Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Бақыр. Шұңқырға бақыр қазан



бет138/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   227
Бақыр. Шұңқырға бақыр қазан қайнатып (М-Ж., 47); Самауырды қайнатып, бақыр асып (М-Ж, 108); Жарқыннан Бақыр, Қазан, Мұрынбай (М-Ж., 60-61); Букин: бақыр қазан – кастрюля, бақыр шелек – ведро, сапты аяқ – чашка, служащая для меры. Г. Турабева: Это слово относится к числу редко употребительных в современном казахском языке. Между тем в других современных тюркских языках и в письменных памятниках оно является названием меди, бронзы. Когда-то это слово выступало как определение наименований всех предметов, изготовленных из меди или бронзы: монет (разных достоинств), чеканок (у разных тюркоязычных народов) и сосудов разного назначения: қара бақыр `черная медь, медные монеты`, бақыр тиын `медная монета или металлическая монета (достоинством от одной до пяти копеек)`, бақыр шелек `медное ведро`, бақыр ожау, бақыраш `медный ковш, медный черпак` и др.
Дальнейшее семантическое развитие этих сочетаний привело к тому, что определямые (основные) части в них постепенно отпали. Такое функционально-семантическое замещение – перенос основной номинативной нагрузки на определительный компонент привело к сдвигу в его семантике. Отсюда бақыр в одних случаях выражало не собственно металл, а монету или ее достоинство воовще, а в других – свойство или качество предмета, а сам предмет. Например: узб. пакир `ведро`, кирг. бакыр `металлическое ведро`, тат. бакраш `железный ковш, половник`, туркм. бакъыр `кастрюля` и.др. В этом отношении любопытен факт употребления в казахском языке варианта указанной выше пословицы: бәлен жерде бақыр бар, барсаң, бақыр тұрмақ шелек те жоқ. Здесь бақыр – `медное ведро`. Во всех остальных приведенных выше пословицах бақыр выступает как выразитель не достоинства монет, изготовленных из меди, а как ценности вообще и противопоставляется в одном случае понятию алтын `золото`, а в другом – понятию шақа `более мелкие монеты, груши`– дейді (ПЭТЯ, 1990: – С. 153-154). Ерте заманнан ас пісіруге арналған ыдыс – бақыр (С.М. – Б. 106).
Аспаннан күмісті табақ балымен түсті, Табақтың ішінде күміс қасық бар екен (М-Ж., 154). Сүт пісіргенде алтауының алдында алтын аяқ, алтауының қолында алты қасық (М-Ж., 36); Жер-суды ап кетті ғой қазық қағып (М-Ж., 34); Ат арқандар қазығым Балаларға азығым (М-Ж., 38); Бал қасық чайная ложка (Будагов, 235). Қасық пен қазық шығу тегі бір сияқты. -Ық жұрнағы туралы «тобышақ» – деген бөлімде жазылды: тобық сөзі тоб+ық түбір мен жұрнақтың бірігуінен шыққан. -ық жұрнағы туралы Қ. Жұбанов: Қасық дегендегі -ық қазық дегендегі -ық сияқты, бұл да қазудан алынған – дейді [12, б.121]. Ж. Манкеева докторық диссертациясында ыдыс-аяқтардың түрлерін: қазан, шөміш, шөншік, таба т.б. атап өтеді (1997: 45).
И. Исмайылов дашқазан лексемасы өзбек сөздігінде `үлкен шойын котел` (Узбекско-русский словарь. М., 1959. С. 132), уйғыр тілінде – `үлкен котел (Наджип Э. Уйгурско – русский словарь. – М., 1968. С. 435), қырғыз тілінде `үлкен котел` (Юдахин К. Киргизско-русский словарь. М., 1965. С. 188). Исмайлов дашқазан сөзін үш компонентке да+аш+қазан деп қарастырады, ал, `үлкен` деген мағынаны бірінші компоненті да береді дейді. Қытай және дунган тілінде да `үлкен` мағынасын білдіреді. Түркі тілінде да (та) `үлкен` мағынасын білдіреді. Біздің ойымызша дамолда `үлкен молда` деген сөздің құрамындағы да «үлкен» деген мағынаны береді (А.Қ.). Екінші компоненттегі ш аш//ас `тағам, палау` мағынасын білдіретін сөзден қысқарған. Бұдан келіп: да `үлкен` + аш `түстік, тағам`+ қазан >да (а) ш қазан > дашқазан (тасқазан – А. Қ.) деп семантикалық өрісін көрсетеді (ПЭТЯ, 93).
В современных тюркоязычных регионах бытуют слова қазан, қасқан, кашик, қача. В Древнетюркском словаре зарегистрировано слово (ДТС 399) в значении `вообще посуда, сосуд`. Если ` посуда вообще`, то значит, в процессе длительного развития языка оно могло стать источником образования слов қазан, қасқан, қашиқ, қача. В «Диване» Махмута Кашкари есть слова kazїz, обозначающее деревянную посуду (МҚ., 363). И. Исмайлов (қа) `ыдыс` -зан, -сқан, -шиқ, -ча т.б. сөз тудырушы жұрнақ деп қарастырады [9, б.94]. Біздің ойымызша, жоғарыда айтылғандай, қасық, қазан, қазық т.б. қаз (қазу) жерді қазу етістігімен тығыз байланысты сияқты. Алғаш оны «жер ошақ» аталатын қазылған шұңқырға орнатқан. Одан кейін қазан үш сирақты темір (мосыға) ошаққа асылды. (С.М., – Б. 106).
Қасық//қазық//қазан (сазан, азан, озан, тоған, боран, бөген) -ан аффикстері арқылы жасалған сөздерінің шығу тегі бір деп ойлаймыз. Қазанды жерді қазып, орнатқандықтан заттың аты пайда болған сияқты. Бақыр мен бақыр қазанның қолданылу аясы бір сияқты. Жалпы осы сөздер қаз түбір сөзінен өрбіген. Қаз > қазан <> қазық > қасық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет