«Металдар мен құймалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
|
9.1.4.2 – металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру
9.1.4.3 – құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу
9.1.4.4 – шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру
9.2.3.2 – қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу
|
Бағалаукритерийі
|
Білім алушы
● металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттайды және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіреді
● құйма ұғымын және оның артықшылықтарын сипаттайды
● шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстырады
● қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептейді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану, жоғары дағды деңгейлері
|
Орындалу уақыты
|
20 минут
|
1(a) Металдарға тән сипаттамаларды белгілеңіз.
газ
иілгіш, созылғыш
металдық байланыс
металдық кристалдық тор
электр тогын өткізбейді
электрон қосып алады
сыртқы энергетикалық қабатында 5-7 электрон бар
Жауабы: _____________
[3]
(b) Берілген заттар арасындағы реакция теңдеулерін жазыңыз.
1) Li + O2 →
2) Ca + H2 →
3) Na + H2O →
4) Mg + Pb(NO3)2 →
5) Ba + HCl →
[5]
c) Металдарға тән ортақ химиялық қасиет – бос күйінде тотықсыздандырғыш болуы. Себебін түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
2. Бос орындарды қажетті сөздермен толтырыңыз.
Құймалар – екі не одан да көп ..... және ...... тұратын құймалар. Алтын мен күміс жеке күйінде ......, ал олардың құймасы ......... ...... ерекшеленеді.
Қажетті сөздер: қаттылығымен, металдар, жоғары, бейметалдар, жұмсақ.
[1]
3. Шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |