Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі


Сұрақ. Меншiк құқығын қорғау



бет4/8
Дата05.11.2016
өлшемі2,32 Mb.
#402
1   2   3   4   5   6   7   8

4 Сұрақ. Меншiк құқығын қорғау


Меншiк құқығы көбiне талаптар бойынша құралған. Осындай қорғаулар үшiн Рум құққығы бiрнеше талаптардың түрiн шығарған. Сол талаптардың iшiнен ең негiзгiсі – виндикациялық талабы болып табылған. Vindicatio - vindicatial деген сөзден шықты. Сонда vindicatial сот iшiнде таласқа берiлетiн зат. Мәселен талапкер сотқа бiр мал әкелiп, бұл менiкi десе, ал жауапкер: Жоқ, менiкi десе, сол мал vindicatial болатын.

Виндикациялық талабы - затты басқа тұлғаның меншiгiнен сот бойынша тартатын талабы болған. Сонда заттың басқа иесi адал ниеттi әлде қара ниеттi иесi болып шығуы мүмкiн. Легисакциялық және формулярдық процесстердiң тәртiбi бойынша талапкер және жауапкер таласқан затқа өз құқығын дәлелдеу экстраординарлық процесс бойынша мiндет тек қана талапкердiк мойынына iлiнген, жауынгер тек қана талапқа қарсылық білдіруі мiндеттелген.

Сол шешуiмен бұрынғы иесiн адал ниетпен затқа ие болғаны шығарылса, сол жауапкер затты қайтарып сот бойынша заңға келтiрiлген иесiне басқа ештеңе бермеген. Ал бұрынғы иесi қара ниетпен затқа ие болып шықса, сот оған заттан басқа заңды иесiне заттан алынбаған пайдасын қайтаруға мiндеттi болған.

Негаторлық талап бойынша жағымсыз талабы делiнген. Сонда negator - терiс, жағымсыз мағынада. Негаторлық талап заттың иесi заттан айырылмаса, бiрақ осы затты дұрыс пайдалануға әлде иемденуге басқа бiреу кедергi келтiрсе берiлген. Мәселен, басқа бір жер бөлiмнiң иесi сол жерде биiк қабырға құрып, талапкердiң жерiне күннің көзiн жебермесе, талапкер осы кедергінi негаторлық талап ретінде преторға беретiн. Осындай талап заңды болып шықса, сот жауынгерге қабырғаны бұзуға әлде талапкерге басқаша қанағаттандыру беруе шешiмін шығаратын.

Прогибиторлық талабы. Prohibito - тыйым салу деген сөзден шыққан. Осы талап негаторлық талабымен ұқсасты болған. Бiрақта талапкер претордан кедергi келтiретiн басқаға тыйым сал деп сұрамай, маған тыйым салуға құқық бер деп сұраған. Сондай талап қанғаттандырылса, жер әлде басқа зат иесi осындай тыйым салуға өзi құқықты болатын.

Публициан талабы. Виндикациялық талабына сәйкес болған. Көбiне ескiлiк бойынша затты алу үшiн берiлетiн. Осы талап алдымызда көрсетiлген тақырыпта да анықтамасын алған. Бұл талаптар фикцияға қосылған талаптардың бiреуi.

Andiator et altera pars - Қарсы жақты латында.

(Латын мақалы)

9 ТАРАУ. БӨТЕН ЗАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТАР.

Бөтен заттарға құқықтарының мазмұны.

Заттар құқықтар ішінде бірнеше құқықтар иесіне емес, бөтен тұлғаларға берілетін болған. Соңда иелік құқығы, жеміспен пайдалану құқығы бөтен тұлғаларға пайда болған. Мәселен, бір тұлғаға пайдалануға беретін. Сол сияқты құқықтар бөтен заттарға құқықты болып есептелген. Әрине, басқа тұлға ісінің заттарға толық құқықтарына ие болмаған, сонда осы құқықтарды басқаша шектелген заттарға құқықтары деп атаған. Мазмұны бойынша осындай құқықтар бір жағынан тағы басқа тұлға пайдасына берілетін және мұраға қалдырылатын, екінші жағынан басқаның пайдасына берілмейтін және мұраға қалдыратын болған, екінші жағынан басқаның пайдасына берілмейтін және мұраға қалдырмайтын болған. Сонда бірінші жағынан ең кең тараған құқықтардың түрлері servitutes-серврттуттер деп аталған. Бұлар басқа тұлғаның пайдасына берілмеген және мұра бойынша қалдырылмайтын. Екінші жағынан, кепіл құқығымен бірге эмфитевзис-суперфиций деген және emphiteusis-эмфитевзис деген құқықтар болған. Олар тағы басқа біреудің пайдасына және мұра бойынша қалдыруға кейбір жағдайларда мүмкіндік болған.



2 сұрақ. Басқа тұлғаның пайдасына берілмейтін және мұра бойынша қалдырылмайтын құқықтар.

Сервитуттер- Servitutes - заттардың құлдық мағынасындада болған. Осындай құқықтар бірнешеу болып, екінші жағынан жергілікті әлде prediction предиалдық сервигутгерге және тұлғалы сервиттурге бөлінген. Жергілік сервитуттарды кейде заттық сервитуттер деп атаған. Бұлар екіге бөлінеді. Бір жағы - ауылдық сервитуттер, екіншісі - қалалық сервитуттер.

Ауылдық сервитуттердің түрлері осындай болған: Iter - жаяу, салт әлде зембілмен басқа біреудің жерімен жүрy құқығы. Actus - басқа біреудің жерімен мал айдау құқығы. Via - басқа біреудің жерімен арбамен өту құқығы. Aquae dustus - басқа біреудің жерімен су өткізу құқығы. Aquae haustus - басқа біреудің жерінен су алу құқығы.

Жер әлде мал емес басқа заттарды пайдалануға берілетін. Мәселен, ақша. Ақшаны пайдалануға алған тұлға ақшаның жемісін пайдалануы мүмкін /сол ақшаны айналдыруға кіргізсе/. Тек қана иесінен алынған ақша толық сақталса. Ақшаны пайдаланатын тұлға, алған ақшасын сақтай алмаса, әрине ақшаның иесіне қарызы болып шыңады. Habitatio - өмір бойы иесінің ішінде тұру құқығы.

Ореrае - құлдарды әлде малды пайдалану құқығы. Пайдаланылатын зат құл болса - ореrае servoram, мал болса ореrае animalum аталатын.

3 сұрақ. Басқа тұлғаның пайдасына берілетін және мұраға

қалдырылатын құқықтар. Эмфитевзис. Суперфиций.

Кейбір пайдалану құқықтар басқа тұлғаға берілетін және мұраға қалдырылатын құқықтармен бірге берілетін. Осы құқықтар алдымен Румда болған жоқ. Оларды грек құқығы халықтар құқығының /ius. gentium/ арқасымен рум құқығына перегриңдердік преторлар кіргізген. Содан соң бұл құқықтардың аты латын тілінен емес, грек тілінен шықты. Оның біреуі Emphiteusis (эмфитевзис) екіншісі Superficies (суперфиций) болған. Emphiteusis - жер бөлімінен өмір бойы, басқа біреуге және мұра бойынша қалдыру құқықтарына қосылған пайдалану құқығы. Осы құқықты иесі жерімен және жердің жемісімен толық пайдаланады. Эмфитевзиспен пайдаланған тұлға жердің иесіне (мемлекет) жер сапасымен пайдаланатын төлемін төлеу міңдетті болған.

Оларды үш жыл бойында төлемесе эмфитевзис құқығынан айырылатын. Пайдаланушы осы құқықты басқа біреуге сатып бергісі келсе, алдымен оны жер иесіне сатып беруге міндетті болатын. Басқа біреуге сатып берсе, жер иесіне екі продеят бағасынан беретін.

Superficies - эмфитевзиcға ұқсайтын құқық. Тек қана суперфициде жер емес, жердің үстінде салынған қозғалмайтын объектерін пайдалану құқығы берілетін. Бұл да басқа тұлғаның емес, жер иесінің меншігі болып есептелген.

Сонда үй салған тұлға сол үйдің иесі емес, пайдаланушысы сияқты есептелген, өйткені жерден жерге салынған қозғалмайтын заттар айырылмайды деп есептелінген.



Pеcoris adaquuni - басқа біреудің жерінде мал суару құқығы.

Pascenti - басқа біреудің жерінде малды бағу құқығы. Қалалық сервитуттердің бірнеше түрлері болған:

Protegenti - құрлыста шатырды, көрші жерінің үстінгі жағына құру құқығы.

Tignmi immitendji - құрлыста көршінің қабырғасы арқылы мәтке тіреу құқығы.

Stillicidii - көршінің жерінен ағып атқан жауын суын пайдалану құқығы.

Fluminis - көршінің жерімен пайдаланған суын шығару құқығы.

Cloake - көршінің жерінен сарқынды суды өткізу құқығы.

Nelurninilus officiatur - көршіге құрылыспен күннің көзін жаптырмау міндеті. Осы мәселелер бойынша предиалдық әлде жергілікті сервитуттер заттарымен байланысты болатын, ал тұлғалармен байланысты сервитуттер Persoiioum (тұлғалы) деп аталатын.

Тұлғалы сервитуттер ерекше тұлғаларға берілетін. Сонда ерекше тұлға басқа біреудің затын (жер, әлде үй болса) тұтасымен пайдаланған. Бірақ та осы құқықтар мазмұны бойынша әртүрлі болатын. Usus – шектеулі пайдалану құқығы. Заттың иесі пайдаланатын тұлғаға бірнеше шек қоятын.

Мәселен: жеміспен тек қана керек кезде пайдалануға, бірақ сатуға әлде басқа біреуге беруге рұқсат берілмеген.

Usufructus - затпен және оның жемісімен пайдалану құқығы. Осы пайдаланатын тұлға заттың жемісі меншік құқыққа берілетін. Пайдаланатын тұлға затты басқа түрге айналдыруға құқықты болған жоқ. Мысалы, жерді өсімдік өсіруге берсе, оны басқа түрде құрлыс салуға рұқсат етілмеген.

Usus және Usufructus - пайдаланатын тұлғаға өмірлік түрінде берілетін, бірақ басқа біреуге беруге әлде мұра бойынша қалдыруға құқығы болған жоқ. Узуфрукттың ерекше түрі Quasiusufructus - квазиузуфрукт болатын. Онда Quasi сол сияқты мағынада Узуфрукт сияқты құқықты деп атауға болады.

4 сұрақ. Кепіл және оның түрлері.

Кепіл рум құқығында бірнеше түрлі болатын. Сондықтан латынша кепіл әртүрлі терминдермен аталған. Кепіл дегеніміз - басқа біреудің затын пайдалануға әлде иеленуге міндеттілікті келісім бойынша атқару үшін aлy құқығы болатын. Кепіл берген тұлға өзінің міндеттілігін атқармаса, сол заттан айырылатын. Ал міңдеттілік атқарылса, зат иесіне қайтарылатын. Кепілдіктің ежелгі түрі Fiducia - фидуция болатын. Фидуцин бойынша заттың иесі кепіл ұстайтын тұлғаға өзінің затын маниципация бойынша меншікке сатып беріп сол тұлғамен келісім бекіткен. Сал келісім орындалса, зат қайтарылады, ал орындалмаса, зат кепіл ұстайтын тұлғаға меншікте қалады. Фиддуциенттің бір жаман жағы болатын. Зат меншікке сатылған болса, сатып алған тұлға сол затты басқа біреуге сатып беруге, айырбастауға құқықығы болатын. Фиддуцияның орнына румдықтар кепілдің басқа түрін Pignus-пигнуст шығарған. Пигнус бойынша кепілдік зат меншікке емес, тек қана иемдену құқығына берілетін. Зат ұстайтын тұлға пайдаланатын және иемденетін құқығына ие болған жоқ. Тек қана келісім орындалмаса, зат ұстаған тұлғаға толық меншік құқығымен қалатын. Одан әрі кепілдің ең тараған және өте пайдалы және қолайлы түрі ipotheca - ипотека болған. Ипотека бойынша қарыз алушы өзінің кепілді затын қарыз берушіге бермей өзіне пайдалану үшін қолданатын. Қарыз алушы келісімді орындамаса, кепілдік зат қарыз беретін кісіге беріліп, саудалап сатылатын. Саудалап сатылған заттың бағасы қарыз берушіге ақшамен қайтарылатын. Сол ақша қарыз бағасына жетпесе, жетпейтін бағасын қарыз алушы төлеген.




Est modus in rebus - Әрбір зат өлшенеді.

(Латын мақалы)
10.ТАРАУ. МІНДЕТТЕМЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.
10.1.Міндеттеме анықтымасы.

10.2.Міндеттеменің пайда болуы.

10.3. Міндеттемедегі тұлғалар.

10.4.Міндеттемеде тұлғаларды ауыстыру

10.5.Міндеттемені орындау.

10.1. Міндеттеме аңықтымасы.

Жалпы рум құқығының баспаларында міндеттеме - obliqatio, төмендегідей анықталады:

- «Міндеттеме - мемлекетіміздің заңдарына сәйкес бізге қандай да бір қажеттілікті орындатуға күші бар, құқық кісенін түсіндіреді»;

- «Міндеттеменің мазмұны, бізбен қандай да бір дене затын немесе қандай да бір құралды істеу емес, ол біздің алдымызда қарым-қатынас байланысын беретін, елестететін байланыс құралы». (Павел Д. 44.7.3.).

Міндеттемеің негізі ол бір жағынан «талап ету құқығы» болса, екінші жағынан осыған сәйкес «талапты орындау міндеттілігі» немесе «борыш». Міндеттемені міндеттен айыру керек. Мінтеттеме тек азаматтың әрекеттерге байланысқан (келісім, әлде құқық бұзу ретінде), ал міндет оларсыз (заң әлде әдет бойынша) пайда болады. Ал мідеттеме және міндеттілік-синонимдер.

Қарама-қарсы қою (ол жағарыда келтірілген классик заңгер Павел шығармасынан үзіндідегідей) меншіктілік құқығын беру немесе меншікті затты өз міндеттілігіне беру немесе ол біреудің меншігі болса, оны басқа біреуге белгілі зат ретінде меншіктеп беру үшін орындалатын міндеттеме. Бұл міндеттеме орындалу үшін жеке бас меншігін басқа бас меншіктілігіне аударуға болатын құқықтық міндет. Ол үшін міндетті түрде барлық қажетті шарттар орындалу керек. Осы құқық міндеті арқылы орындалған бір жеке бас меншіктілігі екінші жеке бас меншіктілігіне ауыспайды, тек екінші жеке бас заңға сәйкес сол затты меншіктенуге құқылы болады. Сондықтан затты сатып алушы (сатып алу құнын төлесе де, оның меншікті иесі болмайды; бұл адам тек қана ол затты беруді талап етуге құқылы; ол зат сатып алушының меншігі болу үшін заңға сәйкес нақты берілуі қажет және затты табыс еткен тұлға оған меншікті құқылы болған жағдайда.

Жоғарыда көрсетілген рим құқығының қайнар көзінен алынған екі үзінді, міндеттілікте римдік заңгерлерді елестету бойынша маңызды байланыс барын куәлайды.

Міндеттілік, Юстиниан институциясынан алынған үзіндіде көрсетілгендей, - міндет жүктелгенше еркін қозғала алатын адамға қозғалысын баяулататын кісен тағатын сияқты, өзінің үстінен бөтен адамның хандылығын сезіндіретін құқықтық кісен.

Ерте заманда «кісен», «байланыс» деген сөздер мәнерлі сөздер ғана болмағанын ескере кеткен жөн.

12 тақтадағы жарлық заңдарында, борышқорды жіппен және шынжырмен байлағаны, мұнда киілетін шынжырдың салмағы да белгілі болған (15 фут, көрінетін қаулысы болған. Кредитор, қарызын уақытында төлемеген борышқорды қамауға алуға (сотсыз да), ал содан кейін өлтіруге немесе құлдыққа сатуға құқы болды.

Біздің ғасырға дейінгі IV ғасырда Петелий заңы бойынша борышқорды сатуға немесе өлтіруге рұқсат етілмеген, яғни тыйым салынған. Борышқорды өзі ұстап алу мүмкіндігі ертеде қалған, республика кезеңінде қарыз алған адам өз кредиторларына барлық мүлкін қарызы үшін қалдырып, жеке басының жауаптылығынан қашуға мүмкіндік алған, яғни борышқор үшін оның мүліктері жауап берген. Болашақ уақытқа шамалаған қатынас сияқты, міндеттеме өз табиғаты бойынша кредиттік сенімділіке негізделген қатынасты көрсетеді (сенемін деген сөзден).

Сондықтан міндеттемедегі, талап етуге құқығы бар жағы кредитор деп, ал кредитордың талабын орындауға міндетті жағы борышқор деп аталады.


Табиғи міндеттеме.

Егер, борышқор оған жүктелген міндетті өз еркімен орындамаса, кредиторға, өзінің талап ету құқын мәжбүрлеу жолымен жүзеге асыру құралы беріледі. Сол себептен, міндеттілік бойынша кредиторды қанағаттандыруға борышқорды мәжбүрлеу құралы болып талап (actio) және мәжбүрлеп алу табылады. Мүнда, біз білетін міндеттілік санкциясы жатыр. Модестин келтірілген ойды былай көрсеткен: борышқор деп, одан еркісіз тартып алуға болатын тұлға аталады.

Талаппен қорғанысымен пайдаланбайтын, бірақ заңдылық маңызы бар міндеттілік, табиғи деп аталады.

Табиғи міндеттілікке мысалы, үй иесінің келісімісіз өктемді баласымен алынған ақшалай қарыз жатады.

Табиғи міндеттіліктің құқықтық салдары оның барлық түріне бірдей емес. Бірақ, бір заңдылық салдар үнемі орын алып жүрді: табиғи міндеттілік бойынша төлем нақты деп саналды, және кредитордың талабы жоқтығын білмей төлем төленген жағдайда.

10.2. Міндеттеменің пайда болуы.

Міндеттеме пайда болу негізінің белгісі бойынша бөлінуі шарт- келісімдегі міндеттілікпен (ex contractu), құқық бұзушылықтағы міндеттіліктің (ex delicto) бір-біріне қарама-қайшылығына әкеп соғады. Біздің ғасырымызға дейінгі II ғасырда заңгер Гай өзінің институцияларында осы біліктілікті келтіре отырып, оны міндеттеменің ең маңызды бөлшектенуі деп атаған. Дамыған рум құқығындағы міндеттемеде айыппұлдың, жазаның мәні көрсетілген; ерте рсспубликалық құқықта жазалау мен айыппұл салудың мақсаты міндеттеменің негізгі маңызы болды.

Құқық бұзушылық, келісім болмағанда да әртүрлі көп жағдайлар кездесіп жүрді, бірақ соған қарамастан міндеттілік болды. Классикалық заңгерлер міндеттіліктің әртүрлі тараған түрлеріне нақты атау бере алмаған. Сол заңгер Гайды алсақ та, келісімнен шыққан міндеттілікті жеке көрсетіп, ал қалған жағдайларды, негіздің әр түрінен туған, бір жалпы міндеттілік атауымен белгілейді.

Бірақ та Рум құқығында кейде шарттардан сияқты және құқық бұзушылықттардан сияқты міндеттемелердің тұрлері болатын. Цивиль құқығы бойынша шарттар және құқық бұзушылықтар тек қана заңдардың ішінде көрсетілсе ғана шарт және құқық бұзушылық ретінде есептелетін. Ал претор құқығы бойынша кейбір шарттар және құқық бұзушылықтар заң тізіміне кірмесе де, өмірде болып қалса – есептелетін. Шарттардан сияқты және құқық бұзушылықтардан сияқты міндеттемелер осы өмірде болған, бірақ заң тізіміне кірмеген жағдайлардан шықты.



10.3. Міндеттемедегі тұлғалар.

Румдық заңгерлердің түсінігінде міндеттеме екі немесе бірнеше белгілі тұлғалардың қатал жеке қатынас сияқты көрсетіледі. Ол кредитор мен борышқор арасындағы қатал жеке байланыс сияқты қаралды.

Қатал жеке сипат сияқты міндеттілікке берілген принципиалдық көзқарас нақты нормалар қатарында тәжірибелік сөзге ие болды.

Міндеттемені белгілеумен, оны белгілеген тұлғалар үшін ғана белгілі заңдық салдар байланысы болды. Сондықтан, міндеттілікке өкіл арқылы енуге болмайды.

Осы себеппен, кредитор борышқордан келісім шартқа тұруда қатыспаған үшінші тұлға үшін небір нәрсені алу бойынша құрылған келісім шарттың да заңдық күші болған жоқ.

Елдің ішінде және одан шет шаруашылық өмірдің дамуымен, сауда қатынастарының қайта пайда болуымен бұл жағдайлар жеңілдене бастады: белгілі шектеумен өкілдікке рұқсат етілді.




10.4. Міндеттемеде тұлғаларды ауыстыру.

Міндеттіліктің мұра бойынша ауысуы.

Кредитордың талап ету немесе борышқордың міндеттілік құқылары, олардың қайтыс болуларына байланысты мұрагерлеріне ауысу өте ертеде пайда болды. Мұра құрамына енетін құқықта және міндеттілікте мұрагерді кабылдау ерте заманда жанұялық меншіктік сипатына сай болды. Мұның заңы бойынша үй иесі кредитор немесе борышқор ретінде енген міндеттілік жанұяның барлық мүшелеріне жалпы болды.

Цессия.

Міндеттіліктегі кредитор мен борышқорды, олардың тірі кезінде басқа тұлғамен ауыстыруға, ерте заманғы Римде мүлдем тыйым салынды.

Ішкі және сыртқы, шет саудаларының дамуына байланысты міндеттіліктің қозғалыссыз болуы шыдамсыз болды. Келісім шарттар күнделікті бола бастады: міндеттілік рим азаматтарының мүліктік құрамдарында көріну орынға ие болды.

Шаруашылық өмірде осы сұранысты қанағаттандыруда, талап ету құқын беру мақсатында өте ерте кезде міндеттілікті жаңартумен айналысты.

Міндеттілікті жаңартудың маңызы, бұл кредитор, борышқор және кредитор өзінің талап ету құқын тапсырғысы келген тұлғаның жалпы келісуімен, осы ақырғы тұлға борышқормен алдыңғы міндеттілікте болған мазмұнда келісім-шарт құраған, яғни, жаңа міндеттілікпен алдыңғы міндеттілікті ауыстыру мақсатында.

Өмір талап етуді тура тапсыруды (цессияны) талап етті. Осы мақсатта процессуалдық өкілеттік институтымен қолданды. Римдік түжырымдық процессінде сотта істі жүргізу талап етілуімен немесе жауап берілуімен емес, cognitor деп аталатын өкілетпен жүргізуге, егер ол белгілі талаптарға сәйкес тағайындалса немесе procurator егер дұрыс тағайындалмаса, рұқсат етілді.

Талап ету құқын басқа тұлғаға табыс ету үшін, өз құқын табыс етуші (цедент) кредитор, өз құқын тапсырғысы келген тұлғаны (цессионария) процесте өзінің өкілі ретінде тағайындаған, тек бір келісумен: бұл тұлға өзінен кейін алуды қалдыра алады.

Қарызды ауыстыру кредитор мен жаңа борышқор арасында міндеттілікті тоқтату мақсатында жасалған жаңа келісім шарт құрумен жүзеге асырылды.




10.5.Міндеттемені орындау.

Міндеттемені орындау борышқорды міндетінен босату үшін, бірқатар талаптарды орындау қажет болды:

- орындау өз мүлкімен өкілетті тұлғамен ғана орындалуы қажет;

- орындау, оны қабылдап алуға қабілеттілігі бар тұлғаға қатысты болу керек;

- орындау міндеттіліктің мазмұнына қатаң сәйкес келу керек. Дәлірек айтсақ, борышқор кредитордың келісімісіз міндеттілікті бөлшектеп орындай алмайды;

- орындау орны ретінде талап қоюға болатын жер анықталады, ал ондай жер деп борышқордың мекен-жайы немесе (тараптардың біреуінің тілегі бойынша) Рим саналды;

- міндеттілік келісім шартта көрсетілген немесе келісім шарттың сипатынан шығатын немесе оны құрастыру жағдайынан шығатын мерзімде орындалуы керек.

Егер мерзімі белгіленбесе, онда міндеттілік кредитордың алғашқы талабы бойынша орындалуы керек.

Мерзімінен ерте міндеттілікті орындау кредитордың мүддесіне тимесе ғана рұқсат етілді.

Борышқордың міндеттілікті орындамағаны үшін жауапкершілігі.

Римдік құқықта борышқордың жауапкершілігі кінә принципі бойынша құрылды: борышқор кредитор үшін туған залалда кінәлі болса ғана жауап беретін болды. Борышқордың кінәсі әр деңгейде болды. Кінәні ең ауыр және рұқсат етілмейтін формасының түрі болып, қасақана зиян келтіру - dolus саналады, мысалы, бірінші тұлға пайдаланып жүрген немесе оған кепілдікке, сақтауға берген затты басқа тұлғаға беруге міндетті тұлға, бұл затты меншіктікке залал келтіру мақсатында бұзса немесе жоқ қылып жіберсе.

Кінәнің келесі формасы - culpa - абайсызда, салақтықпен деңгейге бөлінді: қатаң абайсыздық және жеңіл салақтық.

Әрқайсысы тек қана өзінің кінәсі үшін ғана жауап беретін болды; борышқорға кінә қоя алатын жағдайда ғана ол басқа тұлғаның әрекеті үшін де жауап беретін болды.

Егер тұлға ықылас, қомқорлық көрсетіп, ал зиян бәрібір де тисе, ондай зиян кездейсоқ деп аталады, кездейсоқ (casus) үшін ешкім жауап бермейді.

Saplienti sat - Ақылды түсінеді.

(Латын мақалы.)
11 ТАРАУ: Міндеттемелердің жеке түрлері.

11.1.Міндеттемелердің жүйесі.

11.2.Жалдау келісім-шарты (Locatio - Conductio)

11.3.Сатып алу - сату (Emptio - Vendizio)

11.4.Қарыз және несие келісім-шарттары (Mutuum et commodatum).

11.5.Серіктестік келісім-шарты (Sociеtas)

11.6. Тапсырма келісім-шарты (Mandatum)
11.1. Міндеттемелердің жүйесі.

Рум құқығы бізге бірнеше мідеттемелердің түрлерін мұра ретінде қалдырған. Ондай түрлер қанша болғаны есептелген жоқ. Көбі қазіргі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларға кірген. Кейбіреулері кірмесе де, мүмкін қажеті болса жаңадан шығады, оны біз рум құқығының рецепциясы деп атаймыз. Осы тарауда міндеттеме түрлі рум құқығындағы келісім-шарттары көрсетіледі. Басқаларды тек міндеттемелердің жүйесінде белгілейміз.

Жоғарыда айтылғандай міндеттемелер не болмаса шарттардан, әлде құқық бұзушылықтардан (заң тізімінде болғаны, әлде болмағаны) шығады. Бұл бірінші бөлімде. Шарттарды да румдықтар екіге бөлетін. Бір жағынан контракттар Contractus, екеіншіден, пакттар Pactus. Контракт және пакт-келісім шарттардың екі түрі. Контракттар шарттардың заңды түрі, оларды және осы шарттарды бекіткен тұлғаларды (талапкер және жауапкер) мемлекет заң бойынша талап қорғаумен қорғаған. Ал тізімге кірмеген шарттарды пакт деп атаған. Оларды кейде қорғаған, кейде жоқ. Бірақ та румдықтар контрактіні әлде пактыны бекітсе, әдет бойынша өте қатал ретінде орындайтын.

Котракттарды да екі тізімге бөледі. Шарт ауызша бекітілсе, оны ауызша шарт - Contractus verbalis – вербальдық контракттар деп атаған. Жазбаша түрінде бекітілсе – Contractus litteralis - литтералдық контракттар.

Ауызша әлде жазбаша да болса контракттар екі үлкен тізімдерге кіргізіледі. Ол тізімдердің атақтары – реалдық және консенсуалдық контракттар - Contractus realis et Contractus consenssualis. Сонда реалдық котракттар затты әлде заттарды (Res - заттар) бір тұлғаның қолынан басқа қолға берілген кезінде бекітілді болатын. Консенсуалдық контракттар одан ерте, екі жақ келісімге (Consenssus - келісім) ғана келсе бекітілді саналатын.

Реалдық контракттарға - қарыз (Mutuum) шарты, несие (Commodatum) шарты, сақтау ( Depositum ) шарты, және кепілдік (Fiducio, Pignus, Hipoteca –түрлі) шарттары енеді.

Консенсуалдық контракттардың ішінде сатып алу - сату (Emptio-Venditio), жалдау (Locatio-conductio), тапсырма (Mandatum), серіктестік (Societas) шарттары табылады.

Міндеттемелердің жүйесінде құқықбұзушылақтардың міндеттеме ашатын түрлері да бар. Олардың ішінде - Injuria - әділетсіздік, Furtuum –ұрлық, Rapina - тонау, Damnum injuria datum - заңсыз зиян келтіру тағы басқалар.


11.2. Жалдау келісім-шарты (Locatio - Conductio)

Рум құқығындағы жалдау келісім-шарты.

Ортақ пікірлі яғни келіскен уақыттан бастап күшіне енеді. Екі жақты.

Бір жақ екінші бір жаққа бір немесе бірнеше заттарды уақытша пайдалануға беруге міндеттенетін, ал екінші жақ өз кезегінде сияпат төлеп, алған затты басқа қалпында қайтаруға міндеттенетін.

Байқаусыздан қаза табуға жалға беруші жауап беретін.

Жалдаудың үш түрі болды: заттарды жалдау; мердігерлік қызмет, көрсетулерді жалдау. Жалдауға жарайтын заттар жылжитын және жылжымайтын мүліктер: жалға біреудің мүлігін беруге болатын. Жалдаудың мерзімі әдетте бес жылға дейін берілетін, бірақ егерде жалдаушы затты мерзімі асып кетсе де пайдалана берсе, онда жалдау үнсіз созылған болып саналады.

Затпен бірге оған жататын нәрселер де берілетін. Жаладушы белгіленген күнды (төлемақы) пайдалану мерзіміне байланысты төлеп орытарады. Жалға беретін тұлғаны локатор, ал алатын кондуктор атаған. Кондуктордың міңдеттері осындай:

- төлемақыны төлеу;

- жалдауға беру.

Егер жалдау келісім-шартының мерзімі бітпей тұрып затың иесі ауысатын болса, онда бұл келісім-шарт жойылу арқылы күшін тоқтататын. Локатордың құқықтары мен міндеттері: уақытша пайдалануға беру; көрінбейтін жетіспеушіліктер үшін жауап беру.

Мердігерліктің мәні мынада:

Қызметтерді келісім-шартта белгіленген мерзім ішінде орындау міндеттері;

Басқа біреудің көмегінсіз, өзі орындау;

Жалданушы келтірілген зиян үшін өзі жауап берген. Жалдаушы қызмет көрсетілгеннен кейін сияпат төлеуге міндетті, ал егер қызмет осы жалдаушының кінәсімен көрсетілмеген болса, онда сияпат келісім-шартта белгіленген мерзім ішінде төленуі қажет.

Қызмет жалдау келісім-шарты, құлдарды жалдауда дамыған болуы керек. Ал, кейін батрақтар мен қолөнершілердің қол еңбгіне таратылған.

Мердігерлік шарты осылай көрінеді - бір жақ (мердігер) екінші бір жақ үшін мерзімінде және жоғары сапалықпен жұмысты орындап беру міндеттемесін алған. Бұл келісім-шарт түрінің мәні жұмыстың өзі емес, оның нәтижесі еді (киімді тазалау, үй салу, адамдарды көлікпен жүргізу). Теңіз тасымалдары ерекше келісім-шартпен реттелетін. Мердігердің міндеттері:

Жұмысты дұрыс түрде орындау және қолына қайтару ол қандай болсын кінә үшін ғана емес, сонымен қатар жұмысты орындаған мамандар білімінің жеткіліксіздігі және жұмысқа көмекшілерді жалдаса, оларды таңдауы мен бақылауы үшін де жауап берген.

Қабылдағанға дейін тауар жайылып немесе бұзылып кеткен жағдайдың өзінде орындалған жұмысты қабылдап, сияпат төлеуге міндетті.


11.3. Сатып алу-сату (Emptio - Venditio) шарты.

Бір жақ затты ұсынатын, ал екінші жақ сол зат үшін төлемақысы төлейтін.

Сатып алу-сату келісім-шартын затты ақшаға ауыстыру туралы екі жақты келісім арқылы белгіленген ортақ пікірлі таңдау атауымен белгілі.

Екі жақтың да белгілі бір затты белгілі бір ақша саласына ауыстыру туралы келісім қажет болды.

Юстинианның бағасы заттың тура бағасымен бірдей бола бермеуге де болатын.

Сатушының өте күрделі жағдайда болғанын айту қажет. Ең бастысы, ол затты сатып алушыға иеленуге беруге міндетті болатын (бірақ меншікке емес, өйткені классикалық заңгерлердің ойынша келісім сатып алушыға меншіктік құқығын алу нәтижесіне тек қана факттық түрде затты алған соң жететін): сатушының немесе басқа бір тұлғалардың қандық қатысынсыз затты қолға беру, сол затқа иелік етуге ешбір қарсыласусыз жүзеге асырылады.

Сатып алу-сату келісім шартының негізгі элементтері: баға, тауар, жақтардың келісімі.

Осы шарттың заттары тек қана айналымнан шықпаған тәндік заттар, табиғи заттар, дене және қанды қатынастар жағынан сатушыға жататын белгілі - дара заттарды беру. Сатып алу-сату шарттар бойынша бағалар нарық жағдайына байланысты, бірақ орташа құнынан төмен болмайтын ақшалай сомада белгіленетін. Жақтардың келісуі - белгілі зат белгіленген ақша саласына ауыстырылатын болғандықтан екі жақты келісім міндетті түрде қажет.

Екі жақ та келісімге келгеннен кейін келісім-шарт жетілдірілген болып саналып, күшіне енетін. Міндеттілер осы шарттарда екі жақты болады, өйткені екі жақтың әрбіреуі де бір мезгілде кредитор және қарыздар болған.

Цивилдік құқық бойынша жауапкершілікті сатып алушының алдында сатушы ұстады.

Сатушы затты мындай түрде беруге міндетті: жақсы қалпында; сатып алушының мүлігіне; жоғары сапада басқа тұлғалардың заңдық қарсыласуларынан қорғалған. Ал, егер мұндай жағдай болатын болса, затты қайтарып залалды өтеуге міндетті болатын.

Сатушы сатылатын заттың ішкі және сыртқы жетісушілектері үшін жауапты еді.

Затты сатып алушының қолына бергенге дейін қамқорлауы керек (сыну, ұрлау және т.б.)

Сатып алушының міндеті - сатып алу бағасын төлеу (егер келісім-шартта төлеу мерзімі кейінге меншік иесі); сатып алынған затты алу және белгілі жағдайларға байланысты сатушыға шығындарын өтеу. Сатып алу-сату шарттың мақсаты Затты сатып алушыға меншік құқығына беру. Бірақ сатушы заттың меншік иесі болмаса, сатып алушы да өз кезегінде меншік құқығына ие бола алмады; зат өз иесімен талап етіле алатын. Бұл жағдайда сатушы заттың эвикциясы үшін жауап беретін.

Эвикция.

Сатып алушының сатып алған мүлкін оны сатқанға дейінгі негіздемелер бойынша қайтарып алу (мәселен, ол үшін үшінші тарап мүлікке сатушының емес, өзінің ғана меншіктік құқысы бар екенін дәлелдейді).

Жетіспеушіліктер болғанда талаптың екі түрі болуы мүмкін :

бағаның төмендігі туралы;

келісім-шартты бұзуы туралы.

Байқаусыздан қаза табу мүмкіндігінде сатып алушы жауапты болды.


11.4. Қарыз және несие келісім-шарттары (Mutuum et commodatum)

Румдағы қарыз операцияларының негізгі институты қарыз келісім-шарты болып табылады. Оның негізгі реквизиті - затты қарыз алушының меншігіне беру.

Қарыз беруші бұрын өз билігінде болған затты заем заты ретінде ұстап қалып отыру құқығына ие болатын.

Жақтардың келісім заттарды беру кезінде қарыз алушыға міндет тудырған (қайтару туралы).

Гай айтатын; «Қарызға беру заттарды беру арқылы жүзеге асырылатын. Бұл заттарды өлшеуге, санауға болады. Бұл заттарды біз алушының меншігіне түсіп, ақырында ол бізге тура сол затты емес, соған ұқсас заттарды беру үшін береміз»

Несие келісім-шарты - белгілі жеке-дара затты уақытша қайтарымсыз пайдалануға беру.

Қарыз келісім-шарты (мутуум)

Іс жүзіндегі келісім-шарты. Бір жақ екінші бір жақтың меншігіне ақша саласын, зат мөлшерін, тура сондай түрде және сапада мерзімінде қайтару.

Кейбір кездерде грек құқығының ықпалымен пайыздар қолданылды. Егер пайыз болмаса келісім-шарт қайтарымсыз мінезде болатын.
11.5. Серіктестік келісім-шарты (Socitas)

Республика кезеңінін басында, халықарылық сауда қатынастарының дамуы барысында, Румның экономикалық өмірінің дамуында аса маңызды рөл атқарған перегриндердің де қолы жете алатын кәсіпкерлер серіктестіктері пайда болды.

Серіктестіктер түсім алу мақсатымен әртүрлі кәсіпкерлік түрлеріне сенімделген, сонымен қатар нақты қызметке арналған кәсіпкерліктер де болды.

Рум құқығы тура өкілдікті білмеді, әр серікте өз серіктестігінің мүддесіне қызмет ететін.

Әрбіреу уәде еткен салым жасауы керек болды, жұмысты өзі орындауға, түсіммен бөлісуге, сайма-сайлық түрде шығындар және залалды өтеуге қатысуы керек (өз кінәсімен болған).

Адриан кезіңінен серіктестердің әрқайсысы да кінә үшін де бірдей жауапкершілік ететін. Сол кезде оның ортақ іспен шұғылданғанда және серіктестік мүддесі үшін залал мен шығындарды өтеу құқығы болатын.

Серіктестіктің тоқтатылуы тек бас тарту, өлім жағдайында ғана емес, сонымен бірге банкротқа ұшырау және серіктестердің бірінің ғана мүлігін кәмпескелеу жағдайларында жүзеге асырылады.

Бір немесе бірнеше тұлға кез-келген мақсатқа жету үшін рум құқығына қайшы болмайтын бірігуі.

Келісім-шарт мүліктік ортақтастықты пайда болдырған. Ол әртүрлі көлемдер мен мөлшелерде белгіленетін, бірақ бәрі бір барлық тұлғалардың ортақ меншіктігін шектелген ортақтастық та болатын; теңдік қажетті болмады.

Түсімдер және шығындарға да қатысатын. Серіктес көп түсімде және аз шығындарға қатысқан серіктестер де болатын. Серіктестердің біреуі біркелкі шығындарды өтеп, түсімдерге қатыспаған серіктестіктер де болатын.

Байқаусыз қаза табу мүмкіндікте барлық катысушыларға жатқызатын. Серіктестік келісім-шартындағы қатысушылар өз ісіне жауапкершілікпен және өте зерделенушілікпен қарауға міндетті. Егер серіктестік келісім-шартында қатысушылар арасында келісім болмаса, ортақ істе жоқ (бір қатысушы бас тартты серіктестік жоқ) (өлім, шамасыздық).

Мақсат мүліктік өзгемелігі бар және барлық серіктестерге жағымды болуы керек. әдетте, бұл түсімге қаратылған, түсім мен шығындарға тең қатысатын қызмет түрі болатын. Кей-кездерде серіктестердің түсім мен шығынның тең келуі, келмеуі туралы өзара келісім құру жағдайлары да кездесетін.

Серіктестік шарты тыйым салуларға да болған. Серіктестер Рум құқығында заңды тұлға болмайтын. серіктестіктер өзара қарым-қатынастарда құқықтар мен міндеттер шығаратын.
11.6. Тапсырма келісім-шарты (Mandatum)

Бір тұлға тапсыратын (тапсырысша - мандант), ал екінші тұлға (сенімделген - мандатарий) орындауды қандай болсын қайтарылсыз іс-әрекет ету.

Тапсырма келісім-шарты қайтарымсыз, екі жақты, ортақ пікірлі болатын. Ең басында достық (жолдастық) қызмет істеу түрінде болатын.

Өзара (келісімділікті) құрылған. Заңдық әрекеттер тапсырыс күйінде жүзеге асырылатын келісім-шарт. Осыған байланысты қаламақы тәжірибесі пайда болды. Мандатарий істей алатын құқықтар - бастаған істі аяғына жеткізуді; егер оны орындауға мүмкіндігі болса жедел мандатқа айтып, ол мандатарийді алмастыра алатындай етуі керек; ал, егер де хабарламаса, залал үшін жауап беретін. Мандатарий істей алмайтын жағдайлар осындай:

Қандай болсын залалға ие болу. Ал, егер залал болса, мандатарий мандаттан залалды өтеуді іске асыруды сұрайтын.

Тапсырманы орындау кезіндегі байқаусыз залал өтеуге жатпайтын.

Тапсырма келісім-шарты бойынша іс-әрекеттер

Заңды. Ізгіліктіден айырмаған жеткілікті рұқсат етілген іс-әрекеттердің қандай түрін болсын қолдануға болатын. Мандатарийдың қызығушылығын шығарып тастамайтын манданттың немесе басқа тұлғаладың осы істегі қызығушылығы болуы керек. Мандатарий мандаттың нұсқауымен қолдануға міндетті болатын, тапсырманы нақты және тиісті түрде орындауға, осы келісім-шарттан оған пайыздармен бірге беруге де міндетті.

Мандант мандатарийді алған міндеттемелерден босатып, оған шығыстар мен кейбір шығасылар болса соларды өтеуге міндетті болды.

Тапсырма келісім-шарты мынадай жағдайларда қысқартылатын:

Контрагент жүктелген міндеттерді шартқа сәйкес орындаушы адам.

Егер контрагенттердің бірі келісім-шарттан бас тартса немесе қайтыс болса. Юстиниан кезінде келісім-шарт мандаттың өлімінен кейін де созыла беретін.

Екі жақта тапсырма келісім-шартынан қолайлы уақытта және өздеріне аздау шығын шығармайтындай жағдайда ғана бас тарта алды.

Егер тапсырма орындалған болса.

Тапсырма келісім-шарты институт түрінде жаулап алған елдерде румдықтардың сауда қызметтері кезінде және перегриндермен қатынастар кезінде құралған

Memento mori - Қайтыс есіңде болсын

(Латын мақалы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет