Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Сүйірік. Қос қанатым, құйрығым, Судан шыққан сүйрігім



бет8/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   227
Сүйірік. Қос қанатым, құйрығым, Судан шыққан сүйрігім (Қобыланды, 42 б); Судан шыққан сүйіріксің, Топтан озған жүйріксің (М-Ж. 2 т. 51). Қамыстан қант қардай боп бораған соң (М-Ж. ХБ: 61); Сүйірік Қант пенен бал қосылған нандай еді, Судан шыққан қоп-қолайлы, Баланың Сүйіндікте маңдайы еді (М-Ж. 2003: 329);
Көк түркі халқы алдымен қоршаған ортаны таныған, жете табиғаттың мүмкіншілігін оқып, үйренген. Бала түркі алдымен тамағын ойлаған. Қамыс тамыры «сүйрік» пен «май қоғаны» да жеген. «Қарға тұяқ» аталатын шөл шөбінің тамырын да қазып жеген. Тауда өсетін, дәмі қышқылтым шөпті де сүйсініп жеген. Сүйірік – қамыстың адам жеуге жарайтын ақ түсті тамыр сабағын халық «борық» – деп емес, «сүйрік» – деп, анықтайды ф.ғ.д., профессор Б. Қалиев [13, б.42]. В.В. Радлов: «сÿрÿк – съдобные корни камыша» немесе блый корень куги и камыша – дейді [17, б.797, 816]. Н.А. Баскаков: «süjrük белые корни куги и камыша (их едят); süjrük `молодая поросль камыша` (ККРС, 596), + афф. –ly > süjrükli ~ süjrükgli имеющая поросль камыша» – сөйтіп, қоғанының тамырын қосады [18, б.113-114]. Л. Будагов: кир. сүйрүк, сÿйрÿкъ 1) блые корни куги и камыша (ихъ дять). 2) каз. стрелтяь (от сүйрү) (1869: 650).
Т. Вочак, В. Паповтардың сөздерінің жаны бар сияқты олар жекелеген өсімдік атауларының ономастикаға да қатысы барын жазады: «Главная причина того, что названия отдельных представителей флоры послужили основой для наименования многих географических объектов, была их информационная ценность» – дейді [19, б.172]. Расында да, өсімдік, дәнді-дақыл атауларының негізінде Жидебай, Тобылғылы, Жарма т.б. толып жатқан жер аттары аталады.
Түйін. М-Ж. Көпеев судан шыққан сүйірік, қамыстан қант қардай боп бораған соң – деген тіркестерді білмей қолданып отырған жоқ. Осының өзі-ақ ақынның энциклопедиялық білімінің өте мол болғандығының көрінісі болып табылады.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет