Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Түйін. Сол сияқты еме > меме > мама > ене > түбірлес сөздер. Демек, ем > өм > өмілдірік болуы мүмкін. Жүген



бет142/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   227
Түйін. Сол сияқты еме > меме > мама > ене > түбірлес сөздер. Демек, ем > өм > өмілдірік болуы мүмкін.
Жүген. Сонан соң жеті жасар Желкілдек өзі жүгендеймін деп ұмтылған екен, тай бүлк етпейді. Жүгенің кеңсірігіме батып барады, құйысқаның құйрығыма батып барады (М-Ж., 158-159); Орнатқан гауһар құйысқан Сауырына сыртылдатып (М-Ж., 232); Кішкене жүген – КҮУҮЧ. КҮWҮЧ . Кууч иүгүн. Кішкене жүген (М.Қ. 3 т. 1997: 225).
Жүген ~ юген, алт. Уйгенъ, ÿгенъ, узда, уздечка; оброть (надваемый на голову лошади), алт. взнуздать, обуздать, ему стало три года пока онъ его (жеребенка) взнуздывалъ (Будагов, 380). Сіб. Тат. тін тінъ, узда, поводъ дейді (Будагов, 398). Жүген мен жүгір сөздерін салыстыру арқылы түбір тұлғаны табуға болатын сияқты. Түркі тілдерінің көне жазба ескерткіштерінде jügür, jürit, jürüg формаларымен қатар сөздің jügür, jügüs, jügrük (аt) формалары да кездеседі (Малов. Пам. Др. Письм., 390-391). Көне jüri сөзінің әр дәуірдегі әртүрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырауының нәтижесінде жүр > жүг > жүй тіліміздегі жүр, жүрек, жүрдек, жүгіру, жүгірту, жүйрік, жүйтку сөздерінің шығуына себеп болған сияқты (ҚТҚЭС: 96). Йүген `узда` (Севортян: 258). Йугын `узда` (Малов, 43). Л. Будагов: Ь) тур. كيم гіемъ, كمіемъ, удила, уздцы (1871: II т. 181). Мінген атты еркіне көндіру, оның басын қалаған жаққа бұру үшін қолданылатын тұрман – жүген (С.М., – Б. 119).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет