Төп. В. В. Радлов: төп – [Kir] каша – der Brei (Радлов, 1270). Төп: Ильм. тоб-каша; атшуњкаj – корнь куги, который киргизы пекут и едят (М. Малбаќов. Ескі сµздіктерді ескерсек... // ЌР. ЃА. Хабарлары. Тіл, єдебиет сериясы, 1992, № 5. 14 б); Төп – сөктен жасалған ботқа, каша. Мұхаммед жалғыз ұғымын жетеледі; Бір кірісін тайдыра төпеледі: (М-Ж. 1 том. 2003: 69) Бұрын жұрттың бәрі де көжесі болсын, картошкасы болсын, төбі болсын жалпылдақ жағып пісіретін (Ғ. Сланов) [23, б.71]. Төп // төпеледі түбірлес сөздер екендігі байқалады. Төп – сөктен жасалған ботқа, сүтке пісірілген тары көже (ҚТДС, 339 бет). Төп – шарап, сыра даярлаудан қалған қалдықтан әзірленетін малға беруге болатын қоймалжың жем (ҚТС, 1999: 647). Сөк пен төп тек қана тарыдан жасалатын тағам. Ильминский де төп сөзіне көңіл аударған ол – тоб – деп жазған (Малбақов). Төп быламық. Сенік, май шұрқан, майөңез сияқты төптер (өте қою ботқа) дәмді де құнарлы ас. Кейде оларды дән *талқандарына қант, тәтті жемістер қосып, асқабақ салып немесе оның сірнесінен әзірлеген. *Талқан – толченое, жареное зерно (Потанин, 343). Төп әдетте таңертеңгі дастарқанға келген. Төп қою – Жамбыл облысында төп бозаның езіліп алынған кебегі. Ақсуат, Көкпекті елдерінде қою болып кетіпті дегенде төп болып қалу етістігі қолданылады. Гурьев (Атырау – А.Қ.) төп сөзі ботқа (каша) мағынасында (Диалек, 1960: 105). Төп – сөктен жасалған ботқа, каша (Қаз. диал., 1979: 71).
Достарыңызбен бөлісу: |