СөЖ 1-ші тапсырма: Абай атамыздың қара сөздерін оқып, тәрбие, оқыту, білім беру, ғылым жайлы өз пікірім



Дата15.04.2022
өлшемі401,33 Kb.
#139418
Байланысты:
ЖМП СРС1 Ізбай Арнұр 1ші және 3ші тапсырмалар

СӨЖ 1-ші тапсырма: Абай атамыздың қара сөздерін оқып, тәрбие, оқыту, білім беру, ғылым жайлы өз пікірім

Орындаған: Ізбай А.Р

7M05101 - Биология

Тексерген: Бактыбаев Ж.Ш

Өзіндік жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

  • Ақын Абай атамыздың даналық дүниетанымы ретінде танылған Ғақлия яғни 45 қара сөзін оқып қана қоймай, оның логикалық мәнін түсініп, тереңдігіне зер салу.
  • Міндеттері:

  • Абай Құнанбайұлы атамыздың қара сөздерін оқу
  • Оқылған қара сөздердің білім беру, тәртіп, ғылым қатысында ойтолғау
  • Өзімнің пікірмді жазу

Түсіндірме:
Дәл осындай жазу көрсеңіз – қазіргі заманмен салыстыруым
Дәл осындай жазу көрсеңіз – өз ойымды басқа мысалдармен толықтыруым
Дәл осындай жазу көрсеңіз – ескерту немесе түсініспеушілік болмау үшін анықтама

Өз пікірім

Қара сөздерді мектеп кезінен бері оқыдым, сондағы түсінгенім осы қара сөздері арқылы ғұлама атамыз өзінен кейінгі ұрпаққа адамгершілік қасиетін сіңдіргісі келген секілді.

Негізінен қара сөздің өзін еркін ой білдірудің түрі деп есептеуімізге болады. Себебі ол өлең немесе поэма емес. Абай атамыз өзінің кейбір өлеңдерінің мағынасын осы қара сөздерінде түсіндірген.

Бірнеше қара сөздер тәрбие, білім, ғылымға нақышталған екен. Соладың бірі 10-шы қара сөзі. Онда халықтың надандықтан сақтанып, білім қууына үндейді. Яғни білім ішүн малды аямай сарып қылу қажет екенін айтып, бала тәрбиесіне мән беру керек екендігін ескертеді.

Бірнеше қара сөздер тәрбие, білім, ғылымға нақышталған екен. Соладың бірі 10-шы қара сөзі. Онда халықтың надандықтан сақтанып, білім қууына үндейді. Яғни білім ішүн малды аямай сарып қылу қажет екенін айтып, бала тәрбиесіне мән беру керек екендігін ескертеді.

Ал 19-шы қара сөзінде білімді адам кім деген сұраққа жауап береді. Ол білімді адамды әр айтылған сөздің байыбына барып, түсінетін адас дегенге сайма-сай келтіреді.

Бұл дегеніміз қарапайым болған жеріңде болу дегенмен тең секілді иә? Яғни сабақта отырсаң сабақ оқуың керек, басқа затпен айналыспа. Егер тамақ жеп отырсаң тең тамақ же, телефон шұқылыма деген секілді.

Кей адамдар болады бір сабақ үстінде келесі сабақты орындайды, ал сол келесі сабақ үстінде басқа сабақты жасайды. Ондай студент қай сабақ болсын түсібей, бос оқып жүргені анық.

31, 32-ші қара сөздері ғылым табу туралы айтылған екен. Шын мейірлі, шын ықыласты адам ғана нағыз ғылымға қол жеткізеді делінеді. Сонмен қатар естігенді ұмытпау үшін керекті төрт себепті атады.

31, 32-ші қара сөздері ғылым табу туралы айтылған екен. Шын мейірлі, шын ықыласты адам ғана нағыз ғылымға қол жеткізеді делінеді. Сонмен қатар естігенді ұмытпау үшін керекті төрт себепті атады.

Қазіргі уақытта ықылас, ынта сөздерін бір ғана мотивация сөзімен түсіндіруге болады. Бұл қаза тілі сөздігі кедей дегенім емес.

Тек сол мотивация бергіштердің сапалыларынан бөлек сапасыздары да қаншама, олар адамға өтірік мотивация, стимул беріп, сирақтарын сындыруда. Әрине ол бір-екі затты оқып, біліп алып, мен білемін дегені эго жетегінде жүрген адамдар. Түк тәжірбиесі болмасада адамдарға семинар жүргізіп, бай боласың, дубайда өмір сүресің деп адам санасын құр сөзбен улайды. Адамдар осыдай түк пайдасы жоқ семнарларға қатысқанша осы қара сөздерді оқыса ғой. Ол қара сөздерде айтылатын ынта мен ықылас қазіргі заман жетегіне сәйкес келмеседе, дәл жаңағы пайдасыз семинарлардан әлдеқайда жақсы.

Жақында Super Жады аты су жаңа кітап шықты. Ол кітаптың оқырмандарына берері естіген немесе көрген заттарды есте сақтау қабілеттерін арттыру жайлы. Бірақта бұл қабілеттерді дамытуды Абай атамыз жоғарыда атап өткендей байырғы заманда атап өткен екен.

Сонмен қатар 25-ші қара сөзінде бізді орысша оқуға, орыс тілін білуге шақырады. Ол дегеніміз қазақ тілін ұмыт дегені емес, тек орыс тілін білім, ғылым, өнер жолына түсу үшін пайдалануды меңзегені деп ойлаймын.

Сонмен қатар 25-ші қара сөзінде бізді орысша оқуға, орыс тілін білуге шақырады. Ол дегеніміз қазақ тілін ұмыт дегені емес, тек орыс тілін білім, ғылым, өнер жолына түсу үшін пайдалануды меңзегені деп ойлаймын.

Бірақта бұл сол заманның хит (атақты) тілі десем де болады. Себебі Батыстағы білім қорына шығу жолы-тек орысша оқу болған ғой. Ал қазір ең оқу керек тілдер ағылшын, қытай, француз емес пе?

Бір тіл білсең бір адамсың, екі тіл білсең екі адамсың демекші, тіл білгеннің артықтығы жоқ.

Түйін сөз

Иә! Көріп отырғандарыңыздай Абай атамыз өз ұрпағының, яғни біздің білімді әрі тәрбиелі болғанын қалағаны осы қара сөдерінен белгілі. Мектеп кезімді әдебиет пәнінен мықты ұстазым бар еді. Сол кісінің айтқан сөзі: қара сөзді оқымаған қараң қалады.

Абай атамыздың қара сөздерінен бөлек білім, тәрбие, ғылымға қатысты көптеген өлеңдері бар. Оның бірі "Ғылым таппай мақтанба " өлеңі. Бұл өлеңді оқып ақ, адамдар ғылым қуу, тәрбиелі болу, ілімді тану керектігін оңай түсіне алады.

3-ші тапсырма: ЖОО оқытушысының кәсіби құзыреттілігін сызба түрінде талдаңыз.


1. Оқытушының өз мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;
2. Адам мен адам қатынасын,адам мен қоғам қатынасын және этикалық нормаларын білуі;
3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі;
4. Компьютерлік техниканы меңгеруі;
5. Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси, және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет