Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет146/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   227
Түйін. Делбе (вожжи) түріктің төл сөзі болуы мүмкін. Жал>дел>делбе>делебе болуы да мүмкін. Дел > туынды сөз делебе > жал (жалбақай).
Үзеңгі. Бұрынғы заманда соло бадан Тоқтамыстың үзеңгісін тауып алғандар болып, үзеңгінің кеңдігі бұл заманның атының басы сыйып кететұғын деген екен (М-Ж., 81).Сүйді ол үзеңгісін жетіп барып (М-Ж., 167); ...үзеңгісіне шірене тұрып сауыт бұзар жебесін қақ маңдайдан қарыс сүйем кіргізді (І. Есенберлин. 1986: 18).
Үзеңгі сөзінің мағынасын моңғолдарда «дөрөө» (Қаз. -қал. Сл., 1964, 689) тұлғалары ұғындырады. Сондай-ақ, монғолдар мен қалмақтарда «баспалдақ» мағынасында, біріншісінде – «даруулга», екіншісінде – «дөрә» дыбысы құрамындағы сөздер бере алады (Мон. –қаз.сөз., 1954, 76; Рус.қал., 1964, 269). Осыған қарағанда, өте ерте заманда «үзеңгі» сөзі қазақтарда да «таралға» қалпында аталуы мүмкін. Кейін тілімізге парсы тілінен ауысқан «зинэ» лстница, ступеньки лстницы (Баб. Стр. 390); Бурх. См. Слово ұаы -2). (баспалдақ) сөзі (Л. Буд., Срав..., I, 610) біздің тілімізде «үзеңгі» қалпына дейін өзгерумен бірге «таралғының» бұрынғы мағынасын иеленіп, соңғысының (таралғының) қайыс бауға атау болуын белгілеген. Келтірілген тілдік деректер «таралғы» сөзінің төркіні – монғол тілдері, ал тұңғыш мағынасы «үзеңгі», одан кейін сол тілдерде «баспалдақты» қоса иемденіп, қазақ тілінде ер мен үзеңгіні жалғастыратын қайыс бау ұғымын беретін болып қалыптасқанын дәлелдейді. Ерге отырғанда аяқты тірейтінді «үзеңгі», «үзеңгіні» ерге жалғастыратын қайысты «таралғы» деп атайды (С.М., – Б. 119). Таралғы. Үзеңгіні ерге жалғастыратын, айылбасы бар қайыс бау (Нұрмағамбетов: 265). Үзеңгі сөзімен зеңгі (Зеңгі баба) мағынасы бір болуы мүмкін. Жас баланың басына Зеңгілер гүрзі салады (М-Ж., 258); Балаға батыр зәңгі қадам басты (М-Ж., 155); Зеңгілер сонда ақырып, Қақпаға жетіп барады (М-Ж., 241). Дегенмен, осы мәселеге қатысты материалдың жеткіліксіздігі байқалады. Үзеңгі – стремя (Қ. Бектаев, 2001; Үзеңгі – үзеңгі І. Кеңесбаев, 1977: 547; Стремя – Ожегов, 1963; Үзеңгі – Қалиев, ҚТТС, 9 т. 1986: 524; Стремя, стремено – часть верховой конской сбруи: для упора ног всадника – В. Даль. Тс, 1882: IV т. 338; Стремя – славян тілдерімен салыстыра зерттеген М. Фасмер. ЭСРЯ: 1964, III т. 775; Кейбір батыс говорларда кездесетін әдеби тілде айтылатын жерде к айтылуы (үзеңгі – үзеңкі) қазақ тілінде сақталып қалған оғуз тілдерінің негізгі белгілері болып табылады Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. 1991: 24). -Қы, -кі (-қу, -кү, -ғү, -гү) табынғу, йүкүнгү табыну, жүгіну. Кеску (кескіш), сыбыртқы, сүңгү (сүңгі), уйуқу (ұйқы) -қу аффиксі көне ескерткіштер тілінде зат есім де, сын есім де жасаған. Қазіргі қазақ тіліндегі: бұрғы, шапқы, сүзгі, дәңгі т.б. сөздер құрамында сақталған. Мән-мағынасы жағынан -қ аффиксімен синонимдес. Қашқари көрсеткен бычғу (быч – кесу) кей жерде пышқы (ара – А. Қ.) сөзіндегі -ғу аффиксі арқылы емес, -қ аффиксімен қалыптасқан. Тілде екі вариантта: еріндікпен де, езулікпен де жарыса қолданылған -қы аффиксімен келген сөздердің басым көпшілігі істің істеу құралын, орындалу затын білдіреді. Э. Севортян кейбір түркі тілдерінде осы мағынаның негізінде аффикстің грамматикаланған процессі болғандығын көрсетеді (Томанов, 2002: 209-210). С. Е. Малов: уз (< ұс-) `отрывать, рвать` деген мағынасын көрсетеді (128 бет). Үз түбірі қазақ тілінде де сақталған. Үзеңгі // зөңгі болып та айтылады. Үзең // зөң (үзең + гі) деп қарастыруға да болатын сияқты. Біздің ойымызша, үзік ~ үзеңгі генетикалық жағынан байланысты. Бұлардың байланысы туралы тарихи лексикологияда бірнеше ой-болжамдар бар. Мысалы, Э.В. Севортян бұл жөнінде өз ойын былай жазды: «В. Банг анализировал üzängü как отглогольное существительное на -үи от производного глагола с производящей именной основой üz `верхняя часть` + ä -п» (ЭСТЯ, I, с. 624). В. Банг здесь выдвигает идею о связи семантики үзеңги со значением `верх` (üs, ös), что в дальнейшем было поддержано рядом тюркологов, в том числе и самим Э.В. Севортяном. Как нам представляется, эта же связь прослеживается и между семантикой үзік ~ үзүк и значением `верх`. Интересно в этом плане отметить, что Э.В. Севортян үзе / üzе, үзер / üzеr, үзери / üzеrі, үзере / üzеrе `вверху, наверху, на, над` и (МК) üzlän `подниматься` возводить к üz (ЭСТЯ – I, с. 623). Не меньший интерес представляет сравнение, особенно с глоголом üzlän, и үзеңгі / үзеңңі. В этой связи уместно также сопоставить жүзік `кольцо` < жүз `сустав` + ік аффикс (который выражает значение приспособления, предназначенного для данного органа) и үзік `кошма, покрываюшая верх (унины) юрты` < `верх, поверхность` + ік (тот же аффикс, что и в жүзік). Точно такую же аналогию можно провести и между тебінгітебіңгі / «тäпінгу `кожаная подкладка под седлом по бокам лощади`; `кожаная подкладка под седлом по бокам лошади`; `кожаные щитки, висящие по сторонам седла, которых касаются пятками, когда пришпоривают лощадь`» (РСл. III с. 119) < теп `лягать, бить ногой` + ін афф. Возвратного залога + гÿ словообр. Афф. И үзенгі / үзеңгі `стермя` < үз + е > үзе отыменный глагол +н +ги (подробнее см.: ЭСТЯ – I, с. 623 – 635). Сонымен: үзік ~ үзүк ~ үзик және үзенгі ~ үзеңгі ~ үзеңңи ~ үзеңңе сөздерін үз `жоғары, жоғары жақ` деген мағынаға апаруға болады. Ал, үзік ~ үзүк ~ үзик сөздерін `не нәрсе қажет жоғарыға қарай (киіз үйдің жоғарғы бөлігі үшін)` деп ұғынсақ, ал, үзеңгі ~ үзенгі - `сол нәрсе `қару- жарақ, құрал` деп, ненің көмегімен жоғары шығады (өрлейді) жоғары, жоғарғы жағы` дегенді üзgü (< üz ) `саты (басқыш) демек, бір нәрсемен жоғары шығады` дегенмен салыстырыңыз (ЭСТЯ – I, с. 624) (Жанпейісов, 34); 5 – 6 жасар баланың аяғы үзеңгіге жетпейтін болған соң арнайы тепкіншек тіккен. п.زينه зинъ, съдло زين зинъ, лъстница, ступеньки лъстницы (Баб. Стр. 390; Бурх. См. Слова -2) (Будагов, 610).
Түйін.Үзеңгі > саты (басқыш) жерден үзіліп, жоғары (көкке) ұмтылу. Үзіктің осы мағыналық жағынан жақындығы бар. Үзеңгі мен Зеңгі баба мифкке дейін көтерілуінде бір мән бар. Үзеңгі >тебінгі>тепкіншек.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет