Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет177/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   227
    Бұл бет үшін навигация:
  • Шідер
Шідер сөзінің түбірі ші түркі тілінде ши – деп айтылған Шын хандықтарының сау-саламаттық сұрасқанда қолданылатын сөзі. Бұл «Тәңірі бәлекеттен сақтасын» деген мағынадағы сөз. Сонда, түркі елінде шидар деген екен (М. Қашқари, 1997, III том. 289). Ал, -дер деген қосымша якут тілінде бақы (л) дыбыстық өзгерістің нәтижесінде және дауысты дыбыстың еріндік, езулік түрлеріне қарай 16 варианты қалыптасқан Осы -дер қосымшасы -лар, -лер қосымшасының варианты болып саналады (М. Томанов, 1992: 103). Осы мәліметке байланысты шиеле етістігі есім негізі екендігі -ла аффиксінен көрінеді: ол түгрек чығды – ол түйін түйді, йүкін барча өзі чығды – барлық жүгін өзі буды (ДТС, 147). Сондай-ақ, «чіген – узда, недоуздок» (ДТС, 145). Бұл фактілерге қарағанда, қазақ тіліндегі етістіктің бастапқы түбірі шій (-ығ//-іг//ій), соңғы -е қосымша, шійе негізі мағыналық жағынан «көнерген» де, оның үстіне барып -ла жалғанған (Томанов, 142). Шідäрlí – спутанный на три ноги (Радлов, 1081); Шідер парсы тілінде чедар деп айтылады (Бекмұхаметов, 1977: 194) Говорларда -дар, -дер жұрнақты туындының сөз тудырушы негіздері де көбінесе араб-парсы сөздері. Оның бірқатары қазір жеке қолданылмайды, мағыналары да көмескіленген, әдеби тілде белгісіз. Мысалы: мұштар, мұғдар, шілдер (шілтер) (Г. Қалиев. 1985:159).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет