Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Урукъ اوروق петля, укрюкъ, которымъ ловять коней (монг. уруга, құрық. Құрық) (Будагов, 798). *Курук



бет183/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   227
Урукъ اوروق петля, укрюкъ, которымъ ловять коней (монг. уруга, құрық. Құрық) (Будагов, 798). *Курук (құрық – «длинный шест с веревочной петлей на конце, приспособленный для ловли неприрученных, строптивых лошадей»), либо-шея (Ә. Қайдар, 253 және қараңыз. 2003: 235). Құрық // құрсақ // күрен // күрке // шалаш (сал//тал) сөздерінің шығу тегі > ағаш бір сияқты. Құр – құру, жасау, бір нәрсенің негізі сияқты ұғымды береді. Мысалы, Қызыңыз құрсақты болды (М-Ж., 92); Құрық лексемасын құр түбір тұлғасы және -ық жұрнақ. Бұл туралы тобық, қасық деген сөздерді талдағанда айтылды. Осы құр мен құрмалдық, құрсақ құрамындағы құр түбірлес сияқты. М. Қашқари «уқруқ» тұлғасын қолданған (ДТС, 613). Кейде арқаннан жасалған ілгекке де «уқруқ» сөзінің атау болып көшкенін маньчжур тіліндегі «хурка» (ілгек), монғол тіліндегі «һурақа» (тұзақ) тұлғаларынан білеміз (ССТМЯ, II, 353).
Түркі тілдеріндегі «арқан» мағынасын беретін «уқруқ» – қырғыз тілінде қазіргі кездегі құрық мағынасында қолданылғанын көреміз, «курку», «укрук» қалпында жарыса айтылады (К. Юд., КРС, 450, 801) (Нұрмағамбетовті қараңыз). Куругъ, қрұқ 1) мсто, запрещенное для постороннихъ, назначенное собственно для царскихъ особъ съ семействомъ; занятіе мстности для лтней кочевки хановъ, құрықшы сторожъ, часовой поставленный у выхода въ женское отд леніе хановъ., курукмиши – положить запретъ (Будагов, 1871: 52). Немесе, кÿрÿх – треть фарсанга, т.е. пространство въ 3000, а по другимъ въ 4000 арш (Будагов, 125); Нұрмағамбетов түркі тілдерінде арқаннан жасалған ілмекті – һурка дейді. Бұл да арқанның алғашқы атауы уқруқ сөзінен шыққан дейді (Нұрм., 1990, 27). (Қараңыз: күрен, қорамсақ бөлімін – А.Қ.)
Түйін. Қорық > құрық (шұрайлы арнайы қоршалған жер) болған сияқты. Кейіннен екінші заттың атауына ауысқан. Арқан, жіп, қайыс сияқты әрқайсысы қолданылған зат болған да кейіннен жеке мағыналы сөздерге айналған. Құрық, керме, желі құрылу етістігі жағынан екінші мағыналы сөзге ие болған. Күрке-қараңыз. Құрық > құрсақ > белбеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет