Түйін. Айыл > айы + л. Айыл, айыр, айырғы түбірлес сөздер болуы мүмкін.
Тізгін. Мұсылман баласына тиді тізгін (М-Ж., 56). Екі де тізгін, бір айыл, «Бір өзім» деп салысты (М-Ж., 34); Жәрдем – тізгін тәңірімнен тисе қолға, Не бар қарап тұратын оң мен солға? (М-Ж., 137).
Тізгін: тіз+гін түбір мен қосымшадан тұрады. Губная форма корневого гласного – результат смешения глагола диз- с глаголом дүз- `приводить порядок`. Выстраивать цепочкой, ставить в рят т.б. А.М. Щербак представляет в виде *тіс- `нанизывать`. Tez=tyz `писать, чертить` (Севортян: 218). Дізгін вожжи (Радлов, III том. 1773). Мүмкін тіс (тістің қатарлануынан) тіз болуы. Тіз – колено (часть тела) (Малов, 118). Ауыздықпен ат айдаушының қолын жалғастыратын бау – «тізгін» аталады (С.М., – Б. 120).
Түйін. Өмілдірік өм>ома>омыраулық//өмілдірік (сағалдырық, көзілдірік, ауыздық т.б.) осы ат-әбзелі сияқты дүз > диз > тес > түс > тіс > тізгін (тіз+гін) пайда болуы әбден мүмкін. Тіс>тізгін.
Достарыңызбен бөлісу: |