Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Делбе Тұрады топты көрсем бүйірім қызып, Делебем



бет145/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   227
    Бұл бет үшін навигация:
  • Делбе
Делбе Тұрады топты көрсем бүйірім қызып, Делебем айғай шықса, кетер қозып (М-Ж., 125). Делбеңді тарт қара сорға енді түстік, арбаның тегершігін қойшы қысып (М-Ж., 465).
Делбе (вожжи) атты айдау мен делебе (делебесі қозып) мағыналық жақындық байқалады. (Бож): божы, делбе (вожжи). ЖуЖо. (С. Аманжолов, 1959: 364 б.). Делбе сөзі якутша «дэлбэргэ» (Э. Пек., СЯЯ, I 1958: 688), кейде «дэлбиргэ» (Як.-рус.сл., 1972: 122); Л. Будагов каз. دلبه дилбэ, дж. تيلبا, تلبه (=тур. دلي) сумасбордный, глупый, дуракъ دلبلك(1869: 564). Тур. іелве – грива лошади (п. жал) конскій волосъ. (Будагов, 365). Дел түбірі тува. – чел, якутсиэл, монғолдэл, қалмақшадел. Нұрмағамбетов дел бір буынды түбір о баста жал болған дейді. Біздің қосарымыз, М. Фасмер бұл сөзді добычи, вожжи, тау шыңы деген мағынасы барлығын славян тілдерімен салыстыра қарастырады (ЭСРЯ). Дел – балық аулайтын сүзектің кереге көзінің жібі (нитки в решетках рыболовной сети). Тур. КО. Делбе: в литературном языке оно значает «бешенство», а здесь: божы (от русск. «вожжи») (С. Аманжолов, 1959: 370). Ә. Қайдар: делебе > деле көптеген түркі тілінде тели // телі//теле//тилү//тили//дели//дилбә//телбә//делі//телік т.б. «ақылсыз, онша ақылды емес, мисыз», «жынды», «жармес» (қар. ҚТҚЭС, 66-67). Қазақ тілінде делебе `жылқы ауруы – вертячка` немесе делі - құлы `жынды`; телі – тентек `бузотеры, жанжал шығарғыш` *делі//*деле//*телі түбірінен шығатынын айтады. Ал, туынды *делебе тұрақты тіркес делебесі қозу мағынасында қолданылатынын тіліне тиек қылған (Қайдар, 2003: 96). Ә. Құрышжанов делебе сөзінің көбіне түркі тілдерінде ауысқан, ессіз, мисыз, жынды деген мағынасы барлығын айтады (Қазақстан мектебі. 1973: № 12). Аякөз маңында делебе - деп атты керекті бағытына бағындыратын «божыны» айтады. Делбе жылқы ауруы мен делебе сөздерінің мағынасы бір болуы мүмкін. Будаговта қаз. делбе (длбе, дилбе) тур. сумасбродный, глупый, дуракъ деген де мағынасын көрсетеді (564). Осы делебе бірлігі атты айдайтын делбе (божы) сөзінің тууына себеп болмады ма екен деген ой туады. Өйткені, аттың да делебесі қозып, қатты жүріске салатыны бар.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет