Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Түйін. Сырғаны құлаққа да, мұрынға да таққан. О баста өгіздің мұрнын тесіп сірге іліп, жіп тағып алып жүрген. Малдың құлақтарына сырға



бет191/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   227
Түйін. Сырғаны құлаққа да, мұрынға да таққан. О баста өгіздің мұрнын тесіп сірге іліп, жіп тағып алып жүрген. Малдың құлақтарына сырға тағып санаған (метрология). Кейіннен құлдарды сатқанда таққан. Одан барып сәндік бұйым ретінде қолданыла бастаған. Жақсы жаңалық әкелген адамға сыйлық ретінде (көрімдік) құлағыңа тағуға сырға, қолға салуға алтын жүзік, сақина берген. Жалпы: о баста ілу, тағу мағынасы болғанына қосыламыз. Сырға мен алқа бірінің орына бірі жүрген сөз сияқты > ілу.
Алқа. Алқасы бар алтыннан, Етігі бар балтырдан (М-Ж., 25); Алқа а. [خلقة. хәлқә: 1. кольцо, серга; 2. спорт. Гимнастические кольца; 3. звено; 4. круг (людей); рынок; 5. серия (облигаций); 6. кружок] – 1. ожерелье, шейное украшение из нитки жемчуга, драгоценных камней, золота, серебра (Рүстемов, 25). Радлов: алка – Һалка. Алка – кольцо (обыкновенное серьго), ожерелье (1893: т 1. ч 1. 390). Р. Сыздықова Бұл – арабтың хәлқа деген сөзі, мағынасы – «дөңгелек», одан барып «адамдар тобы» деген ауыспалы мәнде қолданғанын айтады [119, б.33-34]. Ќазіргі ±йѓыр тілінде т‰ркі тілдеріндегі сырѓа сµзі ћалќа атаумен беріледі де, сырѓа тек малѓа ќатысты б±йым ретінде саќталынып ќалѓан. Ќазаќ тіліндегі сиырдыњ мұрнына таѓатын сірге атауы осы сµзбен тµркіндес болса керек (қараңыз: Будаговты). Ћалќа – ханым, бикештердіњ ќ±лаќќа таѓатын сєндік б±йымы. В. Радлов б±л атауды т‰ркі тілдеріне араб тілінен ауысќанын, оныњ «шењбер», «дµњгелек», «сырѓа», «алќа», «ж‰зік», «білезік» тєрізді мағынада ќолданылѓан – дейді Ш. Аюпов. М. Қашқари өкмәк қатындардың құлағына тағатын алтын, күміс алқа, сырға зер (Түрік сөздігі, 1997. 136 бет). Л. Будагов: дж. алқа اَلْقا, اَلْغه, (изъ а. حَلْقَه) кольцо, перстнеь, серьга, кир. женскій нагрудникъ съ украшеніями. А. اِلْقا алқа баросаніе, наущеніе, подстреканіе, убжденіе бросить; возбуждать, убждать (1869: 84-85). Қырғызша алқа – дервиштердің діни ритуал кезіндегі алқа – қотан тұруы, башқұртша алқа – сырға, татарша алқа – сырға. В.В. Радлов енді бірде: 1) благославить, кольцо (обыкновенно: серьга); 2. ожерелье; 3. собраніе, сходка – дейді (1893: том. I. Часть 1. 389). Біздің ойымызша, алқа сөзі ал+қа (ал//қызыл) -қа (марқа, торқа) сөз тудырушы жұрнақ. О бастағы мағынасы алтын болуы мүмкін. Алтун – золото (Радлов, 411). Ал, алы (алды), алұ, алұы, алау, от түсті (Транскрипциясын жасаған – А.Қ.) (Будагов, 88 бет). Алтын кейіннен басқа мағынаға ие болып, әйелдердің әшекейінің біріне затқа айналған сияқты. Сол сияқты, алқа – алды сияқты көмекші сөзден туған болуы керек деген пікірді де жоққа шығаруға болмайды. Ш.О. Аюпов Ћалќа аталымыныњ да ж‰зік мағынада ќолданылатынына кµњіл бµлген (Ш. Аюпов, Ұйғыр қолөнерінің лексикасы, 1998: 11). Алқа: құлып (замок) (С. Аманжолов, 1959: 355).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет