Қаптаманы механикалық сынау
Қаптаманның негізгі металмен берік ілінісуі
металдық қаптамаларды
қолдануға жарамдылығын сипаттайтын негізгі факторлардың бірі. Қаптаманы
отырғызбас бұрынғы негізгі металдың беттік
қабатының жағдайы ілінісу
беріктігін анықтайды. Қаптаманы отырғызғанға дейін бөлшек бетін тазалау
маңызды болып табылады. Себебі ластағыштардың
іздері олардың берік
ілінісуіне мүмкіндік бермейді. Егер негізгі металл бетінің кедір - бұдырлық
дәрежесі жоғары болса ілінісу
соғұрлым берік болады, яғни негізгі металл мен
қаптаманың жанасу ауданының үлкейуі оң әсер етеді. Сондықтанда шлифтеу,
полирлеу, майсыздандыру, желіну, акивтеу секілді
дайындық әдістері ілінісу
сапасын жақсартуға үлкен әсер етеді. Айта кететін жайт ілінісу сапасына тек
алдын - ала жүргізілетін дайындық әдістері
ғана емес сонымен қатар
электролит құрамы және электролиз режиміде әсер етеді.
Цехтық практикада ілінісу беріктігін анықтауда қаптама металдарының
және бөлшектің негізгі металының физика-химиялық
қасиеттерінің
әртүрлігіне негізделген сапалық әдістер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: