МӘШҺҮр-жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі 5 Том



бет1/15
Дата15.09.2017
өлшемі4,49 Mb.
#32803
түріМонография
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы

А.Қ. Тұрышев



МӘШҺҮР-ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ


5 Том

Павлодар


2008

ӘӨЖ 81:39 (574)

ББК 81. 2. Каз-923

Т 84
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі басуға ұсынған



Пікір жазғандар:

Қ. Жүсіп – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

С. Негимов – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Т. 84 Тұрышев А.Қ.

«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі» : Монография. – 5 том. – Павлодар : Кереку, 2008. – 217 б.

ISBN


«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі» – атты монография жоғары оқу орындарының студенттеріне, мәшһүртанушыларға, бакалаврларға, магистрларға және этнолингвистика ғылымына қызығушылық танытқан зерттеушілерге арналған.

ISBN


ӘӨЖ 81:39 (574)

ББК 81. 2. Каз-923

© Тұрышев А.Қ., 2008

© С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2008

Кіріспе

Монография Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының соңғы шыққан он бір томдығы бойынша дайындалды. Зерттеу еңбекті біз негізінен үш тарауға мағыналық жағынан біршама жинақтап, топтап, бөліп беруге тырыстық. 1-тарау – «Материалды мәдениет лексика» – деп аталады. Ал, материалды мәдениеттің қарастыратын нысаны да заттық мәдениет. Заттық мәдениетке көне түркілер тұтынған заттар: ат әбзелдері, ыдыс-аяқ, киіз үй сүйектері мен жабдықтары, зергерлік бұйымдар (ұстаның заттары, қыз-келіншектер, әйелдер тағынған, пайдаланған әшекейлер, заттар т.б.) қысқасы адам дүниеге келгеннен (бақи өмірден), бұ дүниеден өткеннен (фани) тұтынған, барлық қолға ұстауға жарайтын, түркінің ақыл-ойының жылдар бойғы тәжірибесінің қорытындысында әбден қажалып, жонылып, бізге жеткен соның жарқын көрінісі, нәтижесі болып табылатын тұтынған заттары мен бұйымдары жатады. Бұл – заттық мәдениет ата-бабамыздың өркениетінің шарықтау шегі, одан артық бұл – заттарды жасау және ойлап табу мүмкін емес. Демек, заттық мәдениет өз бойында толып жатқан түркінің өмір сүру формасын сақтаған. Соның бірі түркінің – рухани қажетін өтеген заттың аты болып табылады. Ол – сөз. Сөз бос кеңістікте пайда болмаған, әрбір мағыналы дербес сөздің фундаменті болған. Мұндай толып жатқан табан тірер тиянағы бар лексика көне жырлар мен ақын-жырау және эпостық жырлардың бойында сақталған. Осындай материалды мәдениеттің негізгі көзі болып ақын, тарихшы Мәшһүр-Жүсіп шығармалары да болып табылады. Әрине, біз бұның алдындағы кейбір заттық мәдениетке қатысты айтылған жайттарды тың зерттеулермен толықтырып, көптеген жаңа мәліметтермен, деректермен толықтырдық. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында ежелгі заттық бұйымдардың өте көп түрлері ұшырасады. Мінекей, осы – материалды мәдениет атауларын шамамыз келгенше жинақтап, олардың шығу тегіне этнолингвистикалық талдау жасауға тырыстық.



Екінші тарау – «Теонимиялық және мифтік лексика» – деп атағанды лайық көрдік. Өйткені, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында діни лексика көптеп кездеседі. Олар мағыналарына қарай әр тарапты, алуан түрлі болып келеді. Көбіне діни лексикаға – аруақпен (спиритоним), кез-келген құдай аты, Алла есіміне қатысты лексика (теоним) белгілі бір аймаққа, халыққа тән мәліметтер (теономия) тағы басқа діни ұғымдар мен деректерге қатысты зерттеуге көңіл бөлдік. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында осы – діни лексикамен қатар біте тұтасып кеткен мифті жеке өзін бөліп алып қарастырғанды жөн көрдік те, тараудың атын жоғарыдағыдай атадық. Келесі тарау – «Рухани мәдениет лексикасы» – деп аталады. «Рухани мәдениет лексикасы» мен «Теонимиялық және мифтік лексикасының» мәні мен мазмұны жағынан бірігіп кететін тұсы да жоқ емес, кей тұста екеуінің ажырайтын жағы да бар. Міне, осы жағынан келгенде екеуін мағыналық жағынан сұрыптап, топтап ажыратып беруге тура келді. Жалпы, теонимия лексикасы тіл білімінде ғылыми зерттеуге түспеген тың сала. Әрине, жалпылама зерттеулер болуы мүмкін. Бірақ та, нақты тілдік этнолексикалық зерттеулер жоқтың қасы. Бұлай болу себебі кеңестер дәуірінің салдарынан болса керек. Қазір құдайға шүкір, діни лексиканы тіл білімінің бір саласы ретінде кеңінен зерттеуге мүмкіншілік молынан туды. Монографияда Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының барлық мәдени-заттық, діни, мифтік, рухани лексикасы зерттелмеді, оны бір уақыттың ішінде зерттеу де мүмкін емес, кейбір ішін-ара докторлық диссертацияға енбеген (Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының 11 – томдығы) біз докторлық диссертация қорғағаннан кейін шыққанын ескерсек, әлі де толып жатқан қызық мәліметтерге кездесетініміз анық. Сондықтан да, зерттеушілерге, мәшһүртанушыларға, әсіресе, этнолингвистерге осы зерттеу еңбекті ұсынып отырмыз.

1 Материалды мәдениет лексикасы
«Домбыра» – ұлттық аспап. «Домбыра» сөзінің қайдан шығып, қайдан қойғанының тарауы туралы тіл мамандары осы күнге дейін бір пікірге келе алған жоқ. Бұл туралы түрліше жорамалдар бар. Жорамал болғанда да барып тұрған тұзсыз жорамал. Өйткені, индо-европашыл оқымыстылардың ұстанған методологиясымен бұл сөздің көп жерге жайылып кетуі үйлессіз. Біздегі «домбыра» сөзін арабтың «тамбур» дегенінен алынған дейді. Парсы тілінде де мұндай сөз жоқ. Мұны парсыдан алынды деп ойлайтыны парсыда «дәнба» деген сөз бар. Бұл «құйрық» деген сөз. «Бәрә» деген «қозы» деген сөз. Сол екеуі қосылып «дәнбабаре» деген болуы керек. Домбыраның шанағы (түбі) қозының құйрығына ұқсас болғандықтан осылай аталды деп есептеледі. Мұндай топшылау ғылым жолымен нәрсені тексеруден пайда болып шыққан емес. Халықтың аңқау санасынан әлі кете алмай, соған еріп кеткен болып табылады. Орыстардың да «домбыра» дейтін инструменті бар. Бұл сөзді де, бұл инструментті де оқымыстылар орыстың өзінікі емес, орыстарға монғолдан келген дейді. ХII ғасырда Шыңғыс жорығында орыс арасына монғол әкеліп тастаған. Сол сонымен монғол сөзі деп есеп қылады. Ол орыстарға монғолдан келген болсын, сол монғолдардың өзіне қайдан қалай келгендігін ашып беру оңай емес. Оның үстіне алыстағы Үнді теңізінің арасындағы бенгал елінің тілінде де осындай музыка инструменттерінің «тамыр, дамыр» аталатындығын ескі буржуазшыл тіл ғылымы ашып бере алмас еді. Ескі грек легендасындағы музыканың иесі болған Темерис деген соқыр адамның аты жайында (Яфетичесякий сборник) ескі көп деректер келтірген. Бұл сборниктің 6-кітабында «Соқыр Темір» жайында бір зерттеу басылған. Біздің қалауымызша орыстың «домбырасы», арабтың «тамбурасы», Бенгал елінің «тамиры», гректің «тамирі» бәрі бір нәрсе. Мұның бәрі де ерте кезде музыканың иесі, мұназасы болған бір ұғымның аты. Сол тамыр, дамыр сөзінен, бір жағынан, «гемир», екінші жағынан «йамыз» сөздері бошақтап, шашырап шыққан сөздер болуы керек. Сонымен «домбыра» сөзі бір елден ауып келген сөз емес. Бұл инструментте бір елден ауып, жылысып келген емес. Еуразия елінің бәріне де тегіс тараған, соның бәріне де музыка иесі болып саналған бір тотемнің аты болуы керек (Қ. Жұбанов).
Екі ішектің бірін сәл-пәл кем бұра,

Қазақ нағыз қазақ емес, қазақ нағыз домбыра

– деп белгілі ақын – Қадыр Мырзалиев дұрыс айтқан. Біздің ойымызша домбыра сөзінің түбір тұлғасы до болуы мүмкін. Бұның -до, -ре, -ми, -фа, -со, -ля, -си мен тығыз байланысты. До дыбыс дегенді білдірсе керек. Жел үрлеген ағаштың қуысы болуы әбден мүмкін. Қобыз // қамыс, абыз шығу генезисі бір сияқты. Кез келген аспаптың аты табиғатпен үйлесімді алынған. Адам алдымен қоршаған ортаны таныған, соған еліктеген. Демек, домбыра түркінің төл сөзі болып табылады. Қазақ тілінде жүн-жібір, қыл-қыбыр, қалбыр, шылбыр –быр қосымшасы+ арқылы сөз жасау моделі ертеден бар құбылыс > до+м+быр+а. Олай болса, ем-дом тіркесіндегі дом осы домбыра деген лексемамен байланысты. Үнмен, әуенмен емдеу, бақсылардың аспабы болуы да мүмкін [1, б.315-317, 2, б.73, 3, б.138].

«Берен сауыт» – батырдың қару-жарағының бір түрі. Ұлттың дәстүрі. Заттық мәдениет лексикасы. Ең алдымен бірінші компонентіберен лексикасына талдау жасалық. Берен сөзі көп томдық түсіндірме сөздікте: «қымбат, асыл мата» деп, екі томдық түсіндірме сөздікте: «гүл салып тоқылған масаты, жібек мата» дейді. Ал, өткен ғасырда сөздік құрастырған Н. Ильминский берен сөзінің екі мағынасын көрсетеді: бірі – ең жақсы барқыт, екіншісі – ең мықты болат (Ильмниский, 88). Р. Сыздықова өлең-жырларда кездесетін «берен» сөзінің бір мағынасын «ең жақсы барқыт» деп түсінген жөн дейді. Мысалы, «Қобыландыда»:


Байдың қызы жамылар,

Масаты мен беренді.


Бұл сөздің Н.И. Ильминский көрсеткен екінші мағынасынан ауысып, берік металл шығыршықтардан жасалған сауытты да (көбе, сауыт, кіреуке сөздерін қараңыз), асыл болаттан жасалған семсер немесе қылышты да (кейде тіпті кездік, пышақтарды да) берен деп атағаны көбінесе көне өлең-жырларда жиі ұшырасады:
Қынабынан сурып,

Қолына алды беренді («Алпамыс»).

Керегеде ақ берен

Мұны да белге шалады («Кеңес батыр»).



Берен сөзінің «болаттай мықты, күшті адам, асыл адам» деген үшінші ауыспалы мағынасы өткенде де, қазірде де жиі қолданылады дейді Р. Сыздықова. Берен сөзінің өткендегі мағынасы қолданысына қарай көмескілене түскендігінен болса керек. Сондықтан, батырлар жырлары мен лиро-эпостарда, Махамбет, Дулат сияқты ақындарда жиі кездесетін берен сөзін контекске қарай бес түрлі мағынада түсіну керек: 1) ең мықты болат, берік металл; 2) сол болаттан, металдан жасалған қылыш, семсер, кездік, қанжар, пышақ т.б.; 3) сауыт, көбе, 4) батыр, күшті, мықты адам, асыл адам; 5) ең жақсы барқыт (Р. Сыздықова, 47).

Екінші компоненті – сауыт. Ә. Қайдар: Доспехи воина-батыра – деп, сауыт «панцирь», разновидности – ақ сауыт, алтынды сауыт кебе, бадана көзді ақ сауыт, бадана көзді берік сауыт, бада көзді кіреуке, тоғыз қабат көк (ақ) сауыт т.б. жазады. Сауыт (сау+ыт) түбір мен қосымшадан тұрады. Сау – мықты, денің сау ма, сақадай сай деген тіркестің құрамында ұшырасады. Сау // сақ сөздерінің семантикасы да бір сияқты. Сауыт сөзінен сия сауыт сияқты жаңа сөз жасалғанын байқауға болады. Берен сауыт – батырлардың соғыста киетін жарағы (киімі) [4, б. 46-47, 5, б. 33].

«Бәйтерек» – Түркі жұртының ұлттық символы. Жанры жағынан мифке жатады. Сондықтан да, Астана қаласында «Бәйтерек» кешені салынды. Түркі жұрты «Бәйтеректі»: Шоқ терек («Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырында), Бес терек, Қара дін (Ертіс басы қара дін жерге кеткен, Бейнетеңіз дейтұғын көлге кеткен (ҚКБС – А.Қ.), Мық ағашы (Т. Жұртбай), Ель (М. Аджи) т.б. М. Аджи: «у кыпшаков же именно ель издревле была священным деревом. И не только у них, но и у других народов Сибири и всей глубинной Азии», – дейді.

Қазақ тілінде бәйбіше, бәй күрделі сөздердің құрамында ұшырасады: бәйтерек ~ байтерек ~ бәйшешек ~ байшешек ~ бәйтөбет ~ байтөбе т. б. Бұл лексема туралы А.Н. Смайлович діни нанымға Bay ülqen алтайлықтарда вау ағаштың атауы есебінде қазақтарда, алтайлықтарда, шорлықтарда т.б. ағаштың түрі ретінде қолданылады. М. Аджиде ағаштың түбінде ульген – «өлген» отырады екен. Бәйтерек ~ байтерек ~ бәйшешек ~ байшешек ~ бәйтөбет ~ байтөбе т. б. Композициясындағы бай ~ бәй ғалымдар түрлі аспектіде қарастырады: қырғ. Бай терек < бай `богатый` + терек `тополь`, тат. байтирәк, алт. байтерек `родовое дерево`, баш. байтирэк `многолетнаяя высокая ветвистая ива`, бойтеват `лохматый пес`, бойчечак `подснежник`, кирг. `байчечек` сол сияқты байчечекей `первоцвет` (Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай – Абай – А.Қ.). Р. Ахметьянов пен Н. Кудачина, әсіресе Ахметьянов байтерек, байағаш композициясындағы бай `богатый` дегенді білдірмейді дейді. Ол екі мағынаны білдіреді: мүмкін түркі-монғол тіліндегі байы `жүруді тоқтату, көшіп келе жатып аялдау, тоқтау` етістігі, қытай тіліндегі баj `орын` немесе қыпшақ тіліндегі бай `доля` шығуы деген дүдәмал айтады. Сол сияқты, бұларды жалпы түркілік байы `күннің және айдың шығуы мен батуы` нақтырақ айтқанда `аспанға шығудың күндізгі өтуін тоқтату`. Біздің ойымызша бәйтерек ұмаймен семантикалық жағынан өте тығыз байланысты. Ұма > ұмай > бай > байтерек [6, б.150-151, 7, 8, б.236-237.

«Жолым үй» – заттық мәдениет лексикасы. Жолÿм ÿм – лачужка вроде кибитки, у которой унины прямы и верх остоконечный итарка – род шалаша из двух полотен кереге (Ильминский). Жолма үй: балаған (шалаш) ман. ГО. Жұлым үй: лашық үй (лачужка, убогоя маленькая юрта). Ж.Ж. 1946. (С. Аманжолов, 1959: 389-380). Чум мен жолым үйдің құрылысы біріне-бірі өте ұқсас. Мәшһүр-Жүсіп: «Қазақ Жолым үй дейді. Керегесі жоқ қос, баспаналары болды» – деп жазды [9, б.4].

«Қобыз» – қазақтың көне аспабы. Қазақтың қобызы – скрипка сияқты смычокпен тартылатын инструмент. Татар, башқұртта да «қобыз» деп аталатын құрал бар. Бірақ, олардың қобыз дейтіні – темірден жасаған бір атқамыт сияқты бір жағын ауызға салып қойып, үнін аузымен ретке келтіріп отыратын бір нәрсені атайды. Қырғыздарда «қомұс» дегені біздің домбыра тәрізді, бұдан айырмашылығы тек пернесі жоқ бір инструментті атайды. Қобыз дейтін инструмент Украйна елінде де бар. Олар мұны «кобза» дейді. Украйна кобзасын ескі оқымыстылар күншығыстан келген, түркі, монғол елінен үйреніп алған, содан жұққан нәрсе деп есептейді. Бұл пікірдің қате екенін көреміз. «Қобыз» сөзінің басқы қ дыбысы түсіп қалып, о орнына а дыбысын қолданғанда «абыз» болады. Қазақта ескі кездегі шамандарды «абыз» деп атаған. Ру құрылысы дәуірінде олар ру бастықтары болғандықтан, рудың ақсақалы үлкені болғандықтан, «абыз» сөзі барлық үлкендердің аты болып кеткен. Әйелдің үлкенін де қазақтар абысын, татарлар абыстай, ағаны абзи дейтіндер сол абыз ұғымынан шыққан сөздер. қ дыбысы и дыбысына айналған уақытта «йомыз» деп аталады. Чуваш тілінде бақсы, сиқыршы ертеден «йомыз» деп аталды. Академик Марр бұл сөзді ескі грек легендар ақын Гомер сөзінің бір тарауы деп біледі (Қ. Ж.). Адамзат ең бірінші қоршаған ортаны таныған ғой. «Қобыздың» көшірмесі «қамыстың» сыбысынан еліктеп алынуы да мүмкін. Қ. Жұбанов: Қазақтың инструментінің біреуі «сыбызғы». Жұрнақ түбіріндегі «сыбыс» сөзі ұяң дыбыспен айтылған түрінде, мұндағы ұяң з дыбысын қатаң с дыбысына айналдырсақ, «сыбыс» болады. «Сыбыс» қазақша дыбыс дегеннің бір тарауы, сонымен қатар, бұл сыбызғы қамыстан, қурайдан жасалатын болғандықтан, қамыс та алғашқы әзірде осы сөзбен аталып кеткен. Қазақша қамыстың бір аты сыбыс. «Қамыс» сөзіндегі а дыбысын о дыбысына айналдырсақ, қырғызша «қомыс» біздің «қобыз» болып шығады – дейді. Түркілер қобызды Қорқыт атамен байланыстырады. Біздің ойымызша, қобыз одан да ары бағзы заманның музыкалық құралы болса керек. Бақсының қобызы, қамшысы бұл үшеуі бірі-бірімен тығыз байланысты [1, б.314-315, 7, б. 75-76, 2, б.175].



«Саруар» – көсем. Саруар түркінің көне сөзі. Бұл сөздің этимологиясын анықтау үшін мына лексемалардың түбір тұлғасын анықтау керек. Әйелдердің басқа салатын жаулығының бір түрі сарағұш – деп аталады. М. Қашқари сарағұш-қатындар жаулығы дейді. Сарагуш – головное отверстіе вокругъ шапки (Рад. 316); сар-окружать, окутать, обмотать, обнимать (Рад. 314): Сара – мужество, сила (Рад. 314). Шаштаразды парсыша сәртәрәш – дейді (Ш. Сарыбаев). Сәртәрәш сөзінің түбірі: сәр, сар. `бас, басы, үсті, төбесі` деген мағына береді. Саркәтіп – бас хатшы деген сөз (Оңдас. 165-166). Демек, сар>сара (бас) түбір -ғұш, -уар, -дар (су белуардан келеді – А.Қ.) қосымша. Сар>уар // Сар>дар > cар>сәр түбір тұлғасынан туындаған. Саруар басшы, көші, көсем деген мағынаны білдіреді [7, б.225].

«Асатаяқ» Аса таяќ. Аса таяќ ќолында, Ж‰рген ќаќтыњ ќолында (Мәшһүр-Жүсіп., 176); Мұхаммед асасымен есік қақты (Мәшһүр-Жүсіп., 68); Бір диуана келді де, Асаменен түртіп оятты (Қобыланды, 173). Л. Будагов: عصا аса, мн. اعضا, اعصي, عضي1) палка, жезлъ Моисея, которымъ онъ творилъ чудеса; наказаніе, дисциплина. 2) мъра протяженія, содержащая шесть دراع локтей – мъра астрономическая = почти одной сажени [8, б.762]. Аса а. عضي әса: палка, трость; посох (Рүстемов, 33). Аса ж±ртќа барѓанда, Елдіњ кµркі мал дейді (ЌЖ) аса ж±рт тіркесі «шет ж±рт» дегенге мењзейді (Р. Сыздыќова). Аса (а) (єса). *Диуананыњ ќолына ±стайтын сырлы аса таяѓы (ЌТАПС, 28). *Дівана–съумасшедшій, юродивый, нищій, дервищъ; дівані – предавшійся Богу (Радлов, 1905: 1779). Дуана – «юродивый», «блаженный», которому приписывается дар исцелять болезни, предвидеть события и пр. (Потанин, 118). Аса – б±л сµзді Тоќболатов былайша т‰сіндіреді: ќырѓыздар келтекті немесе жаќсы жонылѓан таяќты осылай т‰сінеді. Б±дан Т‰ркістан µлкесініњ кейбір ќалаларында µсетін «аса» аѓашынан таяќ жасалады екен – деп санауѓа болмайды (Диваев, – Б. 244). Аса – ұзын келтек – қысқа келеді (Жанпейісов, 1976. – Б. 132). Он имеет специальную одежду – шапку, халат, посох из священного дерева «Муса – аса» (посох Моисея – Р. М.) (Мустафина, 143); Аса – зукан – `девочка` (Суник, 110). Аса `отец, самец, гром` (Ахметьянов, 140). Аса > ерекше құдірет иесі.

Түйін. Жаурын, құмалақ, аса таяқ – фетешизмге жатқан, себебі олар – жеке затқа мінажат етіп табынған, қолдарындағы заттың сиқыры бар, магиялық күші бар осылар арқылы адам санасына түсініксіз құбылыстарды игеруге тырысқан. Олардың ойында адамдарға қалай жақсылық жасасам екен деген ниеттері болған. Тығырықтан шығу жолын жансыз заттардан іздеген және тапқан. Жалпы, жады мен тасаттық бір ұғымдар. Жадының заттай көрінісі ол – тасаттық. Былайша айтқанда, жадының суреті деуге болады. Араб-иран тілдерінде «аса» – таяқ, таяқша деген сөз. Міне, осыған қарағанда асатаяқ бір-біріне мағынасы барабар екі сөзден құралған. Асатаяққа типтес аспаптар түркі тілдес елдердің бәрінде де болған (Б. Сарыбаев). Асатаяқ шылдырлатып, шаңқобыз сызылтып, даңғыра қағып, сапы шертіп жер-дүниені даңғазаға толтырып барады (Д. Досжанов). «Шертер» ансамблін асатаяқ деген екі кішкентай аспап бар (Л. Хамиди); аса – Мұса – Мұсаның асасы, таяғы. Жаппар ту сырты мұп-мұздай боп қоя берсе де, қобалжыған жоқ. Бірақ, аяғының астынан асай-мұсайын (тұлғасы да, мағынасы да біраз өзгерген – Н.О.) асынып Мүңкір-Нәңкірдің өзі көтеріліп келе жатқандай, өне бойын біздің ұшындай дызылдатып бара жатқан әрі өткір, әрі сұп-суық бір тосын түйсік билеп алды (Ә. Кекілбаев) [11, б.37, 7, б.155].

«Жортақы ат» – жүрдек ат. Мәшһүр-Жүсіп жырлаған «Сайын батыр» жырында ұшырасады.


Кірлі киім кимеген,

Жортақы атқа мінбеген,

Аллаға тілі тимеген,



Түстік жерге жүрмеген...
– дейді. Жортақы сөзі мен жорға лексемасы түбірлес болуы мүмкін. Көне түркі тілінде йор > жор > жүр > йорға > жорға > жортуыл > жортақы түбірлес сөздер. Демек, бұл сөздің о бастағы түбір тұлғасы `жүр` етістігі. Кейбір ғалымдар жорға сөзінің түбірі – жор (ы) – жүру, қозғалу, қимыл мағынасындағы сөз, жоры қазіргі қазақ тілінде жеке қолданылмайтын өлі түбір дейді. Нұрмағамбетов біртабан жақындап йор – жүру мағынасында қолданылып, кейін келе онан «йоры» сөзі туындағанын айтады. Бірақ, йор > жүр екендігі айтылмайды.

Түйін. Жорға ат жорғалап төрт аяғын тең тастап жүретін шапшаң жүретін ат. Ал, жортақы ат – деген жорға атқа барабар, бірақ оған қарағанда жүрдек жүреді, жүрісі жайлы емес [12, б.216, 2, б.114-115, 13, б.87-88, 14, б.224-226].

«Оқалы кебіс мәсі» – әйелдердің аяқ киімі. Оқалы кебіс мәсі – алпыс сандық (Мәшһүр-Жүсіп., 75); Темір арқан болғанда, темір-кебіс (Мәшһүр-Жүсіп., 42); Кидім де кебісімді шықтым тысқа (Мәшһүр-Жүсіп., 168); Сықылды қаралдысы кебіс басы, Оты жоқ, болған күмбез оның қасы (Мәшһүр-Жүсіп., 6); В.И. Рассадин: алт. кебис, шор. кемис, хак. кибіс, тув. хевис `ковер`, которые представляют собой заимствование средневекового монгольского слова kebis `ковер`, зафиксированного в этой форме в старописьменном монгольском языке. Слова это широко бытует в современных монгольских языках: ср. монг. хивис, бур. хибэс, кам. кевес, ордос. кевис, дагур. кибэс, в диалектах Внутренней Монголии хевис `ковер`. Само же монгольское слова является не чем иным, как заимствованием др. -тюрк. kiviz, kiwiz `ковер`, варианта др. - тюрк. kibiz, kiбiz `палас, кошма`. Со значениями `войлок, кошма` – это древнетюркское слова в указанных тюркских языках сохраняется, два закономерные для них фонетические рефлексы: алт кийис, хак. киис, тув. кидис. Таким образом, и здесь кебис монголизм, кийис и. т. п. - собственно тюркское слова (1990: 224). Л. Будагов: алт. кебісъ كبس 1) коверъ (конд. кемісъ, монг. кебесъ. кир. кябісъ = п. كغش хив. кебішъ كبش кандалы, наложить кандалы كبش سالمق(112) п. كغش кяфшъ (каз. произносять кявушъ, кяфшъ), колош (у персіянъ башмак съ высокими каблуками на подковкахъ, съ закорюченнымъ кончикомъ; надъваются на носки и охватывають три четверти ступин), кир. произносять кебісъ سارتلدق كبس родъ туфлей, كبس تيكوكا اوستا башмачникъ (1871: 112, 131). Ә.Б. Алмауытова кебіс-түбірі кеп (38), Кебіс атауының түбірі ки етістігімен байланысты (-ыс, -іс) сөз тудырудың өнімді моделі – деп қарастырады (1994: 38, 46). Ә. Нұрмағамбетов: Иран тілінде кебіс «кәфш» қалпында көрінеді (Пер. –рус. сл., 1983, 335). Иран тілінде «кәф», «кәфф» – аяқтың табаны деген мағына берген. Сол сияқты, үнді, араб, ағылшын, фин, эстон тілдерінде «һоф», «кәпп», «кәппә» тұлғасында «табан» мағынасында қолданылған деп, бұл – сөзді Иран тілінен ауысып кебіс болған дейді. Оқалы кебіс – әшкейленген, оюланған аяқ киімді айтады. Бұған мына Л. Рүстемовтың: кебіс а. [كفش -кәфш. Обувь, башмаки, туфли] – узконосые колоши. Кебіс-мәсі п. узб. [كبس +маһси: сапожки без твердого задника и кабулка с мягкой подошвой] – обувь – дейді (Рүст, 134). Мәсі жұмсақ былғарыдан тігілген, өкшесіз, жұмсақ сірілі, жұмсақ ұлтанды аяқкиім (Оңдас., 145). Кебіс-мәсі сөздерінің қатар қолданылуының себебі мәсінің сыртынан тозып қалмау үшін галош (калотка-кал//гал) киген, содан болса керек. ОҚА зат – Жіпке күмістей, алтыннан орап тоқыған зер. Оқасын жерге төгілтіп (Ер Тарғын) (ҚТТС, 174). ОҚАЛЫ – Оқалы тон – оқа ұстаған қымбат тон. Военный қызмет іздеме, Оқалы киім киюге (Абай) (АТС, 471). Радлов: оkkлы - вскій, тяжелый, толстый және всъ = 400 драхмъ деп түсіндіреді (1893: 998). Олай болса, оқалы кебіс – деген алтын жіппен көмкерілген, оюланған, не қымбат тастар тағылған аяқ киім.

Түйін. Біздің ойымызша, кебіс түркінің өз сөзі кеп түбірінен өрбіген аяқ киім атауы. Кебіс > кептірілген теріден жасалған аяқ киім. Боқмұрын білер кебімді (Манас, 288) кебімді ки тіркесіндегі кебім шығу тегі бір сөздер. Кебіс > кебін > кебеже >кеп > қап (қалып) сияқты жорамал жасауға болады. М. Қашқари оғиқ-оғұқ мәсінің сыртынан киілетін тері байпақ сияқты көне аяқ киімінің бір түрін атайды (МҚ., 96, 101). Сығзығ: мәсі не етік тіккенде екі тігіс арасына салынатын сақтиян, былғары. Тізілдірік етік, мәсі секілділердің тұмсығына сәндік, әсемдік үшін тағылатын теңгелер, бастырма қапсырма әшекейлер (МҚ, 96, 524, 539) [15, б.224, 16, б.112, 131, 2, б.130-131, 17, б. 24, 18, б.998, 19, б.471, 20, б.134, 11, б.145].

«Сауыр етік» – тақасы ерекше аяқ киім. Өкшесі етігінің мыжырайып (Мәшһүр-Жүсіп., 88); Аяғыма кигенім шоңқайма өкшелі етік (Мәшһүр-Жүсіп., 125); Қара етігің қолпылдап, Тоғай кезбе келіншек (Мәшһүр-Жүсіп., 22); Сары етігің салпылдап, Сазды кешпе келіншек (22); Көн етігің көлпілдеп, Ауыл кезбе келіншек – Мәшһүр-Жүсіптің ауыз әдебиетінің үлгісінен алынған мысалдар (Мәшһүр-Жүсіп., 22); Тон `жабу` сияқты эдик~этÿк `аяқ киім` деген мағынаны білдіреді ол көбірек `етік` деген ұғымда `башмақ, бәтеңке` т.б. қолданылады дейді. Э.В. Севортиян негізінен `жабық аяқ киім, ерте заманда қысқа қонышты немесе етік` болған (ЭСТЯ, I7 320.). Етік лексемасының шығу тегін анықтау негізінен Г. Рамстедке тиеселі. Ол – еtük-ті маньжур тіліндегі еtи- `киіну, киімді киіп жүру` деп көне түркілік етістік түбірді еtü- қалпына келтірді, содан кейін барып оны *ät- (сол семантикада қарастыруы да мүмкін) түзеді. Сол сияқты, тунгус-маньжур тілі эвен тілінде `сыртқы киім, киім` деген белгілі болды. Тунгус-маньжур тіліндегі `киіну` етістігі *тэту – платформасы маньжур және оған жуық чжурчжен тіліндегі эту – екінші формасының қаншалықты қашықтағанын байқаймыз. В.И. Цинциус осыдан келеді де түркілік анлауыт к- (тіл ортасы) манчж. Ø (дыбыс нөлге), түркі. кэт- ~ кэд- `үстіне киіу, киіну` – дейді. Жалпы, мына түбір тұлғасы: уйғ., әт- `жабу, қамау, қадау`, лоб. ет- `қадау, жабу (кепке)`, тоф. эт-` жабу (есікті) кездеседі. Сайып келгенде, зерттеушілер маньжурлық эту- және түркілік әт- ~ эт- ‘фонетикалық-семантикалық ұқсастық бар екендігін, бірақ ол – гомогендік емес дейді. Көне түркі тілі киім (kejm) kedim `киім, киіну`(< көне түркі. ked- `киіну`. М. Қашқари сөздігінде кет-`киіну` мағынасын берген. Көне түркі тілінде киім мағынасын жоғарыдағы «тон» сөзі ұғындырған. Хакас тілінде өтік `аяқ киім` деген мағына берген. Демек, кейбір зерттеушілердің кет – түбір тұлғасын тунгус-маньжур тілінен іздестіргені, монғол тілінен шығарғаны дұрыс емес. Кет> кэд >киім > этик >етік >кэта. Түркі тілінде етіктің бірнеше түрі болған: былғары етік, қысқа қонышты етік, шоңқайма етік, саптама етік, сауыр етік. Сауыр етік – етіктің бір түрі. Сауыр – малдың жаясының үстіңгі жағы (АТС, 530). В. Радлов: сауыры – 1) крупъ лощади; 2) шероховатая зеленая кожа (вставляемая главнымъ образомъ выше пятки ичига) – деп түсіндіреді. Сауыр етік – көгерген өңделген жұқа теріден тігіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет