Алашқа болған таныс жазған хатым,
Ұрғыным Сүйіндік пен, қазақ – затым.
Болмаса ақыретте бір пайдасы,
Құрысын елден бұрын Мәшһүр атым [69, б.246, 9, б.126].
«Есен тентек күш иесі» – негізінен Мәшһүр-Жүсіптің әңгімесі «Тентектер әңімесі» деп аталып Есен тентек – деп берілген. Әңгіме жанрына құрылған. Оның ішінде шағын очерк – фельетон – әңгіме десе де болады. Демек, фельетон аралық жанрдың алғашқы фундаментін де Мәшһүр-Жүсіп қалаған деуге әбден негіз бар сияқты. Мұның да екі жағы бар очеркке жақындайтын тұсы – өмірде болған адамдар образы ашылады, суреттелетін шындық та ойдан шығарылған емес, өмірде болған адамдар. Екінші жағы – фельетон қара сөзбен жазылады. Сыншылар фельетон газет бетінде шығатын дүние деп дау айтуы да мүмкін. Ал, әңгіменің бойында фельетонға тән қасиеттер: қызық мінездер, сатиралық типтер, тарихи образдар бар. Осы жағынан да фельетонға жатады. Жетібай «Аға баласы Арғын». Оның ішінде Қаракесек – Сүйіндік. Ел Сүйіндіктен екі тентек шыққан бірі – Қожан тентек, екіншісі – Есен тентек. Осы Есен тентектің әкесі – Жетібай. Есен тентектің жеті жасында қайтыс болған екен. Шешесі заманында елді аузына қаратқан қақ маңдайы бопты. Күлік – Жаңабатыр бидің қойнына кіріп барыпты: – Ат туатұғын бие, айғыры келіспеген соң немене? – деп. Сонда Жаңабатыр би: – Бердім бір сотқар қияңқы тентекті, атын Есен қой. Өзі есен-аман болады, өзі бай болады, мейлінше тентек болады! – деген екен. Жаңабатырдың айтқаны келіп Есен өсе келе жынды тентек емес, шын тентек аталыпты. Ақбура – Аққошқар, Тілеулі, Жетібай, Кенже, Көкен. Аққошқардан қара Алтай. Қара Алтай балалары – Мұратай, Шәуке, Байшуақ, Жарқынбай, Қарқынбай, Мырза. Ақын Қыпшақпай мен Бөрібай ақыннан Қобылан ақын осылардың ұрпағы. Жетібайдан – Есен тентек. Жетібай Руы Ақбура. Тілеулінің баласы. Есен тентектің балалары: Батырбай, Ербай, Асан, Шөкіл, Қарамырза, Балта, Атабай. Батырбайдан: Балға, Жанқожа, Қошай. Балғабайдан – Мәдібек. Онан – Қайып, Законшгы. Бұл Ербай, Батырбай «Құртты» деген жерге қойылған. Аққозы батыр өлгенде, тоқалын Ақбура алып, Жетібайдан соңғы Кенже, Көкен сол тоқалдан екі бала туады. Олардан Сағындық Жекен мен айналасы т.б. өсіп-өнген. Есен тентек туралы, Ақбура – Жетібай жайында Мәшһүр-Жүсіптің «Қазақ шежіресі» – А., Жалын, 1993 жыл, – Б. 24. – Б. 43 айтылады. Есен тентек. Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. Павлодар, 2005 жыл. 6 том. – Б. 200-205 жазылған. Сол сияқты Есен тентектің ұрпақтары туралы: Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы 10 том. 2007, 34 бетті қараңыз. Қазақ арасында есті тентекті еркелетіп ұстаған. Оның қылығына қатты мән берген. Тентектікті де өнер ретінде қатты бағалаған. Есен тентек Жаңабатырды сабап жатқанда: – Тимеңдер, тимеңдер! – депті. – Біз биік жар да, бұлар лақ. Лақтың ойнақтағанына жар құлай ма? Бұлар ойына алғанын орындамаса, өз-өзінен буынып, жарылып өліп кетеді – деген екен. Ел ішінде есті, ақылды тентектігімен аты қалғандар, тіпті ру аты аталғандарда бар. Мысалы, Аякөз елінде найман ішінде «Тентек Бұлғақ» аталғандар бар. Есен тентек – Мәшһүр-Жүсіп жазбалары (1176-пака, – 62 б) бойынша ұсынылды. Үшқұрт (бірінші нұсқа) Бұ да Мәшһүр-Жүсіптен (1176-папка, 324 (417) б.) алынды. Үшқұрт (екінші нұсқа). Бұған да Мәшһүр-Жүсіптің әулеттік мұрағаттағы (1-папка, – 88 б.) жазбасы негіз болды. Есен тентек және басқалар. Бұл да Мәшһүр-Жүсіп жазбасы (1178-папка, 111 (70) б. және 1178-папка, – 51 б.) алынды. Есен тентек. Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. Павлодар, 2005 жыл. 6 том. – Б. 369 және 10 том «Үшқұрт» – Б. 175, – Б. 409-410 берілген. Есен тентектің әкесі Жетібай туралы қысқаша дерек осындай. Кітапты араб жазуынан аударып, ғылыми түсініктерін беріп, құрастырып, баспаға әзірлеген – ф.ғ.к., (қазір ф.ғ.д. – А.Қ.) Нартай Қуандықұлы Жүсіпов. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған.
«Жарылғап пен Абылай хан» – аңыз әңгіме. Көтерген тақырыбы: Жарылғап батырдың кеңдігі, халыққа деген ықыласы Абылай ханды сыйлап, шығарып салғаны сөз болады. Тілі көркем оны талдаған уақытта сөз қыламыз. Тарихи әңгіме деп отырғанымыз оқиғаға тарихи өмірде болған адамдар қатысады. Әңгіменің қысқаша мәні мен мазмұны мынандай: Абылай жол жөнекей алпыс кісісімен Қаракесек Жарылғаптікіне тоқтапты. Жарылғаптың Маңқан деген бәйбішесі Қаз дауысты Қазбектің ұлы үйленіп, сонда кетіпті. Жарылғаптың Жоламан, Тастемір, Атыбай, Кенжебай – деген төрт ұлы бар екен. Жарылғаптың өз денесі толық жуан адам болса керек. Абылайдың еріп келген алпыс кісісіне отызына бір сабадан, отызына екінші сабадан қымыз құйып берген екен. Сол кезде бәйбішесі Маңқан екі бала қолынан тартып, екі бала артынан итеріп үйге әрең кіріпті. Келе сала – Жүктің артында сүйретпеде байдың сыбаға ас – түнемелі тұр құйыңдар тағы қонаққа деп мырзалық танытыпты. Абылайға мінуге жылқы, союға сойыс жылқы беріп риза – қош аттандырыпты. Сонда Абылай, Менің «Қай Жарылғап?» дегенім. Қаракесекте-Қарасұн-Керней-Жарылғап болушы еді. Оны жұрт: Ер Жарылғап, батыр Жарылғап, би Жарылғап деп атайтын. Ал мына Жарылғапты: Тілеуке-Бертістің Тілеукесінің баласы – Шақабай-Жарылғаптың Жарылғабы, ұры – Жарылғап деуші еді. Халық қаңғып сөйлей береді. Бұл ұры болса, жылқы, түйе, қой, сиырды ұрлап алған шығар. Ал, ана бәйбішені, мына төрт баланы ешкімнен ұрлап алмаған шығар. Сондықтан, «Құдайдың өзі жарылқап қойған шын Жарылғап екен» – деп баға берген екен. Риза болғандығы соншалықты, Жарылғаптың Жоламаннан кейінгі екінші баласын Тастемірді өзіне қияметтік бала қылыпты. Абылайдың дуа тигендігі соншалықты, Жарылғаптың тұңғышы Жоламан «он алты ұлды Жоламан» атаныпты. Енді тіліне байланысты бірер сөз: өлім болжалсыз, келін болжалсыз, ұлға жарыған, құлға да жарыған, хан деген – жұрттың қазығы, қарашы – оның азығы, құтым кетеді, сүтім кетеді – тұрақты тіркестер, қысыр сауғалы, құда-күйеу, бәйбіше, жиен, күлдері белбеу, қайыс жіп, шымжиғақ, жент, ірімшік, май, түнемел қымыз, қоржын – ұлттық символдар, Маңқан бәйбішені екі баласы бір жағынан, қолынан тартып, екі баласы ар жағынан сүйемелдеп, қырынан кіргізіп, есікке әрең зорға сыйып еніпті, Бұзау, тайыншаның қарынына салынған бір қарын жентті ортасынан қақ жарып, ханның қоржынына салғызыпты – гипербола т.б. ұшырасады [31, б.71-74].
«Бегім шайхы» – шығарма бұрын зерттелмеген. Лирикалық жанр. Екі сөйлемі қарасөзбен жазылған. Төрт тармақты, 9 шумақты. Өлеңнің негізгі тақырыбы әйелдер туралы, олардың адамгершілігі жөнінде. Әйелдің бәрі бірдей еместігі, олардың да іс-әрекетіне қабілетіне қарай әр түрлісі болатыны айтылады. Мәні мен мазмұны қысқаша мынандай: Бегім шайхы Абылай ханға пір болған екен. Қажыға жеті рет барған кісі, оқуы күшті, сауатты адам болған екен. Сол Бегім шайхы екі қатын алған екен. Қатындарының мінезін сынап «жақсы қатын», «жаман қатын» – деген өлең шығарған.
Мысалы:
Бір қатын, Алдым өзім екі хатун.
Мұсылманға нан қоймас бүтін,
Отыны жақсы қылар түтін,
Күйдім хатунның дүрдіден.
Екінші қатын: Ас пісірсе, қылар сұйық,
Нан пісірсе, қылар (...).
Еш қылмас (қылмыс) дүр (мінгестік).
Күйдім хатунның дүрдіден.
Өлең шағатай үлгісінде жазылған. Шағатайлық үлгідегі сөздер: достыларым, жаранларым, хатунның, дүрдіден, хатун, сөзлеп, ламаш, жаду, өлтүрер, һәм (шылау), басқанама, тәктігінше, маһы т.б. -лар,-лер, -леп, -ман, - мен немесе -түр-ер (-түр//тір және келер шақ -ер) тұлғасы арқылы жасалған көне сөздер кездеседі. Бегім шайхының ауладау үрім-бұтағы – Молда Жәдігер ішінде, Мейрам елінде Сұлтанқожа, Дәулетқожа балалары. Сейітахмет Дәултеқожа баласы – қияметлік бір достасымыз еді. Ташкентте Бесағаш махалласында Әбілқасымхан ишан мешітінде бір қыс бірге тұрыпты. Кенжебай молда, Омар қожа, Сұлтанқожа баласы ноғай Ләшіммұхамед Ахметов [31, б.262-263, 360].
«Бәйтерек» Кіші жүздің ұрандары – тарихи-эпикалық жәдігер. Көтерген тақырыбы «Кіші жүздің» ұрандары, олардан тараған ұрпақтар туралы. Шежіренің құндылығы сонда, онда жазылған Кіші жүздің тарихын білуге болады, әр рудың ұрандарын да білуге болатыны. Кіші жүз үш бөлімге бөлінеді: Әлім, Әлімұлы, Байұлы. Бұлардың үшеуі бірігіп «Алшын» – деп аталады екен. Немесе: «Үш Алшын» деп сөйленеді. «Жеті ру» – мыналар: Тама, Табын, Керделі, Керейт, Рамадан, Жағалбайлы, Тілеу. Кіші жүз ішіндегі «Жеті рудан» Керделі: Оның ұраны – Қожахмет. Таманыкі – Қарабура. Табындікі – Тосаған. Жағалбайдікі – Елди-ей, бөлди-ей. Әлім алты ата, одан бөлінетін Тілеу ұраны – Арғымақ. «Жеті ру»: Керейт ұраны – Ақсақал. Байұлы он екі ата Беріш ұраны – Ағадай. Адай ұраны – Адай. Ысық ұраны – Бәйтерек. Алаша ұраны – Байбарақ. Масқар ұраны – Қаратай. Тана ұраны – Тана. Байбақты ұраны – Дәуқара. Алшын мен Жаппас ұраны – Баймұрат. Қызылқұрт ұраны – Жиенбай. Асан қайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Талағыс, Шора, Едіге-пәледен қашып құтылған – осылар. Үштің біріне қосылған Әз Едіге Кіші жүзден шыққан. 43 мәтін Кші жүздің ұрандары. ОҒКҚҚ, № 1177 папка, 190-191 беттері бойынша даярланды. Қараңыз: 426 бетті [34, б.165, 426].
«Бай» – Бұхардың атынан берілген өлең. Негізінде өлеңнің мәні мен мазмұнына үңілсек, өлең үшінші жақтан айтылғанын байқар едік.
Бұхарекең біз келдік,
Ақан, Төбет байларға.
Бесті берсең, семіз бер,
Жаздай Бұхар жайларға.
Немесе,
Алпыстағы Бұқардың
Сілесі құрып қата ма?
– дейді. Бұхар өзінің атын өзі өлеңге қоспаған шығар. Демек, Бұхар үшін ат алуға басқа нөкерлері келген. Бұдан бұрында бір рет атты мінуге сұраған, оған байлар аттың майына берген екі қари бөзге риза болмаған сияқты. Осының өзінен-ақ Ақан байдың сараңдығын байқаймыз. Мәшһүр-Жүсіп: «Мұндай кісі бай бола ма? Алпыс жасында өз ағайыны бір байдан ат майын мінуге сұрапты. Сонда ол бай атты алысқа айдаңқырап:
– Ауыл пәлен жерге қонғанда, келе қойыңыз! – депті.
Ат майын беруге сараңдығы қолын босатпай: «Егер ...мі Бұқарекең келе қалса, бір мата беріп жөнелтейін! – деп, керегенің басына қыстырып қойған екен. Бұқарекең кіріп келгеннен-ақ, матаға көзі түсіп, жырлай бастады дейді. Байдың аты Ақан болса керек. Бұқарекең ол атын азсынып, атына ат қосақтапты» – деп түсіндірген (Мәшһүр-Жүсіп, 1177-папка, 61 (31)-бет). Өлеңге мәтіндеме жасалған. Қараңыз: 304-305 беттерді [36, б.23, 304-305].
«Бошанды» – өлеңдегі кейіпкерлер, Қаракесек халқының ұрылары. Жалпы, «Бошанды» – деген өлеңі жоқ. «Бошан» – сол мал ұрлағандардың бірінің аты. Мәшһүр-Жүсіптің «Мұқыш Жұпарұлы» – деген өлеңінен алынған. Оқиға негізінен алаш азаматы Боштаев Жұпарұлы Мұқыш төңірегінде өрбиді. Мұқыш соттың жұмысын жүргізіп, әділдік танытқан:
Мұқыш соттың жұмысын жүргізгені,
Әділдігін алашқа білгізгені.
Бұзақы, бұзғыштарға тыю салып,
Жылаулыны қуантып күлгізгені
– деп суреттейді ақын. Ел ішіндегі «ауру қалса да, әдет қалмайды» бұрынғы барымта, сарымтаны қоя алмаған телі-тентектерді Майқы, Танаш, Бошан, Жалықбас балалары: Танаш пен Мақай болыс т.б. соттатып, Семей түрмесіне қаматқан. Ақаев, Шәкәрім, Нармамбеттер Мұқыштан бұларды кешір, босат дегенде де бет қаратпаған. Түбі шаш ал десе, бас алатын бір жағынан қызылға алданған да болуы керек, солардың сойылын соққан.
Мәшһүр-Жүсіп былай жырлайды:
Жұрт көзіне көрініп шықты дөңге,
Қалшиып қарысқанды салды жөнге.
Қаракесек халқының ұрылары,
Тығылды сасқанынан іннен інге
– дейді. Ақын бір де олардың атын атап, түсін түстеп өлеңге қосады:
Түзуліктің заманы оянды ма?!
Бұзылғандар әдетін қоя алды ма?!
Майқы, Танаш, Бошанды, – бидайықтай,
Қуырып барды Мұқыш Қояндыға!
– дейді [29, б.66-67, 36, б.50].
«Дәндібай» – аталас ағасы. Мәшһүр-Жүсіп пен Жүсіпбек Күлік руынан шыққан беделді де, белді халықтың ай мен күніндей адамдар. «Жеті атасын білмеген жетесіз» – дегендей Жүсіпбектің ата-тегін білмей оның шығармашылығын зерттеудің өзі қиын. Сондықтан да, біз ең бірінші Жүсіпбектің шығу тегіне тоқталғанды жөн көрдік. Бұл орайда Мәшһүр-Жүсіп шежіресіне көз жүгіртейік. Арғын-Құтан-Мейрам-Сүйіндік-Суғыншы-Шуманақ-Құлболды-Күлік. «Күлік – Күлік жүрген жерің – бүлік» – деген ел ішінде сөз қалған. Күлік – қырғыз тілінде «жүйрік» деген сөз. «Қыс шілдеде – жілік жүгіреді, жаз шілдеде күлік жүгіреді» – өзін жүйрік тұтатұғын ел. Күліктің екі қатыны болған. Бәйбішесінен: Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет. Тілеуімбет ұлдың тұңғышы. Үйтентек, айран көз белдеу ұстап, безерлік қылуға мығым екен. «Арғында – Тілеуімбет, Алшында – Жолымбет» – деп аттары шыққан. Қалмақтармен соғыста берілмей он алты баласы ат арқасында қашпай ұрысқан. Ал алты баласымен Наурыз қашып құтылған екен. Он алты ұлды – Тілеуімбет атаныпты. Тоқалынан: Өтепберді, Данияр, Сексен. Өтепбердіден-Ақыл, Қошқар екі ұл. Өтепбердіні жан білмейді дейді Мәшһүр-Жүсіп. Ақыл «Сексен» атанған. Күліктің сексен жасында туған бала екен. «Сары атты Сексен» атанған – жүкті түйені жүгімен алып қашқан. Ол түйенің шөгінде екі бала – Бесім мен Қойтан отырған. Сондықтан да кейінгі аман қалып үрім-бұтақты болған ұрпақтар Сексен батырға қарыздар. Ақылдан – Бейбіт, Жапалақ, Дербісәлі, Мырзакелді, Айбас. Ақылдың қалмақтан алған қатынының аты Сұлым. Онан туған: Қойкелді, Жылкелді, Ақыл өз қарашаңырағына Бейбітті ие қылып, кенжесі Айбасты Сұлымның қолына кіргізіп, соның шаңырағына ие қылған. Ақылдың қалмақ қатынынан туған Қойкелді өз тұсында үш жүзден балуандығын асырған. «Бұхара балуаны» атанған Қоңыраулы балуанды жығып, Самыраттың асында бәйге алып кеткен. Самырат – Бұхарды билеген Данияр бидің баласы, Мінайдар ханның әкесі. Қойкелді балуан жалғыз барып, қалмақтан бір еркек бала алып қашып келіп, атқа отырысы дулығадай болған соң, атын «Дулыға» қойып, асырап алып, бала қылған. Осы күнде Қызылтауда «Дулыға тас» деген тас бар. Сол Дулығадан үрім-бұтақ, жұрағат бар. Дулыға балалары: Тоқанай, Топай. Топайдан-Өтебай молда. Тоқанайдан-Орайлар: бәйбішеден – Күнтай, Таңашбай. Таңашбайдан Қуан бай жалғыз. Таңашбай ел тауға қонып жатқанда, өлген екен. Сол күнде Қуанда үш жүз қой бар екен: бір жүзін сойып, әкесіне ас беріпті. «Қалған екі жүз қойының бір жүзі егіз тауып, Қуанның өзі көзі тіршілігінде он екі мың қой тұяғы болғанын көріпті!» – делінген сөз бар. Қуан балалары: Ордабай, Дәндабай, Молдабай, Ноғай. Молдабай қотанынан бес мың тұяқ өрген күнін осы қалам ұстап отырған өз көзімен көрген кісі – дейді Мәшһүр-Жүсіп. Дәндебайдан: Торғауыт, Оймауыт (Аймауыт – деп кеткен – А.Қ.) – бәйбішенің балалары. Тоқалынан: Оспан, Байділда, Әбдірахман. Оймауыттан-Жүсіпбек, Жүсіпбектен-Бектұр, Жанақ. Жүсіпбектің тағы үшінші қызының – аты Муза (кейбір деректе Лиза деп жүр – А.Қ.). Сонда: Күлік-Өтепберді-Қуан-Дәндебай-Оймауыт-Жүсіпбек болып шығады [32, б.14].
«Кертағы» – жер атауы. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «1 мәтін Қазақ түбі (бірінші нұсқа)» атты шығармасында кездеседі. Ол кезде Мұғолдың патшалық еткен тұсы дейді ақын. Мұғолдың балалары Кертағы жеріне көшіп-қонып жүрсе керек. Мәтінде: «Ол заманда: «Ертағы», «Кертағы» – дейді екен. Бұл заманда: «Ұлытау», «Кішітау» – дейді. Жаз болса сол жерлерді жайлайды». Демек, біздің қазіргі күндегі «Кішітау» жеріміз бұрындары «Кертағы» болғандығын Мәшһүр-Жүсіп дәлелдей түскен [34, б.5].
«Имантай» – ақын, Қаржастан шыққан Шектібай байдың ұрпағы. Этнограф, ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің жинаған фольклорының бірінде осы Имантай ақын Төлеген деген қожамен тәжікелесуін жазады. Мәселен, Төлеген қожаға Қаржастың Имантай деген ақыны айтыпты:
Ассалаумағалейкум, Құтпан қожам,
Шалдарды шытырынжы ойнап, ұтқан қожам.
Төрт биенің сүтіне наз қыласың,
Төрт ауылды құрыта шыққан қожам!
Сонда қожа айтыпты:
Тамам Талас ішінде сен жарлы едің,
Сонда-дағы пейілің кең жарлы едің.
Кеше Шектібайдың аласы құрығанда,
Сол жұтта да ішінде мен бар ма едім? – депті.
Бұл сөздің мәнісі: қожа келіп қыстаған жылы бір ауылдан бір шал ажалынан қаурап қалған екен. Солардың ысқатын қожа алады ғой. Бұл Имантайдың аталары Шектібай байдың бұрын бір жұтта жылқысы жұтап таусылып қалған екен – дейді. Бұл дерек Мәшһүр-Жүсіптің жазбасының 1176 папкасының 140 беті негіз болған. Қолжазбаны араб жазуынан аударып, ғылыми түсінік берген филология ғылымдарының кандидаты Нартай Қуандықұлы Жүсіпов [37, б.210].
«Иса» – Шорман бидің баласы. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Иса Шорманұлы» атты өлеңінде кездеседі. Ақын Исаны Шорманның бел баласы екендігін екінші шумақта келтіреді де, сол кезде бірнеше адамның қажылыққа барғанын айтады. Соның ішінде Иса Шорманұлы да болған. Иса Шорманұлының жомарттығын келесі бір жолдардан байқауымызға болады.
Исекем талап қылып мінбек болды,
Өзгеден артылтуға үшбу жолды.
Төрт түйе жабдығымен түгел алып,
Қолма-қол жеті жүз сом берді пұлды.
«Бір жерде болмадық» – деп, қылдық арман,
Бас қосып бес-алтаумыз енді қалған.
Жүз алпыстан – үш жүз жиырмаға-
Исекең бір құл, бір күң сатып алған.
– деген жолдарда Исаның құл, күңдерді құлдықтан азат еткендігі оның жомарттығымен қатар, білгірлігі, имандылығы аңғарыла түспек. Иса Шорманұлы Арафат тауына келгенде дерт тиіп, сегіз күннен кейін дүниеден өтеді. Өлең жолдарын байқай отырсақ, Иса Шорманұлы мен Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қажылыққа бірге барғандығына мынадай өлең жолдары дәлел болмақ:
Екеуін тыншыландырып, жайлап салып,
Аманат қанша қалған пұлын алып.
Бір-екі қалған-құтан баламенен
Мінеки, өлмеген соң келдік салып.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы Иса Шорманұлын жоғары бағалап, өзінің риза болғандығын осы өлеңінде нақтылай түскен. Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесі (1-папка, 377-380 б.) соңында: «Тамам жазылды, көрінгеннен қалғаны жоқ» – деп ескертілсе, шығарма маңдайшасында: «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 1902 – Иса Шорманұлының қажыға барған сапарын өлеңмен сөйлегені» – делінген. Соңғыға ұқсас түсініктеме Фазыл көшірмесі маңдайшасында да орын тепкен: «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 1902 жылы Иса Шорманұлына шығарғаны» [39, б.104, 443].
«Итбарақ» – хан. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «1 мәтін Қазақ түбі (бірінші нұсқа)» шығармасында кездескен хан. Итбарақ кезінде бір елді басқарған атақты хан болады. Мєшекењ: «Бұлардан әрі дүние айналған мұхиттың жағасында заңғар биік тауларда қоныс, тұрақ қылған жұрттар бар екен. Патшаларының аты «Итбарақ» екен» – дейді. Ол Уыз хан әскерімен соғысады. Уыз хан әскерімен соғысып, алғашында Итбарақ ханның күші басым түсіп, Уыз ханды жеңеді. Бұл жеңілісті Уыз хан өзіне ар-намыс көріп, Итбарақ ханды өлтіріп, елін шабады. Осы бір деректер де Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің тарих ғылымынан хабардар екенін дәлелдей түспек [34, б.9].
«Кәбіш» – өлең кейіпкері. «Күйеу Мағзұм мен Хұршым» атты өлеңде кездеседі. Мысалы:
Мәшһүрден естіп қара мына сөзді,
Түңіліп, естіген жан күдер үзді.
Үйінде Кәбіш Жәмиі малай болып,
Бала ұстап, үй сыпырып, жүрген қыз-ды.
Кәбіш-Жәмиді малай қылып, бала бақтырып, үй сыпыртып жүрген адам [9, б.314].
«Кеймарыс» – Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «2 мәтін Қазақ түбі (екінші нұсқа)» атты шығармада тек қана Ғажам патшаларының әуелгілері билік құрған тұстағы бір патша есебінде көрсетеді. Мысалы: «Ғажам патшаларының әуелі – Кеймарыспен замандас болды. Күнлерде бір күн аң аулап, киік етін жейді, аузына сүйкімді тиді. Сөйтсе ол жер тұзды жер екен. Тұз асты ләззатты қылатұғынын сезіп, асқа тұз салуды бұл Түтүк шығарды» – деп жазады. Яғни Кеймарыс көне заманда ел игерген ірі адамдардың бірі екені дәлелді болады. Бұл дерек Әбілғазы шежіресінің үзіндісінен жазып алған Мәшһүр-Жүсіптің бір мәліметі. Қолжазбаны араб жазуынан аударып, ғылыми түсінік берген тарих ғылымдарының кандидаты Естай Қуандықұлы Жүсіпов [34, б.30].
«Кенесарының қырғызға барған себебі» – Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің жазып кеткен тарихи дерегінің бірі. Бұл деректе автор Кенесары жөнінде көптеген мәлімет қалдырды. Атаулы мақалада Баянауылда дуанбасы құрылып, алғашқы дуанбасылар Шоң мен Шорманнан кейінгі Боштайдың билік құрған жылдарында (188-184) – Кенесарының Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжамен және оның жақтастары орыс-казактарға соғыс ашады. Бірақ бұл соғыста өзі жеңіліс табады. Бұл жолы Арғыннан шыққан Төлебай Кенесарыны жау ортасынан аман алып шығып, Жеке батыр атағына ие болады. Бұл деректегі Кенесарының негізгі мақсаты орыс-казактарға қарсы тұрып, жергілікті елді өзімен бірге оңтүстікке ертіп, қырғыздарға қарсы шығып, Алатауды түгелімен өзімен еріп келген Қуандық, Сүйіндік еліне алып беру еді. Кенесарымен еріп барған Қаржас, Орманшы руларынан барған жері Шу мен Қаратауды малдары жерсінбей, қайтадан Арқаға ауады. Кенесарының қырғыздарға барған себебі сол – орыс-казактарды жеңуге, елі үшін, артындағы қалың елді өзге елдің аяғына таптатпастан бас көтертем деп барған мақсаты еді. Бірақ қырғыздарға соғыс ашып, одан жеңіліс табатыны қынжылтты. Дегенмен, бұл Кенесарының елі үшін барған бұл ерлігі ұрпақтың қай-қайсысына болмасын өнеге екені белгілі. Бұл дерек Мәшһүр-Жүсіптің 1177-папкасындағы жазбасының 238-241 беттері бойынша ұсынылды. Қолжазбаны араб жазуынан аударып, ғылыми түсінік берген тарих ғылымдарының кандидаты Лаура Қуандыққызы Жүсіпова [31, б.169-172].
«Кешкенбай» – би. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев бұл шығарманы «Басқа да бұрынғы шешендік үлгілері» тақырыбына бөлген. Мәтінде көтерілген негізгі мәселе Кешкенбай бидің өмірі жайлы. Шешендік өрнектің қысқаша мазмұны мынандай: «Тұлпар деген елден бір жұпыны, айдынды, атақты емес, елеусіз қораштау Кешкенбай деген би шығыпты. Шоң бимен замандас болған. Жалғыз баласы бар екен: «Баламды сері, сал қылып, ит жүгіртіп, құс салатұғын Айдабол бозбаласымен үйір-шүйір қыламын!» – деп, өз елін менсінбей, баласы үшін Айдаболға қоныстас болып жүргенде, бір жазғытұрым жалғыз баласы қорасан деген аурумен арпалысып жатып қалыпты делінген. Осыдан кейін Айдабол елі көшіп кетіп, Кешкенбай би жұртта жалғыз қалады. Бірақ, Тұлпар елі Кешкенбай биді жалғыз тастамай, бірге мұңдасып, артынан бір тоқал алып береді. Мұнан өсіп-өнген ұрпақ-жұрағат бар. Сонда Кешкенбай би:
Өзінің басын зор тұтқан
Ағайынды қор тұтқан,
Жапанда қалар жалғыз бас, – деген осы!
Демек, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Кешкенбай бидің бейнесі арқылы келешек ұрпаққа өзімшілдіктен, тәкаппарлықтан сақтануды негіз етеді демекпіз [37; б.158, 364].
«Иауропа адамдарыныњ жынысы» – Мәшһүр-Жүсіп Кµпеевтіњ ѓылыми маќалаларыныњ бірі. Б±л маќалада Мәшһүр-Жүсіп Иауропа яѓни Еуропаныњ тµрт ж‰з миллионѓа жуыќ адам барын айтады. Еуропа халыќтарын нєсілге бµліп, атаќты 4 руды яѓни елді атап µтеді. Мєселен; 4 атаќты мемлекет Латын (Елата), Герман, Слауиан (Славян), Т±ран. Осындаѓы Латын елінде Италия, Франция, Испания, Румыния жынысты адамдар т±рады. Б±лардыњ µзі ж‰з миллион халыќ. Германда екі елге бµлінеді: племян жєне Скандинавия. Б±л елдерде сексен миллионѓа жаќын халық бар. Славян елінде Орыс, Поляк, Чех, Славяк, Болгар, Серб жынысты барлыѓы тоќсан миллионѓа жаќын адам бар десе, Т±ран елінде Т±рандар, Т‰ріктер, Ресей татарлары, Мажарлар, Фин, Самуи барлыѓы отыз миллион адам т±ратынын атап кеткен. Б±л деректерді жинастырып, ретпен жазып отырѓан аќын Мәшһүр-Жүсіптіњ ѓылыммен ш±ѓылданѓанын єсіресе география саласын жаќсы білгендігініњ айѓаѓы. Автордыњ ќолжазбасы араб жазуынан аударып, ќ±растырып, ѓылыми талдау жасаѓан тікелей ±рпаѓы тарих ѓылымыныњ кандидаты Лаура Ќуандыќќызы Ж‰сіпова [31, б.225].
«Иауропада болѓан хүкіметтер» – Мәшһүр-Жүсіп Кµпеевтіњ жазѓан географиялыќ ѓылыми дерегініњ бірі. М±нда аќын, тарихшы М-Ж. Кµпеев Еуропадаѓы т‰рлі ‰лкендікте, т‰рлі дєрежеде 2 х‰кімет барын мєлімдеген. Оныњ тµртеуі патшалыќ, он бірі – король, екеуі – жымћуриат, екеуі – князь, бірі – духалыќ болып бµлінетіні туралы деректер бар. Патшалыќ:
1) Россия, астанасы – Петроград;
2) Германия, астанасы – Берлин;
3) Австралия, Мажарстан, астанасы – Вена;
4) Т‰ркия, астанасы – Стамбул.
Б±л деректер Мєшћ‰р-Ж‰сіптіњ тарих, география, єлем єдебиеті мен мєдениеті, т.б. ѓылыми салаларына тікелей ќатысы бар екенін кµрсетеді. Осы тарихи мєліметтерді автордыњ арабша ќолжазбасынан аударып, ќ±растырѓан, ѓылыми т‰сініктеме берген тарих ѓылымдарыныњ кандидаты Лаура Ќуандыќќызы Ж‰сіпова [31, б.226].
«Иауропадаѓы атаќты корольдер» – Мәшһүр-Жүсіп Кµпеевтіњ теріп жазѓан тарихи географиялыќ ѓылыми деректерініњ бірі. М±нда автор Еуропа жерініњ корольдері болѓан жерлерді атап кµрсеткен:
1) Англия, астанасы – Лондон;
Италия, астанасы – Рим;
3) Шуетсия (Швеция), Н±руегия (Норвегия) астанасы – Стокголм (Стокгольм);
4) Испания, астанасы Мадрид;
Бельгия, астанасы Б±рµсіл (Брюсель);
Голландия, астанасы Астердам;
Португалия, астанасы Лиссабон;
Румыния, астанасы Б±ѓарыш (Бухарест);
Дания, астанасы Кµпенќаѓан (Копенгаган);
Ионан, астанасы Афина;
Сор±я, астанасы Белќырат (Белград);
Б±л деректер Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпеевтіњ µз заманында осы мемлекеттер жоѓарыда кµрсетілген ќалыпта аталса, ќазіргі кезењде аздаѓан µзгерістерге ±шырады. Мєселен:
Англия, астанасы Лондон;
Италия, астанасы Рим;
Швеция астанасы Стокгольм;
Норвегия астанасы Осло;
Испания астанасы Мадрид, Бельгия астанасы Брюссель;
Голландия астанасы Астердам;
Португалия астанасы Лиссабон;
Румыния астанасы Бухарест;
Дания астанасы Копенгаген;
Ионан ќазіргі Греция астанасы Афина;
Сор±я ќазіргі Югославия астанасы Белград.
Тарихшы Мєшћ‰р-Ж‰сіп заманында Еуропада 11 корольдік ел болса, ќазіргі кезде Англия, Швеция, Норвегия, Испания елдерінде ѓана корольдік дєст‰р жалѓасып келеді. Б±л елдерде елді министрлер басќарады. Ал, король сол мемлекеттің бетке ±стары, символы ретінде ќалыптасты. Автордыњ тарихи, географиялыќ ѓылыми деректерін араб тілінен аударып, ѓылыми т‰сініктеме берген тарих ѓылымыныњ кандидаты Лаура Ќуандыќќызы Ж‰сіпова [31, б.225].
«Иауропадаѓы атаќты көлдер» – Мәшһүр-Жүсіп Кµпеевтіњ географиялыќ тарихи ѓылыми деректерініњ бірі. Иауропадаѓы яѓни Еуропадаѓы атаќты кµлдерге автор мыналарды жатќызѓан: Иауропаныњ сол жаѓында ¤неге (Онега), Ладоѓа (Ладога), Мінлер, Уезер, ‡йтер кµлдерін атап кµрсетсе, б±лардыњ соњѓы ‰шеуі Скандинавия жарты аралында, ортасында Жануа, К‰нстан, Тыныс кµлдерініњ бар екенін атап µтеді. Б±л Мәшһүр-Жүсіптіњ тарихпен, географиямен тікелей ќатысы яѓни ѓылыми жаѓынан мєлімет тере білгендігініњ кµрінісі. Автордыњ ќолжазбасы архивте саќталѓандыќтан тікелей ±рпаѓы тарих ѓылымыныњ кандидаты Лаура Ќуандыќќызы Ж‰сіпова араб ќадим жазуынан аударып жазып, ќ±растырып, ѓылыми т‰сініктеме берді [31, б.224].
«Иауропадаѓы атаќты өзендер» – географиялыќ тарихи деректердіњ бірі. Б±л деректе Мәшһүр-Жүсіп Кµпеев Иауропаныњ яѓни Еуропаныњ сол жаѓында Пішѓ±ра µзені сол жаќтаѓы М±з тењізге ќ±яды. Сол жаќ Диуна (Двина) µзені Аќ тењізге ќ±яды. К‰нбатыс Диюна Рига г‰ргізіне ќ±яды. Иауропаныњ ортасында ¦сылы (Висла), Одыр (Одер) µзендері Балтии тењізіне ќ±яды. Елба, Маузыр, Рейін µзендері Сол тењізіне ќ±яды. К‰нбатыс жаѓында Сыпана µзені Маныш тењізіне ќ±яды. Луара, Гарон µзендері Біскей тењізіне ќ±яды. Оњ жаѓында Тєж µзені Атлас тењізіне ќ±яды. ¦на µзені Аќ тењізге, Дµњ-ай (Дунай), Дініпір (Днепр) µзендері Ќара тењізге Дµњ (Дон) µзені Азау тењізіне Уолѓа (Волга), Орал µзендері Кеспе (Каспий) тењізіне аѓады. Б±л µзендердіњ ењ ‰лкені – Уолга, екіншісі Дµњ-ай деп жазады. Еуропаны ќамтыѓан б±л ірі µзендер Мәшһүр-Жүсіптіњ µз заманында осылай аталса, ќазіргі заманда да осы µзен аттары µзгермеген. Б±л автордыњ µз ќолжазбасынан араб жазуынан тікелей тарих ѓылымыныњ кандидаты Лаура Ќуандыќќызы Ж‰сіпова аударып, ѓылыми т‰сініктеме жазды [31, б.224].
«Иауропадаѓы жерініњ түрі ћєм ауасы» – географиялыќ ѓылыми дерек. Мәшһүр-Жүсіп Кµпеев б±л деректе Еуропа жерініњ оњ жаѓында таулы жерлер, к‰ншыѓысында Балтии тењізі бар. Сол тењіздіњ жиектері таусыз екенін айтады. Жєне сол жаѓыныњ ауасы салќын болѓандыќтан егін µспей, кісі аз мекен ететінін баяндаса, Орта жерініњ ауасы орташа, егін жаќсы µсіп, адамдар µмір с‰руге ќолайлы болѓандыќтан тыѓыз єрі кµп т±ратындыѓын мєлімдейді. Сондай-аќ, ауылдары мен шаћарлары тєртіпті десе, оњ жаѓыныњ ауасы ыстыќ, біраќ адамныњ тууы мен егінніњ шыѓуына зияны жоќ екенін атап µткен. Б±л деректен Мәшһүр-Жүсіптіњ ѓылымѓа деген икемділігін кµрсек, ел аралап, осындай кµптеген ќ±нды деректер тергенін ањѓарамыз. Автордыњ ќолжазбасынан тікелей араб ќадим жазуынан аударып, ѓылыми т‰сінік беріп, ќ±растырѓан тарих ѓылымыныњ кандидаты Лаура Ќуандыќќызы Ж‰сіпова еді [31, б.225].
Достарыңызбен бөлісу: |