқықтан бас тартса иесі және өз құқығынан талап ет деген ұсынысқа үндемесе әлде құттамаса, бұл іс жауапкердің пайдасына түсіріледі. Магистрат өзінің шешімін дәлелдеп, екі жақтың келісімін заңды деп жариялайды.

Сот ісіндегі кінәні мойындау жеке құқықтық сипат алды. Жауапкер қарызды төлеу қажеттілігін мойындаса, өзі затқа талап қоюшы ретінде табылды. Талапты мойындаушы өз ісі бойынша өзі шешімді қабылдайды деп түсінді бұл жағдайды классиктер. (confessus pro judicato est gui giodam mode sua sententia damnatur) Д. 42. 2. 1.

Талап құқығында ең қиыны талап мойындату емес, шығынның көлемін анықтау және үкім шығару. Басында сұрақ сотқа беріледі. (in judicio) Ескерту керек: сот негізінде шешім беру үшін емес, яғни оны тағайындау үшін тағайындалады (Д.9.2.25.2) Осындай жүйе бойынша жауакер өзінің мойындағанынан бас тартып кетуі мүмкін еді. Сондықтан II ғасырдың соңғы ширегінде сенатус консульт қабылданды. Енді талапты мойындағанда, сот үкімін шығарып, затқа деген талапкердің құқығы расталады - ret actoris esse.

Егер де жауапкер талапты мойындамаса, ол өзінің келіспеушілігін білдіруге құқығы бар еді. Жауапкер талапкердің талабын анықтайтын мәліметтерінен бас тартуы немесе жоққа шығару мүмкіншілігі бар еді.

Рум құқығында эксепция және интенция деген ұғымдар бар. Бұл ұғымдарды екі юрист Ульпиан және Павел анықтаған:


  1. Excepti dicta est guasi guaedam excbusio, guae opponi actioni culusgue rel solet ad excludendum id untentionen condemnationemve deductum est (Д.44.1.2. Ulplanus) -эксцепция дeген интенцияға немесе кондемацияға қарсы тұрған ұғым.

(2) Exceptio est conditio guae modo eximit reum domnatione sive modo minuit damnotionem (Д.44.1.22. Paulus) - эксцепция жауапкерді мүлде жауаптан босатады немесе азайтады.

Рим эксепциясы талаптарға қарсы тұратын заңды тосқауыл ретінде табылды. Эксепциялар жауапкерді қорғаушы күш ретінде қолданды. Мысалы, егер талапкердің қарызын қайтармаған болса, жауапкер оны мойындамай: бұл жағдайда ақша алмадым әлде оны төледім десе, бұл жағдайда тек қана талапкердің негіздеулерінің қарапайым құттамауы кездеседі. Оны сот ескере отырып жауапкердің қорғануын тексеру міндетті және талапты қарамыстырмай қайтаруы мүмкін, бұл тек қана талапкер ақшаны төлемегенін дәлелдеген және жауапкер қарызды қайтарғанын дәлелдеген жағдайда.

Гай заманында эксцепциямен қатар прескрипция қолданды. Ол жеке дербес тезис ретінде пайдаланды және оны еа res agatursi деп атады. Талапқа қарсы шығу Рум құқығында рұқсат етілген, негізінде талапқа қарсыласу даудың шешуіне ықпал жасаған.

Эксцепция түрлері:

перемпторлық /жоюшы/ эксцепциялар: заң күшін сақтаған, әртүрлі себептер «қорыққандықтан», «қастандықтан», әлде заңға сәйкес болмағандықтан немесе ақшаны талап ету туралы келісім болғандыққа қарамастан анықталады және қарастырылады.

Дигаторлық /шегіндірілген/ эксцепциялар уақытша орын алады және олардан талапкер бас тартуы мүмкін. Дигаторлық экспенциялар күшін белгілі уақытқа дейін сақтайды, мысалы келісім бойынша 5 жылға дйін талап етпеу; 5 жылдан кейін экспенция қолданылмайды.



6.4.Құқықтар коллизиясы және талаптардың бәсекесі

Адам құқықтарының кейбіреуінің орындалуы басқа құқықтардың орындалуына кедергі жасауы мүмкін. Осы жағдайды Рум құқығында құқықтар коллизиясы деп атаған. Коллизия негізінде заң бойынша құрастырылған қатынастарға сәйкес шешіледі:

(1) Кепілдік несие берушілердің кепілдіктің арнаулы затын сату құқығы (jus distrahendi) 1 кепілдік кредиторға беріледі, қалғандарының мүдделері орындалады, бірақ олардың талаптары түскен ақшадан төленеді.

(2) Меншік құқық коллизиясында басқа құқықтармен бірге (сервитуттар, құрылыс салу құқығы, мұрагерлік аренда), соңғылары кедергіз орындалады.

(3) Егерде қарызданушының жағдайы болмаса, несие берушілердің арыздары бір көлемде қайтарылады.

6.5. Преторлық қорғаудың ерекше тәсілдері.

Преторлар өз атқарғаң қызметіңде талапты қорғаудан басқа ерекше қорғау тәсілдермен пайдаланатың. Олар әкімшілік билігінің құрастыру түрлерге қатысқан. Осындай тәсілдердің төрт тұрің қарастырайық. 1)-интердикттер, 2)-стипуляция, 4)-иеленуге кіргізу(integrum) және 4)-реституция.

Интердикт (Interdictum)- преторлардан шығатың тыйым салатын бүйрықтары.Алдымен тарих бойынша, претор осындай тыйымдарды жеке түлғаларға беретің, мысалы: Азамат Павел,сіз Марк азаматтың жеріне тиіспеңіз, ол жерді мирас бойынша алғаң болыпты. Бара-бара интердикттер көпшілікке жарияланатын,мысалы: Азаматтар,көшелерге пайдаланғаң суды төкпендер.Көше қоғамдық меншігінде т.б. Интердикттердің бір-неше түрлері шыққан.

Стипуляция (Stipulatio)-салтанатты түрде уәде беру.Әр-түрлі жағдайларда міндеттемелерді атқару үшін, әлде әр-түрлі келісімдерді бекіту үшің румдықтар уәде беретің. Ал соңдай уәде претор алдында берілсе-тіпті нағыз заң болып шығатын. Стипуляцияны орындамаған азаматттар Рум қаласынан көштіретің,олардың құқықтары түгел жойылатын ,ал сол адамның есімі және үрпақтары да арамды болып жүртқа көрінетің.

Иеленуге кіргізу(Integrum)-Бұл тәсіл азаматтарға өр-түрлі жағдайларда пайда болған мүлікті(табылған,өсиет бойынша пайда болған т.б.) заң ретіңе келестіру үшін жүзеге асыратын. Осындай иеленуге кіргізу тәртіпті претор өзі атқаратың.

Реституция (Restitutio)-Бұрыңғы қалпына келтіру.Кейде румдықтар білмей ,әлде түсіңбей, жастықтаң әлде кәріліктен өздеріңе пайдасыз әлде тіпті зиянды келісімдерге келетің, қорқындықтан да болатың.Ал келісім-шартты орындау керек.Осыңдай жағдайлармен өтініш жасап,преторға жолығатын. Претор оларды тыңдап,егер айтқан сөздері дұрыс болып шықса,осыңдай адамдарды кейде міндеттемеден босататын. Олардың шарттарды болмағандай түріңде есептейтың. Бұны бұрыңғы қалпына келтіру деп орыңдаған.



In medius res-Заттардың ішіне қара. (Латын мақалы.)
7 тарау. Рум құқығындағы заттардың ұғымы.

7.1. Заттардың ұғымы және зат түрлері.

7.2. Зат құқығы және иелену.

7.1. Заттардың ұғымы және зат түрлері.

Рум жеке құқығының негiзi алдымен меншiк құқығында тұрады. Бұл ежелгi Румда ен толық және ең жақсы қарастырылған құқықтың түрi. Рум мемлекетiнде осындай меншiк құқығы болмаса бiздiң заманымызда нарықтық экономикалық кезеңде Рум құқығының ешбiр пайдасы болған жоқ едi, тек қана тарих жағынан қарамасақ.

Меншiк құқығы тағы да ең құрмалас құқығы болып шыққан. Содан соң меншiк құқығының ал мында иелену құқығының және зат құқығының ұғымдарын түсунуiмiз керек. Ал заттың құқығының ұғымы заттардың ұғымынан шығады.

Сонда заттар заттық құқықтың объектiсi болып шығады. Заттың иесi құқық бойынша талапты қорғаумен пайдаланады. Талап қоғауы осы жағдайда заттың талаптарынан шығатын.

Румдықтар заттарды бiрнеше түрлерге айырған. Алдымен заттар денелi және денесiз болатын. Денелi - сезуге болатын заттар. Ал сезiлмейтiн заттарға кейбiр қатынастар және құқықтың түрлерi саналған. Мәселен мiндеттiлiктер, пайдалану құқықтар. Оларды қолмен ұстап сезуге болмайды, бiрақ сатуға, мұраға қалдыруға болады. Сезуге болатын заттарды - qune tungi possunt, сезiлмейтiндердi qune tungi nonpossunt деген.

Екiншiден, заттар қозғалмайтын және қозғалатындарға бөлiнген (жылжымалы және жылжымалы емес). Қозғалмайтын жер бөлiмдерi, және жерде құрылған үйлер, тағы жерден айырылмайтын басқалар. Оларды res soli деп атаған. Жерден айрылатын, қозғалатып заттарды res mobili деген.

Үшiншiден тек қана Рум құқығында болатын заттардың айырмашылығы res mancipi және res non mancipi болған. Res mancipi бойынша Ульпиан осылай деген: «Манципий заттарға Италиядағы жер бөлiмдерi, қандай үй болса, сондай жер бөлiмдерi және олардың құқықтары. Қандай жер болса, сондай құлдар мен жануарлар. Мысалы бұқа, жылқы, ешкiлер. Басқалар манциний заттар емес». Осы ұғымды анықтасақ келетiн заттар ең қымбат, шаруашылыққа келетiн заттар болған. Екiншiден, осындай қымбат заттарды сатып алу үшін ерекше

Төртiншiден, заттар бөлiнетiн және бөлiнбейтiн заттарға айырылған. Одан әрi жұмсалатын және жұмсалынбайтын, жай және күрделi, тектi және негiзгi және көмекшi заттар түрлерi болатын.

Бұлар бәрi де айналымдағы заттар болған - яғни осындай заттарда сатып алуға, сатуға, айырбастауға және мұраға қалдыруға болатын. Бiрақ та айналымда болмайтын да заттар болған. Бұл ауа, теңiздiң суы және көпшiлiктiң заттары: жолдар, көпiрлер, қаланың қабырғалары аландар моншалар, т.б. Шiркеудiң заттары да осындай айналдымда болмайды заттарға жатқан. Көпшiлiк заттарды res publica деген. Осыдан кеңеспен (көпшiлiкпен) биленетiн мемлекеттi республика деп атаған.

Бiр иенiң құқық бойынша жиналған заттары мүлiк ретiнде аталған. Жоғарыда айтқандайғ мүлiктiң иесi тек paterfamilias болған. Балалар, әйелдер, басқа familia мүшелерi мүлiкке ие болуға құқығы болған жоқ.

Заттарға немесе мүлiкке ие болу бұл заттың құқығының бiр түрi. Зат құқығының түрлерi иелiк құқығы, меншiктi құқығы және бөтен заттарға құқықтары болған.
7.2. Зат құқығы және иелену.

Иелену деген тұлғаның заттарға иелiк етуi, және оның заттарға қатынасы. Иелену Рум құқығы бойынша екi элементтен құрылады:

Бiрiншiсi - шындықтан затты ұстау.

Екiншiсi - ие болуға тұлғаның ниетi. Бiрiншiсiн corpus, ал екiншiсiн animus деген. Animus немесе ниетi болмаса иелену да болмайды, тек қана ұстау қалады.

Иелену латын тiлiнде posessio делiнiп аталған. Осы түсiнiк ең алдымен жер жайында пайда болды. Posessio sedero (отыру) деген сөзден шыққан.

Румдықтар иеленудi ұстаудан ажыратқан. Алдымен айтқандай зат ұстайтын тұлға әлi де сол затқа ие болмайды.

Сонымен тек қана заттың иесi өзінің заттарын қорғау үшiн пайдаланған, ал ұстаушы сондай қорғауды пайдаланған жоқ.

Иелену құқығы меншiк құқығымен ұқсас, бiрақ бiрдей емес. Меншiк құқығы үш элементтен құрылады. Оның бiреуі - иелену құқығы. Екiншiсi - пайдалану құқығы, үшiншiсi - қолдану құқығы. Заттың иесi иелiкке пайдалану және қолданалуын қосса меншiк құқығына толық ие болады. Ал кейде заттың иесi сол затпен пайдалану құқығын, әлде қолданау құқығын, басқа жеке тұлғаға берсе, меншiк құқығы толық болмайды. Бiр затта үш түрлi құқықтық субъект болу мүмкiн.

Мысалы үйдiң иесi өз үйiн басқа кiсiге пайдалануға жалдап бередi, ал ол үйдi сатып беруге немесе басқа ретпен қолдануға құқығын әйелiне берсе, онда сол үйдiң иесi бiр кiсi болады, пайдаланатын - екiншiсi, ал сатып беретiн - үшiншiсi. Сонымен иелену құқығын меншiк құқығының бiр жағы, белгiсi ғана деп айтуға болады.

Suum cuique - Әрбірге - Өзінікі.
(Латын мақалы.)



8 ТАРАУ. Меншiк құқығының ұғымы және мазмұны.

8.1.Меншік құқығының ұғымы.

8.2.Меншiк құқығының түрлерi.

8.3Меншiк құқығын алу және жою.

8.4.Меншiк құқығының қорғауы.



8.1. Меншiк құқығының ұғымы.

Зат құқықтарының негiзiнен меншiк құқығы болатын. Меншiк құқығы әрбiр құқықтың жүйесiнде орталық орында тұрады. Сонымен ол құқықтың басқа тақырыптарға анықтайтын көзi болып шығады. Ежелгi Рум заманынан бастап бiздiң нарықтық экономикалық заманымызда бүкiл қоғамдық-экономикалық қатынастар меншiк қатынастарға негiзделедi.

Ежелгi Румда меншiк құқығы алдымен иелену құқығынан шыққан. Бiраз уақыттың iшiнде осы екi ұғымның айырмашылығы болған жоқ. Меншiк Рум мемлекетiнде жер меншiгiмен басталған. Әрбiр Рум азаматына мемлекет пайдалануға екi Югер жер беретiн. (Югер – жердi өлшейтiн өлшемi. Ол 120 х 240 футтан шыққан. Сонда фут (табан) – 29, 63 см болған. Футты румдықтар Рез деп атаған). Сонда осы екi югерге рум азаматы ие болған. Одан кейiн иелену құқығы меншiк құқығы болып жерде құрылған, қозғалмайтын заттарға да тараған.

Меншiк құқығына румдықтар Dominium деген термин пайдаланған. Dominium - үстемдiк, үстемшiлдiк мағынасында. Меншiк құқығының румдағы толық атағы “Dominium ex juris Quritum” болатын. Квириттердiң құқығы бойынша үстемдiгi. Сонда әрбiр зат бiреудiң билiгiнде болса dominium - да болады деп айтқан. Квириттердiң меншiгi сонда тек қана байырғы рум азаматтарына тараған. Меншiк құқығы dominium-нан басқа proprietas деген сөзбен белгiленген.

Заттың иесi тек қана иелену емес пайдалану және иемдену құқығымен пайдаланған. Сонда меншiктiң мазмұны иелену мазмұнынан кем болып шыққан. (Рум классикалық құқықтану бойынша меншiк құқығы тұлғаның заттарға толық, шектелмеген және толық, қорғау төтенше үстемдiгi болды.

Мқұқығының иесi заттарға толық билiгiнде болса, сол заттармен не iстесе де заңды бұзбай iстеуге құқықта болатын. (Сатып алу, сатып беру, айырбастау, тастау, жою т.б.). Бiрақта шектелмеу деген құқықта ешқашан толық болмайды. Өйткенi бiр азамат өзiнiң құқығымен пайдаланса, заң бойынша оның құқығы басқа азаматтардың құқығына зиян келтiрмеуі керек. Мәселен, жер бөлімінің иесi сол бөлiмде көпшiлiктiң жолы болса, басқа азаматтарға сол жолмен пайдалану рұқсат берілу мiндеттi етілген. Сол сияқты шектер меншiк құқықты заң бойынша көп келтiрiлген.

Меншiк құқығы жоғарыда айтылғандай иелену, пайдалану және иемдену құқықтарынан құралған. Оларды jus posessio (иелену құқығы), jus utendi (пайдалану құқығы) және jus abutendi (иемдену құқығы) деп атаған. Осы үшеуіне төртiншiнi қоссақ рум құқығы бойынша меншiк құқығының мазұмын табамыз. Төртiншiсi - jus fruendi болған. Jus fruendi рум құқығында құқықтардың ерекше түрi, содан соң бiр сөзбен осы терминдi аударуға болмайды. Қысқаша айтқанда jus fruendi заттардың пайдалану, иемдену, құқыққа ие бола отырып жемiсті пайдалану. Мәселен, жер біреудің заты болса сол жерден шыққан өсiмдiктерді пайдалану, мал болса малдың төлiн пайдалану.

Сонда өсiмдіктің жемiсiн, малдың төлiн румдықтар fruit деп атаған. Осыдан jus fruendi – жемiсті пайдалану құқығы болып шықты, ал жемiс “фрукт” түрiнде бiздiң тiлiмiзге де кiрген.

Меншiк құқығының ұғымын, әсiресе мазмұны бойынша тағы бiр анықтамасын беруiмiз керек. Ежелгi румдiк классикалық заңгерлер осы ұғымға бiрдей қараған жоқ. Мәселен Павел меншiктік құқықтан пайдалану құқығын және жемiсті пайдалану құқығын бөлiп шығарса Ульпиан оған қарсы болатын, меншiк құқығы ешқашан бөлiнбейдi деп айтқан.
8.2. Меншiк құқығының түрлерi

Меншiк құқығының түрлерге бөлінуi рум құқығының жүйелерге бөлінуімен байланысты. Рум құқығы үш жүйеге (цивилдiк, преторлық, халықтар) бөлiнгенiн ескертейiн. Сонымен тарих бойынша меншiк құқығы да үш түрлi болатын. Алдымен цивил құқығы бойынша цивил меншiгiнiң ұғымы шыққан. Оны квиритердiң меншiк құқығы деп атаған. Dominium ex iure Quritum алдында аталды. Бұл меншiк құқығымен түрi басқа түрлерден бiрнеше белгiлермен ажыраған. Бiрiншiсi квирит меншiгiне тек қана квирит (Рум қаласының ерiктi және ius commercii-ге қатысқан байырғы азаматы) ие болуы мүмкiн.

Екiншiсi - квирит меншiгi тек қана манципация бойынша сатып алынып берiлетiн.

Үшiншiсi – квирит меншiгiнде сол манципация бойынша алынған манциний заттар ғана болатын. Квирит меншiгiнiң қатынастары XII тақтадағы заңдармен бекiтiлген. Сонымен осы меншiк құқығын латиндер, перегриндер пайдаланған жоқ.

Рум қаласы, сонымен рум мемлекетi өскен соң квирит меншiгi, сол меншiктің құқығын пайдалану өте қиын болып шықты. Рум құқығы цивил құқығынан претор құқығына айналған соң, меншiк құқығы да квирит меншiгiнен преторлық меншiгiне айналды.

Преторлық меншiктің басқа атағы – бонитарлық меншiк. Бонитарлық bonus – мүлiк, әлде bona - жақсы деген сөзден шықты.

Преторлар азаматтың iстерін шешкенде тек қана қатал құқыққа қарамай кейбiр iстерге жақсы ниетпен (bona fidei) қарастырып меншiкке басқаша қараған. Ендi преторлық құқық бойынша мүлiктi тек қана манципация бойынша емес, басқа тәсiлдермен – traditio жай (әдет) бойынша сатып алуға болатын. Традиция бойынша алынбаған заттар талапты қорғаумен пайдаланбаса да преторлық басқа қорғау тәсiлдермен пайдаланған, әсiресе интердиктермин. Манципий емес, заттар тұтас мүлiкке, манципий заттарына қосылатын. Сонда bonus жай мүлiк емес тұтас мүлiк (манципий және манципий емес, заттары бiрге) деп есептелген. Бiрте-бiрте Румда квирит және преторлық меншiктiң түрлерi араласып бiр түрге айналған, оған бонитарлық меншiк атағы қойылған. Бiрақ олай айтсақ та, квирит және преторлық меншiк құқықтарына тек қана Румдiк ерiктi азаматтар ие болған.

Латиндер және перегриндер, жоғарыда айтылғандай, халықтардың құқығын (jus gentium) пайдаланған. Халықтар құқығында меншiк құқығының екi түрi болатын. Сонда оның бiреуi- провинциялық меншiгi, екiншiсi - перегриндердiң меншiгi. Провинциялар дегенiмiз Италия елiндегi аймақтар. Солардың iшiнде Лациум, Сицилия, Генуя, Этруссия, тағы басқалары.

Провинциялардағы жер бөлiмдерi жеке меншiкте емес. Рум халқының меншiгiнде есептелген. Осы жер бөлiмдерi латиндерге тек пайдалану құқығымен берiлетiн. Содан соң пайдалану үшiн латиндер және басқа провинциялдар Рум қазынасына ерекше төлеу төлеген. Сол төлеудiң атағы stipendium әлде tributium болған. Жер бойынша келiсiмдер цивиль құқығымен емес, халықтардың құқығымен өткiзiлетiн. Ал провинциялар Рум азаматтығына жетсе, олар әрине, цивиль әлде квирит құқығымен пайдаланылатын (Mancipatio, traditio).

Бiрте-бiрте тарих бойынша меншiк түрлерiнің бар айырмашылықтары жойылған. Квирит преторлық провинциядан және перегриндердiң меншiктерi бiр түрге бiрлескен. Сондай бiрлесу III ғасырдан басталып, IV ғасырда Юстиннiң Кодикстiң шығуымен аяқталған.

Юстиннан кодексі бойынша меншiк баяғы Dominium ex jure Quiritum атағын қайтарып алған. Сонда сатып алу және сатып беру келiсiмдері маниципалциялысыз жай традициясымен бекiтiлуге рұқсатталған. Заттар да манципий және манципий емес заттарға бөлiнбейтiн. Бүкiл Рум мемлекетiнде жер бөлiмдерi мiндеттi түрде тiркелген. Сондай тiркелу transcriptio атағын алды. Тiркелген жер бөлiмдерiн иелерi жер салығын төлеуге мiндеттелген.

Жалпы қауымдық меншiк Рум құқығында аса кең дамыған жоқ, өйткенi румдықтар меншiктік ешқашан бөлiнбейдi деп заң сияқты пiкiр шығарған. Бiрақта өмiр iшiнде меншiктi бөлетiн жағдайдар болатын. Мәселен, мұрагерлiк құқық бойынша бiр зат бiрнеше мұрагерге келсе сол зат бөлiнбей зат болса оны бөлетiн, ал бөлiнбесе бiр затқа бiрнеше ие болып шығады. Осыдан condоminium-дық меншiгiнiң ұғымы пайдаланған.


8.3. Меншiк құқығын алу және жою.

Меншiк құқығын алу бiрнеше тәсiлдер мен құқық бойынша бекiтiлген. Сондай тәсiлдердiң түрлерi екi жағынан шығатын. Бiр жағы - алғашқы тәсiлдер, екiншiсi - туынды тәсiлдер. Сонда алғашқы дегенiмiздi бұрын осы заттарға ешкiм ие болған жоқ деймiз, ал туынды бiр иеден басқа иеге берiлген деп айтуға болады.

Алғашқы тәсiлдер осындай болған:


  1. Оккупация (occupatio). Заттарды бiреу тауып алса, жабайы жануарларды, құстарды ұстап алса, сонда оккупация тек қана осы заттардың бұрынғы иесi болған жоқ кезiнде заңды болатын. Бiрақ кейде иесi болған сол заттарды өзi керек емес деп тастаған кезiнде заңды түрiнде есептелген.

  2. Ескiлiк бойынша алу. Бұл затты иесiнiң адал көп уақыт иелiгiнен құқығының табылуы. Сонда алғашқы замандарда ескiлiк мезгiлi жер бөлiмдерге екi жыл, басқа заттарға бiр жыл болатын. Одан кейiн преторлық құқығы бойынша провинциядағы жер бөлiмдерге ескiлiк мезгiлi он жыл, және жиырма жыл егер осы екi иелер басқа жаққа провинцияда тұрған болса бекiтiлген.

  3. Көмбе табу. Рум құқығы бойынша көмбе тапқан азаматқа бiр жарты шаршы жер иесiне екiншi жартысы берiлетiн.

Туынды тәсiлдердi басқаша екiншi қайтара әлде қосымша тәсiлдерi деп айтуға болады.



Mancipatium және traditio. Осы меншiктiң алу түрлерi бұрын заттардың түрлерiн көрсеткенде анықталған. Екеуiде сатып алу және сатып беруiнiң түрлерi.

Spetificatio- спецификация. Бұл заттың басқа түрге айналдыруы болған. Мысалы жезден, бiлезiк, ағаштан қайық істелсе зат басқа түрге айналады. Сонда жаңа затты iстеген кiсi бұрынғы заттың иесiне оның бағасын төлеп сол затқа ие болатын.

Заттарды қосу. Егер азамат екi әлде бiрнеше заттарды қосып жаңа затты iстеп шығарса, сол азамат жаңадан шыққан затқа ие болатын. Бiрақ та осы тақтайлар, әлде тастар бұрын тұлғаның меншiгiнде болса, бұрынғы заттардың бағасы екi есе бұрынғы иесiне қайтарылатын.

Өсиет бойынша алу. Рум құқығы бойынша мұрагерлiк құқығы екi жолмен алынған: өсиет бойынша және өсиет болмаса заң бойынша. Сонда мұрагер өсиет бойынша алынған мүлiкке өсиет қалдырған. Тұлға қайтқан күнiнен бастап ие болған.

Ius fruendi бойынша алу. Бiр азамат басқа азаматқа жер бөлiмiн әлде мал бөлiмiн пайдалануға берсе және сол жердiң, малдың fruit-қа (жемiс, төл) пайдалануға құқық берсе, пайдаланушы сол жемiске әлде төлге ие болатын. Кейде меншiктік құқығы сот бойынша әлде претордың шешiмiмен берiлген. Меншiктік құқықтың жойылатын жағдайлары осындай болған:



  1. Derelictio (дереликция) меншiкке қабыл алмау, өзiнiң ықыласымен заттардан бас тарту.

  2. Заттың жойылуы әлде бұзылуы.

  3. Заттың басқа бiреуге өз ықыласымен беруі.

  4. Затты сот әлде претор шешiмiмен басқа бiреуге беруі.

  5. Затты айналмастан шығару


Казахстан республикасыны

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу