Делбе Тұрады топты көрсем бүйірім қызып, Делебем айғай шықса, кетер қозып (М-Ж., 125). Делбеңді тарт қара сорға енді түстік, арбаның тегершігін қойшы қысып (М-Ж., 465).
Делбе (вожжи) атты айдау мен делебе (делебесі қозып) мағыналық жақындық байқалады. (Бож): божы, делбе (вожжи). ЖуЖо. (С. Аманжолов, 1959: 364 б.). Делбе сөзі якутша «дэлбэргэ» (Э. Пек., СЯЯ, I 1958: 688), кейде «дэлбиргэ» (Як.-рус.сл., 1972: 122); Л. Будагов каз. دلبه дилбэ, дж. تيلبا, تلبه (=тур. دلي) сумасбордный, глупый, дуракъ دلبلك(1869: 564). Тур. іелве – грива лошади (п. жал) конскій волосъ. (Будагов, 365). Дел түбірі тува. – чел, якут – сиэл, монғол – дэл, қалмақша – дел. Нұрмағамбетов дел бір буынды түбір о баста жал болған дейді. Біздің қосарымыз, М. Фасмер бұл сөзді добычи, вожжи, тау шыңы деген мағынасы барлығын славян тілдерімен салыстыра қарастырады (ЭСРЯ). Дел – балық аулайтын сүзектің кереге көзінің жібі (нитки в решетках рыболовной сети). Тур. КО. Делбе: в литературном языке оно значает «бешенство», а здесь: божы (от русск. «вожжи») (С. Аманжолов, 1959: 370). Ә. Қайдар: делебе > деле көптеген түркі тілінде тели // телі//теле//тилү//тили//дели//дилбә//телбә//делі//телік т.б. «ақылсыз, онша ақылды емес, мисыз», «жынды», «жармес» (қар. ҚТҚЭС, 66-67). Қазақ тілінде делебе `жылқы ауруы – вертячка` немесе делі - құлы `жынды`; телі – тентек `бузотеры, жанжал шығарғыш` *делі//*деле//*телі түбірінен шығатынын айтады. Ал, туынды *делебе тұрақты тіркес делебесі қозу мағынасында қолданылатынын тіліне тиек қылған (Қайдар, 2003: 96). Ә. Құрышжанов делебе сөзінің көбіне түркі тілдерінде ауысқан, ессіз, мисыз, жынды деген мағынасы барлығын айтады (Қазақстан мектебі. 1973: № 12). Аякөз маңында делебе - деп атты керекті бағытына бағындыратын «божыны» айтады. Делбе жылқы ауруы мен делебе сөздерінің мағынасы бір болуы мүмкін. Будаговта қаз. делбе (длбе, дилбе) тур. сумасбродный, глупый, дуракъ деген де мағынасын көрсетеді (564). Осы делебе бірлігі атты айдайтын делбе (божы) сөзінің тууына себеп болмады ма екен деген ой туады. Өйткені, аттың да делебесі қозып, қатты жүріске салатыны бар.
Достарыңызбен бөлісу: |